Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Тақырыбы: Орталық Қазақстанның сәулеткерлік ескерткіштері

Орындаған: ДГИ23 тобының студенті
Игілік Айгерім
Тексерген: Тарихи өлкетану пәнінің оқытушысы
Аршабеков Темиргали Тлеубекович

Қарағанды 2022ж
Мазмұны
* 1. Барлау жұмыстарының нәтижесі
* 2. Әлкей Марғұлан экспедициясы
* 3. Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
4. Орталық Қазақстанның 10 киелі орны
* 5. Дереккөздер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, төменгі палеолит ескерткіштерінен бастап ортағасырлық қалалар өркениеті ошақтарын зерттеді. Ол 1946 жылы ҚР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында құрылған. Жетекшілері: 1946 - 75 жылдары - Ә.Марғұлан, 1976 - 81 жылдары - М.Қадырбаев, 1982 - 85 жылдары - Ж.Құрманқұлов, 1986 - 89 жылдары - С.Ақынжанов болды, 1990 жылдан - Ж.Құрманқұлов. Экспедиция Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы деп аталғанымен, Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс атқарды.

Барлау жұмыстарының нәтижесі
Батыста Сарайшық қаласын, Сырдария өзені бойы мен Қаратаудың терістігінде орналасқан көптеген ортағасырлық қалаларды зерттеді. 1946 - 47 жылдары барлау жұмыстарының нәтижесінде Сарысу өзенінің бойы мен оның Атасу, Манақа, Сары және Қара Кеңгір, Жезді, т.б. салалары және Нұра өзені бойынан адамзат тарихының әрбір кезеңінен қалған жүздеген тарихи ескерткіштер ашты. Оның ішінде әлемдік тарихқа енген Беғазы, Саңғыру, Айшырақ, Бұғылы І, ІІ, Ақсу-Аюлы, Ортау, Беласар сияқты қола дәуірі қорымдары, тастағы суреттер мен таңбалар, түркі-қыпшақ замандарының Ұлытау жеріндегі тас мүсін кешендері, қам кірпішпен әсемдеп өрілген қазақ мазарлары табылды. Сол сияқты ерте заманнан бастау алған Уанас, Хан жолы, Сарысу өзені бойымен жүретін керуен жолдарының бағыттары анықталды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әлкей Марғұлан экспедициясы
Табылған ескерткіштер негізінде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жетекшісі академик Ә.Марғұлан 1948 жылы экспедиция алдына үш түрлі мақсат қойды: а) өңірдің отырықшы елді мекендер тарихын зерттеу (VI - 7VII ғасырлар); ә) патриархалдық-рулық құрылыстың ыдырау кезеңіне жататын қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеу, оның ішінде көне кен өндірісіне терең көңіл бөлу; б) адамзаттың көне дәуірлеріндегі палеолит пен неолит кезеңін зерттеу. Бұл мәселелер осы күнге дейін Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеулерінің негізгі өзегі болып саналады. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрамында үш отряд құрылды. Қола дәуір ескерткіштерін зерттеу тобын Ә.Оразбаев, қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтпелі кезең ескерткіштерін Марғұлан, ал ерте темір дәуірі тайпаларының мәдениетін М.Қадырбаев зерттеді. Олармен бірге әр жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысына әйгілі ғалымдар: Л.Кызласов, К.Ақышев, Г.Ц. Пацевич, А.Г. Максимова, Т.М. Сенигова, Г.В. Кушаев, Х.Алпысбаев, С.Жолдасбаев, Н.А. Аванесова, т.б. қатысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары
Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция ғалымдары 1954 - 55 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның орталығы, солтүстік аймақтарын кең зерттеді. Бірқатар обалар қазылып, көптеген ескерткіштер картаға түсірілді. 1959 - 61 жылдары Ертіс-Қарағанды каналы, 1972 жылы оның Қарағанды-Жезқазған бағыты зерттелді. 1963 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығын алған "Древняя культура Центрального Казахстана" (авторлары Марғұлан, Ақышев, Оразбаев, Қадырбаев) атты іргелі еңбекте жарияланды. Кітапта қола дәуірінің мерзімдік кезеңдері, басты белгілері, өзара сабақтастығы, қола дәуірінің ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңінің, яғни Беғазы-Дәндібай мәдениетінің сипаттамасы, оған жалғас ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетінің ескерткіштері де толық ғылыми сипатталды. 1979 жылы Марғұлан Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін жеке кітап етіп шығарды. 1980 - 90 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) Атасу өзені бойындағы және Қызылтау, Ортау, Ақтау аңғарларынан ондаған ескерткіш тауып, зерттеді. Кең көлемде ашылған Атасу, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая қоныстарынан б.з.б. II мыңжылдықтың орта кезінде металл балқытқан пештер мен металл өңдеген шеберханалар табылды. Осындай пештер Ұлытау ауданындағы қазіргі кезде зерттеліп жатқан Талдысай қонысынан да табылды. Жезқазған, Балқаш, Қарқаралы, Саяқ, т.б. өңірлерден ертеде кен өндірген көптеген орындар табылды. Ерте заманда кен қазу, металл балқыту істерінің тарихы, түркі-қыпшақ замандарының тас мүсіндері қойылған қоршаулар мен обалар, ғибадатханалар Марғұлан, Қадырбаев, Құрманқұлов, С.Жауымбаев, Л.Н. Ермоленко еңбектерінде жарық көрді. Сол сияқты Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясыжетістіктері Марғұланның көп томдық шығармалар жинағына енді. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы шын мәнінде Қазақстан археологиясының өсіп, шыңдалу мектебі болды. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыстары халықараралық дәрежеге көтерілді. Оның құрамында Италия, АҚШ, Ресей археолог мамандары еңбек етуде.
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 10 КИЕЛІ ОРНЫ
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық бірлік нышаны ретінде қоғамдық өмірде ерекше маңызға ие киелі орындар бар. Олар - халық арасында ерекше құрметке ие мәдени мұра ескерткіштері. Атап айтсақ, зайырлы және діни сәулет өнері нысандары, табиғи ландшафт ескерткіштері, сонымен қатар, маңызды тарихи оқиғалармен тығыз байланысқан тарихи құндылыққа айналған нысандар бар. Барлығын тізіп шығу мүмкін емес шығар, сірә. Себебі, елімізде тұратын әр ұлыс үшін, тіпті, әр адам үшін аса құнды, ерекше ілтипатпенен қабылданатын нысандар мен орындар баршылық.
Киелі Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы осындай бірегей орындардың оншақтысын жіктеп алыпты. Орталық сарапшыларының пайымынша, олардың барлығы ерекше қасиетті орындар.
ҰЛЫТАУ, ӘУЛИЕТАУ ШЫҢЫ (АҚМЕШІТ)
Әулиетау (Ақмешіт) - Ұлытаудың ең биік шыңы. Ұлытау дегеннің өзі Ұлы, Биік деген мағынаны білдіреді. Алайда, бұл таулардың өзі, ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, іс жүзінде соншалықты биік емес. Сондықтан Ұлытау атауы киелі, қасиетті деген мағынада. Қазақ мемлекеттілігі үшін бұл өлке шынымен де үлкен маңызға ие. Мемлекеттілігіміздің кіндігі десек те артық айтқандық емес. Осы өлкеде ежелден бері көшпенділердің көптеген қасиетті нысандары сақталған. Әулиетауда бірсыпыра көне қорымдар бар. Аңыз бойынша ежелдегі Заратустра пайғамдар осы өлкеде дүниеге келген деседі. Орта ғасырларда бұл өңірде Жошы хан, Алаша хан, Тоқтамыс хан, Едіге би және басқа да есімі жер жарып, жаһанға тараған бабаларымыз жерленгені ғылыми ізденістермен дәлелденіп отыр. Тарих халықтың жадында, ал, көшпелі халықтың өскелең ұрпағы сол тарихты үнемі естен кетірмейді. Осы қасиетті таулар - еліміздің тарихын өз қойнауында сақтап келеді. Ұлытау - этникалық ескерткіш. Жер де, халық та ешқашан қартаймайды. Қазақ халқының тарихында, тіпті, көне түріктердің мемлекеттілігінің тарихында бұл өлкенің орны бөлек. Айрықша. Алты алаштың басын қосқан Ұлытау. Бүгінгі елдігіміздің негізі осы жерде қаланып, мемлекетіміздің кіндігіне айналды.
Елдігіміздің қалыптасу тарихын, мемлекетіміздің құрылу тарихын Ұлытаудан ажырату мүмкін емес. Бұл таулар қазақ мемлекеттілігіндегі барлық тарихи маңызды кезеңдерге куә болған. Сондықтан болар, Ұлытау деп аталып кеткен. Шынымен де Ұлы өлке. Әулиетау шыңынан 40-60 шақырым айланасында тоғыз бірдей хан ордасы тігілген деседі. Айрықша өлкені айналып, сызып қойғанындай. Халықтың ауыз әдебиетінде Ұлытау Сарыарқаның ең биік нүктесі, арқаның нағыз кіндігі дәл осы жерде деген аңыздар жетіп артылады. Кейбір аңыздарға сүйенсек, Әулиетау шыңы аспанға тіреледі. Оның шоқтығы Жер мен Көк түйісетін орын. Ежелден осы тау киелі жер, Құдай мен аруақтардың мекені саналатын. Бұл тауды перілер жақсы көреді деседі. Сондықтан болар, осы аймақ Жаратушыға тағзым ету өлкесі, Табиғат ана адам баласын алақанына салып, аялайтын, мәпелейтін жері деген ұғым қалыптасқан. Ежелде бұл өңірді мекен еткен халық, көнеден санасында қалыптасқан, болмысына сіңіп кеткен себептермен киелі жер етіп таңдаған болар. Ерте заманнан-ақ Ұлытауда өзіндік бір ерекше қасиетті заңдары орнап, осы талаптар бойынша өмір бірқалыпты жалғасып келеді. Бағзы заманнан бұл өңірді Жаратушыға тағзым ету орны деп белгілеп, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз Әулиетауға түрлі рәсімдерді өткізуге келетін болған. Бұл дәстүр осы күнге дейін жалғасып келеді.
ЕДІГЕ ШЫҢЫ
Едіге шыңы Ұлытау ауылынан батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның төбесінде Алтын Орданың атақты билеушісі Тоқтамыс хан жерленген. Сонымен қатар Едіге шыңында орта ғасырларда аса зор беделге ие болып, әділ, әрі шешен би Едігенің моласы да бар. Сондықтан да тауды Едіге шыңы деп атап кеткен халық. Едіге Тоқтамыс ханның замандасы болған. Хан кеңесшісі болыпты деседі. Ал, Тоқтамыс 1380-1395 жылдар аралығында Алтын Орданы билеген. Ол кезде Ұлы даланың ең ірі, әрі үлкен саяси маңызға ие қалалары Сауран мен Сығанақ болыпты. Тоқтамыс ханның күшейіп, Еділ мен Жайық арасындағы аумақты басып алған кездері. Сол өлкеде Тоқтамыс хан мен Едіге би Ноғай Ордасын құрған. Алтын Орданы ішкі жанжалдар жан-жаққа бытыратып, әр ұлыстың көсемі жеке өзі билеуші болғысы кеп, хан билігіне бағынбай, сес көрсетіп жүрген заман. Сол кезде Едіге би Ноғай Ордасын нығайтып, халқын жұмылдыра біліп, үлкен саяси күшке айналдырған. Елдіктің, мемлекеттің қуаты халық бірлігінде екенін жақсы түсінген. Қазақ, қарақалпақ және башқұрт халықтарының ауыз әдебиетінде дәл осы Едіге би Ноғай Ордасының негізін қалаушысы әрі билеушісі болып суреттеледі.
Алтын Орда саяси дағдарысқа ұшыраған жылдары (1410-1412 ж.ж.) Едіге билігінен айырылады. 1419-шы жылы Сарайшық қаласының түбінде болған шайқаста Едігені Тоқтамыс ханның ұлы Қадырберді өлтіріпті. Содан бидің денесі Ұлытауға жеткізіліп, осы шыңның төбесінде жерленген деген деректер бар. Тіпті, моласына тас қойылған екен. Содан бері осы тау Едіге шыңы, Едіге моласы деп аталады. Едігенің кіндік қаны тамған жері де Ұлытау. Нақтырақ айтқанда, Кішітау деген жер. Бала кезінен зерек, алғыр, қайсар болып өскен екен. Ауыз әдебиетінде сақталған аңыздарға сүйенсек, оның өжеттілігін, табандылығын, даналығын және көрегенділігін аңғаруға болады. Оны әрдайым нағыз батыр ретінде сипаттаған. Шынымен де көсем, шешен, әділ де дана би болған екен. Халықтың ауыз әдебиетінде мынадай өлең жолдары бар:
Едіге деген ер екен, Елдің қамын жер екен.
Ел шетіне жау келсе, мен барайын дер екен
Ғасырлар бойы Ұлы даланың тарихында, халқымыздың тағдырында шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи оқиғалар осы Ұлытауда болған. Осы өңірде ақ киізге отырғызып, хандарды сайлады. Хан ордасының өзі осы Ұлытауда тігілген. Аңыз бойынша Асан Қайғы бабамыз да Жерұйығын дәл осы Ұлытауда тапқан деседі. Алтын Орданы билеп, жаһанды дүрліктірген Тоқтамыс хан мен оның замандасы Едіге бидің жандары осы жерде тыныштық тапты. Айта кету керек, олардың есімдері Алтай, Орал, Кавказ, Қырым, Өзбекстан халықтарының ауыз әдебиетінде, эпостарында көптеп кездеседі. Таяуда да ғана, 1954 жылы дүние салған қазақ даласының танымал ақын-жыршысы Мұрын-жыраудың Қырымның қырық батыры циклындағы Тоқтамыс пен Едіге эпикалық поэмалары да әдебиеттанушыларға жақсы таныс. Орыстың этнограф-ғалымы Григорий Потанин де Едіге би туралы тарихи деректер жинаған. Оның тұсында Ноғай Ордасының дәурені жүріп, халықтың әл-ауқаты арта түскен деген мәлімет жинапты. Әлкей Марғұлан ағамыз да араб жазушысы Ибн Арабшахтың еңбектерінде Едіге би туралы көп мағлұмат тауыпты. Бидің ұрпақтары Құмкентте тұрады деген деректерді Әлкей Марғұлан тапқан еді.
АЛТЫН ШОҚЫ
Алтын шоқы - Қарағанды облысындағы Ұлытаудағы таулардың бірі. Бұл тауды әйгілі Ақсақ Темірдің (1336-1405) есімімен байланыстырады. Аңыз бойынша, Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан Ақсақ Темір осы Ұлытауға дейін келіп, Алтын шоқы шыңында тастан қашалған үлкен ескерткіш орнатуды тапсырыпты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1391-ші жылдың тамыз айында Ақсақ Темір 200 мың сарбазы бар әскерімен Сарыарқаның қақ ортасына дейін, Ұлытауға жеткен. Мәуереннахр әмірі Тоқтамыс ханға қарсы жорыққа шығып, Бетпақдала шөлінен өткен. Сол шөл даладан кейін арқа төсіне жетіп, Жошы ханға тиесілі ұлыстың табиғатына тәнті болған Ақсақ Темір, самал жел соққан, жанға да, малға да жайлы өлкеде бірнеше күн тынығып алуды жөн көреді. Ұлытаудың жайлығына тәнті болған билеуші бір төбенің басына тастан қашап, ескерткіш орнатуды тапсырады. Сол тасқа арнайы жазу қалдыртыпты. Бұл тарихи оқиға туралы деректер алғаш рет алты ғасыр өткен соң ғана анықталды. 1935-ші жылы, танымал қазақ ғалымы, геолог, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым Академиясының ең бірінші академигі Қаныш Сәтпаев ағамыз Орталық Қазақстанға жасаған экспедиция кезінде осы ескерткішті тауып алған. Үлкен тастан жасалған ескерткішті Ұлытау ауданының Ақшоқы деген жерінен тапқан. 1941-ші жылы Қаныш Сәтпаев Жезқазған ауданындағы тарихи ескерткіштер атты мақаласын жариялады. Бұл мақала 1989-шы жылы Ғылым баспасының Ғылым және мәдениет туралы таңдаулы мақалалар жинағына енген. Сол мақалада былай деп жазылған: Езді мәліметінше, Ақсақ Темір Ұлытаудың төбесіне шығып, айналадағы, қалың көк шөбі теңіздей жайқалған даланың көркіне көзі тоймай, ұзақ қарап отырыпты. Ақсақ Темір бұл жерде бір күн бойы тынығып, кейін өзі бастап келген әскерге тапсырма береді. Әрбір сарбаз бір тастан әкеліп, таудың басына үйюге тиіс болады. Сөйтіп, үлкен пирамида пайда болды. Тасқа шебер ұсталар сол бақытты күнді қашап жазған екен. Бұл күн тарихта мәңгі қалсын деген ниетпен. Ескерткіш Ұлытау тауларының солтүстік-батыс жағында, Жезқазған-Арқалық автомобиль жолынан батысқа қарай 90 шақырым жерде, Саят ауылынан 80 шақырым батысқа қарай қашықтықта орналасқан. Оның биіктігі - 50 метр. Алтын шоқының басты ерекшелігі - оның төбесінде пирамида тәріздес жиналған тастар үйіндісі.
Ақсақ Темір 200 мың сарбаздың әрқайсысына Алтын шоқы басына бір-бір тастан көтеруді бұйырған. Түбінде балқыту пешін салғызып, жақын маңдағы өзен бойынан шіңгіл шауып, сол жиналған тастарды балқытқызған деседі. Ал, сол тасқа қашалған жазу қазіргі қазақ тіліне ұқсас көрінеді: Тарихтан жеті жүз тоқсаныншы Қой жылы. Жазғы шілде айы. Тұран сұлтаны Темірбек, 200 мың әскерменен Тоқтамыс ханға қарсы жорыққа шықты. Осы жерден өтіп бара жатып, осы жазбаны қалдырды. Жаратушы, қолдаушысы болсын! Бұйырса, барлық адамдар оның істеген істерін, естерінде сақтап жүрсін! деген тілек жазылған екен.
Осы тарихи жәдігердің табылуына бірсыпыра уақыт болса да, әлі күнге дейін сол материалдың құрылымы белгілі болған жоқ. Кейбір деректер бойынша, жазу метеорит тасына қашалған көрінеді. Жәдігердің өзі Санкт-Петербордың мұражайында сақталған. Бұған дейін тас плитасы үлкен үңгірді жауып тұрған, ал, сол үңгірде кірпіш күйдіретін пеш орнатылған екен. Қазір Алтын шоқы төбесінде сол тастың толық нұсқадағы көшірмесі орнатылған. Оған да Ақсақ Темір қалдырған жазба қашалып жазылған.
ТЕРЕКТІ ӘУЛИЕ ПЕТРОГЛИФТЕРІ
Қарағанды қаласынан 445 шақырым жерде Теректі ескерткіші бар. Жезқазған қаласы жағынан барсаңыз, шамамен 90 шақырым жүру керек. Теректі әулие - тарихи-археологиялық кешен. Ол тасқа қашалған суреттер петроглифтер галереясынан тұрады. Бұл суреттер неолит дәуіріне жатады. Бірақ, бұл жердің тарихи-мәдени құндылығы тек суреттерде ғана емес. Бұл жерді ежелгі адамдар мекен еткенін дәлелдейтін жәдігерлер жеткілікті. Неолит дәуіріне жататын тұрақтардан бөлек, қола дәуіріне жатанын қорымдар да баршылық. Ерте темір дәуіріне жататын қорғандар, тік және көлденең шахталардың қалдықтары да бар. Яғни, бұл өңірде кен және түрлі минералдар өндірілгенін дәлелдейтін тарихи айғақтар шоғырланған.
Сол айғақтардың бірегейі - ол, әрине, тасқа қашалған суреттер, петроглифтер. Тастарда екі өркешті түйелер, бұқалар, ешкілер, бұғы, жылан және жыртқыш аңдардың суреттері бейнеленген. Бірақ, көбінесе мұнда жылқы суреттелген. Демек, ерте заманда жылқы, қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін тағы бір айғақтаса керек. Сонымен қатар, екі ат жегілген арбалардың суреттері де бар.
Суреттердің ерекше санатына түрлі геометрикалық фигуралардың бейнесін жатқызуға болады. Кейбір оюлардың өзіндік мағынасы болғанға ұқсайды. Мәселен, тастарға кесе тәрізде ойықтар қашалған. Олар майшам жағуға пайдаланылуы ықтимал. Яғни, Теректі әулие құдайға құлшылық ету немесе құрбандық шалу орны болуы бек мүмкін. Негізі Теректі әулие туралы көптеген аңыздар бар. Мәселен, бірінде былай делінген: Ерте заманда бір данагөй кісі, осы жерге келіп, тыным тапқан екен. Бір-біріне жапсарлас жатқан тастар оны сүйектен өтетін желден, ал, олардан түсетін көлеңке аптап ыстықтан қорғайды. Жақын маңдағы бұлақтың суы шөлін қандырады. Содан бері халық бұл жерді киелі жер деп санайтын болыпты. Ал, осындағы бұлақтың суы емдік қасиетке ие деген сенім пайда болады.
Теректі әулие - бұл аса үлкен археологиялық кешен. Көне суреттердің, ежелгі адамның сурет өнері жәдігерлерінің баға жетпес қазынасы. Бір қызығы, осы жердегі тастарға қашалған петроглифтер үш төбенің басында бір ізбен, бір сұлбамен салынғандай. Неолит және энеолит дәуіріне жататын тұрақтар Ұлы даладағы адамзат тарихынан көптеген мағлұмат береді. ХХ ғасырдың 40-шы жылдары жүргізілген Орталық-Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі, академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан Теректі әулиенің алғашқы ғылыми сипаттамасын жасаған болатын. Шамамен он жылдан кейін, елуінші жылдары академик аталған петроглифтерді зерттеуді қайта жалғастырады. Алайда, Теректі әулие жерінде әлі талай тарихи құпия сақталғаны хақ.
1990-шы жылдары З.С. Самашев жетекшілік еткен экспедиция атақты археологиялық ескерткіштерге кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ал, 2000-2004-ші жылдары Қазақстанның танымал археолог ғалымдары Канада және Италия мамандарымен бірлесіп, Теректі әулие петроглифтерінің кешенді зерттеуін қолға алды. Сонымен қатар Талдысай тұрағы мен Айбас-Дарасы мәдениетіне жататын қола дәуірінің бірнеше қорымдарына да зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы зертеулердің арқасында Теректі әулие жерінде орналасқан тарихи жәдігерлер әлемдік деңгейде танылып, адамзат тарихындағы тағы бір ақтаңдақ бетін ашуға мүмкіндік берді.
КИЕЛІ ДОМБАУЫЛ ЕСКЕРТКІШІ
Домбауыл кесенесі, көптеген ғалымдардың ортақ пікірінше, Орталық Қазақстандағы ең көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Сонымен де ерекшеленеді. Бірқатар деректерге сүйенсек, бұл кесене, тіпті, ғұндар заманында тұрғызылған. Сонау ерте заманда ғибадатхана ретінде пайдаланылған көрінеді. Кесене Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ғимараты биіктігі бес метрден асатын шошақ пішінді төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған. Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Есігі сопақшалау етіліп, оңтүстік-шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Археологиясындағы орны мен қызметі
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Шыңғыстау обаларының құпиясы
Кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін ескерткіш таңдау
Жанкент қалашығындағы археологиялық зерттеулер
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Оңтүстік Қазақстанда XIX ғ. аяғында жүргізілген археологиялық және этнографиялық зерттеулер
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Пәндер