Кітапхананың библиографиялық қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мәдениет және өнер факультеті
Хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кітапхананың анықтамалық- библиографиялық
аппараты.
Кітапхана ісі-6В03201

Орындаған: БД-31 топ студенті Срымова М.С.
Тексерген: аға оқытушы Сатагалиева С.М.

Орал,2022 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын ұйымдастырудың жалпы мәселелері
1.1. Анықтамалық-библиографиялық қызметті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Қазіргі кезеңдегі библиографиялық қызмет көрсетудің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Анықтамалық-библиографиялық қорды ұйымдастыру
2.1. Анықтамалық-библиографиялық аппарат- кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... .18
2.2. Анықтамалық-библиографиялық қызмет- оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қосымша

КІРІСПЕ

Кез келген кітапхананың негізгі міндеті - ақпаратқа еркін және шексіз қолжетімділікті қамтамасыз ету, пайдаланушылардың заманауи ақпараттық-библиографиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осыған байланысты библиографиялық қызметтің маңызды бағыттарының бірі әртүрлі типтегі және мазмұндағы библиографиялық өнімдерді жасау болып табылады.
Библиографиялық өнімдер деп оны дайындау процестерінің нәтижесі , пайдаланушыларға (кітапхана оқырмандарына) қызмет көрсету құралы болып табылатын құжатталған библиографиялық ақпаратты айтамыз. Ол белгілі бір сала немесе тақырып бойынша құжаттар ағынын көрсетіп қана қоймайды, белгілі бір дәрежеде мәселенің даму көрсеткіші қызметін атқарады, оның тақырыптық шекарасын сипаттайды. Библиографиялық ақпараттың ең көп тараған тәсілі - библиографиялық нұсқаулық.Анықтамалық-библиографиял ық қызмет - ақпаратты тұтынушылардың бір реттік сұраныстарына сәйкес (сұраныс-жауап режимінде) библиографиялық қызмет. Қызметтің бұл түрі құрылымына, штат санына, қордың көлемі мен құрамына қарамастан барлық түрдегі, кез келген ведомстволық бағыттағы кітапханаларда жүзеге асырылады. Алайда табиғаты мен ауқымы сандық жағынан да, сапалық жағынан да мүлде бөлек. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді кітапхананың әртүрлі бөлімдері (абонемент, оқу залдары), бұл қызметті өздерінің анықтамалық-іздестіру құрылғыларының көмегімен жүзеге асырады. Библиографиялық қызмет кітапхананың түріне, меншік нысанына, оқырмандар құрамына, қор көлеміне, қызметкерлер санына, олардың кәсіби даярлық деңгейіне, құрылымдық бөлімшелердің санына және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу деңгейіне қарай ұйымдастырылған. Дербес бөлімше - библиографиялық бөлім - ірі ғылыми кітапханалар үшін библиографиялық қызметтің негізі болып табылады. Кітапханалардың басқа түрлерінде бұл тапсырмаларды библиографиялық секторлар немесе топтар орындайды. Құрылымдық бөлімшелері жоқ шағын кітапханаларда бұл функцияларды библиограф орындайды. Кітапхананың штаттық кестесінде мұндай лауазым болмаған жағдайда, библиографиялық іс-шараларды жүргізуге жауапкершілік қызметкерлердің біріне жүктеледі.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы жолдаудың мемлекеттік деңгейде білім беру жүйесінің кітапханаларында кітаппен қамтамасыз ету жағдайында, оқулықтарды толықтыру және пайдалану мәселелеріне жетік назар аударылады. Кітапхана ісіндегі қазіргі күнге сәйкес кітапханалық библиографиялық құралдарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарасытырып, осы заман талабына сай кітапхана жұмысында оқырмандардың сұранымын қанағаттандыру мақсатында, библиографиялық құралдардың тиімді пайдаланудың жолдарын ұйымдастыру болып отыр.
Компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген сұранымын қанағаттандыруға негізделген.
Еліміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмаларды іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғарғы кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Еліміздің өркениетті мемлекет болып, саяси және экономика жағынан шапшаң ілгері дамуы, сондай - ақ әлеуметтік құрылымның өзгеруі жаңа пайдаланушылар тобының пайда болуына ықпалын тигізді. Анықтамалық библиографиялық аппаратардың бірнеше түрлері болады. Олар: альфавиттік каталог, жүйелілік каталог, тақырыптық каталог, және т.б. Осыған орай анықтамалық библиографиялық аппараттың да, жаңа ақпараттық технологияны меңгерудегі мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Ғылыми негізде ұйымдастырылған анықтамалық-библиографиялық аппарат -- кітапхананың бүкіл библиографиялық қызметінің қажетті негізін сол арқылы оқушыларға анықтама беру, информациялық-библиографиялық және ұсыныстық-библиографиялық қызмет керсету жүзеге асырылады, кітапхана-библиография білімдері насихатталады, құрастырылатын библиографиялық құралдар үшін әдебиет іріктеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кітапхананың библиографиялық қызметі туралы түсінік беру. Библиографиялық қызметтің негізгі мақсаты пайдаланушыларға (оқырмандарға) жеке, білім беру, кәсіби немесе әлеуметтік қажеттіліктердің кең ауқымын қанағаттандыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Курстық жұмыстың нысаны: Кітапхананың анықтама-библиографиялық аппараты. Екі негізгі бөліктері : анықтамалық-библиографиялық қор және каталогтар жүйесі.
Курстық жұмыстың пәні: Кітапхананың библиографиялық қызметі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Кітапхананың библиографиялық қызметтің аспектілерін қарастыру;
-Кітаптың құрылымы мен қызметі, кітап басылымдарының негізгі типтері мен түрлерін толық ашып көрсету;
-Қазіргі кезеңдегі кітапханадағы АБА ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне тоқталу;
-Кітаптанудың өзекті мәселелеріне көңіл бөлу;
Курстық жұмыстың объектісі: Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты, анықтамалық-библиографиялық қызмет.
Курстық жұмыстың субъектісі: Кітапхана ісі мамандығының студенттері мен кітапхана қызметкерлері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 1-тарауда анықтамалық-библиографиялық қызметті ұйымдастыру, қазіргі кезеңдегі библиографиялық қызмет көрсетудің міндеттері мен мазмұны баяндалады. 2-тарауда анықтамалық-библиографиялық аппарат-кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі бөлігі және анықтамалық библиографиялық қызмет-оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсету атты параграфтардан тұрады.

Кітапхананың анықтамалық- библиографиялық аппаратын ұйымдастырудың жалпы мәселелері
Анықтамалық-библиографиялық қызметті ұйымдастыру

Анықтамалық-библиографиялық қызмет аппаратын ұйымдастыру білімін, заманауи ақпараттық технологияларды еркін меңгеруін кітапхана қызметкерлерінің жоғары біліктілігін, кітапханаға тиісті талап ететін кітапхана еңбегінің күрделі интеллектуалды түріне жатады. Ақпараттық-кітапханалық қызмет, библиография. Анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету. Терминдері мен анықтамалары атты 7.0-99 ГОСТ-та анықтамаларды және басқа да библиографиялық қызметтерді ұсынуға байланысты ақпаратты тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес қызмет көрсету ретінде анықталады. Қазіргі таңда кітапхананың маңызды ақпараттық қызметі нақты жүзеге асырылады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету-бұл ақпаратты тұтынушылардың бір жолғы сұраныстарына сәйкес библиографиялық қызмет көрсету.Библиографиялық қызмет көрсету терминімен қатар, ақпараттық қызмет көрсету термині де 7.0-99 ГОСТ-да кездеседі. Ақпараттық қызмет көрсету деп ақпараттық қызмет көрсету арқылы пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық органдармен жүзеге асырылатын қызметтер түсіндіріледі. Терминге "анықтама" деген сөзден шыққан "анықтамалық" деген сөзді енгізу осы бағыттағы кітапханалық-библиографиялық қызметтің даму тарихымен түсіндіріледі. Кеңес кітапханаларында "анықтама бюросы" болған, олар фактографиялық сұраныстарды орындады, бұл қызмет түрі анықтамалық қызмет атауын алды және біртіндеп анықтамалық библиографиялық қызмет көрсетуге айналады.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету қасиеттері:
1.Серпінділік-оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін үнемі өзгерту және оларды (АБА) арқылы уақтылы қанағаттандыру;
2.Кездейсоқ-сұраулардың түсімін болжау мүмкін емес (олардың саны, мерзімі, мазмұны);
3.Даралық - әрбір пайдаланушының тақырыпты түсіну деңгейі, ақпаратты қабылдау қабілеті, құжаттарда бағдарлануы;
4.Типтік-сұраныстарды орындау бір схема бойынша жүзеге асырылады.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің мақсаты: Барлық оқырмандардың библиографиялық сұраныстарын қанағаттандыру және оқырман үшін ыңғайлы нысанда библиографиялық ақпаратты жедел ұсыну.

Ірі кітапханаларда АБА-ны ұйымдастыруды библиографиялық қызмет көрсету бөлімдері жүзеге асырады. Анықтамалық- библиографиялық қызмет көрсету сапасы көп жағдайда АБА-ның жекелеген бөліктері арасындағы өзара байланыс жағдайына, жүйелі каталогты және мақалалардың жүйелі картотекасын дұрыс және уақтылы жүргізуге, құжаттардың мазмұнын ашу тереңдігіне байланысты. Көптеген облыстық және тіпті жоғары оқу орындарының кітапханаларында анықтамалық-библиографиялық жұмысты үйлестіру туралы ережесі және кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің анықтамалық - библиографиялық қоры туралы ережесі бар [19,С.14-18]. Кітапхана пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттыруға , көмек көрсетуге міндетті, сондықтан анықтамалық- библиографиялық қызмет көрсетуді жиі сұрау - жауап режиміндегі библиографиялық қызмет көрсету деп атайды. Қазіргі уақытта анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету барлық кітапханаларда орын алған, бірақ орындалатын анықтамалардың мазмұнымен ерекшеленеді.
Анықтамалық- библиографиялық қызмет көрсету режимінде сұраумен кітапханаға жүгіну кезінде берілетін ақпарат - анықтама деп аталады. Кітапхана пайдаланушыларын әр түрлі сұрақтар қызықтыра алады, олардың мазмұнына көптеген факторлар әсер етеді - әлемде болып жатқан оқиғалар, елдің экономикалық және саяси проблемалары, анықтамалар да әр түрлі - ақпарат сипаты бойынша және нысан бойынша беріледі. Ақпарат сипаты бойынша анықтамалар библиографиялық және фактографиялық болады. Кітапхана тәжірибесінде жиі тақырыптық анықтамалар, библиографиялық деректерді нақтылау анықтамалары және мекенжай анықтамалары орындалады. Анықтаманы орындау нысаны бойынша ауызша және жазбаша болады.Әдетте, ауызша анықтамалар оқырмандардың қатысуымен немесе телефон арқылы жедел түрде орындалады. Жазбаша анықтамалар көп жағдайда күрделі сұрау салуларға жауап береді, сондықтан әрбір осындай анықтаманы орындау мерзімі сұрау салуды қабылдау кезінде белгіленеді. Күрделі анықтамалар тақырып бойынша әдебиеттерді іздеуді және библиографиялық тізімді ресімдеуді талап етеді. Дерекқор болған жағдайда оқырманға пайдаланушының сұратуына сәйкес ақпаратты қамтитын басып шығару ұсынылады (Қосымша 2).Анықтамалар төрт түрге бөлінеді, олардың үшеуі библиографиялық және біреуі фактографиялық түрге жатады. Библиографиялық анықтаманың басты ерекшелігі-онда библиографиялық ақпараттың болуы.Мекенжайлық библиографиялық анықтама-кітапхана қорында белгілі бір құжаттың болуы туралы анықтама. Тақырыптық анықтама-пайдаланушы сұраныста қалыптастырған белгілі бір тақырып бойынша әдебиеттер тізімі. Тақырыптық анықтамаларға құжаттар мазмұнының ортақтығымен ғана емес, сонымен қатар басқа да белгілермен, мысалы, бір авторға тиесілігімен, атауымен, сериясымен және т. б. біріктірілетін анықтамаларды жатқызуға болады.Фактографиялық анықтама оқырманды қызықтыратын нақты фактілерді -- қандай да бір тұлғаның (тарихи қайраткер, жазушы, ғалым т. б.) өмірі мен қызметі, арнайы терминнің түсіндірмесі, ұйымның немесе мекеменің нақты атауы және т. б. мәліметтерді қамтиды.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің бір түрі (АБҚК) библиографиялық кеңес болып табылады. Пайдаланушы қажетті ақпаратты өз бетінше іздеуде ұсыныстарды пайдалана отырып, библиографиялық жұмыс пен ақпараттық сауаттылық тәжірибесін алады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету тиімділігі көрсеткіштерінің бірі библиографиялық кеңес санының артуы, керісінше, оқырмандар үшін орындалатын қарапайым анықтамалар санының қысқаруы, сондай-ақ кітаптарға дұрыс толтырылмаған оқырман талаптарының азаюы болуы тиіс.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетудің басты құрамдастары:
Оқырман сұранысы;
Ақпаратты іздеу;
Библиографтың жауабы (кітапханашы).
Кітапхана қоры - бұл кітапхана оқырмандарына уақытша пайдалануға берілетін алуан құжаттардың біртұтас жиыны. Кітапхана қоры кез келген кітапхананың жұмыс істеуі үшін негіз болып табылады, кітапхана қорынсыз кітапхана еш тіршілік ете алмайды.Кітапхана қоры оның функцияларымен және міндеттерімен, сондай-ақ оның пайдаланушыларының талап-тілектеріне сәйкес кітапханамен қалыптасады.Кітапхана қорын қалыптастыру-бұл кітапхана қорын құруға және дамытуға бағытталған үдерістердің жиынтығы. Қорды толықтыру, ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ бейінді емес және ескірген құжаттарды алып тастаудан тұрады. Қорды қалыптастырудың негізгі мақсаты - оның құрамының кітапхана міндеттері мен пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келуіне қол жеткізу.
Кітапхана қоры келесі қасиеттерге ие болуы керек:
- құжаттардың алуан түрлілігімен, тереңдігімен және толықтығымен сипатталатын ақпараттықпен;
- динамикалық, өйткені қор үнемі қозғалыста (құжаттардың түсуі және кетуі);
- кітапханада қабылданған құжаттарды орналастыру жүйесімен,
-есептік құжаттамамен және т. Б. жинақтауды нақты пішіндеумен қамтамасыз етілетін статикалық;
- сенімділік, яғни қордың оқырмандардың кәсіби сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету анықтайды.
Баспа туындыларын келесі критерийлер бойынша анықтауға болады:
өзінің материалдық құрылымы бойынша: кітап, журнал, газет, карточка басылымдары;
таңбалық мәнісі бойынша ақпараттар электронды, мәтіндік, ноталы, картографиялық;
мерзімділігі мен құрылымы бойынша басылымдар мерзімдік емес (кітаптар, кітапшалар, парақшалар және басқалары), мерзімдік, жалғаспалы және сериялық басылымдар.
Мерзімдік емес басылымдар арасында көп томдық және бір томдық, шығармалар топтамасы, таңдаулы шығармалар, жинақтар және монобасылымдар және басқаларын атап өтуге болады.Кітапханаларда баспа туындыларынан басқа өзге де құжаттар кездеседі. Мысалы, тарихи құжаттар, қолжазба кітаптары, жазушылар, ғалымдар мен композиторлар мұрағаты. Қазіргі уақытта түрлі кітапханаларда кең таралғаны электронды ресурстар. Кітапханаларда электронды каталогтар жасалады, кітапхана процестері автоматтандырылады, электронды кітапханалар ашылады, кітапхана қорлары цифрланады. Өз арсеналында жоғары деңгейлі түрлі-түсті дисплейлері, ұлғайтылған жады көлемі бар, аудио-видео материалдарды көрсете алатын электронды кітаптардың жаңа модельдері пайда болды.Кітапхана қоры әмбебап және мамандандырылған (арнайы) түрге бөлінеді. Әмбебап қор деп ондағы әдебиеттердің барлық типтері және білім салалары бойынша құжаттар берілген жағдайда саналады.Мамандандырылған қор - қандайда бір белгісі бойынша (тақырыбы және оқырман мақсаты) іріктелген құжаттар.
Кітапхана қорын ұйымдастырудың негізгі процестері:
Толықтыру - кітапхананың әдебиеттерді және басқа құжаттарды іріктеуі мен сатып алуы және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін қорды
Кітапхана қорын есепке алу - барлық құжаттарды тіркеу, олардың сақталуын қатаң бақылау. Кітапхана қорын есепке алу кезінде жаңа түскен кітаптарды қабылдау және кеткен басылымдарды есептен шығару сияқты.
Қорды кітапханалық өңдеу - құжаттар мен библиографиялық аппарат;
Кітапхана қорын орналастыру - кітапханада құжаттардың сақталуы мен іздеуін қамтамасыз ететін орналасу тәртібі.
Кітапхана қорын сақтау - қордың арнайы жабдықталған бөлмеде орналасуы, сондай-ақ физикалық-химиялық, биологиялық және механикалық бұзылулардан қорғанысын сақтау қажет.
Қорды ұйымдастырудың барлық процестері өзара тығыз байланысты және кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетумен өзара байланысты.Сонымен бірге арнайы қорлар да болады. Бұл қорлар адамдардың ерекше санатына - көзі нашар көретін немесе көрмейтін адамдар бар. Кітапхана қоры - бұл жүйе ретінде кітапхананың іргетасы, ол оған қатысты базистік функцияны орындайды. Бұл қорсыз кітапхана өз тірегінен айрылады дегенді білдіреді, демек, өзіне жүктелген барлық арнайы функцияларды өмір сүру және орындау мүмкіндігінен айрылады.Қор сөзінің өзі латын сөзінен шыққан fundus - түбі, негізі, негіздемесі.

Қазіргі кезеңдегі библиографиялық қызмет көрсетудің міндеттері мен мазмұны

Кітапхана үшін қордың мәні соншалық үлкен, көптеген мыңжылдықтар бойы кітапхана сөзі барлық халықтарда жиналыстың, кітаптар топтамасының, қордың ұғымымен байланысты болды. Кітапхана сөзін айта отырып, негізін қалаушылар ұзақ уақыт бойы оның бір бөлігін анықтайтын ең маңызды қор ретінде ойға алды. Кез келген құжатты қорды қалыптастыру осы қордың бейіні бойынша үздік құжаттар ұсынылған оның өзегін құрудан басталады. Кітапханаларда және ақпарат қызметтерінде қордың ядросы іргелі ақпараттың ең көп көлемін қамтитын құжаттарды құрайды. Қор ядросы терминін 1893 ж. Н. А. Рубакин енгізді, оны ғылыми және көркем ойлардың квинтэссенциясы деп атады. Ядро құрудың мақсаты қорда ең үздік бейінді құжаттар жүйесін, әр абоненттің міндетті мәдени, ғылыми, оқу немесе өндірістік минимум білімінің үлгісін ұсыну болып табылады. Кітап - пайдаланушыға білім алуға, білім мен мәдени деңгейді арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін рухани құндылық. Бұл сөздің этимологиясында кітапхана үшін қордың мәні, ол орындайтын жүйеішілік функция атап көрсетіледі. Кітапхана адамзат ақпаратты құжаттандырылмаған тәсілмен тіркеу тәсілін тапқанға дейін жұмыс істейтін болады.Құжаттамалық қамтамасыз ету - кітапханаларды әр түрлі толықтыру көздерінен қажетті материалдармен қамтамасыз ету. Басылымдарды ақысыз немесе ақылы түрде кітапханаға беретін кәсіпорындар, мекемелер, сондай-ақ жеке тұлғалар жабдықтау көздері деп атайды. Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметіне қатысты ресурсты базасының құндылығы мыналармен анықталады: жедел ақпарат беру, оқырман тапсырыстарын толық әрі нақты қанағаттандыру, ұсынылған ақпараттық шыншылдығы, тиімділігі, ғаламтордағы ақпараттық ресурстарға қолжетімділігі т.б.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кітап өнімдерін сататын кәсіпорындар желісі жұмыс істейді. Толықтыру көздері жүйесіне баспалар, ЖОО-ның баспа орталықтары, кітап дүкендері және делдал фирмалар кіреді. Әрбір кітапхана қорларды толықтыру мақсатында жеткізушілермен өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлейді. Өкінішке орай, Қазақстанда кітапханалық коллекторлар сақталмаған, бұл кітапханаларды әдебиеттердің барлық түрлерімен және үлгілерімен қамтамасыз етуге арналған арнайы кітап сауда мекемелері. Қазіргі уақытта кітапханалар мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар бойынша Мәдени мұра, Рухани жанғыру, Әлеуметтік маңызды әдебиет басылымдармен толықтырылады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет немесе аппарат өзінің көлемі жағынан әр типтегі кітапханаларда бірдей болмайды.

Сан миллиондаған кітап қоры, жүз мыңдаған оқушысы бар, ішкі құрылымы күрделі де тарамдалып жатқан аса ірі кітапхана мен бұқаралық (аудандық, қалалық, селолық) шағын кітапханалардың анықтамалық-библиографияық аппараттарын салыстыруға болмайды. Егер республикалық, өлкелік, облыстық мемлекеттік кітапханалардың анықтамалық-библиографиялық аппараты универсалды сипатта болса, арнаулы кітапханаларда ол көбінесе білімнің белгілі бір саласы жөніндегі әдебиетті қамтиды [2, Б.25 - 27].
Кітапхана қорын толықтырудың негізгі көздері мыналар болып табылады:
кітап дүкендері, баспалар және баспа ұйымдары арқылы қолма- қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып алу;
мерзімді басылымдарға жазылу;
құжат алмасу (кітап алмасу) - құжаттарды тұрақты пайдалануға өтеусіз немесе арнайы келісілген шарттарда бір кітапханадан басқасына беру арқылы қорды толықтыру көзі ;
репродукциялау - құжаттар даналарының көшірмелерін алу, фото және ксерокөшірме жасаудың жаңа технологияларын қолдану, микрофильмдеу, микрофиширлеу, құжаттарды цифрлау - баспа ақпаратын электрондық нысанға ауыстыру процесі;
тегін алу (сыйға тарту) - жеке тұлғаның, тұлғалар тобының немесе мекеменің кітапханасына құжаттарды беруі;
пайдаланушылардан жоғалған кітаптардың орнына кітаптар алу, құжаттың құнын өтеу (ауыстыру), кітапхана үшін осы кітаптардың құндылығы мен қажеттілігіне ерекше назар аудару қажет;
баспа - баспа өнімдерін дайындау мен шығаруды жүзеге асыратын заңды түрде ресімделген кәсіпорын;
Қазақстанда мынадай баспалар бар: Аруна Атамұра, Алматыкiтап, Мектеп, Өлке, Фолиант, Жетi жарғыжәне басқалары.2000 жылы ұйымдастырылған Аруна баспасы балаларға арналған көркем, энциклопедиялық, білім беру және қызықты әдебиеттерді шығаруға маманданған.Жетi Жарғы Қазақстан нарығында 1994 жылдан бастап танымал. Міндетті дана-бұл заңға немесе арнайы үкіметтік өкімге сәйкес оларды өндіретін ұйымдар міндетті түрде мемлекеттік кітап қоймаларына, ірі кітапханаларға, ақпараттық және библиографиялық орталықтарға шығарылатын құжаттарды мемлекеттік библиографиялық есепке алу, жалпыұлттық кітапхана қорларын, құжаттама мұрағаттарын қашықтан қолданатын виртуалды (онлайн) ғаламтордағы кітапханашы мен желі қолданушыларының арасындағы көп деңгейлі мәтіндік іс-әрекет процесін білдіреді. Электронды ортада пайда болуы, тұтынушылар аудиториясының шеңберін кеңейтіп, ақпараттарға және кітапханашылардың көмегіне деген қажеттіліктер тудырады.Тұтынушыларды үйрету электронды ортадағы маңызды даму бағыттарының біріне айналды. Кітапхана тұтынушыларының ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқыту барысында қолдануының маңыздылығы артты, қажетті білімдерді тек жергілікті тұтынушыларға ғана емес, қашықтағы адамдарға жіберу мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда анықтамалық-библиографиялық қызмет базасы тек дәстүрлі кітапханалар ғана емес, сонымен қатар заманауи кітапханалардың ажырамас бөлігіне айналған электрондық ақпараттық ресурстары да жатады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет әрбір кітапханада жүргізіледі. Оған оқулықтардың, практикалық және методикалық құралдардың жеке тараулары арналған, бірақ таяу араға дейін бұл ұғымның қолайлы анықтамасы болмай келді. Анықтамалық-библиографиялық қызмет немесе аппарат деген терминнің пайда болуы, сөз жоқ, анықтатамалық-библиографиялық жұмыспен байланысты(Қосымша 3).Негізгі терминдер мен анықтамаларда Анықтамалық-библио-графиялық аппарат деген термин мен оған анықтамалық және библиографиялық басылымдардың, кітапхана каталогтарының және баспа шығармалары мен басқа да документтерді насихаттауға, оқуға нысаналы басшылық етуге арналған картотекалардың жиынтығы деген анықтама берілді. Одан кейін ғылыми-методикалық әдебиетте анықтамалық-библиографиялық аппараттың библиографиялық, кітапханалық және фактографиялық информацияны насихаттауды, іздестіру мен беруді жақсарту мақсатындағы документтік информациялық-іздестіру жүйесі деген басқа нұсқалары да ұсынылды. Бұл анықтамалар қаншалықты алуан түрлі болғанымен, анықтамалық-библиографиялық аппарат дегеніміз анықтамалық-библиографиялық жұмыстың негізі әрі құралы екенін білген жөн, өйткені анықтамалардың басым көпшілігі (99% және одан да көбі) анықтамалық-библиографиялық аппараттың көмегімен атқарылады.
Анықтамалық-библиографиялық аппараттың мазмұны мен құрамына кітапхана қызмет ететін ауданның профилі мен оның оқушылар контингентінің ерекшеліктері ықпал жасайды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің белгілі бір саласының басым дамуы, селода немесе облыста ірі кәсіпорындардың, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының болуы анықтамалық-библиографиялық аппаратта тиісті тақырыптағы әдебиеттің неғұрлым толық ашылуы, ерекше картотекалар өмірінде өткен жылда болған аса маңызды оқиғалар баяндалады, халықаралық ұйымдардың қызметіне, мемлекеттердің экономикасына, аса ірі ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтарға қысқаша шолу жасалады. Одақтас республикаларда шығарылатын универсалды энциклопедиялар республикалардың табиғаты мен табиғи ресурстары, қоғамдық өмірі, тарихы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті туралы алуан түрлі мәліметтерді қамтиды. 1972 -- 1978 жылдар арасында Қазақ Совет Энциклопедиясының 12 томы жарық көрді. Бұл өте бағалы басылым республиканың ғылымы мен мәдениетінің зор жетіскендігінің айғағы болды. ҚСЭ бас редакциясының қызметі мұнымен аяқталған жоқ. 1980 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60 жылдығына арнап Энциклопедиялық анықтама.
1983 жылы қазақ және орыс тілінде Алматы энциклопедиясын шығарды. Одақтас республикалардың бәрі де қазір ұлттық энциклопедиясын шығарып үлгірді. Олар республикалардың ғылыми және бұқаралық кітапханаларының анықтама қорын толықтыратын құнды басылымдар. Фактографиялық картотекалар бұйымдар мен жабдыққа, техникалық - экономикалық көрсеткіштерге, материалдың түрлеріне рационализаторлық ұсыныстарға және т.б. жасалады. Әлбетте, олар әрқашанда белгілі бір саланың немесе нақты кәсіпорынның қажеттері ескеріле отырып жүргізіледі.Фактографиялық картотекалар үшін материалды анықтау мен өңдеу - арнаулы білімді талап ететін күрделі және көп еңбек жұмсалатын процестер. Оларды, әдетте, библиографтар ғана емес, сонымен қатар инженер - техник қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, зерттеушілердің өздері де құрастырады. Библиографиялық және салалық қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері мамандардан, ұйымдар мен мекемелерден түсетін тақырыбы күрделі талап-тілектерді үнемі қанағаттандырып отырады. Мұндай талаптарға жазбаша түрде жауап беріледі және екінің бірінде олар әдебиеттердің ауқымды тақырыптық тізімдері болып шығады. Орындалған анықтамалар қорында материалдарды ұйымдастырудың әр түрлі әдістері болады, олар: алфавиттік-атау немесе тақырыптық картотекалар, арнаулы папкалар немесе альбомдар; анықтамаларды хронологиялық (нөмірленген) ретпен орналасатын жеке конверттерге салып сақтау (Қосымша1).Әрбір конвертте анықтаманың рет саны, тақырыбы, оның берілген күні және талапты орындаған библиографтың фамилиясы көрсетіледі. Материалды тез табу үшін қорға арнап карточка формасында қосымша алфавиттік-атау көрсеткіші жасалады, онда барлық анықтамалар тақырыптарының, сондай-ақ кең және комплексті мазмұндағы анықтамалардың бөлімдері мен бөлімшелері атауларының тізбесі болады [3,Б.39].

2. Анықтамалық-библиографиялық қорды ұйымдастыру
2.1. Анықтамалық-библиографиялық аппарат- кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі базасы

Анықтамалық-библиографиялық қызмет әрбір кітапханада жүргізіледі. Оған оқулықтардың, практикалық және методикалық құралдардың жеке тараулары арналған, бірақ таяу араға дейін бұл ұғымның қолайлы анықтамасы болмай келді. Анықтамалық-библиографиялық қызмет немесе аппарат деген терминнің пайда болуы, сөз жоқ, анықтатамалық-библиографиялық жұмыспен байланысты.Негізгі терминдер мен анықтамаларда Анықтамалық-библио-графиялық аппарат деген термин мен оған анықтамалық және библиографиялық басылымдардың, кітапхана каталогтарының және баспа шығармалары мен басқа да документтерді насихаттауға, оқуға нысаналы басшылық етуге арналған картотекалардың жиынтығы деген анықтама берілді. Одан кейін ғылыми-методикалық әдебиетте анықтамалық-библиографиялық аппараттың библиографиялық, кітапханалық және фактографиялық информацияны насихаттауды, іздестіру мен беруді жақсарту мақсатындағы документтік информациялық-іздестіру жүйесі деген басқа нұсқалары да ұсынылды .Бұл анықтамалар қаншалықты алуан түрлі болғанымен, анықтамалық-библиографиялық аппарат дегеніміз анықтамалық-библиографиялық жұмыстың негізі әрі құралы екенін білген жөн, өйткені анықтамалардың басым көпшілігі (99% және одан да көбі) анықтамалық-библиографиялық аппараттың көмегімен атқарылады.Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің белгілі бір саласының басым дамуы, селода немесе облыста ірі кәсіпорындардың, ғылыми және ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының болуы анықтамалық-библиографиялық аппаратта тиісті тақырыптағы әдебиеттің неғұрлым толық ашылуы, ерекше картотекалар өмірінде өткен жылда болған аса маңызды оқиғалар баяндалады, халықаралық ұйымдардың қызметіне, мемлекеттердің экономикасына, аса ірі ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтарға қысқаша шолу жасалады. Көптеген балалар облыстық кітапханаларда оның үстіне қаланың (облыстың) орындалған жазбаша библиографиялық анықтамалардың жиынтық картотекалары жүргізіледі және қор жөніндегі алфавиттік-атау көрсеткішінде әлгіндей анықтамалар туралы мәліметтер көрсетіледі. Мұның өзі анықтама беруді үйлестіруге, әр түрлі кітапханалар арасында міндеттерді ұтымды бөлісуге және жұмыста орынсыз қайталаушылықты болдырмауға әсерін тигізеді.Орындалған анықтамаларды кітап көрмелерін, тақырыптық кештер, оқушылар конференцияларын, библиографиялық шолулар әзірлегенде пайдалануға болады. Ақырында, анықтамалардың бір белегі болашақтағы библиографиялық құралдардың алдын ала жасалған қаралай нұсқасы болады.Орындалған анықтамалар қорының нақпа-нақ ұйымдастырылуы, оның үнемі толықтырылып отыруы -- кез келген кітапхананың библиографиялық қызметінің маңызды элементі. Қорды сақтау анықтаманың бірде біреуі қажетті толықтыру жасалмай, қайтадан қалай болса солай беріле салмауға тиіс, ол негізінен алғанда жаңа әдебиетті қосып, ескірген әдебиетті шығарып тастауға, әдебиет құрамын оқырманның талабының нақты мақсаты мен даярлық дәрежесіне сәйкестендіру керек. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі анықтамалық библиографиялық аппарат.
Біртұтас анықтамалық - библиографиялық аппараттың негізгі бөлігі орталық кітапхана жүйесіне шоғырланған. Онда мыналар қамтылады: бүкіл жүйе қорына арналған алфавиттік және жүйелі жиынтық каталогтар; қалалық және аудандық кітапханалар (оның ішінде Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне кірмейтін кітапханалар) жаздырып алатын мерзімді басылымдардың жиынтық картотекасы; журналдар мен газеттер мақалаларының әмбебап картотекасы; өлкетану картотекасы; тақырыптық картотекалар; библиографиялық және анықтамалық басылымдар картотекасы; қаланың немесе ауданның информациялық мекемелері анықтамалық аппараттың картотекасы [25,С.21]. Орталықтандырылған кітапханалардың әрбір жүйесінің анықтамалық - библиографиялық аппараты біртұтас нәрсе, оның барлық бөлімдері өзара байланысты және бір - бірін үнемі толықтырып отырады.Мемлекеттік көпшілік кітапханаларды орталықтандыру олардың библиографиялық жұмысына сөзсіз игі ықпал жасағаны мәлім. Орталықтандыру жағдайында анықтамалық библиографиялық аппарат та елеулі өзгерістерге ұшырады: оның ақпарат сыйымдылығы едәуір артты, іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі ұлғайды. Орталық кітапхананың анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры жеткілікті дәрежеде толық . Орталық кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратының міндетті құрамдас бөлімі жазбаша түрде орындалған анықтамалар қоры болып саналады. Орталық кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын ұйымдастыру мен толықтыру жөніндегі жұмыстың негізгі көлемін библиографиялық (немесе біріккен әдістемелік - библиографиялық) бөлім комплектілеу және өңдеу бөлімімен бірлесіп атқарады. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің филиалдарында анықтамалық-библиографиялық аппараттың міндетті элементтері: алфавиттік және жүйелі каталогтар, журналдар мен газеттер мақалаларының әмбебап картотекасы, ұсынылатын библиографиялық құралдардың картотекасы, қажетті тақырыптық картотека. Орталық кітапхана филиалдарға анықтамалық-библиографиялық аппаратты ұйымдастыру мен жетілдіруде үнемі көмек көрсетеді: консультациялар өткізеді, нұсқау-методикалық материалдар құрастырып, таратады, арнаулы семинарлар мен мамандық арттыру курстарын ұйымдастырады, ол курстарда филиал қыз-меткерлері анықтамалық-библиографиялық аппарат жүйесінің құрылысы мен пайдаланылу мәселелерімен танысады. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі күнде сапалы әрі мезгілімен қол жеткізілетін ақпаратқа деген сұраныстың жедел өсуі байқалады. Оның ұлғайып келе жатқан көлемі, жеткізу формаларының әр түрлілігі қазіргі заманғы кітапханалардан жаңа технологиялық процестерді енгізуді талап етеді. Адамзат білімінің негізгі көлемі баспа өнімдерінде сақталады, бірақ қағаз өнімдерінің жеткіліксіздігі, өндірісінің және жариялануының қымбаттығы, тез ескіретіндігі баспа өнімдерін бүгінде электронды ресурстардың ығыстыруы жиілеп келеді. Анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсету дегеніміз оқырмандарға олардың талап - тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.Балаларға анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсетумен кітапхананың көптеген бөлімдері айналысады. Облыстық кітапханалардың абономенті, оқу залдары, салалық бөлімдері өздерінің қосалқы қорлары мен анықтамалық - библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, жай сұрақтарға жауап береді.
Кітапхананың анықтамалық - библиографиялық аппаратының түрлі буындары мен оның қорларын кеңінен пайдалануды талап ететін анықтамаларды библиографиялық бөлім орындайды.Сол кездегі кітапханаларды біріктірудегі мақсат - балалар мен жастар тақырыбына толыққанды ақпараттық қызметті ұйымдастыру, оқырмандарға қызмет көрсетуді біріктірілген сабақтастық негізінде жүзеге асыру болатын. Осы бағытта біріккен кітапхана одан әрі өз жұмысын балалар және жасөспірімдер кітапханасы боп жалғастырды. Кітапхананың шын мәніндегі дамуы 1988 жылы облыстық балалар және жасөспірімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Библиографиялық қызметтің қызмет ету принциптері
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Пәндер