Есімдіктің септелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Изображение выглядит как текст, коллекция картинок Автоматически созданное описание Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан коммерциялық емес акционерлік қоғамы

<Филология>факультеті

<Қазақ тілі мен әдебиеті>кафедрасы

Жеке жұмыс

Тақырыбы:Есімдік туралы жалпы шолу

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі ; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. [1]

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар ( сіз, біз, сендер, сіздер ) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер. Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады . Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері; септеліп : өзімнің түрінде қолданылады. Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар ( бар адам ), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. [3]

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады. Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады ( ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б. ) .

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т. б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т. б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе - бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі - затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше; Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан; әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кім деген сөздер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз есімдіктерімен тіркескенде бірге жазылады: әлдебіреу, әркім, біраз, әрқалай, т. б.

Басқа сөз таптарымен тіркескенде бөлек жазылады: кей күні, бір бала, әр адам, т. б.

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімде-кім, әркім, әрне, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалып, сөйлемде бастауыш болады. Әркім (кім?) өз ойымен отыр. Әрқайсысы (кім?) әртүрлі пікір айтты.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір есімдіктері сын есім орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш болады. Кейбір (қай?) оқиға еш ұмытылмайды. Әрбір (қай?) адам өзі үшін жауап береді. Бірнеше (қанша?) оқушы әңгімелесіп тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері үстеу мәнінде жұмсалып, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан (қашан?) шындықты айту керек. Әлдеқайдан (қайдан?) бір дыбыс естілді.

Есімдіктер - есім сөздердің орнына жүретін сөз табы болғандықтан, көптеліп те, жіктеліп те, тәуелденіп те, септеліп те қолданылады.

Есімдіктің септелуі

Атау
мен
сен
ол
бұл
ешкім
бәрі
Атау: Ілік
мен: менің
сен: сенің
ол: оның
бұл: бұның
ешкім: ешкімнің
бәрі: бәрінің
Атау: Барыс
мен: маған
сен: саған
ол: оған
бұл: бұған
ешкім: ешкімге
бәрі: бәріне
Атау: Табыс
мен: мені
сен: сені
ол: оны
бұл: бұны
ешкім: ешкімді
бәрі: бәрін
Атау: Жатыс
мен: менде
сен: сенде
ол: онда
бұл: бұнда
ешкім: ешкімде
бәрі: бәрінде
Атау: Шығыс
мен: менен
сен: сенен
ол: одан (онан)
бұл: бұдан
ешкім: ешкімнен
бәрі: бәрінен
Атау: Көмектес
мен: менімен
сен: сенімен
ол: онымен
бұл: бұнымен
ешкім: ешкіммен
бәрі: бәрімен

Есімдіктің тәуелденуі

ол
бұл
мынау
кім
өз
: Менің
ол: оным
бұл: бұным
мынау: мынауым
кім: кімім
өз: өзім
: Сенің
ол: оның
бұл: бұның
мынау: мынауың
кім: кімің
өз: өзің
: Сіздің
ол: оныңыз
бұл: бұныңыз
мынау: мынауыңыз
кім: кіміңіз
өз: өзіңіз
: Оның
ол: онысы
бұл: бұнысы
мынау: мынауы
кім: кімі
өз: өзі
: Біздің
ол: онымыз
бұл: бұнымыз
мынау: мынауымыз
кім: кіміміз
өз: өзіміз
: Сендердің
ол: оларың
бұл: бұларың
мынау: мынауларың
кім: кімдерің
өз: өздерің
: Сіздердің
ол: оларыңыз
бұл: бұларыңыз
мынау: мынауларыңыз
кім: кімдеріңіз
өз: өздеріңіз
: Олардың
ол: олары (онысы)
бұл: бұнысы
мынау: мынауы
кім: кімдері
өз: өздері
:
ол:
бұл:
мынау:
кім:
өз:

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, н , дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н -ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады; 4) барыс септік жуанданып, л, н , түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

Үлгі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Есімдікті тіркестер
Есімдіктің граматикалық ерекшелігі мен мағыналық тобы
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Армян тілі
Етістіктің жақ категориясы
Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz