Оқушылар білімін бақылау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес.

Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) «Ешнәрсе білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады» деген қанатты сөзі бүгін де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері - жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім беруге атсалысады [1] .

Ғылым - ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады.

Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.

Қазіргі таңда есімізде Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасы жұмыс істеуде. Білім, ғылым туралы заң. Тіл туралы бағдарлама қабылданды. Бізде осы мемлекеттік бағыт-бағдар негізінде қызмет етеміз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру-қазақ мектебінің негізгі мақсаты. Идеялық-саяси, еңбек, дәстүрлік тәрбие оның өзара астасқан бөліктері, сондықтан бұлар кешенді түрде шешіледі [2] .

Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасасада болады.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі: Оқыту теориясы мен әдістемесінің заманауи мәселелері жалпы ғылыми деңгейде Ю. К. Бабанский, В. В. Краевский, Б. С. Гершунский, Э. Н. Гусинский, А. Е. Әбілқасымова, В. А. Сластенин және тағы басқалардың жұмыстарында қарастырылған. Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесіне В. Н. Верховский, Л. М. Сморганский, Ю. Ходаков, Д. М. Карюшкин, С. П. Шапаваленко, К. Я. Парменов, Д. А. Энштейн, А. Д. Смирнов. В. С. Полосин, И. Н. Чертков, Г. И. Шелинский, В. П. Гаркунов, Л. А. Цветков, И. Л. Дружин, Е. Е. Миншенков, Г. М. Чернобельская, М. С. Пак, А. А. Грабецкий, О. С. Зайцев, Л. С. Зазнобина, А. А. Журин, Р. Г. Иванова, Н. Е. Кузнецова, Н. Н. Суртаева, Т. С. Назарова, Ж. А. Шоқыбаев, К. Аймағанбетова, Н. Н. Ахметов, У. К. Мақанов, Ж. Жайлау, К. О. Шайхеслямова, Н. Н. Нұрахметов, Г. К. Нуртаева және тағы басқалары үлкен үлес қосты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: химия курсында техникалық оқыту құралдарының мүмкiншiлiктерiн aнықтaп, oқу бaрыcындa қoлдaну әдiciн ұcыну.

Жұмыстың міндеттері:

- орта мектеп курсында тақырыптың орнын, маңызын және мазмұнын бойынша техникалық оқыту құралдарын анықтау;

- тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;

- «Қышқылдар» және «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптары» тақырыптарына оқу әдістемелік нұсқау жасау және техникалық оқу құралдарының жәрдемімен сабақ өткізу;

- алынған нәтижелерді талдау.

Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Химиядан техникалық оқыту құралдарын қолдану арқылы оқыту.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Негізі мектеп химиясы бойынша бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптарының қасиеттері анықталып, сондай-ақ сабақ өткізу барысында техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделді.

2. Химия пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдетіп, қызығушылы-ғын арттыра отырып, мектептің жоғары сатысында дұрыс бағдар таңдауға негіз болатындығы сараланды.

Зерттеудiң ғылыми әдiстерi . Зерттеу проблемасына байланысты әдiсте-мелiк әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау; химия пәнiнiң оқулық-тарын, әдiстемелiк құралдарын талдау; оқушылармен әңгiмелесу, байқау, сауалнама, тест жүргiзу, эксперимент жүргiзу; оқушылардың бiлiмдерi мен шығармашылық қабiлеттерiнiң деңгейiн тексеру, олардың қорытындыларын талдау.

Зерттеу нысаны: Мақтарал ауданы Асықата кенті "Еңбек" жалпы орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан және 62 беттен тұрады.

1 ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Химия мұғалімінің кәсіби даярлығында техникалық оқыту құралдары

Оқыту құралдары - жаңа білімді меңгерту үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын материалдық немесе идеалды нысаны. Ол оқу үрдісінен дербес нысан, сондай - ақ оқу үрдісінде белгілі бір қызмет атқара отырып, оны игеру пәні ретінде қатысады. Оқыту құралы дидактикалық жүйенің барлық компоненттерімен тығыз байланысты. Бұл 1-суретте көрсетілген:

Сурет 1. Дидактикалық жүйенің компоненттері

Педагогикалық тұрғыдан оқыту құралдарының басқа компоненттерімен өзара байланысты келесі жағдайларымен көрінеді:

а) педагог үшін ОҚ - оның қызметін жүзеге асыратын педагогикалық еңбек құралы.

б) оқушылар үшін ОҚ - таным және оқу қызметін жүзеге асырудың бір құралы.

в) білім беру мазмұнына қатысты ОҚ - мазмұнды білім беру және оны меңгертуді ұйымдастыру тәсілі.

г) оқу - тәрбие үрдісі және ұйымдастыру формаларына қатысты ОҚ - оларды түрлендіру және жетілдіру педагогикалық құзырлылық компоненттерін үйлестіре қолданудың жаңа тәсілі.

д) оқыту құралына қатысты жалпы оларды қолдануда бағыттаушылық роль атқарады, мұнымен қатар оқыту құралдары ОҚ нәтижеге жетуге ықпал етуі тиіс.

Барлық ОҚ келесі топтарға бөлінеді (сурет 2) :

  • оқулықтар және оқыту құралы;
  • көрнекі құралдар;
  • сарамандық әрекеттерді жүзеге асыру құралы;
  • ТОҚ
  • оқу үрдісінің көмекші құралдары.

Сурет 2. Оқыту құралдарының топтары

Оқулық және оқыту құралдары: әр пән бойынша оқулықтар мамандық бойынша әдебиеттер, есеп жинақтар, бақылау топсырмалары, бағдарламалар, жұмыс дәптері, анықтамалар, т. с. с

Көрнекі құралдар: пәндік - нақтылы деген атпен іс - жүзінде қолданылатындары. Ол пәндік - бейнелі және белгіленген көрнекіліктердін құралады.

Пәндік бейнелі:

  • Табиғи (гербарий, скелеттер, коллекциялар) .
  • Көлемді - бейнелі (модельдер, макеттер, мулеждар)

Бейнелі құралдар:

  • Бейнелі белгілер (суреттер, картиналар, аппликация, фото) .
  • Шартты белгілер (карта, сызбанұсқа, диаграмма, кесте, формула, т. с. с)

Сарамандық әрекеттерге арналған құралдарды: оқу - зертханалық құралдар, бөлме жабдықтары, олардың негізгі міндеті - сарамандық сипаттағы дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.

Көмекші оқыту құралдары дидактикалық функция атқармайды, бірақ оқу үрдісін қамтамасыздандыру негізгі құралы болып табылады: тақта, мел, қағаз, жапқыштар, т. с. с.

Ғылыми - техникалық және әлеуметтік процесс білім беру жүйесі алдында тек өмірдің талаптарына байланысты оқыту мазмұнын жетілдіру ғана емес сонымен қатар күн сайын артып отырған ақпарат ағыны мен оны оқып - үйренуге байланысты уақыттың шектеулігі арасындағы қайшылықтардың шешуде жаңа әдістер мен құралдарды іздестіруді қажет етеді. Осы міндеттерді шешуде техникалық оқыту құралдарының маңызы зор. Техникалық құралдар (ТҚ) белгілі бір қызмет атқаратын және дамытылатын біртұтас материалдар жүйесінен тұрады.

«Техникалық оқыту құралдары» (ТОҚ) ұғымы механикалық және электрондық құралдарды қамтиды, мұғалім ақпараттарды беру үшін және оқушыладың білімін бақылауға пайдаланады. Оған: динамикалық және статикалық проекциялық қондырғылар: (кино қондырғылары, эпи және диапроекторлар) ; телевидео жүйелері, видео және дыбыс жазушы қондырғылар; бақылау және бағдарлы оқыту қондырғылары; электрлендірген кестелер, макеттер, модельдер, қабырғалық көрнекіліктер (стенд), лингофондық құралдар, элекрлік есептегіш жүйелермен қоса есепті шешуге арналған есептегіш техника мен компьютерлер, электронды және радиотехникалық көмекші жабдықтар және детальдар (диодтар, транзисторлар, резисторлар, т. б. ) бұлардың барлығы көрнекі және оқу эксперименттерін жетілдіруге арналған. Осы айтылғандардың барлығы «педагогикалық техника» ұғымымен де анықталады. Оқылатын материалдар және оқу - құралдарымен жұмыс жасауға арналған «аудиовизаульды құралдар» термині қолданылады [3] .

Педагогикалық техника және аудивизуальды құралдардың қызметі - фиксация, сақтау және оқу ақпараттарын беру.

Техникалық оқыту құралдары бірнеше аспектіні қамтитын дидактикалық категория болып табылады. Оның қызметі оқу үрдісінің мазмұны және ұйымдастыру формасының ауқымдылығымен шектелмейді. Бұл оқушының диалектикалық ойлауын, ғылыми көзқарасын, сенімін жан - жақты дамуына ықпал ете отырып, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

ТОҚ әдістемелік қалыптастырушы (білім беру, дамытушылық, тәрбиелілік) және конструктивтік (жүйе түзуші) қызмет атқарады.

ТҚ оқытуда тек көрнекілікпен шектелмейді, оқушылардың білімді тиянақты меңгеруін, оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруды, оқушының танымдық белсенділігімен олардың қызығушылықтарын дамытуда, қалыптастыруға ықпал етеді. ТҚ көмегімен түсініктемелік білімдер бейнелі көрсетілімді (заттың құрылымдық формулалары, атомдардың электрондық конфигурациялары, молекула құрылысынң схемасы, т. б. )

ТҚ оқытылатын құбылыстардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы орны жайында нақтылы бейнелейді, әлемнің біртұтастығының бейнесін қалыптастырады, сол арқылы білімді сенімге айналдырады, теориялық сұрақтардың мәнін терең түсінуге ықпал етеді.

ТҚ химиялық экспериментпен ұштастырыла отырып химиялық реакцияларды. Заттың құрылысы катализ, коррозия, кристалдардың өсуі, өндірістік процестерді, т. б. оқып үйренуде тиімді қолдана алады.

Мұғалімның педагогикалық қызметі жалпы еңбегінде және педагогикалық әс - әрекетіндегі оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үрдісімен тығыз байланысты.

Педагогикалық қызметі нақтылы оқу - тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімнің іс - әрекетінің өзара тығыз байланысы жүйесімен анықталады.

Педагогикалық функциясын атқара отырып, мұғалім оқушыларды біліммен сусыздандырады, оларды таным нысанына көңілін аудартады, адамгершілік түсініктерін қалыптастырады. Көрнекіліктерді көрсету барысында демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі қолданылып отырған құбылыстың қозалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы мен сыртқы құрылысын немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады. (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б. ) . Келесі кезектік оның ішкі құрылысы мен жекеленген құрамы көрсетледі.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаналарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады. Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға анық нақты көрінуі тиіс. Оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тастауы керек.

Оқытуды былай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалдарын жеңіл, терең меңгеруіне септігін тигізеді, олардың ойлау қабілетін арттырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың өздері құбылыстарды, процестерді және нысаналарды белсенділік танытып оқып, үйренсе, шын мәнінде әдіс нәтижелі болмақ.

Сабақ барысында оқытуды демонстрациялау әдістерін қолданғанда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидоскоп, теледидар, видеофильдер секілді техника құралдары пайдаланылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада да көрсетуге болады. Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникасы, өндіріс құралдары.

Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланысты болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар картиналар, портреттер, суреттер, чертеждер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданады. Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның нәтижесінде оқушы мен мұғалім оқу материалдарын табысты. меңгеруге айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Мектеп тәжірибесінде көрсеткендей сабақта иллюстрациялық материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың наразын тек өткен материалға бағыттап, ауытқымауға әкеп соғады. Сондықтан көрнекті құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет [4] .

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі, техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындауда ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің қатысуымен сабақ уақтысында да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, байқағыштық қасиеттерін арттырады. Бақылау әдістерінің қолдану тиімділігі мынандай болады: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, демонстрациялық бақылау, экскурсиялық бақылау, техникалық бақылау, лабораториялық бақылау.

Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрнекті құрал арқылы көрсету мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі.

Нақты көрнекті материалды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.

Көрнекілікті оқу процессінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жай қолдануға болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді құрал болып саналады.

Кез келген сабақта көрнектілікті маңызды қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, қызықтыруда үлкен роль атқарады. Пән кабинеттерін қажетті көрнекіліктермен жабдықтау сапалы білім беруге үлкен септігін тигізеді. Кабинеттердің қазіргі заман талабына сай көрнекіліктермен жабдықталуы, кабинеттерде техникалық көрнекіліктің болуы өмір талабы. Кабинет қабырғаларына қажет деген көрнекіліктер ілінуі шарт.

Әр пәннің белгілі тақырыптарына сәйкес әр түрлі сабақта мынадай көрнекіліктің түрі іске асырылады: кесте, үлестірмелі кеспелер, схема, карточкалы дәптер, плакат, суреттер, оқулықтар, перфокарталар, макеттер, кесте, натуральды заттар және техникалық құралдар. Қай кезде болмасын тәжірибелі педагогтар өз сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланып, сабақ сапасын арттыруға тырысып отырған.

Жалпы еңбектік қызметі мұғалімнің алдына тұрған міндетті шығармашылықпен шешу үшін материалдық және деректік шарттардың барынша тиімді жағдайларын туғызуға бағытталған операциялар мен амалдар жүйесін қамтиды. Оқу үрдісінде ТОҚ тиімді қолданудағы мұғалімнің кәсіптік әрекеті оның педагогикалық - әдістемелік және техникалық даярлығына байланысты.

Психологиялық - педагогикалық даярлығы келесі жағдайлардың:

1) аудиовизуальды ақпараттарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері;

2) ТҚ әртүрлі қызметі және педагогикалық мүмкіншіліктерімен;

3) аудиовизуальды құралдарды даярлауда қолдануда психологиялық - педагогикалық талаптардың ескерілуі; 4) аудиовизуальды құрадардың және химиялық эксперименттің оқушылардың жеке басына эмоциялық әсерімен байланысты.

Әдістемелік даярлығы:

1) қажетті оқыту құралдарын және тақырыптарды анықтау;

2) ТҚ тиімді қолдануды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдерді анықтау;

3) әртүрлі дидактикалық құралдардан (диафильмдер, диапозитивтер, графоқұралдар, бақылау бағдарламалар) құрастыра алуы, қолдана білу;

4) техникалық жабдықтар мен құрастырмалы қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін білу.

Техникалық даярлығы:

1) әртүрлі ТҚ құрылымын және оны пайдалана білудің ережелерін білуі және ақпараттарды өңдей алуы;

2) әртүрлі ОҚ техникалық мүмкіндіктерін үйрену;

3) дидактикалық құралдарын өздігінен даярлай білу (диа және кинофильмдер, графоқұралдар) ;

4) зертханалық, бөлмелі техникалық жабдықтардың әдістері мен принциптерімен танысу. ТОҚ пайдалана отырып, мұғалімнің жүзеге асыруға тиісті функциялары жеткілікті. Оған: ақпараттық әрекеті, танымдық үрдістерді басқару, қабылдау сапасына бақылау жасау т. с. с жатады.

Ақпараттық әрекеттің жүзеге асуы әртүрлі ақпарат көздері арқылы жүзеге асырылады. Бұл функцияның ішкі жағы танымдық үрдіске әсерімен байланысты: а) материалмен сезімдік ( сезу және қабылдау) танысу; б) материалды неғұрлым терең түсінуді қамтамасыз ететіндей ой елегінен өткізу; в) түскен ақпаратты жадына сақтау негізінде еске ұстау.

Аудиовизуальды ұғымдарды меңгеруге және қалыптастыруға әсер көрсетеді, ой - тұжырымдарды дәлелдеуге және дәйектеуге, олардағы себеп - салдарлық байланыстарды тағайындауға ықпал етеді. Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру функциясының жүзеге асырылуы келесі бағытта асырылады: а) оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару; б) бақылау ұйымдастыру; в) оқу үрдісіне түзетулер енгізу [5] .

Аудиовизуальды құралдардың көмегімен көбінесе осы а) жағдайды іске асыруға мүмкіндігі бар. Ал компьютерлік және микропроцессорлық техника осы бағыттағы екінші (б) және үшінші (в) бағыттарда басымдылық көрсетеді.

Аудиовизуальды құралдарды тиімді пайдалану үшін оның педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерін қатаң бақылауда ұстау керек.

- оқу материалын тұлғаның қабылдау ерекшеліктеріне сай ескеру;

- оқу материалын пайдалану кезінде тұлғаның ойлау қабілетін арттыра қозғау салу.

- электрондық оқу материалын пайдаланудың қалыпты деігейін оқушылардың ойлау жүйесіне күш түсірмейтіндей деңгейде сақтау.

ТОҚ жіктеудің негізі әртүрлі:

Оқу үрдісіндегі рөлі және функциясына байланысты, дидактикалық негізі және қолдану принциптері, көріну уақыты, техникалық күрделілігі, адамның есту, көру мүшесніе, т. с. с. әсері.

Н. Аткинсон проективті және проективті емес ТҚ ажыратады. Проективтіге жарық және оптикалық проекцияларды, проективті емеске оқу кестесін, сызба - нұсқа, чертеждер, фотографиялар, телевидение, ЭВМ, магнитофон, т. б. дидактикалық мүмкіндіктері әр түрлі құралдар жатқызылады.

Н. М. Шахмаев және Л. П. Прессман ұсынуы бойынша [6] оқу - тәрбие үрдісіндегі ТОҚ рөлі негізне алынып жіктеледі:

1. Ақпаратты беруші;

2. Оқушылар білімін бақылау;

3. Әртүрлі функцияларды біріктіруші.

С. Г. Шаповаленко білмеуден білуге өтетін жолы негізінде жіктеді [7] :

а) табиғи нәрселер, материалды құбылыстардың нақ көрінісін беретіндер;

б) табиғи құбылысты нақты бейнелеуін көрсететіндер;

в) нәрселерді және әлемнің құбылыстарын сөзбен, фразалармен, белгілермен суреттетейтіндер.

Аудиовизуальды құралдардың оқу ақпараттарын материалдануына байланысты үш топқа ажыратады:

  1. Дыбыс ажыратын жазу, сақтау, дыбыс беру ТҚ
  2. Көру ақпараттарын сақтау және көрсету ТҚ
  3. Көру және дыбыс ақпараттары бір мезгілде берілетін, сақталатын ТҚ.

Қарым - қатынас құралдарының үш түрін ажыратады: лингвистикалық (жазбаша және ауызша тіл), семиотикалық (белгілеулер, график теңдеулері, т. б. ) және паралингвистикалық (жест, мимика) . Оқу үрісінде қарым - қатынас оқу үрдісіне қатысушылардың өзара ақпарат алмасуы, бұл әңгіме, талқылау, хабарлама, баяндама, дәріс түрінде жүзеге асырылады.

Көрнекі - құралдар үш түрге жіктеледі:

  1. Көлемді құралдар(модельдер, коллекциялар, құралдар, аппараттар) ;
  2. Баспа құралдары (картина, плакаттар, портреттер, графика, кестелер) ;
  3. Проекциялық материалдар (кинофильмдер, видеофильмдер, слайдтар) .

Аудиовизуальды құралдар және техникалық құралдар жіктелуін 1- кестеде көрсетеді:

Кесте 1

Техникалық және аудиовизуальды құралдар

Аудиовизуальды құралдар
Техникалық құралдар
Аудиовизуальды құралдар: Көру (визуальды) құралдар
Аудиовизуальды құралдар:

Экрандағы бейнеленуі

Қозғалатын: дыбыссыз фильмдер

Қозғалмайтын: дмапозитивтер, диафильмер. Көрінбейтін бейнелер (непрозрочные изображения)

Техникалық құралдар:

Проектор және экран

Дыбыссыз фильмдерге проектор

Диаскоп, графопроекторлар, эпидоскоп

Магниттік және түкті тақта

Аудиовизуальды құралдар: Тыңдау (аудиотивті) құралдар
Аудиовизуальды құралдар:

Радиодан берілетіндер

Граможазба

Магиттік таспаға жазба

Техникалық құралдар:

Радиоқабылдағыштар

Пластинкалы граммофондар

Магинттік таспалы магнитофон

1-кестенің жалғасы

Аудиовизуальды құралдар
Аудиовизуальды құралдар:

Теле көрсетілімдер

Дыбысты фильмдер

Бейнелер және дыбысты жазба

Телевизор

Кинопроектор

Видеомагнитафон, диаскоп, магнитофон.

Аудиовизуальды құралдардың көрнекілік ұстанымын жүзеге асырудағы рөлі мен орнын нақтылаудың мәні зор. Жалпы көрнекіліктің оқыту ұстанымы ретіндегі әдіснамалық негізіне таным теориясын қарастырылады.

Оқыту үрдісінде көрнекілік қабылдау, есту, көру, сезіну, есебінен өз қызметін атқарады және таным әрекетін белсендірудің маңызды құралы болып табылады. Көрнекілік тікелей бейнелеу мен оған тірек етумен байланысты.

Жалпы «көрнекілік» ұғымы « бейнесі» мағынасымен де алмастырылып жатады. Аудиовизуальды құралдар материалды бейнелік қабылдауды қамтамасыз етеді және оның көрнекілігін нақтылайды.

ТҚ қолдану мұғалімнің кәсіптік - педагогикалық даярлығының алғы шарты болып есептеледі. Оқу материалдарын баяндау кезінде қажетті кесетлер, суреттер, реакция теңдеулері, слайдтар, фрагменттер, диафиьмдер және кинофильмдер тыңдаушылардың алдына дер кезінде көрінгені дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері)
Оқушылардың білімін және білімін тексеру
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz