Педагогика тарихы ред



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат

Пәні: Педагогика және психологияның тарихы
Тақырыбы: Жаңа ғасырдағы педагогика тарихының жетекші үрдістері

Орындаған: ПиП-11 тобы. Қуан Дилназ Тілеубайқызы
Тексерген: Омашева Толғанай Мұсақысы

Қарағанды қаласы, 2022 ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Ежелгі педагогика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Жаңа ғасырдағы педагогика тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2

КІРІСПЕ

Педагогика мен психология тарихы-тарихтағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Педагогика тарихы пәні студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы педагогтық мұраларға көзқарас қалыптастырып, оқыту және тәрбие үрдістеріні теориясы мен тәжірибесінен нақтылы мағлұмат береді. Педагогика тарихы пәні педагогикалық категориялармен ойлауға және олардың шығу тегін (генезисін) түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы тәрбие мен оқытудың қалай дамығанын, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы пікірлердің қалыптасып, сол түйінді пікірлердің бүгінгі таңдағы оқу жүйесінде қолданылуы туралы мәліметтер беріледі.
Оларды сын көзімен талдап, 3 зерттеп-меңгеру болашақ ұстаздардың педагогтық дайындығын күшейтеді. Психология тарихының міндеті психика туралы ғылым - білімнің пайда болуын, одан әрі дамуын талдау болып табылады. Психологиялық білімнің даму тарихында психологияның пәнін анықтайтын үш анықтама бар. Біріншісі, жан туралы ғылым.
Екіншісі, сана туралы ғылым.
Үшіншісі, мінез - құлық туралы ғылым.
Психология пәніне деген көзқарастардың өзгеруі туралы тарихи деректер психологиялық ойда білімдердің дамуын, прогрессті көрсетеді.

3
ЕЖЕЛГІ ПЕДАГОГИКА
Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру қажеттілігі адамзаттың пайда болуымен бірге туындады. Тәрбие дербес әлеуметтік функция ретінде ерекшелене бастағаннан, кейін адамдар оқу қызметінің тәжірибесін жалпылау туралы ойлана бастады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің мақсаты мен мазмұны еңбек дағдыларын дамыту болды және ру мен тайпаның мүддесіне адалдық сезімін ояту мен білім мен дәстүрді, әдет-ғұрып пен мінез-құлық нормаларын үйрету болды.
Білім берудің алғашқы бастаулары Ежелгі Шығыс елдерінде (Египет, Үндістан, Қытай, Ассирия, Вавилон) пайда болды. Мұнда мектептердің үш түрі кең тараған: діни, сарайлық және әскери. Ғибадатханалар жанынан діни мектептер салынып, діни қызметкерлер дайындалды. Сарай мектептері әкімшілік-шаруашылық бөлімнің қажеттіліктері үшін хатшылар шенеуніктерді дайындады. Әскери оқу орындары әскери басшыларды дайындады. Ең кең және көп пәндік білім діни мектептерде болды, онда оқу, жазу және санаудан басқа, заң, астрология, медицина және діни пәндер оқытылды. Білім алу ұзақ және қымбат болды, әлеуметтік топтардың балаларына қол жетімдірек болды. Мектептерде қатаң тәртіп орнады, дене жазасы қолданылды. Археологтар тауып алған көне египеттік папирустардың бірінде Баланың құлағы арқада, ұрса тыңдайды деген сөз жазылған. Бұл қазірдің өзінде педагогикалық идеяның бір түрі мен тәрбиеге деген белгілі бір көзқарас болды. Сократты Ежелгі Греция педагогикасының негізін салушысы деуге әбден болады. Платон (Сократтың шәкірті және досы) куәландыратындай, Сократ өз шәкірттерін диалог жүргізуге, пікірталас жүргізуге және логикалық ойлауға үйреткен. Сократ студентті қайшылықты позицияларды дәйекті түрде дамытуға шақырды және оны осы бастапқы ұстанымдарды түсінуге жетеледі, содан кейін оны дұрыс жолға итермеледі. Бұл әдіс Сократ деп аталады. Сократтық әдісте ең бастысы - сұрақ-жауап оқыту жүйесі, оның мәні логикалық ойлауға үйрету болды. Философ Платон Афинада өз мектебін құрып, онда студенттерге дәріс оқыды.(әйгілі Платон академиясы). Платонның педагогикалық теориясында мынадай идея айтылған: ләззат пен білім біртұтас, сондықтан білім қуаныш әкелуі керек, ал таным процесі жағымды және пайдалы болуы керек.
4
Жаңа ғасырдағы педагогика тарихы
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша -мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып, бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж. аралығында Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. Тəрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды.
5

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты ("Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері",1943), (1947 жылы "Адамның ақыл-парасат жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі") кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Таскескен таңбаларындағы петроглифтік жәдігерлер
Педагогика тарихы ғылым ретінде
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері
Педагогика мақсаты
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер