Сөз құрамы
Реферат
Тақырыбы: Сөздің граматикалық құрамы, басты ерекшіліктері. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Көмекші морфема түрлері. Жалғаулар олардын түрлері.
Сөздің граматикалық құрамы, басты ерекшіліктері.
Тіл - тілдің қай - қайсысының болса да өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік жағы, екіншісі-тілдің грамматикалық жағы. Тілдің осы екі жағының бірлігінен барып біртұтас тіл құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл ғылымының бұл екі саласы да: лексикология да, грамматика да- өздерінің тексеру негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді сөзден бастайды.
А.Ысқақов сөзге мынадай анықтама береді: Сөз дегеніміз қыры-сыры мол күрделі тілдік категория.
Әдетте, тілі жаңа ғана шығып келе жатқан сәби де тіл үйренуді жеке - жеке сөзден бастайды: екі адам арасындағы қатынас та сөзден басталады. Бұл айтылған№дардан да, қазақтың Сөз сөзден туады, сөйлемесе, неден туады дейтін мәтелінен көреміз. Тілдің таяншы сөз екенін осыдан білеміз.
Сөздің өзі идеяға айналған саналы зат. Сөз - адам баласының барлық қоғамдық тіршілігінің сәулесі, көрінісі, дерегі. (Г. Лафарг) Сөзді қолға ұстап, көзбен көруге келмегенімен, сезім мүшеміз құлақ арқылы естіп, ақыл-ой арқылы түйіп, керегімізге таратамыз. Сөз тек мағына жағынан емес, құраы жағынан да аса күрделі категория. Сөз
Қолданғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің морфологиялық құрамында болып отырады. Осы ғалымның айтуынша :Сөздің сыртқы дыбыстық шашылымына соқпвйынша, онымен байланыстырмайынша жалпы сөз тұлғасын талдау мүмкін емес. Өйткені сөзді бөлшекке бөлі, саралағанда, біріншіден, бөлшектің мағынасын, екіншіден, бөлшекиің сыртқы формасын анықтау мақсаттары көзделеді.
1 СӨЗ ҚҰРАМЫ - МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Сөз құрамының қарастыратын мәселелері
Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да, лексикаға да сүйенеді, олармен тығыз байланыста отырып, сөздің сырын ашады. Сөзден сөз тудырып, оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
1. Сөз құрамы.
2. Сөздің жасалу жолдары.
3. Жалғаулардың жалғану тәртібі.
4. Сөз таптары олардың қызметі.
5. Әрбір сөз табына жататын сөздердің түрленуі және өзгеруі.
Зерттеу жұмысының актуальдылығы-
бастауыш сынып оқушыларының ең қиын тақырып екендігіне, оның себептерін ашып, қиындықты жеңу жолдарын практикада, іс жүзінде көрету.
Зерттеудің теориялық мәні- аталған проблеманың төңірегіндегі ғалымдар көзқарасына талдау беру.
Зерттеудің практикалық мәні- сабақ үлгілері арқылы тақырыпты меңгерту жолдарын қарастыру.
Қорыта айтқанда, тіліміздің болашағы сәби тілінен басталады. Сол тілдегі сөздің мағынасын сезіп, асыл ойын көңіліне тоқып өссе, педагог үшін одан жоғары мақсат та, мұрат та жоқ.. Морфологияның негізгі міндетінің бірі-сөздің грамматикалық құрылысы дегенде, әрине, біз ең алдымен сөздің морфологиялық тұлға - тұрпатын сөз етеміз. Сөйлеу дағдысында әр сөз белгілі заң бойынша сөздермен қарым-қатынасқа түседі, қилы өзгеріске ұшырап, әр түрлі қызмет атқарады.
Морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің өз жүйесінде бар, сол жүйенің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз талдау, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру амал-тәсілдерін алсақ, олардың қай-қайсысы болсын, әбден қалыптасып, орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдысы, жүйелі құбылыстар.
Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болады. Сол әр қилылық сөздердің құрамының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Мысал алып сөздің құрамы деген ұғымды анықтайық. Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (Абай), -деген сөйлемдегі тілі, тіл, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған. Өзгеріс сөздердің сыртқы көрінісінен айқын көрініп тұр. Бұлардың ортақ формасы тіл деген түркі бөлшек сыртқы формасының үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, мағыналық өзгешеліктері де бары даусыз. Мұндағы тіл деген түркі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасы не, ол бөлшек адамның мүшесі әрі қоғамдық қатынас құралының аты. Ал тілі дегенде - і бөлшегі құралды үшінші адамға (ғашыққа) желіп тұрса сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектер морфемалар деп аталады.
Морфема- гректің mopphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Олар түрлі болады.
1. білдіретін мағынасының сипатына қарай.
2. Сөз ішіндегі орнына қаай.
3. Сөз ішіндегі атқаратын қызметіне қарай.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Ең алдымен, ол морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөледі.
Мысалы, бастық, тілші, келісім сөздерінің құрамында түбір морфема да, қосымша морфема да бар. Түбір морфеа сөздің ұйытқысы, ал ең негізгі морфема: бас, тіл, кел.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша сағына үстейтін морфемаларды айтамыз.Қосымша морфеманың бір де - біреуі, бірнешесі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.
Мысалы: Жолы берді жолдас дейді. Жолы, жолдас- түпкі морфемасы жол, ал қосымша морфемалары- -ы,-дас. Жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ.Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден - сөз тудыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.Ал енді жұрнаққа тоқталсақ, мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақта деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар, кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синкретикалық морфема есебінде қызмет ете беретін (мыс: ойыншық, борасын) жалғаулар, жұрнақтар да, форм тудыратын қосымшалар да, сайып келгенде, сөздің формасы деген ұғымға енеді және өзара бір-бірімен тығыз байланысты.Бірақ қаншалықты байланыста боғанымне де оларды өзара миластыруға да, бірін-бірімен теңестіруге де болмайды.
Өйткені олардың бәріне тән ортақ жалпы заңдар, жалпы қасиеттер бола тұрса да, өзді -- өздеріне ғана тән ерекшеліктері, соған лайық өз заңдары бар. Сол себептен бұларды бір - бірінен ажырату қажет.
Сөзден сөз тудыратын жұрнақтардың қай-қайсысы болсын, сөзге (түбірге) жаңа лексикалық мағына үстемелейтіндіктен өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егу, егін, егіннен, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымне, олардың әрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды білдіреді. Форма тудыратын жұрнақтар да сөз тудыру категориясына жақын. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл жұрнақтың мағынасы мен қызметі жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, демек, екеуінің де ерекшеліктеріне жуықтайтын категория деп қарауға болады. Демек, бұл жұрнақ сөзді өзі жалғанғаннан кейін де сол сөздің түбірден негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ әкетпейді.Мысалы: кел, келме, келер, келе, келсе, келгелі, келеді.Түбірге жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма негіз я туынды түбір деп аталып жүр. Мысалы: егіншілік-ек Түбір сөзіне әуелі - ін, одан кейін - ші, одан кейін - лік жұрнақтары қосылған. Ұйы-м-дас-тыр-у-шы-лық, осы сияқты сөздер туынды сөздер деп аталады.
Жұрнақтар құрамы жағынан бір дыбысты да, екі дыбысты және одан көп дыбыстар да бола береді. Сөз формалары да- тарихи құбылыстар. Демек, тілдің грамматикалық құрылысының дамуы, жетілу ерекшеліктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп я ауысып, я жаңадан қосылып, немесе, керісінше, қолданудан шығып қалып отыруы-заңды нәрсе.
Бұған тіл-тілдердің грамматикалық құрылыстарды, олардың формалары замандар бойы бірте-бірте даму, жетілу, ауысу, жаңару, көнеру процестерінің нәтижесінде пайда болдған деген жалпы қағиданы сөз етпей - ақ түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуын туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.
Сөз құрамы туралы зерттеулер
Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының Тіл құралдарында орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына қарай беске бөлгенін көреміз: Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша сөз, қсымшалар.А.Байтұрсынұлы үшеуіне ғана дұрыс аударма берген. Соңғы екеуіне дұрыс термин таба алмаған.
1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай анықтама берген: Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым. Сөз тұлғасы жайында Қ. Жұбанов, А. Ысжқақов және Ә. Қайдаровтың еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ. Басымов өзінің Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары атты мақаласында жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды.Ал жалғаулар жайында алғашқы ғылыми анықтаманы профессор Қ. Жұбановтың Қазақ тілі граматикасы еңбегінен көреміз. Онда: Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау, -дейді. Бұл ванықтама кейінне жарық көрген түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларға негізгі өзек болғаны мәлім.
Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау дағдысы кездеседі. Бершін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М. Балақаевтың, Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950 жылдан бастап жалғау - жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып, олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова еңбектерінде бар.
Тағы да Қ. Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ: қосымшаларды тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен делінеді. Мысалы: оқушы - мын, оқушы - сың, осында - мын қосымшасы мен жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп, танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м,
ана-м дегендегі - м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы, бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пйда болған.Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.
Бұл мәселеге Қ. Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа бөлген:
1. Түбір сөз
2. Қосымшалы сөз
3. Кіріккен сөз
4. Қиюлы сөз
5. Қосарлы сөз
6. Қосалқы сөз
Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз, кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы - оңаша жұмсала алмайтын үстеулі сөз. Қосалқы сөздерге шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, өте, ең сөздері жатады. Ғалым Жұбановтың қос сөздер туралы пікірі: Қос сөздің ертеден белгілі екі түрі бар. Үстеме буынды, күшейтпе буынды; бір сыңары ықшамдалып қайталанған қос сөздер қатарына жатады да, үстеме буындары сын есім сөздердің әуелі толық түрін қысқартып, соңынан п дыбысы арқылы бұның бітеу буынға айналудан пайда болған.
Мысалы: қара қап- қара , таза тап-таза, қызыл қып- қызыл.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де қалыптасуы, дамуы, жетілуі, оның грамматикалық құрылысы мен сөздің құрамындағы дыбыстың өзгерістерге түсіп, жаңа сөз жасайтын не сөзді түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалардың әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырауына, сөз мағыналарының әр түрлі реттерден көркемдегіштік қасиеттеріне ие болуына байланысты.
Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму, баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып, сөз жасам деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін, яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.
Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе.
Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда ұшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыныш, тыныштық, ұят, ұял, ұялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көік, көнікті т.б. сөздерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі сөзді (кең және тын) бір топқа, соңғыларын екінші топқа ажыратуға болар еді. (әрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Өйткені кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде ұғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сөздерінің құрамындағы - іс, -ыш аффикстері -- әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Бұл фактілердің бәрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бұл сәйкестік тек алғашқы түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі түбірлер тұлғасында да байқалады. Э.В.Севоротян бұларды синкретикалық негіздер деп атайды.
Н.К.Дмитриев етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді: 1) етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің тұлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мұндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес тұрып бөлектенбей, тек қана контекс құрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген; 2) есім мен етістік негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар арқылы жіктелуі; 3) етістік жасаудың тұрақты және негізгі жолы - аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп бөлінген. Сөйтіп бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл құрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі - фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи даму барысында қалыптасқан құбылыс. Сол себепті де бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі дәуірде әсте дербес лексемалар емес, қайта контекс құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған.
Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды.
Етістік пен есімдердің синкретизмі үш түрлі болып келеді: синкретикалық байырғы түбірлер, синкретикалық туынды түбірлер және синкретикалық қосымшалар.
Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер - грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей болмайтын сөздер. Фонетикалық құрылысы жағынан синкретикалық түбірлер бір-бірінен ерекше де болуы мүмкін. Алайда олардың арасындағы фонетикалық айырма түркі тілдерінің дамуы барысында қалыптасқан дыбыс сәйкестігінің ізі немесе түркі тілдерінің өте ескі дәуіріндегі дауыстылардың тұрақсыз қолданысының қалдығы болуы мүмкін. Қазақ тіліндегі көз, көр сөздері дауыссыз дыбыс сәйкестіктері негізінде қалыптасса, тура, түзу, тер, тіз сөздері әрі дауыссыздыбыс сәйкестіктері, әрі дауыстылардың тұрақсыздығы нәтижесінде қалыптасқан.
Синкретикалық түбірлердің пайда болуын конверсия құбылысының нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Өйткені түркі тілдеріндегі сөздердің бір кездегі екі жақтылығы сол күйінде қалып қойған жоқ, әрі қарай екі бағытта бір тобы есімдер, бір тобы етістіктер болып, арнайы морфологиялық тұлғаларға жіктеліп дамыды. Кейде түркі тілдерінде конвергенсияның екінші түрі - Богородицкий айтатын фонетикалық конвергенция құбылысы ұшырасатыны бар. Негізі де, семантикасы да бір-біріне ешбір ұқсамайтын сөздер фонетикалық өзгерістің нәтижесінде бір ғана сипат алады. Синкретикалық түбірлер бұл құбылысқа да жатпайды.
Синкретикалық түбірлердің табиғатын тануда айрықша назар аударуды қажет ететін мәселе - олардың өзара семантикалық байланыстары. Әдетте синкретикалық етістіктер мен есімдер бір-бірімен себептілік байланыста болып отырады. Мысалы, ауыр дейтін етістіктен сол процестің нәтижесі болып саналатын ұғым атауы ауыру есімі келіп шығады.
Көмекші морфема түрлері
Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы)құрала береді. Сөз құмындағы морфемалардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz