ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы.
  3. Реализмге қарама-қарсылығы.
  4. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциялизм, абстракционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т. б. ) өкілдері.

Классицизм (лат. classicuis - көрнекті, үлгілі) - 17 - 19 ғғ. өнерде қалыптасқан бағыт. Классицизмге рационалдылық шығармашылықтың қалыпқа түскен түрі, монументальдық, стиль айқындығы, композициялық тепе - теңдік, форма үндестігі тән. Солай бола тұра, классицизмге үлгілі схема мен идеалдылық та тән. Классицизмнің бейнелері эстетикалық тұрғыдан көп түсті, түрлі құбылысты бола алмайды: оған көпқырлылық, әсемдік, иннттеллектуалдық эмоционалдық жағынан тығыздық тән емес. Классицизмде дүниенің көркемдік концепциясы рационалды және тарих кезеңіне тәуелді емес. Сондықтан да, классицизм туындылары, антиктік пе, римдік пе, қай дәуірдікі екеніне қарамастан, үздік көрнекті үлгі ретінде қабылданады. Классицизмде дидактикалық сарын, ғибрат айту, азаматтық пафос, мемлекеттік концепция ой қуатына сену, моральдық және эстетикалық бағалауда нақтылық пен айқындылық басым. Классицизм принциптері өнердің барлық түрлерінде берік орын алған.

Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Фрацияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793 ж. ұлы француз ревалюциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штатын да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.

Ғылым саласында, бұрын механика математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т. б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар-саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі обьектісі-қоғамдық (мемлекеттің) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы-дін болды.

Революция отаны Францияда да ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғ бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (ХҮІІІғ 60-80ж) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылырдың аға буынының өкілдері-Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиалық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазияландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері-Д. Дидро (1713-1784) . К. Гельвеций (1715-1771) П. Гольбах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помешиктік меншік пен сослова иелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметі құлатуға шақырды.

XVIII ғ барокко мен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердін бірі-рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениеттерімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасынын басты ұраны, «Өнер-рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді». «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.

Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі-дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идеяларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі-Еуропаның қоғамдық өмірдің барлық саласын (қоғамдық-саяси, мәдени және т. б) айтарлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлармен стильдердің көптігімен, оптимистік сарыны мен және адамзаттың ақыл-ойы деген шынайы сенімі мен осы уақытқа дейін таң қалдырып келді.

Жаңа заман мәдениетінде ХІХ ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классикалық ғасыры» деп аталады бұл кезде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басуымен қатар, тоқырау кезеңін де басыннан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ойшылдары: О. Шпенглер, И. Хейзинга, Х. Ортега-и-Гассет және т. б. ХІХ ғасыр, мәдениеті - бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар - рационализм, антропоцентрелизм, сциентизм, еуропоцентрелизм және т. б. болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы: Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка орталығының тәуелсіздік үшін күресі және Ұлы Француз ревалюциясы ерекше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. ХІХ ғасырдың бетпердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болады. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болады. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, ХІХ ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.

Капиталистік индустрияландыру немесе классикалық бржуазиялық өнеркәсіп төңкеріс ең алғашқы Англияда жүзеге асырылды.

XIX ғ. ортасына қарай капиталистік индустрияландыру Еуропаның кептеген елдерімен қатар Солтүстік Американы да бірге қамтыды. Жаңа заман мәдениетінде рационализм мен утилитаризмнің үстемдігінің заңды жалғасы болып табылатын өнеркәсіп төңкерісі ғылыммен техниканың даму қарқының жылдамдатып, жаңа серпін берді. Белгілі ғалым П. Сорокиннің есептеуінше, тек XIX ғасырда ашылған ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстарының саны, бұған дейінгі ашылған ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстарын қоса есептегенде әлде кайда артық болып шыккан, яғни бұл кезеңде техника үстемдігі қоғамының, табиғаттың сан-саласын қамтиды.

XVIII және XIX ғасырлар аралығындағы саяси-әлеуметтік даму нәтижесінде көрермендер молайды. XIX ғасырдың бірінші жартысында гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтикалық театрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада заманауи театрдың қоғамдық жасампаздығы, халықтық және ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Романтикалық драма мен театр ұлттық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті. Романтикалық қозғалыс барысында театрдың реалистік негізі зор қарқынмен дами бастады. Романтизм театр өнерінде 1810-1840 жылдары қалыптасты. Дүниедегі әділетсіздік атаулыға қарсы болу, терең гуманизм - бұл актерлерді бір идеяға жұмылдырды. Романтизм кезінде театр эстетикасының негізі - актерлік қиял мен сезімге құрылды. "Табиғат құшағында болу" сынды классицизмдік қағидаға қарсы шыққан романтизм актерлері өз назарларын адам өмірінің ішкі қайшылықтарын бейнелеуге аударды. Қоғамдық пафос, шындыққа деген құштарлық, айқын мақсат - актерді буырқанған эмоция мен айқын драмалык экспрессияға, екпінді қимылға жетеледі. Алайда романтикалық өміртанымы, шығармашылық субьективизм қауіпін өрбітті. Романтикалық театр тұңғыш рет актерлік өнердің негізі болып табылатын сахналық толғанысты туғызды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Франция театр репертуарынан мелодрамалар және романтикалық тарихи драмалар мол орын алды. XIX ғасырдың 20-жылдары Францияда романтизм ең ықпалды ағым ретінде қалыптасты. Романтизм мен классицизм арасындағы күрес, көбінесе әдеби қақпайласу арқылы өтті. Оған мысал ретінде Стендальдің "Расин және Шекспир", Гюгоның өзінің "Кромвель" драмасына кіріспесін келтіруге болады. Француз театрларының сахнасына романтикалық драма кіре бастады. Бірақ оның сахнада орнығуына мелодрама көп септігін тигізді.

Ірі драматург-романтик әрі романтикалық театрдың теоретигі Виктор Гюго (1802-1885) болды. Ол шығармашылық жолын 1827 жылы "Кромвелъ" атты романтикалық драмадан бастады. Гюгоның сахнаны көрген бірінші романтикалық драмасы "Эрнани” болды. Бұл драма 1830 жылдың басында "Комеди Франсез" театрында қойылды. "Эрнани" қойылымы Париждің ең жақсы театрында берілуі романтизмнің ірі жеңісі болды. Ол француз сахнасында романтикалық драманың орныққанын дәлелдегендей болды. 1830 жылғы Июль революциясынан кейін романтизм жетекші театр бағыты болып калыптасады. Осыдан кейін Гюго: "Король көңіл көтереді" (1832), "Мария Тюдор" (1833), "Рюи Блаз" (1838) пьесаларын жазып, үлкен табысқа ие болды.

Романтикалық драма үшін күрестегі Гюгоның ең жақын әріптесі атақты үш ноян туралы трилогияның, "Граф Монте-Кристо" және басқа да аты шулы шығармалардың авторы Александр Дюма (әке; 1802-1870) болды. 1847 жылы «Королева Марго» спектаклімен Дюма "Тарихи театрын" ашады. Ол 1849 жылы жабылғанымен Париждің бульварлық театр тарихында үлкен орын алды.

Романтикалық драматургияның басқа да өкілдері: Альфред де Виньи, Альфред де Мюссе, Проспер Мериме, Эжен Скриб, Оноре де Бальзак шығармаларын көрерменге ұсынды. Бұл шығармаларда зұлымдық пен жауыздықтың иелері, әдетте, қолында билігі бар, бай, үстем тап өкілдері болып келеді. Ал адамгершілік пен ізгілік мәселелері бұл жанрлардың әлеуметтік бағытын айқындай түсті. Сезім табиғилығы мен психологизм, контрасқа құрылған сахналық ойын жүйелері, қоғамдағы келеңсіздіктерді әшкерелеу пафосы мен жарқын демократиялыққа ұмтылу романтик актерлер өнерінің ерекшелік сипаттарын айқындап берді. Мұндай сипаттар Пьер Бокаж, Мари Дорваль мен Фредерик-Леметр, т. б. актерлер шығармашылығынан толық көрініс тапты. Сахнада өмірдің ұнамсыз жайлары үлкен әлеуметтік тұрғыда қорытылып, өткір әжуалық мінез, кейіпкер жасау шеберлігі қалыптасты. Дүниежүзілік театрда романтизм дәстүрі кейінгі жылдары да үзілген жоқ, қайта ол реализммен сабақтасып, жарыса дамып отырды. Тіпті осы заманғы театрда да, ол өзіндік бояу-сипатын тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Сурет салу кезеңдері
Өнердегі импрессионизм бағытының кеңістік жүйесі туралы
Модернизм дәуірінің өнері
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
ХІХ ғ. Европа мәдениеті
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz