ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1 ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... . 5
1.1 Орта мектепте химия курсында есептердің рөлі мен 5
маңызы ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Химия пәні бойынша есептердің ғылыми-әдістемелік жүйесінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.3 Олимпиадалық есептер және оларды химияны оқытуда 29
пайдалану ... ... ... ...
1.4 Химия пәнінен есептерді шығаруға оқушыларды үйрету үшін болашақ
мұғалімдерді дайындаудың әдістемелік 33
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 ХИМИЯ ПӘНІНЕН САНДЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... 37
2.1 Химия пәнінен жаңа оқулық бойынша есеп шығару элективті курсының
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2Қызықты химия есептері есептер жинағының әдістемелік 50
нұсқауы ... ... ...
2.3 Алынған нәтижелерді 59
сараптау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Орта мектепте оқушыларға білім беру, танымдақ-
қызығушылық әрекетін дамыту міндеттері оқу жұмысын ұйымдастырудың сан алуан
формаларында түрлі әдістер мен оқу құралдарын тиімді пайдалану арқылы
жүзеге асырылады.
Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік икемділіктерін қалыптастыру
арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі
де болса оқыту үрдісінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі шешімін
тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру - таным икемділіктің қалыптасқаның
анықтайтын көрсеткіштер толық емес.
Оқушылардың танымдық қызығуын дамытуда химияны оқыту үрдісінде ең жиі
қолданылатыны - химия есептері. Химия есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы
көпке мәлім. Соңғы кезде орта мектепте оқылатын химия бағамының ғылыми-
теориялық өрісінің ұлғаюы олардың маңызын бұрынғыдан да арттыра түсті.
Химиялық есептер - оқушылардың химиядан білім саласын анықтаудың
негізгі құралдарының бірі. Сондықтан бүгінде мектептегі білім беру
жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатқанда мұғалім үшін басты жетекші
мақсат оқушыларды шығармашылық іс-әрекетті меңгеруге бағыттау болу керек.
Қазіргі уақытта оқушылар бар білімді жаңа проблемалар шешуде
шығармашылықпен қолдана білуi тиіс. Оқытуға осындай көзқарас болғанда
оқушылар талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал
қалыптастыру, шешудің жолдарын іздестіру, алынған нәтижелерді талқылау,
қажет болған жағдайда қайта іздену сияқты қабілеттерін дамытатын, белсенді
ой-әрекетін талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгере алады.
Мектеп бағдарламасы бойынша химиядан базалық білім деңгейін
қалыптастыру тек теориялық материалды берумен шектелмейді. Есеп-шығару
оқушыларда теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге
асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды
қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға,
іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін
бақылап, бағалауда сан есептерінің маңызы зор.
Зерттеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан республикасында
білім беруді дамытудың 2015 жылға дейін арналған Концепциясы және т.б.
стратегиялық құжаттарда жоспарланған оқушылардың білім жетістіктерінің
сапасын көтеру мен базалық және пәндік құзыреттілігін қалыптастыру
мақсатында нысанға алынған кейбір идеяларды іске асыруға бағытталған [1].
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Оқыту теориясы мен әдістемесінің
заманауи мәселелері жалпы ғылыми деңгейде Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский,
Б.С.Гершунский, Э.Н.Гусинский, А.Е.Әбілқасымова, В.А.Сластенин және тағы
басқалардың жұмыстарында қарастырылған. Химия-ны оқытудың теориясы мен
әдістемесіне В.Н.Верховский, Л.М.Сморганский, Ю.Ходаков, Д.М.Карюшкин,
С.П.Шапаваленко, К.Я.Парменов, Д.А.Энштейн, А.Д.Смирнов. В.С.Полосин, И.Н.
Чертков, Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, Л.А.Цветков, И.Л.Дружин,
Е.Е.Миншенков, Г.М.Чернобельская, М.С.Пак, А.А.Грабецкий, О.С. Зайцев,
Л.С. Зазнобина, А.А. Журин, Р.Г.Иванова, Н.Е.Кузнецова, Н.Н.Суртаева,
Т.С.Назарова, Ж.А.Шоқыбаев, К.Аймағанбетова, Н.Н.Ахметов, У.К.Мақанов,
Ж.Жайлау, К.О.Шайхеслямова, Н.Н. Нұрахметов, Г.К.Нуртаева және тағы
басқалары үлкен үлес қосты.
Диплом жұмысының мақсаты. Оқушылардың химия пәніне ынтасын арттырудағы
химиялық есептердің мағыздығын есепке ала отырып, химия пәнінен есептерді
шығару әдістемесін жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- химия есептері туралы теориялық мәліметтерді ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерден жинақтап, сараптау;
-таңдап алынған тақырыптар бойынша химиялық есептерді әдебиеттерден
жинақтау және құрастыру;
- Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару элективті курстың
әдістемесін жасау;
- химиядан оқушылардың есеп шығара алу білімі, білігі мен дағдысын
арттыру үшін Қызықты химия есептері есептер жинағының әдістемелік
нұсқауын жасау;
-орта мектепте химияны оқыту сапасын жоғарылату үшін жасалған
әдістемелік жүйелердің тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру.
Зерттеу обьектісі. Мектеп химия курсында химиядан есептерді шығару
әдістемесі.
Зерттеу пәні. Химиядан сандық есептерді шығару арқылы оқыту үрдісі.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Химия сабақтарында химиядан
сандық есептер шығару арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, пәнге
қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулудың жолдары мен әдістемелік
тиімділігін педагогикалық эксперимент жұмысы арқылы дәлелдеу.
Зерттеудiң ғылыми әдiстерi. Зерттеу проблемасына байланысты әдiсте-
мелiк әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау; химия пәнiнiң оқулық-
тарын, әдiстемелiк құралдарын талдау; оқушылармен әңгiмелесу, байқау,
сауалнама, тест жүргiзу, эксперимент жүргiзу; оқушылардың бiлiмдерi мен
шығармашылық қабiлеттерiнiң деңгейiн тексеру, олардың қорытындыларын
талдау.
Дипломдық жұмысты жүргізудің практикалық базасы
Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының,
9сыныптар.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Орта мектептегі химия курсында есептердің рөлі мен маңызы

Заманымыздың басты мәселелерінің бірі болып байланыс құралдары мен
Ғаламтор дамуының арқасында жер шарының кез-келген нүктесінде қолжетімді
ақпарат мөлшерінің жылдам өсуі болып табылады. Ақпараттық жиынтық көлемі
қазіргі кезде кез-келген саналы шектен асып түсіп, өз өсуін үздіксіз
жалғастыруда. Егер соңғы кезге дейін оқытудың негізгі мақсаты білім, білік
және дағдыны қалыптастыру болса, онда қазір ең құнды болып білім емес,
алынған білімді пайдалану дағдысы немесе нақты мәселелерді шешу үшін
қасиетті ақпаратты жылдам табу, жоқтан барды бөліп алу, шығармашылық ойлау
мен өмірлік немесе өндірістік міндеттердің шешімін іздестіру әдістерін
игеру болып табылады. Дәстүрлі оқытудан құзіреттілікке өту жүзеге асуда.
Білім саласындағы реформалау мен модернизациялау қарқыны бойынша біздің
республика әлемде көшбасшы орындардың біріне ие. 2015 жылға дейін
Қазақстан Республикасынағы білім беруді дамыту концепциясы және
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы кеңінен талқыланып, жүзеге асырылуда.
Аталған жобалар кілттік және пәндік құзіреттіліктерді қалыптастырудың
ғылыми - әдістемелік жүйесін жасаумен ғылыми – педагогикалық зерттеулер
жүргізу үшін әдістемелік бағдарлау қызметін атқарады.
Біздің көзқарасымызша, математика, физика және химия секілді пәндерді
оқыту сапасын жоғарылату тәсілдерінің бірі болып оқытудың базалық негізгі:
білім беру, дамыту мен тәрбиелеу функцияларын іске асырушы есептік және
эксперименттік есептердің міндеттердің ғылыми - әдістемелік негізделген
жүйесін пайдалану болып табылады. Есептер оқыту кезінде оқушылар толығымен
индивидтендіру (дараландыру) мақсатында бейімдік және деңгейлік жіктеу үшін
кеңінен қолданылуы мүмкін. Стандартты емес есептер тек барлық негізгі
дидактикалық функцияларды ғана орындап қоймай, сонымен бірге есепті шешуге
өнімді әрекетті қалыптастырып, ақыл–ой әрекетінің динамикалығы мен ойлау
ұшқырлығының дамуына жол ашады. Стандартты емес есептерді шешу аталған
пәнге оқушылар қабілетін, ғылыми дүниетанымы мен дарындылықтың ортақ
белгілерін анықтау үшін кеңінен тараған тәсілдердің бірі болып табылады
[2].
ҚР Жалпы орта білім мен жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік
стандарттары химия пәні бойынша есептерді шешудің білігі мен дағдысы
талаптарын қамтиды. Дегенмен бұл білім жүйесінің осы талаптардың іске асуын
қамтамасыз ететіндігін түрлі деңгейдегі химиялық олимпиадалар мен ұлттық
бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерінің талдауы, мұғалімдердің біліктілігін
жоғарылату факультеттеріндегі сабақтар көрсетті. Республиканың көптеген
мектептерінде іс жүзінде түрлі себептер бойынша химиядан есептерді шығаруды
оқытпайтындай көрінеді. Мысалы, Химия-10ЕМ мектеп оқулығының есептерін
химия факультетіне түскен студенттердің орташа алғанда тек 15-20% ғана шеше
алады. Бұл мына себептерден орын алуы мүмкін: есептерді шешудің
дидактикалық ролін жеткіліксіз бағалау, уақыттың жетіспеуі, химия бойынша
есептер жинағы мен көмекші құралдардың болмауы, әсіресе қазақ тіліндегі
есеп кітапшалардың жеткіліксіздігі, есептерді шығарудың тиімсіз әдістемесін
пайдалану және т.б.
Республикамызда көптеген жылдардан бері 15 пән бойынша көпдеңгейлік
республикалық олимпиада жүргізіліп келеді, соның бірі химия болып табылады.
Олимпиада құрылымы мектептік, аудандық, облыстық және республикалық
сатыларды қамтиды, оған ондаған мың оқушылар қатысады, 2008жылдан бастап
Президенттік пәндік олимпиадалар жүргізіле бастады. Бұдан өзге,
қазақстандық оқушылар химия бойынша халықаралық (әлемдік), Менделеевтік
(Бұрынғы Одақтық) олимпиадаларға, жаратылыстану бойынша жасөспірімдер
арасындағы халықаралық олимпиадаларға, сонымен бірге халықаралық Туймаада
олимпиадасына қатысады. Химия бойынша ғылыми жобалар байқауына сараптау
турының тапсырмалары да есептік жаттығулардың белгілі бір санын қамтиды.
Оларға оқушыларды дайындауға, химия мұғалімдерін кәсибі – педагогикалық
дайындауға, соның ішінде есептерді шығара алуына жоғары талаптар қояды.
Ұзақ үзілістен соң ҚР білім және ғылым министрлігі ЖОО студенттері
арасындағы пәндік олимпиадаларды жаңғыртты. 2008 жылдан бастап Аль- Фараби
атындағы ҚазҰУ химия бойынша өзінің пәндік қашықтық олимпиадаларын жүргізіп
келеді. Осы жаңа енгізбелердің барлығы ғылыми негізделген әдістемелік
жабдықтауды талап етеді [3].
Осыған қарамастан, республикады орта мектепке арналған химия бойынша
бүкіл бағдарламаны мазмұны бойынша қамтитын бірде – бір есептер жинағы
жасалмаған. Сондай–ақ жарты ғасырдан бері химия бойынша мектеп
бағдарламасында қарастырылатын эксперименттік есептер жинағында, есептік
тапсырмалардың негізгі типтерінің бірі тізбесі де ешқандай өзгерістерге
ұшырамаған.
Олимпиадалардың өткізіліп отырғандығына қырық жылдай болса да, бірде –
бір қазақ тіліндегі олимпиадалық есептер жинағының саны аз. Болашақ химия
мұғалімдерін оқушыларды есептерді шешу әдістемесін оқытуға дайындамай,
мұнда педагогикалық мамандықтардың типтік оқу жоспарында есептерді шешу
бойынша дағды мен машық қалыптастыратын жекелеген пәндер қарастырылмаған.
1999 жылдан Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін
қорытынды бағалау үшін ҰБТ қолданылып келеді, оның нәтижелері бойынша ЖОО –
да оқу үшін білім гранттары тағайындалады. ҰБТ – дің негізгі кемшілігі
болып оның көмегімен білімді игеру тереңдігін және практикалық білігі мен
дағдылардың меңгерілу дәрежесін диагностикалау қиындығы табылады. ҰБТ
сұрақтарының кешені көмігімен негізінен тек төменгі деңгей білімді білу
мен жандандыру ғана тексеріледі. Сондықтан да 2020 жылға дейін білімді
дамыту бағдарламасында оқушылардың логикалық талдауға, жазбаша сөйлеу
мәдениетіне, қабілетін талапкердің шығармашылық потенциалын, дүниетанымы
мен ойлау шынайылығын бағалайтын ҰБТ қатар оқушылардың жалпы білім
нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйелерін жасау кездейсоқ жоспарланып отырған
жөн.
Химия бойынша есептер қорытынды бақылау үшін де, оқу жетістігін
(оқушылардың білімін, пратикалық білігі мен дағдысын) алдын-ала, ағымдық,
межелік бақылау, үздіксіз мониторинг жүргізу үшін тиімді түрді қолданылуы
мүмкін.
Химия бойынша есептік және эксперименттік есептерді оқушыларды оқыту
бойынша химия мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын күшейтсе, онда химия
бойынша оқу жетістіктерінің сапасын жоғарылату мен Мектеп -ЖОО жүйесінде
базалық және пәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру тиімді болады.
Философиялық деңгейдегі зерттеудің әдістемелік негізі болып таным
теориясының жалпы қағидалары (гносеология) мен тұтастай ғылымның
категориялық аппараты, сонымен бірге диалектикалық материалуын табылады.
Бұл зерттеуде – методологияның жалпы ғылыми деңгейдегі теориялық
зерттеулердің жалпы ғылыми әдістерін (талдау мен синтез, индукция мен
дедукция, жіктеу, аналогия, абстрактілеу, салыстыру, құрылымдау, нақтылау,
қорыту, модельдеу және басқалар), сонымен бірге төмендегілер қолданылады:
- білім берудегі шығармашылық әрекет теориясы (С.Л.Рубинштейн, Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Талызина және басқалар); жеке
– бағдарлық әрекет теориясы (Н.А.Алексеев, Е.В.Бондаревская, В.В.Серіков,
Ю.Н.Турчанинова, Н.С.Якиманская және басқалар); дамыта оқыту технологиясы
(Л.В. Занков, Д.Б.Элоконин, В.В. Давыдов және басқалар);
- ғылыми – педагогикалық зерттеулер методологиясы (М.Н. Скаткин;
В.С.Леднев, В.В.Краевский, В.Н.Ярская, А.М.Новсеков, В.М.Полонский,
В.М.Загвязинский, Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, А.П.Тряпицина, Г.Х. Валеев,
Г.И.Саранцев және басқалар);
Есептерді шығарудың теориясы мен практикасы (Ж.Адамар, Д.Пойя,
Г.С.Альтшуллер. Л.М.Фридман, Г.А.Балл, В.В.Гузеев, А.В.Усова, Н.Түлкібаева
және басқалар).
Методологияның нақты ғылыми деңгейінде зерттеу нәтижелері қолданылады:
-химия бойынша есептік және эксперименттік есептерді шешу әдістерін
жасау (Г.Л.Абкин, Н.Н.Цитовия, П.Н.Протасов, Ю.М.Лабий, А.Ф.Хрусталев,
Д.П.Ерыгин, Е.А.Шишкин, П.А.Оржековский, В.Я.Вивюрский, Д.Н.Турчен,
А.И.Врублевский, А.М.Радецкий, Н.В.Горева, Ю.В.Сурин және басқалар):
-химия бойынша олимпиадалық есептерді шешу әдістерін жасау
(Н.Будруджак, С.С.Чуранов, В.В.Лунин, Н.В.Кузменко, Г.В.Лисичкин,
О.К.Архангельская, В.М.Дайнеко, В.В.Сорокин, Ю.В.Холин, В.В.Еремин,
А.К.Гладенин, Т.П.Адамович, В.Н. Хвалюк және басқалар).
Методологияның технологиялық режимінде түрлендірілген есептерді шешу
үшін келесі құжаттар пайдаланылды:
- білім саласындағы нормативтік құжаттарды талдау: Білім жайлы Заңы
(1999ж., 2007ж), Білім мемлекеттік бағдарламасы (2000ж), 2010жылға дейін
білімді дамыту стратегиясы, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының
білім жүйесін дамыту концепциясы, 2005-2010жж-ға Қазақстан
Республикасындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2008-2010
жылдары Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім жүйесін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы концепциясы, үздіксіз білім беру
жүйесінің барлық деңгейлері үшін мемлекеттік білім стандарттары[4].
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап - білім сапасын көтеру, сабақта
білім берудің жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып оқушыларды
өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Сонымен
қатар ХХІ-ғасыр мұғаліміне қойылатын талап жаңаша оқыту технологиясын
меңгеру. Жаңа оқыту технологиясының негізгі саласы – дамыта оқыту. Осыған
баратын жол – оқушылардың сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда ойлау
қабілеттерін арттырып, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
Мектеп курсында химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде
сарамандық әдістердің біріне саналадаы. Сан есептері химияның ғылым ретінде
қалыптасуына алғашқы зерттеулерде қолданылғаны белгілі. Есеп шығару -
оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі,
теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы.
Оқу үрдісінде есептер шығару химины оқытудың ажырамас бөлігі деп қарастыру
керек, өйткені есеп шығару химиялық ұғымдарды, заңдарды, теорияларды
қалыптастырып, байытуға оқушылардың химиялық ойлауын өрістетуге,
білімдерін іс-жүзінде қолдануға, табандылық, іскерлік, ізденгіштік,
еңбексүйгіштік т.б қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық
есептер: а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағұлматтарды үйрету; ә) сарамандық
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен
баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г)
материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; г) политехникалық ұстанымдарын
іске асыру; д) оқушыладың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін
қолданылады[5].
Есеп оқушыларды жаңа химиялық білімімен қаруландырады, қалыптасқан
іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі.
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі екі топқа бөлінеді :
1.Сан есептері
2.Сапалық және сынақ тәжірибелік есептер
Бұларды шығару үшін химиялық тәжірибелер пайдаланылады, бұл химиялық
тәжірибелердің кейде зерттеу сипаты да болуы мүмкін.
Оқушылардың білімін жетілдіру және кейбір іскерліктер мен дағдыларды
дамытуға жаттығулардың маңызы зор. Химиялық есептің терминін түсіндіруде
әдіскерлер мен мұғалімдерде бірізділік жоқ. Кейде жаттығуларды есептерге
жатқызып жүр. Екеуінің арасында елеулі айырмашылық бар.
Орта мектептің химия курсында сан және сынақ тәжірибе есептерімен
қатар, ешбір математикалық есептеулерді қажет етпейтін немесе тәжірибелер
жасап, сынақтәжірибе жүргізбей – ақ орындауға болатын есептер де бар.
Ондай есептер жаттығулар деп аталады. Жаттығулардың түрі де әртүрлі,
мәселен, химиялық формулалар және теңдеулерді құрастыру және оқи білу,
қазіргі оқулықтарда жаттығулар әр тақырыптардың соңында берілетін бақылау
сұрақтарымен бірге беріліп жүр.
Жаттығулар көпшілік жағдайда заттар арсындағы байланысты немесе бір
заттан екінші затты алуға көшу құбылыстарын көсетуде көбірек
пайдаланылады. Химиялық жаттығулардың өзінің орындау мақсаты мен
ерекшеліктеріне қарай мына төмендегідей типтерге бөлуге болады:
- Белгілі құбылыстарға түсінік беру және оның реакция теңдеулерін жазу;
- Заттардың класаралық байланыстарына арналған жаттығулар;
- График және сурет түрінде берілетін жаттығулар;
- Бастапқы алынған және реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласы
белгісіз болатын жаттығулар;
- Электролиттік диссоциация теориясы бойынша теңдеулерді қысқартуға
байланысты жаттығулар;
- Тотығу – тотықсыздану реакцияларына арналған жаттығулар;
- Атом құрылысы мен изотоптарға арналған түрі;
- Органикалық заттардың бір класынан екінші класына өтуге, құрылыс
формулаларын құрастыруға, изомерияларын түзуге кеңістік құрылысын салуға
т.б жаттығулар.
Іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін құрастырып, жаттықтыру
көп зиян келтіреді. Жаттығулар мақсатқа сай және орынды жүргізілгенде ғана
нәтижелі болады. Талапқа сай келмейтін жаттығулар оқу уақытын алады,
оқушылардың білімін игеруге пайда келтірмейді [6].
Сан есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және жіктелуі
Сандық мәліметтер заттар мен құбылыстарды сан жағынан сипаттай отырып,
химияны оқытудың білім мен тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту
міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады,
жетілдіріледі және қолданылады. Есептеулер жасау арқылы химиялық
теориялардың, заңдардың және ұғымдардың мәні ашылады, деректі
материалдардың түсініктілігі артады, политехникалық білім беріледі,
химиялық тілдің мағынасы нақтыланады.
Заттар мен құбылыстардың арарсындағы сандық қатынастарды ашу арқылы
пәнаралық байланыс жүзегег асады, оқушыларда ғылыми материалистік көзқарас
қалыптасады. Еңбек сүйгіштігі, мақсатына жету жолындағы табандылығы, өз
ісіне жауапкершілігі артады.
Есеп шығару барысында түсіну, талқылау, ой тұжырымын жасау және
дәлелдеуге тура келеді. Салыстыру, талдау, жинақтау, жалпыдан жекеге,
жекеден жалпыға ауысып ойлау арылы оқушылардың ақыл-ойы дамиды,
интелектуалды біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Әдістемелік әдебиеттерде және арнайы оқу құралдарында сан есептерін
жіктеудің бір ізге түсірілген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан
есептерін әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. С.Г.Шаповаленко оқу
материалының сипаты (заң, теория, ұғым), түрі (ерітінділер) және
символикасы (химиялық формула, теңдеу) бойынша сан есептерін жеті типке
бөледі.
1 тип. Тәжірибе мәліметтері, масса сақталу заңы және құрам тұрақтылық
заңы бойынша есептеулер.
2 тип. Заттың қарапайым және нағыз формуласын табу.
3 тип. Химиялық формула бойынша есептеулер.
4 тип. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
5 тип. Ерітінділер дайындау және олардың қанықпасын анықтауға
байланысты есептеулер.
6 тип. Газдың тығыздығы бойынша молекулалық массасын, молекулалық
массасы бойынша тығыздығын және қалыпты жағдайда газдардың көлемін есептеу.
7. тип. Аралас есептер.
Есептерді жіктеуді бір негізге келтіру үшін химияны зерттеу объектілері
немесе оларды бейнелейтін химияның тілі тұрғысынан қарауға болады, мысалы:
- Затпен байланысты есептеулер;
- Химиялық реакциялармен байланысты есептеулер;
- Ерітінділермен байланысты есептеулер.
Заттың сандық және сапалық көрсеткіштері химиялық формула арқылы,
химиялық реациялардың сандық сипаттамалары химиялық теңдеулер арқылы,
ерітінділердің негізгі ұғымдары терминдер (ерігіштік, еріген заттың масса
үлесі, мольдік қанықпа, т.б.) арқылы берілетін болғандықтан келтірілген
типтерді басқаша айтуға болады:
1) Химиялық формулалар бойынша есептеулер;
2) Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер;
3) Химиялық терминдер (ұғымдар) бойынша есептеулер;
4) Күрделі заттағы элементтердің массалық үлесін оның формуласы бойынша
есептеу (элементтік құрамын);
5) Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін есептеу;
6) Ерітіндінің және еріген заттың белгілі массалық үлесібойынша еріткіш
пен еріген заттың массасын есептеу;
7) Заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеу;
8) Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
9) Газ күйінднгі қосылыстың белгілі бір мөлшерінің көлемін есептеу(қ.ж. 00С
103Па);
10) Массасы белгілі газ тәрізді заттың көлемін есептеу (қ.ж.)
11) Элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайм химиялық
формуласын табу;
12) Реакцияға кірісетін заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша
түзілген заттың массасын есептеу;
13) Біреуі артық мөлшерде алынған реакцияға кірісетін заттардың массалары
бойынша түзілген заттың массасын есептеу;
14) Басқа газдың белгілі көлемін реакцияласуға қажет газ көлемін есептеу;
15) Құрамында белгілі бір қоспасы бар бастапқы заттардың белгілі массасы
(көлемі) бойынша реакция өнімінің массасын (көлемін) есептеу;
16) Теориялық шамаға қарағанда реакция өнімін пайызбен есептеу.
Шын мәнісінде есептеулер объектілердің өздері арқылы емес, оларды
белгілейтін формула, теңдеу және термин арқылы жүзеге асады.
Сан есебінің әр типі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, формула бойынша
есептеулердің түрлері:
а) заттың саластырмалы молекулалық массасын есептеу;
ә)заттағы элементтердің масса қатынасын табу;
б) элементтердің масса үлесін анықтау;
в) моль ұғымымен байланысты есептеулер;
г) газдардың тығыздығын табу;
д) химиялық формула табу есептері және т.б. теңдеулер және ерітінділер
бойынша есептеулердің түрлері және кластары бойынша қарастырылады [7].
Сан есептерін шығару тәсілдері мен әдістемесі
Сан есептерінің екі жағы бар. Біріншісі – заттармен, химиялық реакция-
лармен және ұғымдамен байланысты химиялық мазмұны, екіншісі – сандық
мәліметтермен жүзеге асырылатын математикалық амалдары. Математикалық
мүшелеріне қарай сан есептерін шешу бірге келтіру, пропорция құру,
алгебралық, шграфикалық және алгоритимдік тәсілдер деп жіктеледі. Есептерді
шешудің бір тәсілі (пропорция құру) ғана жиі қолданылды, оқушылардың
математика пәнінен алған дайындығы, көбінесе, ескерілмейді. Математиканың
амалдары, физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланыл-
майды. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар
аударылмайды[8]. Оқушылар есепті мұғалім көрсеткен бір тәсілмен ғана
шығарып, өздерінің белсенділігін көрсете алмайды, жауабының дұрыстығын кері
есептер құрастыру арқылы тексерілмейді (Кесте 1).

Кесте 1
Есептеулердің химиялық теңдеулер бойынша енгізілу реті

Тақырыбы Енгізілетін есептердің түрі
8 сынып Химиялық теңдеу бойынша реакцияға
Химиялық алғашқы ұғымдар кіріскен немесе шыққан заттардың
біреуінің белгілі мөлшері бойынша
қалғандарының массасын есептеу
Оттек. Оксидтер. жану Термохимиялық теңдеулер бойынша
есептеулер
Химиялық теңдеулер бойынша реакцияға
түскен немесе шыққан заттардың
біреуінің белгілі мөлшері бойынша
газдың көлемін табу
9 сынып Реакцияласушы заттардың біреуі
Электролиттік диссоциациялану артығымен алғанда химиялық теңдеулер
бойынша есептеу

1-кестенің жалғасы
Азот топшасы Теориялылығын салыстырғандағы өнім
шығымының массалық немесе көлемдік
үлесін пайызбен табу
Көміртек топшасы Қосымшасы бар бастапқы заттың
берілген массасы немесе көлемі
бойынша реакция өнімінің массасын
немесе көлемін табу
Х сынып Газ күйіндегі заттың молекулалық
Қаныққан көмірсутек формуласын табу (реакция өнімдері
бойынша)

Бұл кемшіліктерді болдырмау үшін сан есептерін химяны оқыту барысында
енгізу, шешу тәсілдерін және әдісін меңеру керек.
Химия курсының мазмұныныа сан есептерін кіргізу реті бағдарламаның
жеке тақырыптарында көрсетілген. Белгілі біртақырыпта енгізілген есеп типі
одан кейінгі тақырыптарда жүйелі түрде дамытылуы қажет. Химиялық теңдеулер
бойынша есептеулерді мысалға алып, мұны бағдарламада жүзеге асыру ретін
көрсетейік.
Химиялық теңдеулер бойынша есептеулердің жеті түрі үш сыныпқа бөлі-ніп
берілген. Қалған тақырыптарда өтілген типтерге есептер шығарылады [9].
Бір типке немесе түрге жататынесепті әр түрлі тәсілмен шығаруға, жоғары
сыныптарда оқушылардың математикадан білімінің өсуіне қарай тәсілді
күрделілендіруге және ықшамдауға жете назар аудару керек. Бұл сыныптарда
есепті шешудің жинақтап қорытылған жалпы тәсіліне ауысқан тиімді. Есептерді
шығаруға барлық оқушыны бірдей қатыстырып, өзін-өзі бақылауға, өздігінен
есептер құрастыруға үйретсе ғана олардың білімі мен білігі тиянақты болады.
Сан есептері барлық сабақтарда, бір сабақтың әр кезеңінде шығарылуы
мүмкін.
Жана сабақты түсіндіруге сан есептері теорияны,заңды, ұғымды нақтылау
немесе қорытып шығару үшін пайдаланылады. Мәселен, құрам тұрақтылық заңы
темірмен күкірттің әрекеттесуші массалары арқылыы түсіндіріледі, артық
алынған массаның реакцияға кіріспейтіні нақтылы сандармен дәлелденеді.
Заттар массасының сақталу заңының ақиқаттығына есептер шығару арқылы
оқушылардың көзін еткізеді.Этилен туралы жаңа материалды түсіндіру оның
молекулалық формуласын табу есебінен басталады. құрамында 85,7%
көміртегі, 14,3% сутегі кіретін газдың сутегі бойынша тығыздығы 14. Осы
дгаздың молекулалық формуласын табыңдар. Есеп шығарылған соң табылған
формуланы талқылау арқылы этиленнің молекулалық құрылысы жөнінде жорамал
жасалады, соған сәйкес химиялық қасиеттері түсіндіріледі.
Өтілген сабақты бекіту, әдетте сұрақтар қою, оқу материалын қайталап
айттыру арқылы жүзеге асырылады. Мұның өзі оқушылардың әсіресе жақсы
үлгеретін оқушылардың сабаққа ықыласын кемітеді, тәртіптің бұылуына әкеліп
соқтырады. Сондықтан алынған білімді есептер шығарып, бекіткен жөн.
Мәселен, заттар массасының сақталу заңы түсіндірілгеннен кейін 16г күкірт
30г темірмен әрекеттескенде неше грамм темір сульфиді түзіледі? деген есеп
беру арқылы заңның мәнін оқушылардың қандай дәрежеде түсінгені анықталынады
[10].
Жете ойланбаған, оның үстіне осыдан 4-5 сабақ бұрын өтілген құрам
тұрақтылық заңын естен шығарып алған оқушылар 46г темір сульфиді
түзетілетінін айтады. Есептеулер нәтижесінде 44г.темір сульдиді алынып, 2г
темір артып қалатынын көрсетеді. Сөйтіп, бір мысал арқылы ілгері-кейінді
өтілген екі заң туралы білім мен білік нығайтылады, олардың арасында
байланыс тудырылады.
Оқушылардың білімін күнделікті есепке алу кезінде сан есептерін шығару
алған білімді қолданудың тиімділігін арттыруға көмеектеседі. Оттегінің
қасиеттерін сипаттайтын реакциялардың теңдеулерін жазыңыз, Сутегі асқын
оксидінен оттегін алу реакциясының теңдеуін жазыңыз іспеттес сабақтан-
сабаққа қайталанып отыратын біркелкі сұрақтар орнына 4г күкірт оттегінде
жанғанда неше грамм күкіртті газ түзіледі? 3,4г сутегі асқын оксидінен
қанша грамм оттегі алынады? деген есептер оқушыларды ойландырып, жауабын
химиялық теңдеуден іздеуге дағдыландырады. Мұндай сандық мәліметтері
молекулалық массаларға еселеніп алынған есептерге уақыт аз кетеді, ауызша
шығарылады [11].
Оқушылардың білімін қорытынды есепке алуда, мәселен, жазбаша бақылау
жұмыстарында бір сұрақ есеп түрінде берілетіні белгілі. Жаңа сабақ үстінде,
бекіту және күнделікті сұрау кезінде сан есептерін шығарып машықтанған
оқушы қорытынды бақылау жұмыстарын қиналмай орындайды.
Орта мектепте және жоғарғы оқу орнында оқу-тәрбиелік процесс оқытудың
әдістемелік жүйесінің барлық компонентінде бірізділікпен ауысу принципімен
жүзеге асырылады. Бірізділікпен ауысу принципі әрбір жаңа білім мен білік
бұрынғы білім мен білік негізін жалғастыруы тиіс. Жалпы орта білім беру
жүйесінен ЖОО өту ең маңызды да, жауапкершілігі жоғары кезең болып
табылады, яғни мұнда оқу-тәрбиелік процесінің объектісі және субъектісі
ретінде оқылатындар бір оқу жүйесінен екінші оқу жүйесіне өтеді.
Е.В.Яковлев айтып өткендей, кез-келген педагогикалық концепцияны құру
үшін жалпы ғылымдық негіз, теориялық-әдістемелік стратегияны және
практикалық-бағыттаушылық тактиканы таңдауды ұсынуы керек [12].

1.2 Химия пәні бойынша есептердің ғылыми-әдістемелік жүйесінің
теориялық негіздері

Орта және жоғары мектептегі оқу – жоғарғы мектептегі оқу – тәрбие
процесі оқытудың әдістемелік жүйесінің барлық компоненттеріңдегі
сабақтастық қағидасы есебімен жүзеге асуы тиіс. Сабақтастық қағидасы әрбір
кезекті білім мен дағдының бұрынғымен байланысын орнатуды, бұл кезде
жаңаның ескіні жалғастыратындығын көрсетеді. Оқытудың жауапты сатыларының
бірі болып жалпы орта білімнен жоғары білімге өту табылды. Мұнда оқушылар
оқу – тәрбие процесінің обьектілерімен субьектілері ретінде бір білім
жүйесінен екіншілікке өтеді.
Е.В.Яковлев және басқалар атап өткендей, кез –келген педагогикалық
концепцияны құру жалпы ғылыми негіздердің, теориялы – методологиялық
стратегия мен практикалық бағдарлау тактикасын таңдауды ұйғарды.
Өз концепциямызды құру үшін жалпы ғылыми негіз ретінде жүйелік әрекет
таңдалды. Мектеп – ЖОО жүйесінде тапсырмалық әрекеттің педагогикалық
жүйесін біз оқу жетістіктерінің сапасын жоғарылату мен базалық және пәндік
құзіреттіліктерді қалыптастыру мақсатында оқушыларға мақсатқа сай
бағытталған ықпалдың бағынышты ұйымдасуын өзара байланысқан элементтер
жиынтығы түрінде ұсынамыз.
Ұсынылушы концепцияның теориялы-методологиялық стратегиясы болып түрлі
деңгейдегі тапсырмалар мен оқушылар әрекетнің аспектісін кешенді
пайдалануға бағытталған шығармашылық әрекет болып табылады.
Біздің зерттеуіміздегі практикалы – бағдарлық тактика бөлім сабақтастық
есебімен химиядан есептерді шешу курстарының жүйесі арқылы оқу –
шығармашылық әрекетке оқушыларды жүйелі қамту болып табылды. Соңғы есепте
есептерді шығару бірізділігі мен тәсілдері оқу нәтижелілігін анықтайды.
Тапсырмалық әрекет барлық оқыту; білім беру, тәрбиелеу және дамыту
функцияларын іске асыруға мүмкіндік береді [13].
Есептер оқушылардың оқу жетістіктерінің мақсаты, оқыту құралдары және
нәтижелер бақылауы ретінде болуы мүмкін. Оларды оқу процесіне қамту
оқытудың мынадай дидактикалық қағидаларын іске асыруға мүкіндік береді:
білім мен дағдыны беріктігінің жетістігі; оқушылардың белсенділік даралығын
қамтамасыз ету; оқудың өмірмен байланысты іске асыру; химияның
политехникалық оқытуды, кәсіби бағдарлауын жүзеге асыру;
Есептік тапсырмаларды жеке отырып, оқушылар теориялық білімді
жүйелеуді, логикалық ойлау дағдысын дамытып, абстрактілік білімді нақты
контекстке көшіреді, алгоритм бойынша жұмыс істеп, жалпы алғанда дамиды.
Оқушыларда есептерді шығару процесінде еңбекқорлық, мақсаткерлік, ерік
– жігер қасиеттері тәрбиеленіп, қойылып мақсатқа жетуге төзімділік пен
табандылық дамиды. Есептерді шешу процесінде табиғат бірлігі жайлы оқушылар
дүниетанымының қалыптасуына жол ашатын пәнішілік және пәнаралық байланыстар
іске асады. Сонымен есептерді шешу кезінде олардың шарттары, дәлірек
айтсақ, ауызша формулировкасы міндетті талдау мен зерттеуге жатады. Мектеп-
ЖОО жүйесінде есепке біртіндеп өту концепциясы 1-сызбанұсқада көрсетілген.

Сызбанұсқа 1. Мектеп-ЖОО жүйесінде есепке біртіндеп өту концепциясы

Қиындық дәрежесі бойынша кейінірек стандартты, қиындатылған (немесе
аралас) және стандартты емес есептерге бөлінеді. Стандартты есептерді
шығару үшін шешім алгоритмін жасауға болады. Қиындатылған немесе аралас деп
ішіне стандартты есептердің бірнеше типтері кіретін есептерді атайды.
Стандартты емес есептерді шығару үшін дайын шешу алгоритмі болмайтын
есептерді айтады. Қиындықтар дағды қалыптасуының төменгі деңгейінен орташа
деңгейіне және одан жоғарғысына оқушылардың өту үшін алғышарттар жасайды.
Дағды қалыптасуының жоғарғы деңгейіне – мәселені түрлендіру, жорамал жасау,
есептерді шешу бағытталған әрекеттер жүйесін жоспарлау, жаңа ситуациялық
жағдайларда танымдық процесті жүзеге асыру, зерттеудің жалпы ғылыми және
нақты әдістерін пайдалану, моделдер құру және басқа да дағдылар кіреді[14].
Орта мектепте химия пәнінен бағдарламада қарастырылған есептердің
негізгі типтерінің мазмұны мен шығару әдістері
Кеңестік кезеңде химия бойынша бағдарламада орта мектеп курсы үшін
ұсынылған химиялық есептердің 17 негізгі типі қарастырылған болатын.
Кеңестік кезеңнен кейін қазақстандық білім жүйесінде үлкен өзгерісітер орын
алды. Оқу бағдарламаларын құру кезінде сызықты қағидадан концентрлікке өту
орын алып, мамандандырылған мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің алуан
түрлері пайда болды, орта мектептер оқытудың жоғары сатыларында бейіндік
оқытуға өтіп, оқушыларда бейіндік курстарды таңдау мүмкіндігі пайда болды.
Дегенмен есептік тапсырма типтерінің тізбесі әлі күнге дейін өзгеріссіз
қалып, толықтыру мен жаңа жіктемені қажет етеді. Осыған байланысты мектеп
курсының мазмұны мынадай есеп типтерімен толықтыруды ұсынады.
- Клайпейрон – Менделеев көмегімен газ тектес заттардың молекулалық
массасын есептеу;
- буының тығыздығы, жану өнімдерінің массасы мен көлемі бойынша
органикалық заттардың шынайы формулаларын табу;
-түрлі концентрациядағы ерітінділерді араластырумен байланысты
есептеулер: қарапайым тәсіл, алгебралық тәсіл және айқаспа ережесі;
- еріген заттардың молярлық концентрациясымен байланысты есептер;
- концентрацияны өрнектеудің бір тәсілінен екіншісіне өтумен байланысты
есептер;
- бірнеше сатылармен жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер;
- реакцияның термохимиялық теңдеулері бойынша есептер;
- параллель жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер;
- орынбасу реакция теңдеулері бойынша есептер;
- олеумнің түзілуімен, сұйылуымен және концентрлеумен байланысты
есептер;
- химиялық реакция жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдікті есептеулер;
- электролиз есепетері (Фарадей заңдары) ;
Қазіргі кезде базалық мазмұнына сай келетін стандартты есеп типтерінің
көпшілігін шығару әдістері жақсы өңделген[15].
Бірақ өкінішке орай, мектепте немесе ЖОО – да өтілетін есептердің
жекелеген типтерін шешудің кейбір тәсілдері жақында ұмытылуы мүмкін.
Сондықтан оқушылар кез-келген техникалық және өмірлік тапсырмаларды шығару
процесінің моделі болып табылатын кез-келген есепті шешудің жалпы әрекетін
бірінші кезекте меңгеруі тиіс. Кез-келген есепті шығаруға жалпы әрекет мына
сатылардан тұрады:
1)есеп шарттарын талдау;
2)шарттардың сызбалық жазбасы (суреттер, сызбалар, шартты өрнектеулер,
моделдер құру және т.б.);
3) шығару тәсілін іздестіру (теория, заңдар, формулалармен т.б.);
4) шығару тәсілін (жоспарын) жүзеге асыру;
5) табылған шешімді тексеру (зерттеу);
6) жауапты түрлендіру;
7) есепті оқу танымдық талдау және оны шешу.
Осылардың ішінде кез –келген есеп үшін міндетті саты болып 1,3,4 және 6
болып табылады. Қалған сатылар міндетті саты емес және біршама қарапайым
есептерді шешу кезінде олар қолданылмайды. Соңғы 7-ші саты ерекше маңызға
ие, өйткені есепті шешуде бастысы жауапты табу емес, нақты жағдайларда
теориялық білімді (фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды )
практикалық қолдану, ойлауды дамыту, дағдымен машықты қалыптастыру.
Кейбір жағдайларда бірнеше жекелеген әдістерді біріктіретін жалпыланған
әдісті жасаудың сәті түседі. Бұл дипломдық жұмыста ерітінділерді дайын-
даумен байланысты есептердің кейбір типтерін шешу әдістерін қорыттық [16].
Ерітінділерді дайындаумен немесе еріген заттарының концентрациясы
еріген заттың массалық үлесіне (немесе %- бас) өрнектелген екі не одан да
көп ерітіндіні араластырумен байланысты практикалық кез-келген есепті шешу
үшін еріген зат бойынша материалдық баланс теңдеуін құрып, егер қалғандары
белгілі болса, онда кез-келген параметрді табу үшін мына теңдеуді
қолдануыға болады:
m1w1+m2w2= m3w3

мұндағы m1 , m2, және m3 – сәйкесінше араластырылатын және алынатын
ерітіндің массалары, ал w1, w2 және w3 – олардағы еріген заттардың
массалық үлестері.
Материалдық баланс теңдеуін құру барысында еріген затты формальді түрде
ерітінді деп есептеуге болады, яғни онда еріген заттың массалық үлесі бірге
тең, ал таза су, ерітіндіде еріген заттың массалық үлесі нольге тең болады.
Егер еріген зат еріткішпен химиялық әрекеттесуге түссе (мысалы, олеумнің
түзілуі), онда материалдық баланс теңдеуін қандайда бір химиялық элемент
бойынша құруға болады [17].
Сонымен, материалдық баланс теңдеуі ерітіндіні дайындау, араластыру,
қыздыру және суытуға арналған есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Ары
қарай педагогикалық эксперимент көрсеткендей, есеп шартының мәтініне
қосымша көрнекіліктер (сызба-нұсқалар, суреттер) ендірілсе, есеп шартын
тиімдірек түсінуіне және есепті шығарудың қорытындыланған әдістерінің
қалыптастыруына әкеледі. Еріген зат бойынша материалдық баланс теңдеуін
қолданылып шығарылатын есептер типі 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2
Араластыру кезінде ерітінділер түзудің мүмкін тәсілдері

Типі Ерітінділердің түзілу тәсілі Материалдық баланс
теңдеуі
1. Массалық үлестері әртүрлі бір заттың екі m1(w1 + m2(w2 = m3(w3
ерітінділерін араластыру
2. Судың белгілі бір мөлшерін қосу арқылы m1(w1 + m2(0 = m3(w3
бастапқы ерітіндіні сұйылту
3. Заттың белгілі бір мөлшерін қосу арқылы m1(w1 + m2(1 = m3(w3
бастапқы ерітіндіні концентрлеу
4. Бастапқы ерітіндіде кристаллогидраттың еруі m1(w1 + m2(w2 = m3(w3
5. Құрғақ затты суда ерітумен ерітіндіні m1(1 + m2(0 = m3(w3
дайындау
6. Кристаллогидраттың суда еруі m1(w1 + m2(0 = m3(w3
7. Зат тұңбасын түзе отырып, бастапқы ерітіндініm1(w1 = m2(w2 + m3(1
салқындату
8. Кристаллогидрат түзе отырып, бастапқы m1(w1 = m2(w2 + m3(w3
ерітіндіні салқындату
9. Бастапқы ерітіндіден суды буландыру m1(w1 – m2(0 = m3(w3
10. Таза зат тұнбасы түзілгенше суды булау m1(w1-m2(0 = m3(w3 +
m4(1
11. Кристаллогидрат тұңбасы түскенше суды булау m1(w1-m2(0 = m3(w3 +
m4(w4

Жоғарыда келтірілген есептерді крест әдісіменде шығаруға болады.
жоғарыдағы теңдеуді m1+ m2 = m3 екендігін ескеріп, түрлендірсек келесі
теңдеуді аламыз:

m1m2=(w3-w2 )( w1-w3)

Бұл крест әдісінің математикалық өрнегі. Осылайша, крест әдісі
араластыру ережесінің көрнекі моделі болып табылады:

m1 w1 (w3- w2)

m2 w2 (w1- w3)

мұнда: w1 w3 m2 деп алайық.
Едәуір жоғары температурадан біршама төменгі температураға дейін
тұздардың қаныққан ерітінділерін салқындату кезінде кристалл түзумен
байланысты кейбір есеп түрлері үшін негізінен араластыру есептерін шешу
үшін ыңғайлы крест әдісін қолданбайды. Біз осындай есептерді шешу үшін
кері бағыттағы крест әдісін қолдануға болатындығын көрсеттік. Мұны, егер
тұнбасы бар ерітіндіні қыздырсақ, онда олар араласа отырып, бастапқы
ерітіндіні береді деп көрсетуге болады. Еріген зат бойынша материалдық
баланс теңдеуінен басқа күкірт қышқылы ерітінділерімен олеум ерітінділерін
немесе SO3 араластыруымен байланысты есептерді шығару үшін барлық араласқан
компоненттер құрамында болатын химиялық элементтердің біреуі (мысалы,
күкірт немесе оттегі) бойынша материалдық баланс теңдеуі ұсынылды. Соңғы
теңдеу алдыңғыға қарағанда есептердің біршама кең шеңберін шешу үшін
қолданылады [18].
Ерітінділердің концентрацияларын есептеу.
Ерітінділердің концентрациялары ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі
бір массасындағы немесе көлеміндегі еріген заттың (х) мөлшерімен (немесе
массасымен) сипатталады. Ерітінділердің концентрацияларын сандық сипаттау
үшін бірнеше әдістер қолданылады: массалық үлес, көлемдік үлес, молярлық
концентрация, моляльдық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы
(нормальдық концентрация), молярлық үлес, титр және т.б.
1. Еріген заттың массалық үлесі деп еріген заттың массасының ( тз)
ерітіндінің жалпы массасына (тер) қатынасын айтады.
немесе

Еріген заттың массалық үлесін көбінесе процентпен өрнектейді:
немесе

2. Молярлық үлес деп ерітіндінің белгілі бір компонентінің зат
мөлшерінің ерітіндінің құрамына кіретін барлық компоненттердің зат
мөлшерінің қосындысына қатынасын айтады. Егер ерітінді екі компоненттен
тұратын болса, онда әр компоненттің молярлық үлестері былай табылады:
; ;

Мұндағы n1 – еріткіштің зат мөлшері, демек моль саны; n2 – еріген
заттың зат мөлшері. Ерітіндінің құрамына кіретін компоненттердің молярлық
үлестерінің қосындысы бірге тең.
3. Молярлық концентрация деп еріген заттың зат мөлшерінің ерітіндінің
көлеміне қатынасын айтады:
;

Мұндағы v(X) ерітіндідегі X бөлшектерінің зат мөлшері; V- ерітіндінің
көлемі, C(X)-X бөлшектерінің молярлық концентрациясы (Кесте 3).
Ерітіндідегі молярлық концентрациясын өрнектеуге мысалдар келтірейік:

C(HCl)= 1мольл, C(H3PO4)= 0,5 мольл, C(H+)= 1·10-5 мольл

Кесте 3
Натрий карбонаты мен натрий гидроксидінің концентрациясы берілген 1 л
ерітінділерін дайындау үшін олардың қажетті массалары
V, г C(X) мольлn(X) моль m, г m, г (NaOH)V(H2O)
(Na2CO3)
1 1М 1 106 40 1 л дейін
1 0,1М 0,1 10,6 4,0 1 л дейін
1 0,01М 0,01 1,06 0,4 1 л дейін
1 0,001М 0,001 0,106 0,04 1 л дейін

Ерітіндінің молярлық концентрациясын қысқаша өрнектегенде алдымен оның
сандық мәнін жазып, одан кейін үлкен М әрпін жазады. Мысалы 1М – бір
молярлық ерітінді.
IUPAC ұсынысы бойынша ерітіндінің молярлығы мұнша деген сөз тіркесінің
орнына мұнша молярлық ерітінді деген сөз тіркесін қолданған дұрыс.
Молярлық концентрациясы берілген ерітіндіні дайындау. Мысалы, натрий
карбонатының децимолярлық ерітіндісінің литрін дайындау үшін 10,6 г тұзды
өлшеп алып, 1литрлік өлшеуіш колбаға салып, тұз толық ерігенше
дистильденген су құю керек. Кейбір заттар, мысалы, NaOH, H2SO4 ерігенде көп
жылу бөлінеді. Ерітіндінің температурасы бөлменің температурасына дейін
төмендегенде, суды 1литрлік белгіге дейін қосу керек. Мұнда менискінің
төменгі жағы белгіге дейін тұруы керек.
4. Молялдық концентрация деп еріген заттың зат мөлшерінің еріткіштің
массасына қатынасын айтады:

Мұндағы v(X) – ерітіндідегі X бөлшектерінің зат мөлшері; m –
еріткіштің массасы; L(X) - Х бөлшектерінің молялдық концентрациясы.
Мысалы: L(H2SO4) = 0,1 молькг. Мұндай жазу осы ерітіндідегі еріткіштің
(судың) әр киллограмына күкірт қышқылы молекуларының 0,1 моль мөлшері
келетіндігін көрсетеді.
5. Эквиваленттің молярлық концентрациясы (немесе нормальдық
концентрация) деп ерітіндідегі еріген заттың эквивалентінің зат мөлшерінің
ерітіндінің көлеміне қатынасын айтады.
Әрбір литрінде еріген заттың эквивалентінің 1 моль мөлшері бар
ерітіндіні эквиваленттің молярлық концентрациясы 1 мольл немесе жай ғана
нормальдық ерітінді деп аталады [19].
Эквивалент f экв (Х) Х дегеніміз кез келген заттың қышқылдық -
негіздік реакцияларда және ион алмасу реакцияларында сутектің бір атомына
немесе ионына сәйкес, ал тотығу - тотықсыздану реакцияларында бір
электронға сәйкес нақты немесе шартты бөлшегі. Эквиваленттік фактор f экв
(Х) дегеніміз Х бөлшегінің қарастырылып отырған реакциядағы эквивалентіне
тең бөлігі. Мысалы, күкірт қышқылының эквиваленті толық нейтралдау
реакцияларында Х бөлшегінің (H2SO4 молекуласының) ½ бөлігі (жартысы). Сол
сияқты, ортофосфор қышқылының және алюминий гидроксидінің эквиваленттері
олардың молекулаларының 13 бөлігі. Алюминий сульфатының эквиваленті оның
молекуласының 16 бөлігі. Егер f экв (Х)=1 болған жағдайларда, заттың
эквиваленті оның молекуласымен бірдей. Жоғарыда айтылғандай заттың тотығу-
тотықсыздану реакциясы кезіндегі эквиваленті тотықсыздандырғыштың
молекуласының бір электрон беретін бөлігі немесе тотықсыздандырғыштың
молекуласының бір электрон қосып алатын бөлігі. Мысалы, MnO4- - ионы қышқыл
ортада 5 электрон қосып алады. Сол себепті, KMnO4 молекуласының
эквиваленттің факторы 15 тең, ал калий перманганатының эквиваленті оның
молекуласының 15 бөлігіне тең.
Эквиваленттің молярлық массасы. М( f экв (Х)· Х ) – заттың молярлық
массасын эквиваленттік факторға көбейткенге тең. Басқаша айтқанда, ол
заттың эквивалентінің бір молінің (демек 6,02·1023 бөлшегінің) массасы.
Эквиваленттің зат мөлшері .
Егер, эквиваленттік фактор мен зат мөлшері бірдей болса, онда
эквиваленттің зат мөлшерін табуға болады. Мысалы, егер v(H2SO4) =2 моль, ал
f(H2SO4) =12болса, онда v( f экв( H2SO4 ))=2 моль(12)=4 моль
6. Титр дегеніміз еріген заттың (X) массасының ерітіндінің көлеміне (V)
қатынасы.
;
Титрдің өлшем бірлігі тығыздықтың өлшем бірлігімен ұқсас, бірақ
тығыздық ерітіндінің бүкіл массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы, ал
титр болса тек еріген заттың массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы.
Еріген заттың молярлық концентрациясы.Ерітінділердің молярлық
концентрациясы еріген заттың зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне
қатынасымен сипатталады.

Өлшемдердің халықаралық SL жүйесі бойынша молярлық концентрацияның
өлшем бірлігі мольм3. Дегенмен практикада осы уақытқа дейін мольл өлшем
бірлігі кең тараған. Практикада молярлық концентрация ерітіндінің
1литріндегі еріген заттың моль санымен сипатталады. Молярлық
концентрацияның өлшем бірлігі қысқаша үлкен М әрпімен өрнектеледі. Мысалы,
алюминий сульфатының 1 молярлық ерітіндісі қысқаша 1М AL2(SO4)3 деп
жазылады. Сол сияқты децимолярлық, сантимолярлық және миллимолярлық
ерітінділер 0,1М; 0,01М; және 0,001М деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперимент есептерінің маңызы және зерттеу әдістері
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Химиялық оқыту әдістемесінің жүйесі
Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
Заттарды алу есептері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химия пәнінен есептер шығару әдістемесі
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Химиядан есептерді шығарудың әдістемесі
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Пәндер