Өндіріс шоттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 14.Тема 14.
Дәріс мақсаты:

Негізгі сұрақтары:
1. Ұлттық Шоттар - халықаралық тәжірибеде қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы
2. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі шоттарының жүйесі
3. Шоттар жүйесінің тұжырымдамасындағы салааралық баланс

1. Ұлттық Шоттар жүйесі дегеніміз - макроэкономикалық деңгейдегі үрдістерді сипаттайтын және зерттейтін, бүкіл әлемдік тәжірибеде қолданыс тапқан өзара байланысқан шоттар мен статистикалық кестелердің жиынтығы ретінде жайылған макроэкономикалық статистикалық моделі. Осы анықтаманы былай да айтуға болады: Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) - түпкі өніммен ұлттық табысты өндіруді, бөлуді, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. 1947 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық бюросы Ұлттық табысты өлшеу және ұлттық шоттарды ұйымдастыру атты баяндаманы жариялады. 1953 ж Р.Стоун бастамасымен бірқатар мамандар дамыған елдердің тәжірибесі негізінде Ұлттық есептерді жүргізу жүйесін жасады. Бұл жұйе талай мәрте қайта қаралған болатын. Соның негізінде 1968 ж. ол шығыстар мен өндіру кестелерімен, қаржылық есептермен толықтырылды; институтционалды секторлардың есебі орасан зор орын алды; нарықтық және нарықтық емес өндірістің айырмашылығы ажыратыла бастады және т.б. Сонымен, БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған ұлттық есептердің стандартты жүйесі 1953 жылдан бастап қолданылып келеді. Бұл жүйеге Қазақстан 1998 жылдан бастап көшті. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Ұлттық шоттар жүйесі 1993 жылғы ҰШЖ тұжырымдамаларына негізделген. Ол нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде тұрған елдің экономикасын ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.
Ұлттық шоттар жүйесінің мәні экономика салаларының ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы дамуының жинақтап қорытылған көрсеткіштерін есептеп шығаруға және осы көрсеткіштердің бір-бірімен өзара үйлесуіне саяды. Ұдайы өндірістің әрбір сатысына арнаулы шот немесе шоттар тобы сәйкес келеді. Осылайша, өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының қозғалысын, сондай-ақ өндіруден пайдалануға дейінгі қосылған құнды бақылап отыру мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтер шотын, өндіріс шотын, табыстарды бөлу және пайдалану шоттарын, жинақтау шоттарын есептеу жүзеге асырылған.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ұлттық шоттар жүйесі экономикалық ақпараттардың жалпы жүйесі мен экономикалық статистиканың маңызды бөлімі, сондай - ақ мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесі болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесі өндірісті ынталандыру, жұмыспен қамтуды көбейту, инфляция деңгейін төмендету және сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуде шаралар қабылдау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Ұлттық шоттар жүйесі барлық экономиаклық ағымдағы мектептер мен бағыттардағы экономистердің, статистиктердің, мемлекеттік іскер адамдардың, саясатшылардың, әлеуметтанушылардың, қаржыгерлердің, дипломаттардың және т.б. мәлімдемелерінің жан - жақты экономикалық - статистикалық тілі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Ұлттық Шоттар Жүйесінің пайда болуы, негізгі екі бағытта зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Ұлттық табыстың статистикасы, оның мақсаты экономикалық дамудың қорытынды көрсеткішінің өлшемі және экономикалық өзара тәуелділікті анықтау мақсатындағы экономикалық кезеңдік талдау саласы. Сол себептен Ұлттық Шоттар Жүйесі мыналарға қолданылады: 1. Экономикалық дамудың қорытынды көрсеткіштерін есептеу 2. Экономикалық саясаттың экономикалық процестерге тигізетін әсерін зерттеу.
1992 жылы Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың талабына сай халықаралық тәжірибеде қабылданған есеп және статистика жүйесіне көшудің мемлекеттік бағдарлмасы жүзеге асырыла бастап, ұлттық шоттар жүйесіне көшу даярлығы бастау алды. Бұл жұмыстың бірінші сатысы - ұлттық шоттардың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі - жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеуден басталды.
Ұлттық Шоттар Жүйесі экономиканы өзара экономикалық операциялар арқылы байланыстыратын институционалдық бірліктер түрінде көрсетеді. Институционалды бірліктер- бұл өз еркімен дербес шешім қабылдай алатын шаруашылық субъектілері. Олар өздерінің атынан активтрге ие бола алады, міндеттеме қабылдайды, экономикалық іс - әрекеттер жүргізеді және басқа бірліктермен операцияларды жүзеге асырады. Заңды тұлғалар ( мысалы, кәсіпорындар, банктер, басқару органдары) және үй шаруашылығы түрі ретіндегі жеке тұлғалар институционалдық бірліктерге жатады. Экономикалық операциялар арқылы бірліктер бір - бірімен байланысты болады.
Егер заңды және жеке тұлғаларды экономикалық мүддесі елдің экономикалық аумағымен байланысты болса, онда олар елдің резиденттері болып саналады.
Экономикалық аумақ - бұл адамдарға заттар мен қызметтердің айналымына еркіндік тудыратын ел үкіметінің әкімшілік басқаруындағы аумақ.
Резидент еместерге, осы елге бір жылға дейінгі мерзімге адамдар, шетелдік өкілеттер және басқа елдің әскери бөлімше құрамдары жатады. Шетелдік инвестициялық кәсіпорындар, шетелдік кәсіпорындардың филиалдары да резиденттерге жатады.
Ұлттық экономика резиденттердің іс - әрекеттерін қай мекенде, тұрған жеріне байланыссыз қамтиды. Резиденттер мен резидент еместердің осы ел аумағындағы іс - әрекеттерін ішкі экономика қамтиды.
Ұлттық шоттар жүйесінде институционалдық бірліктерді секторлары бойынша топтастыру және экономикалық операцияларды топтастыру жүзеге асырылады.
Экономиканы секторлар бойынша топтастыру кірістер мен шығыстардың қаржылық активтер мен пассивтер ағымдарын зерттеу мақсатында жасалады. Мұнда топтастыру үшін классификациялық бірлік болып институционалдық бірлік алынады.
Сала - бұл мекемелер жиынтығы, белгілі бір мекенде өндірістік жұмыстың бір түрімен айналысатын кәсіпорындар немесе олардың бөлімі, сондай - ақ олардың негізгі жұмыс үлесіне өндірудің (шығарудың) үлкен бөлігі тиетін объекті. Сала құрамына нарықты және нарықсыз қызметтерді өндіретін мекемелер де кіреді.
Ұлттық есеп жүйесінің агрегаттар деп аталатын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері бар. Олар елдің экономикалық жағдайын толығымен көрсетеді. Тұтастай алғанда, Ұлттық Шоттар Жүйесінің барлық көрсеткіштер жүйесі өндірілген ұлттық (ішкі) өнімнің көлемін және оның уақыттың әр түрлі кезеңінде өсу қарқынын сипаттауға мүмкіндік береді; оның қолдану құрылымы және табыстарды бөлу процесі, экономиканың салалық жеке секторлар мен салалардың жағдайы; салааралық баланстар; халықтың ақырғы тұтынушыларының көлемі мен құрылымы; инвестициялық процестер; мемлекеттің қаржы жүйесінің және сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы; халықаралық салыстыруларда жеке елдердің экономикалық дамуының деңгейі.
2. Ұлттық Шоттар Жүйесінің схемасы қорытындылаушы көрсеткіштер арқылы экономиканың дамуын ұдайы өндіріс процестерінің әр түрлі сатысында көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіштер өзара байланысты болады. Ұдайы өндіріс процесінің әр сатысы арнайы шотпен немесе шот топтарымен жазылуы мүмкін.
ҰШЖ-де шоттар мынадай топтарға ажыратылады:
экономика секторлары;
экономика салалары;
жеке экономикалық операциялар;
тұтас экономикада шоттарды біріктіру.
Ұлттық Шоттар Жүүйесінің шоттары институционалдық бірліктердің іске асырған экономикалық операцияларын көрсетеді. Сондықтан олар жеке операцияларды тіркемейді. Тұтас шоттарда өндіріс процесінің барлық сатылары арқылы заттар мен қызметтердің жан - жақты қозғалысы есепке алынады.
Өз нысаны бойынша Ұлттық Шоттар Жүйесінің шоттары бухгалтерлік есеп шоттарын еске түсіреді. Олардың ресурстық бөлігі және қолддану бөлігі бар. Кейбір шоттар баланстық әдіспен теңестіріледі, яғни бұл шоттарда теңестірілетін баптар ресурстар бөлігіндегі жазулар мен қолдану бөлігіндегі жазулар жиынтығының арасындағы айырмашылығы ретінде есептелінеді. Басқа шоттар анықтаулары бойынша теңестіріледі. Бұл - ресурс бөлігіндегі және қолдану бөлігіндегі жазулар арасында тепе - теңдік бар дегенді білдіреді. Мұндай шоттарға заттар мен қызметтер шоттары жатады. Ресурстар бөлігіне заттар шығару және заттар мен қызметтер импорты жатады, ал қолдану бөлігіне тұтынуға арналған өнім көлемі (аралық және ақырғы) кіреді, негізгі және айналмалы капиталдың қорлануына экспортқа шығарылған өнімдер көлемі көрсетіледі. Шоттардың әр бөлігі өздігінен, өздерінің статистикалық ақпараттар ағымы негізінде қалыптасады.

1-кесте. Заттар мен қызметтер шоты
Қолдану
Ресурстар
4. Аралық тұтыну
1. Жалпы шығару (өндіру)
5.Ақырғы тұтыну
2. Импорт
6. Жалпы қорлану
3. Өнімдерге салынатын таза салық
7. Экспорт
Ресурстар қорытындысы
Қолданылғандар, барлығы (4+5+6+7)

Ұлттық Шоттар Жүйесінің негізгі ағымдағы шоттарының ішіндегі біріншісі өндіріс шоты болып табылады және көбінесе барлық келесі шоттардың тізілуін анықтайды. Бұл шо өндіріс нәтижелерін зерттеуге арналған және тұтастай экономика үшін, сонымен бірге секторлар мен салалар үшін жасалынады. Ресурстар бөлігінде өндіріс шоттарында заттар мен қызметтерді шығарудың (өндірудің) мөлшері жазылады, сондай - ақ нарықтық және нарықтан тыс шығарудың бөлек көрсетілуі де мүмкін. Қолдану бөлігінде заттар мен қызметердің аралық тұтынылуы көрсетіледі. Теңестірілетін бап жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) болып табылады және ол шығару мен аралық тұтынудың айырмашылығы түрінде анықталады.

2-кесте. Өндіріс шоттары
2. Аралық тұтыну
1. Жалпы шығару
3. Жалпы қосылған құн (1-2)

Жалпы ішкі өнім тұтастай экономика деңгейінде теңестірілетін бап болып табылады.
Ең жалпы мағынада экономиканың барлық секторлары мен салаларының жалпы қосылған құны жалпы ішкі өнімге тең. Тәжірибеде жалпы қосылған құн және жалпы ішкі өнім бағасындағы ерекшеліктеріне байланысты олардың арасындағы қатынас былай жазылады:
Σ жққ + N-S= ЖІӨ
Мұнда Σ жққ - экономиканың барлық секторларындағы, негізгі бағадағы жалпы қосылған құнның жиынтығы;
N - өнімге салынған барлық салықтың жиынтығы;
S - өнімдер субсидиясының жиынтығы.
Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есебін, жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді және оны ЖҰӨ дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы=атаулы ЖҰӨнақты ЖҰӨ
ЖҰӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымын қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. қамтиды.

3 - кесте. Өндіріс бойынша Жалпы ішкі өнім 2014-02019 жылдың орташа жылдық
бағаларында динамикасы

ЖІӨ 2019 жылдың орташа жылдық бағаларында,
млрд. теңге

тегістеуге дейін
тегістеуге кейін
1 тоқсан
1 822,5
1 847,0
2 тоқсан
1 845,1
1 862,5
3 тоқсан
1 937,7
1 916,3
4 тоқсан
1 985,4
1 962,9
2014
7 590,6
7 588,8
1 тоқсан
1 966,6
1 992,9
2 тоқсан
2 057,4
2 076,0
3 тоқсан
2 170,4
2 148,9
4 тоқсан
2 208,4
2 181,4
2015
8 402,8
8 399,1
1 тоқсан
2 195,8
2 226,0
2 тоқсан
2 263,6
2 282,5
3 тоқсан
2 347,4
2 327,8
4 тоқсан
2 347,4
2 315,4
2016
9 154,3
9 151,7
1 тоқсан
2 349,8
2 382,7
2 тоқсан
2 377,5
2 396,6
3 тоқсан
2 344,4
2 326,8
4 тоқсан
2 386,2
2 352,9
2017
9 457,9
9 459,1
1 тоқсан
2 302,1
2 334,4
2 тоқсан
2 309,3
2 326,5
3 тоқсан
2 331,7
2 316,0
4 тоқсан
2 628,6
2 591,6
2018
9 571,7
9 568,5
1 тоқсан
2 481,1
2 515,2
2 тоқсан
2 507,5
2 525,9
2019
4 988,5
5 041,2

Ескерту: Мәлiметтердiң соңғы жаңартуының датасы - 2010 жылдың 30 қыркүйек.

ЖҰӨді есептеудің екі әдісі бар:
1. Шығындар ағымы арқылы (Елдегі жасалған өнімге шығындарсапасы бойынша).
ЖҰӨ=C+I+G+NX
Мұндағы: С - тұтыну
І - инвестициялар
G - мемлекеттік сатып алу
NX - таза экспорт

2. Табыстар ағымы арқылы (Өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстар сапасы бойынша). Егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз, яғни,

ЖҰӨ = жалақы, еңбекақы + жеке меншіктен түскен табыс + ренталық төлемдер + корпорация пайдасы + несиенің пайызы - мемлекеттік кәсіпорындардың субсидиялары + жанама салықтар, салықтық емес міндеттемелер және жеке кәсіпкер төлейтін трансферттік төлемдер + капиталды тұтынғаны үшін төлем.

Табыстардың құрылу шоты, резидент өндірушілердің өндіріс мүшелеріне төлеген бастапқы табыстарын көрсетеді. Ресурстар бөлігінде жалпы қосылған құнның мөлшері жазылады. Бұл мөлшер өндіріс шотынан келіп түседі.
Табыстардың құрылу шотының теңестірілетін бабына пайда немесе аралас табыс жатады. Пайда дегеніміз, өндірушілердің қолында қалатын қосылған құнның жұмысшыларға төленетін еңбекақы және импорт пен өндіріске салынатын салықтарды алып тастағандағы қалатын бөлігі. Жалпы пайдадан негізгі капиталдың тұтынуын алып тастағанда таза пайда мөлшері шығады.
Берілген шот қосылған құн өндіретін секторларда пайда болған табыстардың, бастапқы табыс түрінде басқа секторларға - алушыларға қалай түсетіндігін көрсетеді.
Ресурстар бөлігінде резиденттердің алатын бастапқы табыстардың негізгі түрлері көрсетіледі. Олар : еңбекақы төлеу түрінде, пайда және аралас табыс, мемлекеттің өндіріске және импортқа салған салықтарынан түскен табыстар, сондай - ақ жеке меншіктен түскен табыстар.
Қолдану бөлігінде жеке меншіктен түскен, төленген табыстар көрсетіледі.
Берлген шоттың теңестірілетін бабы алынған және төленген бастапқы табыстардың айырмасы ретінде анықталатын бастапқы табыстар қалдығы болып табылады.
Жалпы Ұлттық Табыс (ЖҰТ) тұтас экономика деңгейінде бастапқы табыстарды бөлу шотының теңестірілетін бабы болып табылады. ЖҰТ дегеніміз, елдегі резидентердің бастапқы табыстарының жиынтығы. Жалпы атауы берілген көрсеткіште негізгі капиталдың тұтыну мөлшерін алып тастағанға дейін есептелгендігін көрсетеді.
Табыстарды қайта бөлу шоты қайта бөлінетін төлемдер (трансферттер) көмегімен секторлардың бастапқы табыстарының қолда бар табысқа айналатынын көрсетеді.
Теңестірілетін бап қолда бар табыс болып табылады. Жалпы негізде есептелген жағдайда экономиканың барлық секторларынан алынған қолда бар табыстың жиынтығы жалпы ұлттық қолда бар табысқа тең болады.
Ұлттық Шоттар Жүйесінің келесі ағымдағы шоты- қолда бар табысты қолдану шоты - ол экономика секторлары өздерінің қолда бар табыстарын ақырғы тұтыну шығыстары мен жинақ ақша арасында қалай қолданатыны көрсетеді.
Ресурстар бөлігінде табыстарды қайта бөлу шотынан аударылған қолда бар табыстың мөлшері көрсетіледі. Қолдану бөлігінде үй шаруашылығына қызмет көрсететін мемлекеттік басқару органдарының, үй шаруашылықтарының және коммерциялық емес ұйымдардың ақырғы тұтынуға жұмсалған шығыстары көрсетіледі.
Жинақ - шоттың теңестірілетін бабы, ол заттар мен қызметтердің ақырғы тұтынуына жұмсалмаған институционалдық бірліктерінің қолда бар табыстарының бөлігі.
Тұтас экономика деңгейінде ұлттық жинақ берілген шоттың теңестірілетін бабы бола алады. Ол экономиканың барлық секторы бойынша жинақтар мөлшерінің жиынтығы ретінде есептеледі немесе ұлттық қолда бар табыс пен үй шаруашылықтарының, мемлекеттік басқару органдарның және үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдарының ақырғы тұтынуға кеткен шығындарының айырмасы ретінде есептелуі мүмкін.
Жүйе ағымдағы кезеңде ұлттық байлықтың және оны құрайтын мөлшерлерінің өзгеруін көрсететін баланстық кесте құрымен аяқталады, сондай - ақ экономика салаларының арасындағы өзара байланыстар мен тәуелділіктерді байқауға мүмкіндік беретін салааралық баланс құрылады.

3. Халықаралық тәжірибеде қабылданған жаңа негіздегі есеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік шоттары
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Бухгалтерлік есепшоттарының жіктелуі мен жоспары
Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен өндірістік шығындардың жіктелуі
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Кәсіпорындағы меншікті капитал
Өндірістік шығындар есебі
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Пәндер