Пошта жарнамасы жəне басылымды жарнама құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мəдениет жəне Өнер факультеті
Хореография жəне мəдени тынығу жұмысы кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кітапханалық жарнама түрлері

Орындаған : БД-31 топ студенті Ақбулат Д.Қ.
Тексерген : Аханова А.С.

Орал, 2021
Мазмұны:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Кітапханалық жарнама.
1.1. Кітапханалық жарнама туралы.
1.2. Кітапханалық жарнама түрлері. Сыртқы жарнама.
БАҚ жарнама.
2.1. Кітапханалық жарнаманы қолдану. Интернеттегі жарнама.
2.2. Пошта жарнамасы жəне басылымды жарнама құралдары.
3. Қорытынды.

Адам белгілі бір тауарды жеткілікті мөлшерде немесе артығымен шығара бастаған соң-ақ, айырбас үрдісі басталады. Айырбастау үшін нарық қажет. Нарық дегеніміз ең әуелі тұтынушы табу деген сөз. Міне, осылайша маркетинг, жарнама да қажет болады.
Жарнама адамдардың басқа адамдарға шығарылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы мәлімет беру қажеттігінен туған. Осыған қарап-ақ жарнаманың өте ерте заманда пайда болғанын аңғаруға болады.
​Жарнаманың көне заманғы үлгісі ретінде Каирдың археологиялық музейінде тұрған Мен, Крит аралында тұратын Ринос, түс жоримын деген жазуы бар тасты алуға болады. Бұл жарнаманың пайда болғанына 2,5 мың жыл екені анықталған. Бұдан басқа да ерте заманғы жарнама түрлері бар. Лондонда сақтаулы тұрған, құл сатылатыны жайлы иероглиф жазуы бар Мысыр папирусы; көне заманғы қолөнершілердің әртүрлі ендері мен таңбалары. Олар қазіргі тауар белгілерінің арғы тегі болып табылады.
Қытайда 10-ғасырда баспа жарнамасы болған. Месопотамия саудагерлерінің эмблемалары да жарнамаға жатады. Ерте кезде жарнамалық хабарларды сауда жолдарының бойындағы жартастарға, тастарға, мыс пен сүйектерге жазатын. Тарихи құжаттарда ортағасырлық қалаларда өндірушілердің тауарларын халық көп жиналған жерде мадақтап, хабарлайтын азаншылар қоғамы болғаны жайлы мәліметтер бар.
​Жарнама тарихындағы бетбұрыс жылы -- 1450 жыл болды, -- деп жазады О.О. Борисова Кітапхана жарнамасы: тарихи аспект (5 ғыл.-практ. конф. -- М., 2000) деген мақаласында. Бұл жылы Иоганн Гутенберг баспа станогын ойлап тапты. 18-ғасырдың екінші жартысында жарнамалық хабарландырулар басылатын алғашқы неміс мерзімді басылымдары шыға бастады. Ал 1812 ж. Англияда алғашқы жарнама агенттігі пайда болды.

Пошта жарнамасының бір түрі -- іскерлік хаттар. Оларды мақсаттарына байланысты әртүрлі мекемелер мен ұйымдарға жібереді: жергілікті газет, радио, теледидар, әкімшілік, ғылым, мәдениет қайраткерлеріне, іскер азаматтарға. Белгілі бір міндетті орындай отырып хаттар жасырын жарнама ролін де атқарады, өйткені кітапхана туралы мәліметтер береді. Кей жағдайларда іскерлік хаттар ашық жарнама қызметін атқарады. Бұл жерде фандрайзинг туралы айтып отырмыз, онда кітапхана демеушілерден халықаралық және отандық зерттеу жобаларына қатысу туралы, т.б. грант (субсидия) материалдық көмек алу туралы сұраныс жазады. Пошта жарнамасының ерекшеліктерін зерттей отырып мамандар оның іскерлік қарым-қатынастағы тиімділігі басқа әдістерге қарағанда жоғары екендігін атайды. Оның артықшылығы -- таңдай білуі, хат құпиялығы, мәтін құрастыру кезінде стильдік құралдарды пайдалану мүмкіндіктері, алушының көңіл-күйін біле алуы, көп рет қолдану мүмкіндігі, басқа бәсекелестерден жасырын тарату мүмкіншілігінде болып отыр.

Баспасөз жарнамасына газеттер (қалалық, облыстық, мемлекеттік, мамандандырылған), журналдар (жалпы немесе салалық), фирмалық бюллетеньдер, анықтамалар жатады.
Баспасөз жарнамасы кең таралған, жұмсалатын шығыны жағынан теледидар жарнамасынан кейінгі орында тұрады. Баспасөз жарнамасының артықшылығы оның пайдаланушыларды таңдау қабілеттілігінде. Қызығушылығына қарай адамдар салалық газеттер мен журналдарды таңдайтыңдықтан, баспасөз бетіндегі хабарландырулар белгілі бір топтарға ғана әсер ететінін білуге болады.
Баспасөз жарнамасы оны орналастыру жолдарының ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Жарнама көзбен көріп оқуға бағытталғандықтан, оның сырт көрінісіне баса назар аударылады. Яғни сыртқы безендірілуі адамның қызығушылығын тудырып, елең еткізіп, ал мазмұны оқып болған соң белгілі іс-қимылға бағыттауы керек. Сондықтан жарнамашылар жарнаманың түсіне, әріп келеміне, суреттің шындыққа жанасуына, сөз стиліне басты назар аударады, сонымен бірге фотосурет жай суреттен дұрыс болатыны, бір үлкен иллюстрация бірнеше кішкене суреттерден артық екенін естен шығармау керек.
Баспасөздегі жарнаманы орналастыру құны:
-- газет пен журналдың ақшалай бағасы мен оқырмандар арасындағы беделіне;
-- жарнаманың хабарландыру форматына;
-- орналасқан орнына (сыртқы беті, рубрика жарнама бөлігі);
-- жарнамада қолданылған түстердің санына (егер газет немесе журнал түрлі түсті болса) байланысты.
​Here баспасөздегі хабарландыру жарнаманың ең тиімді түрі болып табылады? Егер баспа өнімдерінің тез және кең тарайтынын ескерсек, жауап түсінікті болады. Қазіргі кезеңде газет пен журнал түрлері өте көп (жай және мамандандырылған), олар көп тиражбен шығып әртүрлі қоғамдық топтар, әртүрлі қызығушылығы бар адамдардың арасына тарайды.
Сонымен, бірінші кезекте тұратын сұрақ: өз оқырмандарын табу үшін жарнаманы қайда және қалай орналастыру керек? Бір сөзбен айтқанда, жарнама оқырманды емес, оқырман сіздің жарнамаңызды жүздеген басқа хабарландырудың арасынан табуы керек. Сондықтан жарнаманы даярлағанда оны оқитындардың қабылдау ерекшелігін ескереді. Әуелі адам иллюстрацияны көреді, сосын тақырыпты оқиды. Осылайша орналастырылған компоненттер жинағы хабардың түпнұсқа жарнамалық модулі болып табылады.

Сыртқы жарнамаға кітапхана, оның мүмкіндіктері мен қызмет түрлері туралы халықты қызықтыратын мәліметтерді территорияға тұрақты түрде орналастыру жатады. Сыртқы жарнаманы орналастыруға жергілікті басқару органының рұқсаты керек.
​Ең басты сыртқы жарнама -- кітапхана ғимараты мен оның айналасындағы территория екені күмәнсіз. Кітапхана құрылысы мен қайта реконструкция жасау проблемалары жайындағы тамаша кітаптың авторы -- француз қызы Ж. Гаскюэль әртүрлі муниципалды кітапханалардың фотосуреттерін көрсеткен. Фасадтарды сипаттайтын мінездемелердегі сыртқы жазу мынадай: Кітапхана кіруге шақыра алады..., байқаусыз қалу деген жазулар сондай кіруге деген ықыласыңызды жояды.
Отандық және шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, кітапхананың сыртқы жағымды бейнесін жасау үшін қазіргі заманғы жаңа ғимаратқа көшудің қажеті жоқ.
​Қайта өңделген ескі ғимарат немесе ауылдық, ағаштан жасалған ғимарат, егер олар сирень, жасыл көгалмен қоршалған болса, әдемі де жанға жайлы әсер қалдырады. Оның үстіне бұлар мәдени мұраларды сақтаудың көрнекті үлгісі, символы болып көрінеді.
​Қаладағы үлкен тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатында ресторан, кафе, магазиндермен көрші орналасқан кітапханалардың қиын жағдайында дизайнердің көмегімен тығырықтан шығуға болады. Мысалы, кіре беріске төбесі жабық баспалдақтар орналастыруға (егер тротуар кең болса), витрина терезелерін дәстүршілдіктен өзгеше көркемдеуге болады. Бұның бәрі кітапхананы басқа объектілерден бөліп, ерекше көрсетеді.
Сыртқы жарнамаға сондай-ақ стенділер (арнайы әдебиеттерде оларды билборд деп атайды), витриналар, көрсеткіш сілтемелер (кітапханаға апаратын стрелка түрінде), транспорт сыртындағы суреттер мен жазулар (әдетте библиобустарда) жатады. Осы қатарға сонымен бірге кітапханаға шақырған хабарландыруларды да жатқызуға болады.
Шартты түрде сыртқы жарнамаға аялдама аттарын да жатқызуға болады (Кітапхана). Бірақ бұған жергілікті үкімет орындарының рұқсаты керек. Жарнамалық стенділер тұрақты, бағана немесе шарбаққа ілінеді, оларды әдетте кітапхана маңындағы, көше жақ бетке қаратып іледі. Олар өтіп бара жатқан жүргіншілердің назарын аударады. Психологтар бұндай әсерді аудиторияны ұстап алу эффекті дейді. Олардың көркемделуіне зор назар аударылуы керек, өйткені көркем стенд -- кітапхананы жарнамалаудың бір түрі. Көбінесе стендінің бетіне алдағы болатын шараның хабарламасы ілінеді. Боялған стенді бетіне басқа бояумен кітапхана туралы мәліметтер жазылады.
Мазмұны әртүрлі болғанымен стенд хабарларына тән нәрсе -- ірі шрифт, қысқа стиль, ашық түс, иллюстрация аздығы. Кейде стенд пен қалқанның ролін афишалық тумба да атқарады.
​Ілулі материалдарды ішінен жарықпен өңдеген дұрыс. Оларды кронштейн мен кіре беріс есіктің үстінен іледі. Егер кіру есігі болса, онда ілінетін материалды фасадқа, алыстан көретіндей етіп іледі. Ілінетін әріптерден тұратын материалдар лездік назарға арналып жасалғандықтан, тек қана қажетті ақпараттарды беруі керек (кітапхананың аты, саласы).

Кәсіби жарнамашылар витриналарды мекеменің визит карточкасы деп есептейді. Дұрыс ойластырылып жасалған витрина көшедегі жүргіншілерге кітапхана жұмысы, оның қызмет түрлері, жұмыс уақыты туралы мағлұматтар береді. Өкінішке орай, кітапханалар витринаның бұл мүмкіндіктерін пайдалана бермейді. Ал көптеген кітапханалар қазіргі бір қабатты аквариум-ғимараттарда (фасады әйнектен жасалған) орналасқан. Осы мүмкіндіктерді толық пайдаланбайды: әйнек қабырғалардың бетін ғана емес, олардың аралық кеңістігін де жарнама мақсатында пайдалануға болады. Әйнек бетіне суреттер салып, қабырғалар арасына балалар ертегілері кейіпкерлерінің фигурасын қойып қоюға болады. Кей жағдайда, егер кітапхана экология проблемаларына мамандандырылған болса, витринаны су асты патшалығы ретінде әдеп, жартастар арасына табиғат туралы көпке танымал кітаптарды қоюға болады. Кейде витринаны ұдайы ауыстырылып отыратын жаңа кітаптар көрмесі ретінде пайдаланады. Витринаны жауып тұратын перделер оқу залын басқа шулы дүниеден оқшаулап, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасайды деп есептейді, жеңіл, тор шілтерді қалайды. Даладан қарағанда бұндай перделер күндізгі жарықта да, қараңғыда да әдемі көрінеді. Торлы суреттердің ар жағынан кітап сөрелері мен оқу залындағы адамдардың сұлбасы көрініп, кітапхананы тартымды етіп көрсетеді деп есептейді. Витринаны керкемдегенде, оның сюжетін аракідік ауыстырып отыруды ұмытпаған жөн. Әйтпеген жағдайда оған көз үйреніп кетеді де, назар аударылмайды, күнге күйіп бояуы оңып кетеді.

Соңғы кездердің негізгі элементтеріне Интернет әлемдік компьютерлік желі мен оның басты сервисі - WWW (World Wide Web) кіретін телекоммуникация жүйелерінің жылдам дамуы бaйқaлып отыр. Интернет -- компьютер арқылы іске асатын гипермедиалық орта. Ол -- жарнама үшін таптырмайтын құрал және басты екі қасиетімен ерекшеленеді. Біріншіден, Интернет -- байланыстың ең жаңа құралы, оның коммуникациялық моделі -- негізінде ақпаратты қажет еткен тұтынушы ала алатын ролі модель жататын, барлығы -- барлығына атты коммуникациялық модель. Оның үстіне Интернет ақпарат таратудың гипермедиалық әдісі болып табылады, оның басқа, дәстүрлі бұқаралық ақпараттардан айырмашылығы -- интерактивтілігі, кең тарауы мен өзгергіштігі. Екіншіден, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТЕГІ ЖАРНАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары
ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларындағы маркетинг
Маркетингтегі жарнама
Жарнаманы қолдану
Туристік салада маркетингтік және жарнама қызметін ұйымдастыру
Жарнама және өткізуді ынталандыру
Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері
Пәндер