Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

“Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында. ”

Н. Ә. Назарбаев

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18-қазан, 1986 ж. ) «Ынтымақтастық педагогика», екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж. ) «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (19-наурыз, 1988 ж. ) «Жаңарту әдістемесі» және төртінші кездесуінде (18-қазан, 1988 ж. ) «Жаңа мектепке кіреміз» тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап өткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін-өзі талдау.

Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалімдер емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады.

Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.

Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы -құлық педагогикасы - даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .

Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім.

Елімізде қазіргі кезеңде білім берудің жаңа ұлттық жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жұмыстар іске асырылуда. Бұл оқытутеориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі жаңашылдыққа байланысты болып отыр:білім беру парадигмасын өзгергтіп, білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым -- қатынас пайда болды.

Білім беру сласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеріп, заман талабына сай қолдана білу.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін менгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге Дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Диплом жұмысының өзектілігі . Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады. Осындай әдістердің бірі-конструкциялық технология арқылы оқыту әдісі. Конструкциялық технология нәтижесінде қатысушылар тірек-сызбалар, көрнекілік, көмек-нұсқаулар арқылы ұжым болып бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді.

Диплом жұмысының мақсаты: Орта мектептің химия курсын оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Химияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдыққызығушылығын және білім сапасын арттыру;
  • Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;
  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үдемдеу және химияны оқытуда тиімді пайдалану.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда қолданылатын химиялық және биологиялық түсініктер мен ұғымдар.

Зерттеудің ғылыми әдістері, экспериментті жүргізу жолдары, орындалу кезеңдері:

  • Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау әдістері қолданылды.
  • «Білім туралы» заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.
  • Бірінші кезеңде, зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми аппарат айқындалды.
  • Екінші кезеңде, жинақталған теориялық және деректі материалдарға жүйелі талдау беріліп, басқа да ғылымдар салаларында жарық көрген еңбектерді зерттеп, талдау жұмысы жалғастырылды.
  • Үшінші кезеңде, эксперименттік - тәжірибе жұмыстарының нәтижелері жүйелі талқыланып, тұтас педагогикалық үрдісте байқаудан өтіп, ой елегінен өткізілді және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Ғылыми жаңалығы:

  • 1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде химия сабақтарының атқаратын қызметі, көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді.
  • 2. Биология пәнінің оқушылардың дүниетанымын дамытудағы және шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы ролі айқындалды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан және қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалдарын игеру үдерісінде оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекеті үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесі. Оқыту әдістері оқу тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталадырушы және бақылау тұзетушілік қызметтерді атқарады. Әдістердің әрбір негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын, жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен ақпаратты практика жүзінде өолдана білуге негізделгендіктен оқыту әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік әдістерін оқу материалын көру арқылы беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация, демонстрация), оқу ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін (жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек ірекеті) жатқызуға болады. Білімдену процессінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді. Оқу әдісі- білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысын мен шәкірттің оқып үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді.

1. 2 Оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері

Белсенді оқыту- қазіргі педогогикалық ізденістерді негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әртүрлі уақытта әртүрлі авторлар мен өте жиі өойылып отырады.

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. В. Я. Ляодистің берген анықтамасы бойынша: Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады. Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

  • Жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, әскерлік ойындар, кәсіатік жағдаятты талдау, тренинг;
  • Білім іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, миға шабуыл, оқу пікірталасы, кейс стади, өзіндік жұмыс.

Оқудың белсенді оқыту әдістері белгілі оқу (дидактика) құрал-жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары- білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқыту құрал-жабдықтары түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқыту және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т. б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші жағдаяттардың бәрін түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдыөтарын құрайды.

Оқытудың белсенді әдістері (ОБӘ) - бұл білім алушылардың оқу процесіне жоғары деңгейде қосылуымен сипатталатын, олардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыруға негізделген қызмет.

ОБӘ-нің айрықша ерекшеліктері:

Оқушының қалауына қарамастан белсенді болуға мәжбүр болған кезде оның ойлау қабілетін мақсатты түрде жандандыру;

оқушыларды тарту үшін айтарлықтай ұзақ уақыт

оқыту процесі, өйткені олардың белсенділігі қысқа мерзімді немесе эпизодтық болмауы керек, айтарлықтай тұрақты және ұзақ болуы керек (яғни, бүкіл сабақ барысында) ;

шешімдердің өзіндік шығармашылық дамуы, студенттердің мотивациясы мен эмоционалдылығын жоғарылату;

интерактивті сипаты (ағылш. interaction-өзара іс-қимыл), яғни тікелей және кері байланыс арқылы оқу қызметі субъектілерінің (білім алушылар мен оқытушылардың) өзара іс-қимылын шешу жолдары туралы еркін пікір алмасу.

ОБӘ теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлес қосқан: М. М. Бирштейн, Т. П. Тимофеевский, Р. Ф. Жуков, И. Г. Абрамова, Ю. С. Арутюнов, Б. Н. Герасимов, В. Ф. Комаров, А. Л. Лифшиц, А. П. Панфилов, В. Я. Платов, Ю. М. Порховник, В. И. Рыбальский, А. М. Смолкин, И. М. Сыроежин, А. В. Хуторской және т. б.

80-жылы Ленинград инженерлік-экономикалық институтында (ЛИЭИ) өткізілген әлемдегі алғашқы іскерлік ойынның авторы, М. М. Бирштейннің бастамасымен, КСРО іскерлік ойындарының каталогтары шығарыла бастады және алғаш рет белсенді оқыту әдістерін және оларды қолдану салаларын жіктеуге әрекет жасалды.

Негіз ретінде ұсынылған ОБӘ жүйесіндегі жіктеу ерекшелігі-Имитациялық қызметтің болуы.

Имитациялық емес боә пайдалана отырып өткізілетін сабақтарға тән белгі зерттелетін процесс немесе қызмет моделінің болмауы.

Оқытуды жандандыру тікелей және кері байланыс арқылы оқытушылар мен білім алушылар арасында (тыңдаулар) жүзеге асырылады.

Модельдеу әдістерінің ерекшелігі - оларды бөлуде. Сабақтың түрлері бойынша негізгі белсенді оқыту әдістерін сипаттайық.

Еліктеу ойынына мыналар жатады: іскерлік ойын, рөлдік ойын, ойынды жобалау, ойын әрекеттері машина модельдері.

Іскери ойын (ІО) - туындаған мәселелерді зерттеу және шешу мақсатында әлеуметтік-экономикалық жүйелерді және шартты жағдайдағы адамдардың кәсіби қызметін басқару процестерін модельдеу.

Арнайы әдебиеттерді талдау қазіргі кезде «бизнес ойыны» тұжырымдамасын бір мағыналы және жалпыға бірдей түсіндіру уақыты әлі қалыптаспағандығын көрсетеді. Сондықтан бұл анықтама, біздің ойымызша жалпы, қысқа, және оның ішінде іскерлік ойынның ең маңызды сипаттамалары қамтылған қазіргі заманғы түсінік.

М. М. Бирштейн іскерлік ойын тұжырымдамасын анықтауға арналған түрлі тәсілдерді талдай отырып: «Толық анықтама, сөзсіз, жасалады, іскерлік ойындар шеңберін белгілеу, оларды оқытудың басқа белсенді әдістерінен, мысалы, ситуациялық тапсырмалар әдісі, рөлдік ойын әдісі, тақырыптық пікірталастар, топтық консультациялар және мұғалімдермен және серіктестермен студенттердің диалогтық байланысының басқа нұсқаларын анықтауға көмектеседі » деді.

М. М. Бирштейн іскер ойындар егжей-тегжейлі анықтамалар мен олардың бірқата рсипаттамаларын қамтуы керек де атап өтті. Ең алдымен, « . . . іскерлік ойын - бұл шығармашылықты дамыту құралы, кәсіби ойлау. Оның барысында адам нақты жағдайларды талдау және жаңа шешімдерді қабылдау қабілетіне ие болады

Іскери ойын өте нақты өндірістік жағдайларды, іс-әрекеттерді және қатынастарды имитациялайды. Оған қатысушылар ойын мақсатына емес, когнитивтік мақсатқа (дәлірек айтсақ, өзін-өзі тәрбиелеуге) басымдық беруі керек. Қатысушылардың ойын ережелерін сақтауы және кәсіби нормаларды ұстануы әрқайсысына берілген рөл шеңберінде жеке және бірлескен шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады. Соңында, қатысушылар проблемалық жағдайларды бір-бірімен сөйлесу арқылы шешеді ».

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз 10 міндетті белгілерін анықтаймыз:

  • · әлеуметтік-экономикалық басқару проблемаларының болуы

немесе әлеуметтік-психологиялық жүйе;

  • · бүкіл ойын құрамы үшін ортақ мақсаттардың болуы;
  • · әр түрлі рөлдердің болуы және оларға сәйкес айырмашылық

осы рөлдерге тағайындалған қатысушылардың мүдделері (қақтығыстары) ;

  • · жүйені толық ресімдеудің мүмкін еместігі, көптеген факторлардың ықтималдық сипатын ескере отырып, жағдайдағы белгісіздіктің болуы және соған сүйене отырып, ойын модельдеуінің болуы
  • қарастырылып отырған процестің модельдері;
  • · нақты немесе шартты уақыт факторының болуы;
  • уақыттың сәттері және жағдайдың өзгеруіне кейінгі, яғни «шешімдер тізбегінің» болуына әсер ету;
  • · ойын қызметінің нәтижелерін бағалау жүйесінің болуы;
  • · ойынға қатысушылардың әрқайсысының жетістікке жетуіне қосқан жеке үлесін объективті бағалайтын қатысушылар үшін мотивация жүйесінің болуы
  • жалпы мақсат, ұжым қызметінің жалпы нәтижесі;
  • · көп баламалы шешімдер;
  • · іскерлік ойынға қажетті минималды қажетті және жеткілікті құжаттық қолдау;
  • · басқарылатын эмоционалды стресстің болуы.

Ойынға қатысушылардың іс-әрекетін бағалауды мамандар қатаң немесе аралас әдісті қолдана отырып жасай алады. Бірінші әдіс ойыншылардың іс-әрекетін бағалауды іскерлік ойынның басшысы немесе сарапшылар тобы тәжірибе, ақыл-ой, интуиция негізінде беретіндігімен сипатталады. Қатаң бағалау әдісі формальды әрекеттермен сипатталады, негізінен есептеулер. Біріктірілген әдіс сарапшының үйлесімділігін қамтамасыз етеді және рәсімделеді.

Ойын модельдеуді дамыту барысында жаңа ойын сабақтары пайда болды. Оларды тиімді қолдану аясы өте кең: білім беру қызметінен бастап нақты іс-әрекеттегі басқару шешімдерін эксперименттік апробацияға дейін. Кәсіптік ойын жүргізудің негізгі мақсаты - ақиқатқа жақындатылған жағдайда шешім қабылдауға мүмкіндік беру.

Оқытудың белсенді әдістерінің түрін таңдау бойынша ұсыныстар

Сабақтың тиімділігі көбіне оқытудың әдістері мен құралдарының қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестік деңгейімен анықталады. Білім беру процесінің кез-келген кезеңінде қолдануға болатын ОБӘ бірнеше түрлері бар. Бұл жағдайда әдістер біріктіріліп қана қоймай, бір-бірімен ажырамас байланыста бола алады.

Мұғалімнің оқыту әдісін таңдауы бірқатар аспектілермен анықталуы керек: перцептивті, гностикалық, логикалық, мотивациялық, бақылау, бағалау және т. б., сонымен қатар ұйымның кеңістіктік, уақыттық және технологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Әр түрлі оқу процесінің оқыту формалары, оның материалдық-техникалық талаптарымен сәйкес болуы керек. Сондықтан, оқытудың белсенді әдістерін таңдағанда, бірнеше өлшемдерді басшылыққа алу ұсынылады, атап айтқанда:

  • оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, принциптеріне сәйкестігі;
  • зерттелген тақырыптың мазмұнына сәйкестігі;
  • тыңдаушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестік: жас, психологиялық даму, білім мен тәрбие деңгейі және т. б.
  • оқытуға бөлінген шарттар мен уақыттың сақталуы;
  • Мұғалімнің мүмкіндіктеріне сәйкестігі: оның тәжірибесі, тілектері, кәсіби шеберлік деңгейі, жеке қасиеттері.

Әрине, ең үлкен нәтижеге жетү үшін, мұғалім алдына қоятын міндеттеріне сәйкес әр түрлі оқыту әдістерін, тапсырмаларды таңдауға жүйелік түрде жанасу керек.

Осы тапсырмаларды топтарға бөліп қарастырайық,

Тапсырмалардың бірінші тобы - аудиторияға оқу қажеттілігін жеткізу. Бұл мәселені шешу үшін, атап айтқанда, білімді кірісті бақылау (тестілеу) бағдарламаланған оқыту құралдары мен әдістерін қолдана отырып жүргізіледі. Сонымен бірге, тыңдаушы өз білімінің жеткіліксіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік алады, ал оқытушы - өз бағдарламасын осы контингенттің білім деңгейіне сәйкес нақтылауға.

Тапсырмалардың екінші тобы білім беру материалдарын дұрыс ұсыну барысында туындайды, және бұл жерде пәнге қызығушылықты ояту, студенттер оқып жатқан материалдың практикалық құндылығына сендіру, олардың білімді шығармашылықпен қабылдауға және игеруге ықпал ететін оқу-танымдық (бұл жағдайда ақыл-ой) белсенділігін арттыру маңызды. Ол үшін әртүрлі техникалар мен әдістер қолданылады, мысалы проблемалық оқыту, case-study, ойын әдістері.

Үшінші топтың міндеттері - сұрақтарды жою, қате идеяларды анықтау, зерттелген материалды дұрыс түсіндіру және сол арқылы оның практикада дұрыс қолданылуынна жағдай тудыру. Ол үшін топтық консультациялар, бағдарламаланған консультациялар (бағдарламаланған оқыту әдістемесі мен әдістерін қолдана отырып) ұйымдастырылады.

Тапсырмалардың төртінші тобының мақсаты - алған білімдерін бекіту, оларды іс жүзінде қолдану дағдылары мен дағдыларын дамыту (жетілдіру) . Мұнда ең үлкен әсерге нақты материалдарды (есептер, жоспарлар, нұсқаулар және т. б. ) талдау, талқылау, нақты жағдайларды талдау, типтік мәселелерді шешу арқылы қол жеткізіледі

Оқу процесінің тапсырмаларының бесінші тобының міндеті алынған білім мен дағдыларды іс жүзінде қолдануға бағытталған қадамдар жасау, білім беру бағдарламасында көзделген құзыреттіліктің қалыптасу дәрежесін тексеру. Бұл үшін тиімді әдістер -мәселерді шешу, соңғы іскери ойындарды өткізу.

Аталған оқыту әдістерін жүйелі түрде таңдау олардың әрқайсысы, бір жағынан, оқу үдерісінде болатын белгілі бір мәселені шешуге мүмкіндік бересе, екінші жағынан ол басқа әдістерді толықтыруына негізделеді.

ОБӘ-нің нақты түрін таңдау үшін, оны әзірлеу және қолдану процесінде туындайтын ұйымдастырушылық және мазмұндық қиындықтарын ескеру мүмкіндіктерін және сонымен қатар білім беру процесін жүзеге асырудың шарттарын қарастырамыз.

ОБӘ типін таңдауды негіздеу үшін біз олардың кейбір, атап айтқанда, солардың дамуы мен қолданылу ерекшеліктерін қарастырамыз, олар көбінесе экономика және басқару пәндерін оқытуда қолданылады.

Проблемалық дәріс . Әрине, дәріс кәсіптік оқытудың ежелгі әдістерінің бірі, сондықтан дәстүрлі болып саналады. Дәріс белгілі бір уақыт аралығында көптеген оқу материалдарын ұсынуға мүмкіндік береді, сонымен бірге көптеген идеяларды дамытып, барлық қажетті екпіндерді орналастырады. Алайда дәстүрлі дәрістің тыңдаушылары пассивті қатысушылар болып табылады, сондықтан лекторда олармен кері байланыс жетіспейді, бұл материалдың қабылдану дәрежесін бақылауға және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кезде мұғалімдер көбірек проблемалық дәріске жүгініп, белгілі бір уақыт аралығында үлкен көлемде ақпарат беріп қана қоймай, жауап беруге мүмкіндік беретін қосымша сұрақтар қоюға, стандартты емес мәселені шешу, топтық пікірталас жүргізуге мүмкіндік алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшелігі
Тұтас педагогиканың процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құрлымдардың жүйесі
Тұтас педагогикалық процесс
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Баланың тәрбиесі мен қалыптасуын сипаттау
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz