Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру


ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY
Гуманитарлық факультет
Педагогика және психология кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
Султанова Н. К. _
«»20__ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
Студент Акимова Зарина Серикжановна
- Жұмыс тақырыбы «Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру»
№Alikhan Bokeikhan University бұйрығымен бекітілген «» 20__ж.
2. Диплом жұмысының бастапқы мәліметтері: Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары бойынша Отандық және шет елдік ғалымдардың ғылыми зерттеулері, оқулықтар, ғылыми конференциялар бойынша жинақтардан, интертен ресрустарынан ақпараттар алынды.
3. Диплом жұмысын әзірлейтін сұрақтардың мазмұны
1. Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалар шығармашылығына теориялық талдау
1. 1. Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалар шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
1. 2. Бастауыш сыныпта оқыту технологияларының түрлеріне және балалардың шығармашылығына сипаттамалар
2. Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
- Оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастырудың мақсатына арнайы бағдарламалар ұсыну жолдары
4. Диплом жұмысын орындаудың үлгілік күнтізбелік кестесі
06. 09. 21-31. 10. 21 ж Диплом тақырыбын таңдау, теориялық бөлімге мәліметтер жинастыру.
01. 11. 21-30. 12. 21 ж 1ші теориялық бөлім бойынша толық жұмысты аяқтау.
06. 01. 22-30. 01. 22 ж Зерттеу бөліміне байланысты әдістемелерді іріктеп, нақтылау.
01. 02. 22-18. 02. 22 ж Жинақталған әдістемелерді реттеу.
01. 03. 22-31. 03. 22 ж Тәжірибелік бөлім бойынша қорытынды жасау.
5. Тапсырманы беру мерзімі - қыркүйек 2021 жыл.
6. Диплом жұмысын өткізу мерзімі: 11 наурыз 2022 ж.
Жетекші: Аманова Г. Р п. ғ. к
Студент: Акимова З. С
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4-7
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалар шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері . . . 8-12
1. 2 Бастауыш сыныпта оқыту технологияларының түрлеріне және балалардың шығармашылығына сипаттамалар . . . 12-17
1. 3 Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 17-22
2 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ . . . 23-37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38-40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41-44
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» жолдауында [2], ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [3], ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы [4] мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ ұрпағымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа технологиясы оқытудың субъектін және баланың әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады. Дегенмен, бастауыш сыныпта балалардың оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Олар: қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу және тәрбиелеу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми - теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде балалардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; тәрбиешілердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т. б.
Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және мектеп дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие тәжірибесін талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:
Шығармашылыққа деген әлеуметтік қажеттілік пен баланың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі арасындағы; балалардың шығармашылық мүмкіндіктері мен оны дамытудың жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы; білім берудің жаңа технологиясы арқылы балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: «Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу процесі.
Зерттеу пәні : Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: білім берудің жаңа технологиясы арқылы мекетепке дейінгі балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп және іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылығына ғылыми теориялық негіздерін анықтау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау жасау;
- Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалар
шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
талдап көрсету
- “Оқыту технологиялары”, “Оқыту технологиялары арқылы
шығармашылықты дамыту”, “бастауыш сыныптағы балалардың
шығармашылығы” мәні мен мазмұнын айқындау;
- Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың
шығармашылықтарын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдарын анықтау;
- Оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын
қалыптастырудың тәжірибелік зерттеудің нәтижесі жүзінде тексеру
Зерттеудің әдістері: Зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, психологиялық-педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу негізі: Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның бастапқы теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, ғылыми аппараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелік зерттеу жұмысының мақсатына, міндеттеріне, мазмұнына сай кешенді әдістерді пайдаланумен қамтамасыз етілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі және қосымшадан тұрады.
I. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
- Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалар шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Әлеуметтік жағдайды, жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік педагогикалық тәжірибені қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау білім беруді дамытудың жаңа бағдары - жаңару стратегиясын таңдауға себепші болды.
Алдымен білім беру мақсаттарының өзгерісіне, ізінше оның тиімділігі өлшемдері келді. Білім беру жүйесі әлі де болса соңғы нәтиже ретіндегі білім, білік және дағдыға бағдарланған. Білім деңгейі мектеп бітірудегі, жоғары оқу орындарына түсуде т. б. негізгі өлшемдер ретінде қарастырылады. Ежелден белгілі: “көп білім ақылдылыққа үйретпейді”. Сондықтан оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға, дара мүмкіндіктерін, шығармашылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Оқытуы - міндетті түрде тәрбиелік қызметпен сабақтастықта өтуі қажет.
Осы тұрғыдан білім беру мақсаттары әлеуметтік-жеке тұлғалық құндылықтарға, сонымен қатар жеке тұлғалық-даралық сипатта болу қажеттігі туындады.
Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы жүзеге асатыны дәлелденіп отыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр Бастауыш сыныпді жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.
Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:
● бастауыш сыныптағы білім беру жүйесіндегі демократизация;
● бастауыш сыныптағы тәрбиесінің гуманистік бағыты;
● балалардың шығармашылығын, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;
● оқыту және тәрбиелеу жүйесін модернизациялау;
● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;
● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;
Әлемдегі алдыңғы қатарлы бастауыш сыныптағы тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдалана отырып, еліміздегі білім беружәне тәрбиелеу мәселесін жаңа жолға қою өзекті мәселе. Мемлекеттік білім беру жүйесі негізінде әлемдік білім кеңістігіне ену - баланың күнделікті оқыту жүйесін оңтайландыру арқылы денсаулығын сақтау, бос уақытын жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіруге жұмсауға жағдай жасап қана қоймай, оқыту және тәрбиелеу сатылары бойынша оқу материалын тиімді түрде игеруге, оны өмірде қолдану және болашақ мектеп өміріне қажетті дағдыларды жинақтауына мүмкіндік береді.
Сондықтан бастауыш сыныптағы білім беру жүйесіндегі реформа кезеңдерге бөлініп, эволюциялық жолмен, жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану арқылы жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұның жаңарту, білім беру процесінің жаңа моделін сынақтан өткізу және бала-бақшаны бірте-бірте жаңа шығармашылық іс-әрекет ұстамына көшіру түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Жалпы бастауыш сыныптағы оқыту құрылымы мен оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы балалардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көп нұсқалы және икемді болуы қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, бастауыш сыныптағы, мектеп, өндірістің т. б. өзара сабақтастығы проблемасын ескерген жөн.
Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі инновацияларды енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты принципті бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен бірге, қазіргі бастауыш сыныптағы педагогикалық процесін бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық қабілетке, шығармашылық рефлексияға, шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.
Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту тетіктерін зерттеуге деген әлеуметтік тапсырыс креативтік проблемасының ерекше өзектілігін ескертіп отыр. Шығармашылық қызығушылықтың динамикалық даралық сипаты креативтілікте және оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді. Бірақ, мәселе мынада: креативтік педагогикалық, психологиялық ғылымдарда тұрақталған категориялар болып табылса да, «креативтілік» түсінігі өз пайымдауын тапқан жоқ және шығармашылық психологиясынан жеткілікті талдауын талап етеді. Креативтілік проблемасы қазіргі кезеңде зерттеліп жатқанымен, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі бір дәрежеде шығармашылықтың түрлі аспектісін қарастырғанымен, бүгінге дейін проблеманың өзіне де, оған қатысы бар түрлі қолданбалы сипаттағы сұрақтарға байланысты да бірыңғай пікір қалыптаспай отыр.
Қоғамды гуманизациялау - ХХІ ғасыр басындағы ғылыми мәселе десек те болады. Қазірдің өзінде, оның дамуының бүгінгі кезеңінде бұл тенденция адамдық фактордың анықтаушы ролімен көрсетіліп отыр. Осы фактор феноменологиясында шығармашылық қызығушылық басым және оның негізгі құраушысы болып табылады.
Сонымен, білім беру дағдарысына талдау жасау бүгінде ең алдымен адамның шығармашылық мәні мен руханилықты дамытуға бағытталған жаңа білім беру технологиясын жасау қажеттілігін түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру практикасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның заңдарын оқыту ғана емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта жасалуының гуманистік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынастарды үйлесімді ету болып отыр. Мұндай міндеттерді негізгі мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамыту болып табылатын инновациялық білім беру ғана шеше алады.
Осы ретте, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру білім берудің мақсатты бағдары ретінде қарастыру керек. Алайда, білім беру жүйесінің өзі жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасамай, бұл мақсатқа практикалық тұрғыда мән берілмей отыр.
Бүгінгі күні өткеннің қателіктері неден тұратындығын біліп қою жеткіліксіз. Маңыздырағы - қандай бағыттарда ілгерілетуді ұғыну мен түсіну. Осындай бағыттардың бірі психологиялық-педагогикалық білімдердің берік ағынын тірек еткен, ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға болатын инновациялық креативті білім беру болып табылады. Инновациялық креативті білім беру - қазіргі бастауыш сыныптағы балаларды оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс.
Сонымен, классикалық пен қазіргі жаңа технологиялардың айырмашылығы жалпылай айтқанда, адам туралы және білім алу арқылы оның дамуы туралы мынадай іргелі түсініктердің өзгеруінде.
Өзінің білім беру әлеуеті жағынан классикалық технологиядан басым жаңа технологиялардың қалыптасуы - тарихи ұзақ және қарама-қайшылықты процесс. Мысалы, ХІХ-ХХ ғасырлардың шегінде пайда болып, ерікті жеке тұлғаның, субьектінің өзін-өзі дамытуын, білім мазмұнын таңдаудағы олардың еркіндігі проблемаларын шешуге алғаш талпынған антропологиялық технологияны қарастыруға болады. Егер классикалық модельде ұйымдастырылған оқу іс-әрекет процесінің өзегінде дидактикалық кешеннің формальді элементтері тұрып, ал бала табиғаты тәрбиеші тәжірибесі мен біліміне, мүмкіндіктеріне тәуелді болса, антропоцентрикалық оқу процесі үлгі бойынша қалыптастыратын - дәстүрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінен айырмашылығы, оқу іс-әрекетінің барлық құрылымы индивидтің өзін-өзі дамыту мақсатына бағытталғандығы.
Сонымен, креативтілік - рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен субъективтік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті.
Бастауыш сыныптағы балаларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.
Шығармашылық дегеніміз - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық іс-әрекет - мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
- Бастауыш сыныпта оқыту технологияларының түрлеріне және балалардың шығармашылығына сипаттамалар
Оқудың педагогикалық технологиялар түсінігі. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т. б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық оқыту технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық оқыту технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық оқыту технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. [32] ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. [33] ) . Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты [34] . Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне [35] т. б. ) .
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы - дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру) .
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : бала іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; тәрбиеші жəне бала арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т. б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz