ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ
ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін
нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 22
II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің
даму перспективасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында мектепте биология
пәнін оқытудың үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

КІРІСПЕ

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам
өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда
қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді
әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы
өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында ХХI
ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық дей келе,
кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің
негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық
жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына
байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын
көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының
әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір
өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге
сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың
үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа
үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12
жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта
білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл
білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта
қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап
ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты
жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын
және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу
құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін
керек етеді.
Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын,
сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды,
әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз
дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.
Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап
мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық
орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының
дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық
деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-
тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол
жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады,
ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті
қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі,
болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған,
жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын
және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына
экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын,
қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен
байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ
өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және
нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп
реформасын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер
енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны
белгілі. Осыған орай, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:
12 жылдық мектепте Биология пәнін оқыту әдістемесі - деп аталды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – әлемдік білім стандарттарына сәйкес
келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге,
өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және
кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен
ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негіздері: Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың
стратегиялық жоспары,
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I – тарау Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық
жалпы орта білімге көшудің негіздемесі деп аталып, онда әлемдік білім
тәжірибелерін саралай отырып, өзіндік білім реформасын қалыптастыруды
көздеген Қазақстандағы 12 жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған.
II – тарау 12 жылдық мектепте Биология пәнін оқыту ерекшеліктері
деп аталып, 12 жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент
сыныптарда Биология пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін,
дұрыс сөйлеу білу мәнерін қалыптастыруды көздейді.

I.ТАРАУ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА
БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру
Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері,
ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып
табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңының; Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті
Н..Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері
кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес
әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен
қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы,
сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне,
жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі -
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар
алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтік
жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық,
танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі
құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі,
білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының
артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының
нашарлауына әкеп соғады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты
өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын
қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру
қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту
міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын
сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы
зор.
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу
саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн
тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім
беруді әлеуметтік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.
Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің
қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен
табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу – 12 жылдық білім беру
мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі
болып саналады.
Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сәйкес дүниежүзілік
практикада 12 жылдық жалпы орта білім берудің басым екені, оны әлемнің 216
елі мойындайтыны белгілі болды.
Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін
Еуропалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы
орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді.
[7]
12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының
стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі
шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді
дамытуға, жалпыға арналған білім үлгісінен таңдауы бойынша білім алу
үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді
жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп
жағдайында оқыту болып отыр. Білім беру жүйесінденгі өзгерістерге
негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қиындылығы;
- постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас
ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей
тенденциялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру
мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген
модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру,
жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте
жастан басталуы;
- оқушы жастарға азаматтық - патриоттық, рухани - адамгершілік,
көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру
ролінің күшейтілуі;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы
болып табылады.

1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен
күтілетін нәтижелері
Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға
себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған
бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға
дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Бүгінде 12
жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын
өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап
етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет деп атап көрсетті. Мұның өзі
білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12
жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім
берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып
табылады:
- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің
серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;
- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада
қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы
қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды
қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі
түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын
кеңінен қолдану.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет
бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде
мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың
оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі
қатынастарын орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің
арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық
бірлігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып
табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын
анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы
берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің
компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың
функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған
типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы
құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық
мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың
теориялық негізі болып отыр.
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты
мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды
тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас
ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту
стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
❖ 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін
атап көрсету;
❖ 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін
дайындау;
❖ Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық
жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. [1]
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты
экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін
мынадай факторлар қалып отыр:
1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және
денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.
3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы.
4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты
қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін
ескірген жүйенің сақталуы.
5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы,
өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар – бастауыш
мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар – жоғарғы мектеп)
Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы – 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы
бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап
қабылданады. Алты жас – баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік
дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.
Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы
қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке
тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу,
санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:
1. Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға
ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу;
2. Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге
асыру;
3. Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз
бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау;
4. Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру
– бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.
1-саты
Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы - 6 жас
Оқыту ұзақтығы - 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға
талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі салаларына қажетті
танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу
әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын
қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу
және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен
денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін
ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау,
адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның
біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына,
теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу
дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш
және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды
дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына
дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық,
ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып
есептеледі.
3-саты
Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы -2 жыл
Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының
негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта
білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау
жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік
-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін,
білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның
сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде
жүзеге асырылады.
Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі
ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:
1. Бір бейінді мектеп – бір бейінді оқытуды іске асыру;
2. Көп бейінді мектеп – бірнеше бейінді оқытуды іске асыру.
12 жылдық білім берудің басым бағыты – педагогикалық іс-әрекеттің
жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас – педагогикалық іс-
әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының Жалпы
орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір
халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын,
өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және
құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес
мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны
бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде
жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы
мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай
білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты
болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен
жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін,
этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін
түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және
бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру
тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік
оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет
өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді,
сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде
әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын
игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау
тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен
қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын,
қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда
шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін,
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілінде,
қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз
бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім
мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің
көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі – отбасылық, еңбек,
экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-
қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда
жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын
саналы таңдай алуды қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық,
еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.
Құзырет нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі
өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық
жоспарлаумен салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен
ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам
пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Аталған құзыреттіліктерді игеру оқушының орта білім беретін мектеп
жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық
оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби
анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір
тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әллеуметтендірілу мүмкіндігін
кеңейтеді.

1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары
Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының
табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен
қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар
болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді.
Психологияда мынадай негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады:
түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу және қиял. Үйлесімді өзара іс-
әрекет және оны оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру
тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа
жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды
қажет етеді:
- үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға
бағдарлануы;
- әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау
мүмкіндігін беру;
- бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға
бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен
салыстыру;
- баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық, танымдық,
эстетикалық тұрғыдан дамуына және оның даралығын сақтауға ықпал ететін
білім алу ортасын құру;
- бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-әрекетті
қалыптастыру;
- зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің бірлескен
және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.
Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан
әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы
балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға,
оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.
Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге
құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты
бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл
бөлуі керек.
Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап
мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық
орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі,
бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы
жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға
отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға
физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар
зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Орыстың алдыңғы қатарлы бала
тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог-
психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова және тағы басқалар. Мектепке
баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың
білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке
дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар мектепке
даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы болу керек. Бұл балалардың
мектепке дайындығы тексеріледі. Ол үшін 12 жылдық мектептің бірінші
сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау атты
әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша “Әлеуметтік зерттеу”, “Ата-
аналар туралы мәліметтер”, “Ата-аналарға арналған сауалнама”, “Медициналық
зерттеулер”, “Балалардың денсаулық құжаты” т.б. жинақтай келе оқушының
психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным
деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. 1-жарты жылдықта жылдық
қорытынды тексеру жұмыстары алынады. Эксперимент барысында сынып пен
салыстырмалы сынып арасында айырмашылық байқалды. Айырмашылықтың болуы,
яғни эксперименттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы
жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден сабақтағы
жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және жеке
оқулық материалдарының балаға түсініктілігінде деуге болады. Білім
сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы
осының тетігі.
Алты жастан оқыту - баланың ақыл-ойының
дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін
мейлінше қолайлы кезең болып табылады
ҚР 2015 жылға
дейінгі білім берудегі

дамыту тұжырымдамасынан
6 жасар баланың оқудағы жетістігі - мектепке дейінгі психологиялық
тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.
6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы
үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар:
медициналық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық,
интеллектуалдық аспектілер.
6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі.
Оқыту процесі бұл жаста негізінде ойын түрінде жүргізіледі. Сондықтан
балалардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын
элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін
азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік
туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал мұның
өзі білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық
бағытқа көшуінен туындап отыр. [18]
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық
десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.
Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған
принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру,
пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге бағдарланған білім жүйесін
құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы.
Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен оқытушының
бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені
жөнінде дәлелді қорытынды шығады.
Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани
және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері
қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың
көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің
арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс
анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.
Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс
қылудың тәсілдерін үнемі үйрету, ойлау әрекеттері түрлерін (талдау,
жинақтау, пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.
Ойлау қалыптаспай тұрып үйретіп отырған білімді қабылдау да жүзеге
аса алмайды, өйткені білімді меңгеру оны талдау, жинақтаусыз мүмкін емес -
деп жазған С.Л.Рутинштейн О мышлениях и путиях его исследования. [26]
Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті қайраткері К.Д.Ушинский
оқу жетістігі жаңа материалдың ескімен байланысында деп білді. Жаңа
мәліметтерді ескінің легіне қосып тіндестіру жаңа міндетті түрде ескінің
негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп қосылып
отыру керек. Ол жаңа ұғымды меңгеру кепілдігі: кепілдік мықты болған
сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі, - деп түсіндірді.
12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа
материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптауда аса көңіл бөлген
мәселелер мыналар:
- Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған
тапсырмалардың саны.
- Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық
тапсырмалардың мазмұны.
Математика мен Биология пәнінің күрделі тақырыптары өтуге ыңғайлы
кезеңдерге бөлінген. Бұл бөлімдер оқу жылы ішінде біртіндеп енгізіліп
отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:
1-кезең: Перспективалық дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп
ұғындырылатын тақырып. Бұл кезде тірек ұғымдары, іскерлік жаттығулар,
оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.
2-кезең: Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып,
тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары арқылы
саналы түсінуге бағытталады. Олар мектепте және үйде өз беттерімен
тапсырмалар орындап, өз ойларын схемалар арқылы дәлелдеуге жұмыстанады.
Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар ұғымдар алдын-ала түсіндіріліп
отырылатындықтан, оза оқыту шарттары да орындалып, оқушылардың
материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.
3-кезең: Үнемделген уақыттарды пайдаланып, жұмыс істеу арқылы
іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі, одан
алдын-ала сақтандыруға үйретеді. Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа
тақырыпты оқуға негіз бола алады. Мұғалімдердің осы саладағы
біліктілігімен, оқушылардың жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындылығының
алатын орнын анықтау мақсатымен қала мен ауданның бірнеше мектебіне
сауалнамалар жүргізілді.
Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің сұрақтарға
берген жауаптарын, осы мәселе туралы пікірлерді жан-жақты талдай келіп,
жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі педагогикалық
істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың білім
сапасын арттыруда үйрету, жетілдіру, жаттықтыру бағыттарына аса назар
аударудың тиімді екенін көрсетеді.
4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді
қамтитын құрылым тулғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру
жағдайлары
12. жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары
мынадай:
1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын әзірлеу;
2) Білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік
негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заң жобасын және
тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
4) Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
5) Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз
ету;
6) Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын
құру;
7) Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге
бағдарланған оқытуға бейімдеу;
8) 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім
беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы,
Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын
бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-
практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының
ұлттық орталығы, Оқулық республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі
басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын
республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты
ұйымдар болып анықталды.

1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін
айқындайтын факторлар
1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға
бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру
емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар
аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер
жасайтын білім кеңіcтігін құру.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22
сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін
орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша,
республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік
есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу
мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының
зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу
жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос
уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті
төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне
орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете
алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби
бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

4-фактор. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету
есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға
міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай
және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін
педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде
жүзеге асырылады.
5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі
әлемдік іс-тәжірибелер.
12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке
тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің
методологиялық жаңа бағыты.
Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның
теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса
маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады. [10]

II.ТАРАУ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елбасымыздың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа
жолдауында айтып кеткендей: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар
деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Кез
келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының
деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған
елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа
мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ,
барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы бүкіл өміріңнің білімі
принципінен өмір бойғы білімге ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі
резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу
механизмін орындау – біздің міндетіміз.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта
білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене
араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008
жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс
таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір
қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп
оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп
оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады. Осы жүйенің негізінде
2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық білім беруді эксперименттен
өткізу қолға алынды. [16]
2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу
жүйесінің даму перспективасы
Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде
қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі
өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге
көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай
тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие
үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.
Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екекуі бір
арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми
негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады.
Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында: Қазіргі заманғы электронды оқулық
басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері
бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды
дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім
беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында
1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды, - делінген.
12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:
- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті
қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;
- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік
құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
- оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіоіктің пайда болуына
арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен
дағдыларын кіріктіру;
- жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге
және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық
ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық
бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген
мүмкіндікті қолдану.

2.2. Биология пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама
Биология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда
ұсынылады:
1. Оқулық
2. Әдістемелік құрал
3. Дидактикалық материалдар
4. Хрестоматиялар
Биология оқулығына қойылатын талаптар
Биология оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа
қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап
жүйелеуде оқулық функциялары:
- білім мазмұнын тасымалдаушы;
- мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;
- ақпараттық;
- трансформациялы;
- материалды бекітушілік;
- өзін-өзі бақылау;
- өз бетімен білім алу;
- дамытушы-тәрбиелеуші.
басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.
Биология пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір
талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы
оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:
- ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;
- бағдарламаға сәйкестігі;
- мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;
- әлеуметтік-мәдени құндылығы;
- ұсынылған материалдың тарихилығы;
- оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің
ескерілуі;
- мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
- сабақтастық принципінің сақталуы;
- компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;
- практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;
- оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік жасауы;
- деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.
Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары
болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.
Биология пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:
Биологияны оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша Биологияны оқып
үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды
үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек
көрсетуді көздейді.
Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы Биологиядан
берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері,
сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары
қарастырылады.
Әдістемеде Биологиядан білім мазмұнының сипттамасы беріледі.
Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық
білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды
орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға
берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында
әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері
ұсынылады.

2.1 Биология сабақтарында оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер
мен жануарлар әлемі туралы түсінік беру, Қызыл кітап жайлы мағлұмат беру,
Қызылорда облысындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар
дүниесімен таныстыру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба
білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру, сөздік қорын,
қиялын дамыту.
б) тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жаңашыры болып қорғауға өз үлесін
қосуына табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету, Атамекенге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Қызыл кітап, интеракт. тақта, Қызыл кітапқа енген
жануарлар мен өсімдіктердің суреттері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, ойын.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
1.Сәлемдесу.
2. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Сарылып сал – сері кеткен жер!
Бас иіп, иіскеп топырағын
Тағзым жасамай өтпеңдер! – деп Мұқағали ақын жырлағандай, бізде,
балалар, тылсым дүниенің тіршілігііне бүгінгі дүниетану сабағына бойлап
көрейік.
II. Үйге берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы
Биология пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Пәндер