Жібек жолындағы қалалар


«Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты
Электроника және роботехника кафедрасы
№ 1 Зертханалық жұмыс
Пән атауы: Әлеуметтік-саяси білім модулі (мәдениеттану, психология)
Мамандық: 6B07108- «Автоматтандыру және басқару»
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласагұн, Отрар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент.
Орындаған: АУк-20-14 студенті Әмитова Жанат
Тексерген: Омирбекова Жадра
«» 2022 ж.
(бағасы) (қолы )
МазмұныКіріспе3
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы4
Жібек жолындағы қалалар6
Қорытынды12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі12
КіріспеҰлы Жібек жолының басталуы
Халықаралық сауда жолының тарихы б. з. б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б. з. б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады.
Тарих ғылымында б. з. б. II ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолының маңызы - халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын XIX ғасырда ғана алды. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») - Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек Жолы«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен - әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3, 2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III-II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. I мыңжылдықтың орта шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады.
Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен жалғастырған «Көктас жолымен» қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырған «Нефрит жолы» да болды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде «Дала жолы» жандана бастады, егер тарихтың атасы Геродоттын суреттеуіне ден қойсак, оның мынадай бағыты айкын болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң Оңтустік Орал өңіріндегі савроматгар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты. Матаның мезгілі - б. з. б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді. Б. з. б. VI-V ғасырларда қытай жібегі баска елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табыдды. Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында б. з. б. VI-V ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің кешпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.
Алайда, VI-IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат товарлар дала өнірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан еткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ боллды.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны «сина патго» - «қытай жібегі» деген сөз дәлелдейді.
Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император У-ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталган еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып орадды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп етті. Осының ізінше Батысқа - жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайға Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан товарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел - Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» калаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.
Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай мемлекеггерімен және Жапониямен байланыстары жузеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі белігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II-V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айрылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашқарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунху-ан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл - «оңтүстік жол» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI-VII ғасырларда, Ферғана арқылы ететін бүрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жоддың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана аркылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті бодды. Үшіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының товарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
Жібек жолындағы қалаларОртағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. Ұлтаралық және дінаралық төзімділік, өзге халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарау Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың басты ерекшелігі болды.
1-сурет. Ұлы Жібек жолы және Қазақстанның ежелгі қалалары
Сайрам қаласы
Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) VII ғасырдан белгілі. Жұрты қазіргі Сайрам ауылының Оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам - Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам - Исфиджабтың кейінгі аты. XV-XVIII ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылы П. П. Иванов, 1925 жылы М. Е. Массон, 1947 жылы Н. Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көлемі 28 га жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған.
2-сурет. Сайрам қаласы.
Баласағұн қаласы
Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн - Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Әл-Мақдисидің мәлімдеуінше, ол «игілікке бай, үлкен қала» болған. Ал Махмұт Қашқари Баласағұнның Күз-Ұлыс немесе Күз-Орда деген басқа аттары болғанын хабарлайды. Қала айналасы төртбұрышты қорғаныс дуалмен қоршалған. Солтүстік және батыс қабырғаларының ұзындығы 570 м, оңтүстік жағы 600 м, ал шығыс жағы 500 м. 3) 1974 жылдан ҚазМУ археологтары (жетекшісі У. Шәлекенов) зерттеп жатқан Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұнның орны деген пікір де қалыптасты. Ұсынылып отырған осы қалалардың қайсысы да V-XIII ғасырларда дамыған өркениет орталығы болған.
3-сурет. Баласағұн.
Отырар қаласы
Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (X ғасыр) өте көне астана деп атайды. VIII ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар - бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. X ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (X ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. X ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар V-XV ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
4-сурет. Отрар қаласы.
Суяб қаласы
Қазақстан астаналырының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі V ғасырда қаланды. Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі Шу өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Оның атақ-даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшһүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627-629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Тон жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиһанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. Суяб туралы бұдан өзге де қытайдың «Тундиянь», «Синь таншу» т. б. тарихи жылнамалары мен араб географтары ибн Хордадбектің «Китап әл-масалик уә-л-мамалик», Қудама ибн Жафардың «Китап әл-Харадж» т. б. еңбектерінде мол мағлұматтар кездеседі. Алғаш 1894 жылы В. В. Бартольд тексеріп зерттеді. 1950 жылы Л. Р. Кызласов, 1959 жылы П. Н. Кожемяков және кеңестік археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп зерттеді.
5-сурет. Суяб қаласы.
Тараз қаласы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz