Қазақтың салт - дәстүрлері туралы зерттеген ғалымдар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Педагогика және психология кафедрасы

Жазитова Аяулым Мұратқызы

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылықтың мәні»

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекші: Сейтенова А. С., доктор РhD

Cтудент: Жазитова Аяулым Мұратқызы

Қорғауға жіберілді:

«»

Кафедра меңгерушісі: Султанова Н. К.

Семей, 2022

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

Гуманитарлық факультет

Педагогика және психология кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Султанова Н. К. _

«»20__ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент: Жазитова Аяулым Мұратқызы

Жұмыс тақырыбы « Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылықтың мәні ».

№Alikhan Bokeikhan University бұйрығымен бекітілген «» 20__ж.

2. Диплом жұмысының бастапқы мәліметтері: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылықтың маңызы бойынша Отандық және шет елдік ғалымдардың ғылыми зерттеулері, оқулықтар, ғылыми конференциялар бойынша жинақтардан, интертен ресрустарынан ақпараттар алынды.

3. Диплом жұмысын әзірлейтін сұрақтардың мазмұны

  1. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылық мәнінің ғылыми - теориялық негіздері. Ұлттық мәдени құндылықтар бала психикасын қалыптастыру құралыБастауыш сынып оқушыларын ұлттық мәдени құндылықтар арқылы танымдық процестерін қалыптастырудың мәні. Ұлттық мәдени құндылықтың зерттелу жағдайы.

2 Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі ұлттық мәдени құндылықтарды қолданудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері.

4. Диплом жұмысын орындаудың үлгілік күнтізбелік кестесі

06. 09. 21-31. 10. 21 ж Диплом тақырыбын таңдау, теориялық бөлімге мәліметтер жинастыру.

01. 11. 21-30. 12. 21 ж 1ші теориялық бөлім бойынша толық жұмысты аяқтау.

06. 01. 22-30. 01. 22 ж Зерттеу бөліміне байланысты әдістемелерді іріктеп, нақтылау.

01. 02. 22-18. 02. 22 ж Жинақталған әдістемелерді реттеу.

01. 03. 22-31. 03. 22 ж Тәжірибелік бөлім бойынша қорытынды жасау.

5. Тапсырманы беру мерзімі - қыркүйек 2021 жыл.

6. Диплом жұмысын өткізу мерзімі: 11 наурыз 2022 ж.

Жетекші: Сейтенова А. С., доктор РhD

Студент: Жазитова А. М

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . ……. …… . . . 4-6

1БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘНІНІҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Ұлттық мәдени құндылықтар бала психикасын қалыптастыру құралы . . . 7-13
  2. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық мәдени құндылықтар арқылы танымдық процестерін қалыптастырудың мәні . . . 13-20
  3. Ұлттық мәдени құндылықтың зерттелу жағдайы . . . 20-24

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК - ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 25-47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48-49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…… . . . 50-52

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгертулердің балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласына өзіндік ықпал жасауы - заңды құбылыс.

Өткен тарихымыздың өткелдеріне ой жіберсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор бүгінгі этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарына рухани азық болған мұралардың молдығына көзіміз жете түседі. Әр халықтың бала тәрбиесі жөніндегі атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі, ғасырлардан қалған асыл қазыналары бар. Ол қазыналарды филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты зерттеп, өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеу сүзгісінен өткізуде. Соның бірі ата-бабаларымыздың өнеге мен ізгі қасиеттерге балаған - салт-дәстүрлері.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. [1]

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында этникалық, этностық-мәдени және мемлекеттік сәйкестілік мәселесі философия, саясаттану, тарих және этнографиялық салада (Э. З. Александренков, Ж. М. Әбілдин, Ю. В. Бромлей, В. И. Козлов, Қ. Е. Көшербаев, Ә. Н. Нысанбаев, Б. Ф. Поршнев, И. А. Снежкова, Э. К. Суслова, Ғ. Т. Төлебаев және т. б. ) ; әлеуметтану мен мәдениеттануда (С. М. Арутюнян, М. Х. Балтабаев, Л. М. Дробижева және т. б. ) ; этнопсихологияда (В. А. Вяткин, Қ. Б. Жарықбаев, Н. Е. Елікбаев, Б. А. Әмірова, О. Х. Аймағанбетова, А. П. Оконешникова, У. Г. Солдатова, Г. М. Старовойтова, Ю. В. Хотинец, Е. Т. Шлягина және т. б. ) көрінетіні айқындалды. [27]

Қарастырылып отырған мәселенің педагогикалық - психологиялық аспектісін талдауға бірқатар этнопедагогикалық зерттеулер арналған (Г. Н. Волков, А. Э. Измайлов, Я. И. Ханбиков, Е. Л. Христова, К. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, М. Х. Балтабаев, К. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембінова, Р. К. Төлеубекова, К. А. Оразбекова, Ж. Асанов, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, Ш. Б. Кульманова, Л. С. Сырымбетова, Ш. М. Мұхтарова және т. б. ) . Қазақстандық педагогика ғылымында этностық мәдениет бойынша этнопедагогикалық зерттеулер баршылық (И. Өршібеков, А. Х. Мұхамбаева, Б. Е. Қаирова, Г. Р. Бахтиярова, Е. Ш. Қозыбаев, С. К. Әбильдина, К. Е. Ибраева, Т. М. Шакирова, Г. К. Тлеужанова және т. б. ) .

Қазақтың салт -дәстүрлері туралы зерттеген ғалымдар: Қ. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, Х. . Досмұханбетов, М. Қозыбаев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұханбетұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, Н. Сәрсенбаев т. б. [24. 26]

Зepттeу oбъeктici: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылықтар.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ұлттық мәдени құндылықтардың мәні.

Зерттеу мақсаты: Мәдени құндылықтардың бала психикасына әсерін теориялық жағынан негіздеп, олардың бала психикасының қалыптасуындағы мәнін ашып көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді теориялық талдау;

- ұлттық мәдени құндылықтарды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеудің әдістері: бақылау, тестілеу, әңгімелесу талдау әдісі (психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау) .

Зерттеу негізі: салт -дәстүрлерге қатысты Қ. Б. Жарықбаев, С. К. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, М. Қозыбаев, М. Х. Балтабаев, К. Ж. Қожахметова, Г. Р. Бахтиярова, С. К. Әбильдина, К. Е. Ибраева, Х. Досмұханбетов т. б. ғалымдардың еңбектері мен зерттеулері арналған. Алған зерттеу материалдары негізінде ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘНІНІҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ұлттық мәдени құндылықтар бала психикасын қалыптастыру құралы

Қазақ этнопедагогикасымен этнопсихологиясының тәрбиелік өзегі - ұлттық салт-дәстүрлері мен дәстүрлік тәрбиелер болып табылады.

Біз ең әуелі салт-дәстүрлердің мәндік, мағыналық ерекшеліктерін айқындап, былай сараладық: игі әдет көппен қайталанып, ол әдет-ғұрыпқа айналады, әдет-ғұрып ұлттық қолданысты әдеп болып қалыптасадыда, ұлттық мәдениет белгісін көрсетеді, ұлттық мәдениет белгісі жалпы ұлттық қолданысыта дәстүрлер деп аталады, дәстүр ұлттық заңға айналса ол - салт болады, салттың ұлттық санада қалыптасқан көрінісін салт-сана дейміз. Мысалы, қазақтың қайырымдылық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан әдет-ғұрыпқа, әдепке, дәстүрге, салтқа айналып, халықтың санасында сіңіп, салт-сана болып қалыптасқанын, оның теориялық мәнін тұжырымдадық (кесте 2) .

Әрбір ұлттың салт-санасы ұлттық тәрбиенің өзекті арқауы болып табылады. Әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр салттың іс жүзінде орындалуы: рәсім, рәміз, кәде, жол-жоралғы деп аталады. Рәсім мен кәденің, жол-жоралғының түрлері көп. Бәрінің де өз алдында тәрбиелік мәні бар. Бұл ғылыми зерттеу жұмысында жан-жақты талдап көрсетілді.

Қазақи сыйласым - дәстүрлік тәрбиенің негізі болып табылады . Отбасындағы сыйласым дәстүрі: ата-ананы сыйлау, туыстық қатынас пен туыстық дәрежеге байланысты сыйласым. [40]

Ұлттық әдеп, перзенттік борыш, мұрагерлік борыш - дәстүрлік тәрбиелердің алтын арқаулары. Ұлағатты ұстаздарға инабатты шәкірт бола білу дәстүрі, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері, қасиетті туған жерді қастерлеу дәстүрі, ер намысын, қыз абыройын қроғау дәстүрі, Отанды сүюге тәрбиелеу, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой, дене, ерлік, тіл ашар, мал күту, кәсіптік мұрагарлік, перзенттік парызды өтеу, тіршілік, меймандос, әдеппен сөйлеу, ойындағы әдептілік, табиғатты қорғау, ата тегін ардақтау, бата беру, өнеге көрсету, өсиет айту, қазақ халқының айтыс өнері, төрт құдіретті (күн, жер, ауа, су) әулие тұту дәстүрлері, бірлік салты, жекжат-жұратты сыйлау, ел белгілері мен рәсімдерін қастерлеу, студенттердің ұжымдық дәстүрі т. б. дәстүрлердің тәрбиелік мәні ашылып, қазақ этнопедагогикасының методологиялық өзекті арқауын жан-жақты ашуды мақсат тұттық. Бұл мақсат зерттеу барысында толық дерлік орындалды.

Философиялық, психологиялық - педагогикалық әдебиеттер зерттеу барысында талданылды:

- мәдениет жеке тұлға факторы ретінде, сананың мәдени-тарихи даму теориясы (В. С. Библер, Э. С. Маркарян, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев және т. б. ) ;

- этнос теориясы (Ю. В. Бромлей, Л. Н. Гумилев, Ә. С. Қалмырзаев, Б. П. Поршнев және т. б. ) ;

- жеке тұлғаның әлеуметтік, этностық сәйкестілік үлгілері (Э. Эриксон, М. Баррет, Ж. Пиаже, Л. М. Дробижева, Ғ. Т. Телебаев, В. Ю. Хотинец және т. б. ) ;

- тәрбиенің этнопедагогикалық аспектілері (Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Қ. Бөлеев, Р. Қ. Дүйсембінова, К. А. Оразбекова және т. б. ) ;

- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж. Ж. Наурызбай) ;

- этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы (С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова) .

Нақты өмір сүру жағдайындағы (әлеуметтік, экономикалық, мәдени, табиғи және т. б) белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің (яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт - дәстүр, қажеттілік, талғам т. б) жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ықпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі; жұмбақтар ақыл - ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудегі ролі.

Бала тәрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас - мұның бәрі Әл-Фараби педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі болды. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Әрине, ұлы педагогтың ұлттық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және оны өз жүйесіне енгізіп қана қоюмен шектелмеуі әбден табиғи. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады, тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.

Оның пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. Мәселен, «Философияны үйрену үшін алдын ала нені білу қажет» деген еңбегінде Фараби бірінші алғы шарт етіп адамннан жан тазалығын, ар талығын қойған: «Ғылым үйренуге кіріспекші кісінің жас, кішіпейіл, денсаулығы жақсы болуы қажет. Оның тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, қулық-сұмдықтан және басқа ағат мінез-құлықтан аулақ болуы керек».

Әл-Фараби творчествосында көрнекті орын алатын мәселенің бірі-тәрбие мәселесі. Тәрбиеге анықтама бере келіп, ол «Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделгенен эткалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз . . . тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігірлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұрамен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатындай және адамдарды осығңан жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді» деп жазды.

Тәрбие мәселесін Әл-Фараби осындай кең мағынада түсіне отырып, тәрбиенің жалпы халықтар мен қала тұрғындарының өмірінде алатын, атқаратын орнын жоғары бағалайды.

Ж. Баласағұнидың ізімен немесе одан тәуелсіз ғылымнан не үздіксіз бәрін алу иедясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Ясауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф сараи қайталайды.

Бастауыш мектептерде балалардың этникалық сәйкестілігін қалыптастырудың үшінші ерекшелігі ұлттық сана-сезім мен этностық-мәдени сәйкестіліктің арақатынасына байланысты айқындалады. Балалардың этникалық сәйкестілігін қалыптастыруда бұл ерекшеліктің мәні этникалық сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: когнитивті, аффективті, мінез-құлықтық.

Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік идентификация, ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады. Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар кіреді.

Мінез-құлықтық компонентке бастауыш мектептерде балалардың әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы жатады.

Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның маңызын көрсетуде де Л. С. Выготскийдің триадасы «сана - мәдениет - жүріс-тұрыс» туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады. Тәрбиедегі негізгі түп - тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру - ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс.

Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған.

Американ социологтары Т. Парсонс, Р. Мертон жеке тұлғаның белгілі ортаға бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену деп атайды. Адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу деңгейімен анықталады.

Гуманистік психологияның өкілдері Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс «жеке тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни «Мен» тұжырымдамасының процесінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие болуынан көрінеді» - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз болып отыратын процесс. Әлеуметтену процесінің мазмұны жалпықоғамдық, ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Тәрбие және оқыту жеке тұлғаның әлеуметтену негізі бола алады.

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Ырымдар мен нанымдар - оң және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәріжілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс-қарғыс, бақсылық және т. б.

Діни рәсімдер - намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару.

Діни мейрамдар - ораза айт, құрбан айт.

Жалпы халықтық тойлар - Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой (мизам), соғым басы.

Кәсіптік мейрамдар - биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанық және т. б. [41]

Халықтық дәстүрлер, салттар, этноэтикет қазақ халқының рухани мәдениетін қолдауға мүмкіндік береді. Себебі онда балаларды әдемілікке, сұлулыққа, тәрбиелеу ережелерімен нормалары сақталған.

Бүгінгі таңда ұлттық сананың рухани мәдениет пен бірлікте дамып, қалыптасуы өзекті мәселеге айналуда. Бұл мәселелердің жүзеге асуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби даярлықтарына да байланысты.

Мектептердегі тәрбие жұмыстарын талдау негізінде мектеп пен отбасы сабақтастығы аясында ғана жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелі болатындығын айқын аңғардық. Тәжірибе көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыс формаларын сабақта, сабақтан тыс уақыттардағы шығармашылық жұмыстрда пайдалану арқылы ғана тиімді ұйымдастыруға болады.

Соңғы уақыттардағы қоғамдық қарым-қатынастардағы елеулі өзгерістер мен жетістіктердің мәні мәдениеттің ұлттық болмысын терең сезіндіріп, оны әлемдік өркениетпен сабақтастыра дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл оң өзгерістердің мәдениеттің құрамды бөлігі- ұлттық тәрбие тәжірибесі мен оның даму тарихын зерттейтін пән болғандықтан халық педагогикасы ғылымы үшін де қатысы бар екені дауысз.

Осы орайда этнопедгагогика проблемаларының өзектілігіне баса назар аударылуда. Көптеген зерттеулерде бүгінгі тәрбие жағдайында озық педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, халық педагогика мен қазіргі тәжірибесін байланыстыру мәселесін шешуде талпыныстар жасалған. Бұл тұрғыда Н. Тұрсынов /Тәжікстан/, В. И. Элашнили /Грузия/, Н. В. Павлова, С. Темурова, А. Минаваров /Өзбекстан/, З. Кусейнова, Ж. Бешимов, Б. Анышев, Т. Максутов /Қырғызстан/, А. Ф. Ильшентаев /Башқұртстан/ және т. б. зертеулері аса көңіл аудартады.

Ұлттық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде /Битебаева Н. Б., Қыдырәлиев К. Н., Насруллаева Н. Н., Байман Ф. Е., т. б. / халық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.

  1. Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық мәдени құндылықтар арқылы танымдық процестерін қалыптастырудың мәні

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына жанұя, жанұялық қарым-қатынас, жанұяның психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Бір ортада өскен, бір әке, бір шешеден туған балалардың өзара бір-бірінен тұлғалық сапалары мен табиғаты жағынан бір-бірінен ерекше.

Бұл мәселенің негізгі фактор ретінде алуымыздың себебі, балалардың жеке адам болып қалыптасуына жанұяның алатын орны ерекше. А. С. Макаренко айтып кеткендей, баланың тұлғасының қалыптасуы отбасының өмір сүру тәселі мен тәжірибені қабылдау сипатына тәуелді.

Халқымыздың ұзақ уақыттан кейін, егемендік және тәуелсіздік алуы біздің тарихи, рухани, байлығымызды қайта қарауды, тіліміз мен мәдениетімізді дамытуды, сөйтіп халықтар арасында лайықты орынды алуымызды қажет етеді.

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Өзімізді өзіміз тануда халқымыздың алуан түрлі дәстүрлерін: психологиялық, педагогикалық, әдептілік, филологиялық, бала тәрбиелеу ерекшеліктерін біліп, меңгеріп отыруымыз қажет. Ш. Айтматов: «Ешбір халық өзінің тарихи тамырларынан ұзап кете алмайды, жақсы болсын жаман болсын өзінің тарихымен бірге болады»-деп айтқан. М. Жұмабаев «Әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиені сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деп қазақ залқы текке айтпаған. Қазақ халқы үшін бақытсыздықтың ең ауыры дүниеден баласыз өту болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Ұлттық ойындарға анықтама
Этнопедагогика пәні.
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz