Спиртті қабылдау


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Карп балығын өсіретін тоғанның аласа бөгетінің негізгі пішінін құрастыру
Орындаған:Ахатхужаев Б. А
Тобы: РХ-304
Тексерген: Рыскулбекова Л. М
Алматы 2022
Мазмұны:
I. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2. 1 Арақ дайындау технологиясы
2. 2 Жәй жіне ерекше арақтың ассортименті
2. 3 Тоғандық балық өсіру шаруашылығындағы айналымдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алколгольді сусындар - құрамында этил сирті бар сусындар. Этил спиртінің мөлшеріне байланысты барлық алколгольді ішімдіктер келесідей топтарға бөлінеді: жоғары градусты (96%-ға дейінгі спирт) оған этил спирті жатады; күшті (31-65%) - бұл арақ, ром, виски, коньяк; орташа алкогольді (9- 30%) - бұл ликер бұйымдары, шараптар; және әлсіз алкогольді (1, 5-8%) - оған сыра жатады.
Этил спирті - этил спирті түссіз, мөлдір, күйдіргі дәмді, өзіне тән иісі бар, тығыздығы 789, 27 кг/м3 (200 °С), қайнау температурасы 78, 35 °С. Этил спирті ауадан ылғалды өзәне жақсы қабылдайды, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т. б. көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады.
Ашыған тамақ шикізаттарынан спиртті айдау арқылы алады. Ашымалды (бражканы) айдау арқылы қоспалардан тазаланбаған шикі-спирт алынады. Шикі - спирттің құрамында этил спиртінің (күші) мөлшері 88%. Осыдан кейін ректификациялық қондырғыларда тазаланған спирт алынады (95-96%), бастапқы фракция (3, 0-3, 5%), ал сивуха майлары (0, 35-0, 4%), қалған мөлшерлері ректификацияда жоғалған шығындар. Бастапқы фракциядан арнаулы қондырғыларда тазаланған спирт айдалады, ал сивуха майларынан жоғары спирттер (изоамилді 60%, изобутилді 10-14%, пропилді 3-5%) алынады.
Спирт шикізаттарына - құрамында қант немесе крахмалы бар кез келген материалдар жарайды. Экономикалық көрсеткіштері бойынша қолайлы шикізаттарға картоп, астық, меласса (қант өндірісінің қалдықтары), қант қызылшасы жатады.
Тағамдық спиртті крахмалға бай өсімдіктерден (картоп, астық дақылдары, крахмал-сірне өнеркәсібінің қалдықтары) және қантқа бай шикізаттан (мелласса, қант қызылшасы, қант тростнигі т. б. ) спирттік ашыту әдісімен алады. Қоспа мөлшері мен күштілігіне байланысты ректификацияланған этил спиртінің экстра, жоғары тазалықты және І сұрыптарын шығарады.
Ректификацияланған этил сприті (С2Н5ОН) бөтен иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық болып табылады. Экстра сұрыпты спритті кондициялы дәннен алады, оның күштілігі 96, 5%, жоғары тазалықты спирт күштілігі - 96, 2, І сұрыпты - 96%. Экстра және жоғары тазлықты ректификацияланған спиртті арақ және ликер-арақ өнімдерін алуда қолданады.
2. 1 Арақ дайындау технологиясы
Арақ - тазаланған этил спиртінің (40-56%) сумен араласқан және активтендірілген көмірмен өңделінген қоспасы - спиртті ішімдік. Арақ зауыттарында құрамында қант бар қызылша қалдықтарынан, бидайдан ашытылып, айдалынып өндіріледі.
Арақ технологиясы келесі сатылардан тұрады: ректификатталған (тазартылған) спиртті қабылдау; суды дайындау; су-спирт қосындысын дайындау (сұрыптама) ; су-спирт қосындысын сүзу; су-спирт қосындысын белсенді көмірмен жəне қайта сүзіп өңдеу; арақты стандарттық күштілігі мен құйылуына дейін жеткізу.
Спиртті қабылдау. Арақты дайындауға жеткізілетін ректификатталған (тазартылған) спирт, этанол құрамын анықтауды қатар өлшеп, арнайы өлшеуішпен өлшенетін көлемі бойынша қабылданады. Спирт есебі спирт өнеркəсібіндегі есебі тəрізді жүргізіледі.
Суды дайындау. Арақ-ликер өндірісінде су - үлес салмағы 60% құрайтын шикізаттың негізгі түрлерінің бірі. Судың тұздылығы мен оның тұз құрамының маңызы өте зор. Арақ-ликер өнімдері үшін судың жалпы тұздылығы 1мг . экв/дм3 аспауы тиіс. Судың тұздылығына қатаң талап қоятындығы, негізінен судың тұздылығына себеп болатын кальций жəне магний тұздарының ауыз суына қарағанда суспирт қосындыларында аз еритіндігіне байланысты жəне спиртті тұзды сумен араластырғанда лайландыратын тұнба пайда болады.
Судың сапасын арттыру үшін келесі дайындық тəсілдерін қолданады: тұндыру жəне сүзу, коагуляция, залалсыздандыру, темірден тазарту жəне жұмсарту. Суды өлшенді бөлшектерден тазарту мақсатында, оны тұндырады жəне сүзеді, бұл өлшенді бөлшектерден тазартудың кеңінен тараған тəсілі болып табылады. Сүзбе материалы ретінде кварц құмы, ірі құм жəне т. б. пайдаланады.
Суды коллоидтік күйдегі жəне сүзгенде бөлінбейтін бөлшектерден тазарту үшін, суды колоидтік бөлшектердің іріленуіне жəне олардың тұнба болып түсуіне əсер ететін заттармен өңдейді. Бұл үдеріс коагуляция деп аталады. Коагуляцияға себепкер заты ретінде алюминий сульфаты мен темір сульфатын пайдаланады.
Жағымсыз иістері мен дəмдерін жою үшін суды залалсыздандырады. Суды залалсыздандырудың аса көп қолданылатын тəсілі озондау жəне белсенді көмірмен өңдеу болып табылады.
Суды негізінен ион алмастырушы өңдеу жолымен одан кальций мен магний тұздарын тазалау суды жұмсарту болып есептеледі. Əдістің мəні ерітіндіден бір катиондарды жұтып жəне екінші катиондарды орнына беру мүмкіндігіне ие нашар еритін заттар - иониттердің көмегімен суды кальций мен магний иондарынан тазарту болып табылады. Катиондарымен алмасуға əрекетті иониттер катиониттер, ал аниондарымен алмасуға əрекетті иониттер - аниониттер деп аталады.
Арақ-ликер өндірісінде суды дайындау үшін, тас көмірін қойылтылған күкірт қышқылымен өңдеп қол жеткізетін сульфокөмірді ионит ретінде қолданады. Суды жұмсартудың бірнеше тəсілі бар. Өңдеу тəсілін таңдау пайдаланатын судың тұздылығы мен сілтілігіне байланысты анықталады.
Су-спирт қосындысын дайындау. Арақты дайындауға ректификатталған спиртті дайын жұмсартылған сумен араластырады. Нəтижесінде алынған су-спирт қосындысын сұрыптама деп атайды. Сұрыптама арақтың түріне қарай күштілігі 40 немесе 50% көл. дайындалады.
Спиртті сумен араластыру жылу шығаратын қосындының жалпы көлемінің азаюмен (контракция құбылысы) қоса жүреді. Суспирт қосындысының сығылу дəрежесі мен шығатын жылу мөлшері қосындыдағы спирттің қоюлығына байланысты. Түрлі күштіліктегі сұрыптаманы дайындау үшін, контракция есебімен судың қажетті көлемін анықтауға болатын арнайы кестені қолданады.
Сұрыптаманы герметикалық жабық аппараттарда дайындайды. Араластырушы сыйымдылығы 300-ден 1200-ге дейін дал. Түбі сфералық, қақпағы мен бұлғағышы бар цилиндрлі резервуар болып келеді. Араластырғышқа өлшегіштен мөлшері есептелген спирт, одан кейін су беріледі. Спирттің тығыздылығы судың тығыздығынан төмен болғандықтан, ол жоғары қарай көтеріліп, жақсы араласуға ықпал етеді.
Сұрыптаманы араластырудың бірнеше тəсілдері болады: механикалық - пропеллерлі бұлғағыштың көмегімен; гидродинамикалық - сұрыптаманы құбыр жүйелері мен арнайы саптамалары (шүмектер) арқылы төменнен жоғары қарай айдайтын насостың көмегімен; араластырғыштың ішінде орналасқан барбо- 530 тер арқылы компрессормен берілетін сығылған ауамен араластыру. Соңғы тəсіл жақсы араласуды жəне арақтың сапасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Сұрыптамаға арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды енгізеді. Дəмдік жəне хош иісті қосымшалар ретінде қант шəрбатын, лимон қышқылының ерітіндісін, натрий ацетатын, натрий гидрокарбонатын, калий перманганатын пайдаланады. Сұрыптамаға арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды енгізген соң, оны араластырады жəне күштілігін анықтайды.
Сұрыптама белгіленген күштілігінен ауытқыған жағдайда оған спирт немесе су қосылады жəне қайта араластырылады. Одан кейін сұрыптаманы жинақтағышқа айдайды жəне кейін сүзбеге жібереді.
Сонымен қатар, су-спирт қосындысын ағынды көпсатылы араластырғышта үздіксіз тəсілмен алуға болады. Араластырғыш (1-cурет) бір-біріне орнатылған екі сыйымды ыдыстан жасалған. Шеңбер тəрізді коллектор ретіндегі төменгі 2 ыдыс 1 жəне 3 келте құбырларымен келетін спирт пен суды алдын ала араластыруға арналған. Жоғарғы 4 ыдыс түпкілікті араластырушы үшін қызмет етеді жəне 6 диафрагмасымен, 5 көп қабаттыы тормен жабдықталған цилиндр түрінде болып келеді. 2 жəне 4 ыдыстары өзара 7 конустық ыдысымен қосылған. Су мен спирт араластырғышқа бір уақытта түседі, торлар мен диафрагмалар жүйесінен өтеді жəне жоғарғы деңгейде біркелкі күйіне жеткенше араластырылады. Араластырғыш спирт қоюлығын автоматтық бақылау мен реттеу құралдарымен жабдықталған.
1-сурет. Ағынды көпсатылы араластырғыш.
Су-спирт қосындысын сүзу. Су-спирт қосындысын аздаған мөлшерде өлшенді бөлшектерден тазалап алу үшін оны сүзбеден өткізеді. Сүзбе материалы ретінде кварц құмы қолданылады. Сүзбе үдерісі құм сүзбелерінде жүзеге асырылады.
Сұрыптаманы сүзу сүзбеден жоғары орналасқан қысым багында орналасқан су-спирт қосындысы бағанының қысымымен өткізіледі. Сұрыптаманың кейбір өлшемді бөлшектерінің көлемі сүзбе материалының саңылаулар көлемінен кіші болғандықтан, сүзбенің (фильтрат) алғашқы порциялары лай болып шығады. Сүзу барысына қарай сүзбе материалында өлшемді бөлшектердің бір қабаты жиналады жəне одан кейінгі сүзбе мөлдір болып шығады. Сүзу барысында түскен тұнба қабатының биіктігі үлкейе береді, ол өз кезегінде үдеріс барысын тежейді, сондықтан сүзбе материалын арасына уақыт салып тұнбадан тазартып тұрады.
Сүзу төсемелерсіз тек кварц құмы арқылы жүзеге асырылатын бір- жəне екі ағынды сүзбелермен үздіксіз сүзу тəсілі едəуір басымдықтарға ие. Құм төгілмей сол сүзбеде жуылады. Бір ағынды сүзбеде сұрыптама жоғарыдан төмен қарай беріледі, ол түрлі көлемдегі бөлшектері бар үш қабат кварц құмынан өткізіледі. Екі ағынды сүзбеде су-спирт қосындысы екі лекпен беріледі - жоғарыдан төмен жəне төменнен жоғары қарай. Сүзбені іріктеу орталық дренаж құрылғысы арқылы жүргізіледі. Бір ағынды сүзбеде сүзу циклінің ұзақтығы 4-5 ай, екі ағынды сүзбеде - 7-8 ай.
Су-спирт қосындысын белсенді көмірмен өңдеу. Су-спирт қосындысын белсенді көмірмен өңдеу, оған жағымсыз иіс пен дəмін келтіретін қоспаларды жоюын қамтамасыз етеді. Белсенді көмірдің аса жоғары сіңіріп алу қасиеті жəне спирт пен оның қоспаларына қышқылдандыру əрекеті есебінен арақтың дегустациялық қасиеттерін əлдеқайда жақсартуға қол жеткізіледі. Арақ-ликер өндірісінде соңына қарай қыздырылған су буымен өңделетін, ауа тигізбей қайың мен шамшат ағашын шала күйдіріп алатын БАУ маркалы белсенді көмірін қолданады.
Белсенді көмірдің сіңіріп алу қасиеті, оның ішкі жағының жетілгендігін сипаттайтын кеуектігіне байланысты болады. Қазіргі таңда сұрыптаманы белсенді көмірмен өңдеу қарқынды тəсілмен немесе көмірдің өлшенген қабатында жүргізеді. Қарқынды тəсілмен өңдегенде белсенді көмірді құм сүзбесінен төменнен жоғары қарай шығатын су-спирт қосындысы келіп түсетін цилиндрлі бағанға салады. Бағандағы көмір қабатының биіктігі 4 м. Су-спирт қосындысының көмір бағандардан өту жылдамдығы көмірдің белсенділігіне қарай реттеледі. Су-спирт қосындысын көмірдің өлшенген қабатында өңдеу, сұрыптама ол арқылы тізбектеліп өтетін 3-4 контактордан тұратын үздіксіз істейтін қондырғыда өткізіледі. Контактор бөлшектерінің көлемі 0, 2-0, 4 мм белсенді көмір салынатын түбі конусты цилиндр ретінде берілген. Контакторға төменнен жоғары қарай 5-8 дм3 (м2 . с) жылдамдығымен сұрыптама беріледі, одан аппараттың ішінде турбуленттік қозғалыс пайда болады. Көмір қозғалмайтын күйден өлшенген күйге ауысады, оның орын алған көлемі ұлғаяды жəне көмірдің су-спирт қосындысымен өзара əрекет ету жағдайлары жақсара түседі. Белсенді көмірді пайдалану барысында оның сіңіру жəне қышқылдандыру қасиеттері төмендейді, сондықтан өңделген көмір уақыт салып регенерацияға - бағанда 110-1150 С температурасында су буымен термиялық өңдеуге ұшырайды. Көмірдің термиялық өңдеуінде десорбация - ұшу қасиеттері салдарынан көмірді жұтқан заттардан тазарту жүреді. Сондай-ақ, көмірді регенерация мақсатында бағанда 2000 С температурасында буландырады немесе реактордан шығарады жəне арнайы пештерде 800-9000 С температурасында шынықтырады.
Арақты сүзу. Сұрыптаманы белсенді көмірмен өңдеген соң ұсақ қоспалардан тазарту жəне қосындыны жылтыраған мөлдір күйіне дейін жеткізу үшін сүзеді. Егер сұрыптаманы қарқынды тəсіл арқылы белсенді көмірмен өңдейтін болса, сүзуін құм сүзбелері арқылы жүргізеді. Сұрыптаманы өлшенген күйде көмірмен өңдеген жағдайда, оны алдымен белсенді көмір немесе диатомиттің шайылатын қабаты бар сүзбелерде, одан кейін құм сүзбелерінде сүзеді.
Арақты стандарттық күштілігі мен құйылуына дейін жеткізу. Сүзілген арақ жинақтағышқа түседі, онда ол араластырылады жəне күштілігіне тексеріледі. Қажет болған жағдайда, оған спирт немесе суды қосып құйып талап етілген күштілігіне дейін жеткізіледі, мұқият араластырылады жəне қайтадан күштілігі анықталады. Стандарттық талаптарға сай келетін дайын арақ құйылуға жіберіледі.
Арақ этанол мен қосындылар құрамы бойынша белгіленген талаптарды қанағаттандыруы қажет.
2. 2 Жәй жіне ерекше арақтың ассортименті
Араққа ерекше дәм, хош иіс беру үшін оны адсорбциялық қасиеті жоғары, кеуекті активтендірілген көмірден өткізеді. Көмір арақтағы эфирлерден, альдегидтерден, сивухадан, қышқылдардан тазалайды. Арақты соңғы тазалау оны кврацты құм салынған сүзгіден өткізу арқылы жүргізіледі. Тазаланған, түссіз, мөлдір өнім ыдыстарға құйылады.
Жай арақтарға күштілігі 40% экстра, бидай, старорусская, юбилейная, және күштілігі 45% Сібірлік, Ленинградская арақтары жатады.
Ерекше арақтарды өндіру кезінде спирттің күйдіргіш дәнін жұмсартатын, дәмі мен исін жақсартатын, әртүрлі дәмдік және ароматты қоспалар қосылған арақтар жатады. Ассортименті: Русская, Посольская, Российская. Барлық түрлі арақтар түссіз, мөлдір, бөтен қоспаларсыз, тұнбасыз, бөтен дәм мен иіссіз болуы керек.
Ром - ром спиртінен әзірленетін күшті ішімдік. Ром спирті қант құрағының ашытылған шырынынан алынады. Ром өндіру үдерісі құрақ сабағын тураудан басталады. Суға араласып ұсақталған құрақтан тәтті шырын пайда болады. Ары қарай шырын сүзіледі. Содан соң құрамындағы артық судан арылу үшін және микробтарды жою үшін вакуум аппаратта қайнатылады. Мұның нәтижесінде шырын қою массаға айналады да ашытылады. Ол үшін арнаулы ыдысқа салынған шырынға, ашытқы және жұмсартылған ыстық су құйылады. Ашытылу мерзімі 20-25 тәулікке созылады. Бұдан ром спирт фракциялық аппарат арқылы бөлініп шығарылады. Бөлініп шыққан сұйықтың күштілігі 60%-дан төмен болмауға тиіс. Сапасы жоғары болу үшін спиртті еменнен жасалған ыдыста кемінде бір жыл сақтайды. Сақталу мерзімінен кейін оған арнайы дәм беру үшін күйдірілген қант қосады. Ром 45% спирттен және 2% қанттан тұрады.
Виски (ағылш. whіskey, whіsky) құрғақ арпа уытынан, қарабидай немесе жүгеріден жасалған ашытылған суслоны айдау арқылы алыған спирттік ішімдік (40-50 көлемдік % спирт) . Өзіне тән дәмі мен дақыл ароматымен және ашық қоңыр түсімен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz