Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ 3

КІРІСПЕ
4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Тарау Қылмыстық процеске қатысушылардың, олардың ұғымы мен жіктелуі

6
1.1 Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
1.2 Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шаралары 11
1.3 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа
шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру 14
2 Тарау Қылмыстық процеске қатысушылар
20
2.1 Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және
прокурордың орны мен мәнділігі 20
2.2 Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы
ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі 27
2.3 Анықтау органының өкілеттігі. Анықтаушы 35
3 Тарау Өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар және
өзге адамдар
38
3.1 Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен
мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері 38

ҚОРЫТЫНДЫ 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚР- Қазақстан Республикасы
ҚРҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ҚПК- Қылмыстық процестік кодексі
ҰҚК- Ұлттық Қауіпсіздік комитеті
ІІМ- Ішкі істер министрлігі

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қылмыстық процеске қатысушылар деп, бір
сөзбен айтқанда қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге
асыратын органдар мен адамдар. Қылмыстық процеске қатысушыларды
қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай мынадай түрлерге ажыратсақ
болады:
1) қылмыстық қудалау функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау
органы;
2) тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы – айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын
прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;
5) қорғау функциясы - сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекелеген
жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық істі алдын ала
тергеу сатысында қысқарту);
7) азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер;
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен
шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге
де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін
көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне
куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының
хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары,
өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу
функциялары болады [1,б.15].
Зеpттеy жұмыcының мaқcaттapы мен мiндеттеpi. Диплoмдық зеpттеyдiң
мaқcaты қылмыстық процеске қатысушылардың мәртебесінің теориясы мен
тәжірибесі негіздерін жетiлдipy. Қылмысқа қатысушылар проблемаларын
қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі
мақсатқа жеткізеді.
Бірінші мақсат – сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын
белгілеуге;
Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін
жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу
арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз
жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында
жүзеге асырылады;
ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен
міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары
мен міндеттері болады;
в)құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып
белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті,
тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);
г)құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады.
Сонымен қатар, заң бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың
қауіпсіздігін мемлекет өз қамқорлығына алады.
Алдағы тарауларда қылмыстық процеске қатысушылардың әрқайсысына
жеке – жеке тоқталамыз. Сондай-ақ, сотқа дейінгі сатыда, сот
сатысында, алдын ала тергеу сатысында қылмыстық процеске
қатысушылардың іс жүргізуші органның іс-әрекеті мен шешімдеріне
қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен тәртібі
туралы да айтылады.
1 тарау Қылмыстық процеске қатысушылар, олардың ұғымы мен жіктелуі
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес
қылмыстық процеске қатысушылар деп, қылмыстық істерді тергеуге және
қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді
қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын іс
жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды,
қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен
мемлекеттік органдарда, қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен
органдарды түсіну керек. Процеске қатысушыларға жататын адамдар
түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды.[2,б.19].
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар жоғына қарамастан іске
белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады.
Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп
қолдау тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп, тек істе мүддені
білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген. Үшініші көзқарас
қылмыстық сот ісін жүргізуде процеске қатысушылар категориясының
заңдылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы
С.А.Альперт процеске қатысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер
берілген, сондықтан да оларды процеске қатысушылар деген бір ұғыммен
біріктіруге болмайды деп санады.
Сонымен, процеске қатысушылар терминін түсіну, ал екінші жағынан –
процеске қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін анықтау
жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын альп отырған алшақтықтарға обьективті
негіз бар, оның мәні мынада:

1. процеске қатысушылар категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу
құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;
2.іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше
түсінуімен байланысты.
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну
байқалып отыр. Атап өтер болсақ, М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу
қызметіне белгілі бір дәрежеде қатынасатын адамдар процесс
субьектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субьектілер-
сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар
ғана; басқалардың бәрі – процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің пікірінше,
субьектілер және қатысушылар терминдері –мән-маңызы бірдей ұғымдар,
бірақ қылмыстық процесс үшін қатысушылар термині лайықтылау, өйткені
субьектілер термині жалпылама сипатта болып кетеді.
Процесс субьектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат
алып отыр деп топшылауға негіз бар, себебі құқық қатынастарына
қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық –
сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Процеске қатысушылар
мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына
жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер
түрліше қарайды.
Қылмыстық іс жүргізу заңында процеске қатысушылар категориясының
түрліше түсінілуі мынадан көрінеді:
1.Қылмыстық процестік кодексінің нормалары процеске қатысушылар тізбесі
берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) Қылмыстық процестік кодексінде процеске қатысушылар-қылмыстық ізге
түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар,
сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері
білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор
(мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті,
айыпталушы, олардың заңды өкілдері, азаматтық жауапкер, оның заңды
өкілі мен өкілдері, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер,
олардың заңды өкілдері деп түсіндірілген; осылармен қатар Қылмыстық
процестік кодексінің 7-бабының 25 тармағында тағы да бір түсініктеме
берілген: қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар – сот отырысының
хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ә) Қылмыстық процестік кодексінің 2-бөлімі (Қылмыстық процеске қатысушы
мемлекеттік органдар мен тұлғалар) сот немесе судья, іс бойынша
төрағалық етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы бастығы қызметін
регламенттеген.
б)10-тарауда (қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар) проуеске
қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы,куәгер, сот отырысының
хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі Қылмыстық процес тік кодексінің
7-бабының 25 тармағына сәйкес келеді.
Сонымен, қолданылып отырған қылмыстық процестік кодексінің бірде-бір
нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын
адамдарджың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді. Сонымен бірге процеске
қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық
іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
-заңды бір ізге салу;
-заңды әмбебаптандыру;
-заң бұзылуының алдын алу;
-құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету
мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде, әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық
іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы
байқалып отыр.[3,б.25].
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу
функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
2) түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген
функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға
мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап
отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық
қатынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен
міндеттерді жүзеге асыру жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән
құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала
отырып белгіленеді. (тергеуші мен прокурор қатынастары, тергеуші мен
сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.б.);
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья
бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды т.т.).
Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот
ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
1) қылмыстық ізге түсу функциясы – прокурор, тергеуші, анықтау органы,
анықтаушы;
2) тергеу функциясы – тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор,
бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор;
5) қорғау функциясы – сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекеленген
жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі аладын ала тергеу
сатысында қысқарту);
7) азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер.
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді,
себебі функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын,
оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.
Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың ара-
қатынасына қылмыстық процеске қатысушылардың былайша жүктелуін ұсынуға
мүмкіндік береді:
1.қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.
Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді:
1) сот; 2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы,
тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын
процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке
айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған
айыпталушының немесе сезіктінің заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық
талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің
өкілдері).
Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар.
Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш
шағын топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске
қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар;
Екінші шағын топ – іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатын
процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар,
сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын
статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларының
кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері
және т.б.;
Үшінші шағын топ – сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты
үкімді орындау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге
қатынасатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді:
үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік
өкілдері, сотталушының ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе
оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік
комиссиялар өкілдері және т.б.

2. Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шаралары

Мемлекет қылмыстық процеске қатысушыларды, атап айтқанда, судьяны,
тергеушіні,прокурорды, анықтаушыны , сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот
приставын өз қорғауына алады. Сондай-ақ, осы аталғандармен қоса
олардың отбасы мүшелері. және жақын туыстарын да өз қорғауына алуы
тиіс.
Осы аталған адамдар үшін мемлекет заңда көзделген тәртіппен
сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе
алдын ала тергеу жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден
немесе күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз
етеді. [4,б.45].
Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган, егер қаралып жатқан
қылмыстық іс бойынша сол істі жүргізуге байланысты оларға күш
қолдануды немесе қылмыстық заң бойынша тыйым салынған әрекеттерді
жасаудың нақты қаупі болса, жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының
қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың сондай-ақ, олардың
отбасы мүшелері мен жақын-туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші орган ауызша немесе
жазбаша мәлімдемесі негізінде аталған адамдардың қауіпсіздігінің
қамтамасыз ету жөнінде тиісті қаулы шығарады. Қатысушылардың жазбаша
немесе ауызша мәлімдемесі болып табылады. Мысалы, қылмыстық сот ісін
жүргізуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және
жақын-туыстарының өздерінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы
мәлімдемелерін қылмыстық процесті жүргізуші орган алған сәттен
бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарайды. Қабылдағаны туралы
қаулыны мәлімдеушіге дереу хабарланады. Сондай-ақ, қауіпсіздікті
қамтамасыз ету туралы мәлімдеме қабылданбауы да мүмкін. Бұндай
реттерде қылмыстық процеске қатысушы немесе олардың жақын-туыстары,
отбасы мүшелері прокурорға немесе сотқа шағымдану құқығы беріледі.
Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берілген
өтініштен көрініс таппаған, яғни өздеріне белгісіз мән-жайлар
туындайтын болса, бұл туралы қайтадан мәлімдеме жасауға құқылы.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге басқа да қатысушылардың және
куәлердің, сезіктілердің, айыптаушылардың, сондай-ақ олардың
отбасыларының, жақын туыстарының іс жүргізу қауіпсіздігінің
шараларына мыналар жатады:
1)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою, яғни құпияда
ұстау;
2)қорғалатын адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3)қылмыстық процесті жүргізуші органның күш немесе қылмыстық заңда
тыйым салынған басқа да әрекеттің қаупі шыққан адамға онда мүмкін
болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасайды;
4)сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға
қатысты күш қолдану немесе күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де
қылмысты әрекеттер жасау немесе жасауды ұйымдастыру мүмкіндігін жоққа
шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.
Аталған төрт бөлімді түсіндірер болсақ:
1)қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту іске қатысушыға қол
қойғызу арқылы хабарланады. Ескертуді қылмыстық процесті жүргізуші
орган енгізеді.
2)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою деп, қылмыстық істің
материалдарынан адамның анкеталық деректері туралы мәліметтерді алып,
оның негізгі іс жүргізуден бөлек сақтаудан, бұл адамдардың
бүркеншік ат пайдалануынан тұрады. Негізгі іс жүргізуден
оқшауландырылған материалдармен танысу үшін қылмыстық процесті
жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Қылмыстық процеске қатысатын
басқа да қатысушылар онымен осы мәліметтерді жарияламау туралы
қолхат бере отырып, қылмыстық процесті жүргізуші органының
рұқсатымен ғана таныса алады. Қауіпсіздік шараларын қолданатын адамның
қатысуымен іс жүргізу әрекеттері қажет болған жағдайларда оны тануды
болдырмайтын жағдайларда жүргізіледі. Бұл жағдай қатысушының
(сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің) қауіпсізідігінің
кепілі болып табылады.
Ал куәгерлердің, сезіктінің, айыпталушының, қылмыстық сот жүргізуші
басқа да адамдардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің тәртіптері заңмен айқындалады.
Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді
қаулысымен қауіпсіздік шаралары тоқтатылады. Бұл туралы қорғалатын
адамға, оның қауіпсіздік шараларының тоқтатылуы туралы деректердің іс
бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу
хабарланады.
Сот куәнің,айыптау тарабының өтініші бойынша, сондай-ақ куәнің және
оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы
бойынша куәден:
1)бүркеншік атты пайдалана отырып, оның жеке басы туралы деректерді
жарияламастан;
2)оны тануды болдырмайтын жағдайларда;
3)оны сот талқылауынан басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей жауап алу
туралы қаулы шығаруға құқылы;
Төрағалық етуші бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды
сақтаудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға, сот отырысы залынан
айыпталушыны қорғау тарабының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы. Сот
процеске қатысушылардың біреуі болмағанда
көрсетуін сот төрағалық етуші, ол куә туралы мәліметті көрсетпестен
оған бар қатысушылар қатысып отырғанда хабарлайды. Қажет болған
жағдайларда сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де
адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде басқа да шаралар
қолданады. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
туралы соттың қаулысын қылмыстық ізге түсуші органдарына сондай-ақ
сот приставына жүктеледі.

1.3 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа
шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру

Судья, прокурор,тергеуші, анықтаушы, қорғаушы жәбірленушінің,
азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, куәгер, сот
отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қаралып
отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қатысуын жоққа
шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге
қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық процеске
қатысушылар қарсылық білдіретіні туралы мәлімдеуі тиіс.Заң бойынша
қылмыстық процесті жүргізуге өкілетті орган қылмыстық істің кез келген
сатысында іс бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мәлімделген қарсылық
білдірулер мен өтініштерді шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске
қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиісті қаулы
шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетуге
құқығы бар. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық
білдірулерді шешуге уәкілетті адамға қарсылық білдірумен бір уақытта
процеске өзге де қатысушыларға қарсылық білдіру мәлімделсе, онда
бірінші кезекте осы адамға қарсылық білдіру туралы мәселе шешіледі.
Сондай-ақ, қылмыстық істі жүргізуге бір мезгілде бірнеше адамның қатысуы
олардың туыстық қатынастарына немесе байланысты жоққа шығарылатын
қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден процеске қатысушы жағдайына
басқалардан кейінірек ие болған адам шеттетілуі тиіс.Іс бойынша туыстық
немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың
құрамында болса, қылмыстық іс бойынша жүргізуден шеттетілуге төрағалық
етуші таңдаған адам жатады.Ал,сот отырысының хатшысы, сот
приставы,аудармашы не маман не сарапшының сұраулары бойынша олардың іс
жүргізу функцияларын орындауына кедергі келтіретін дәлелді себептерінің
болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процесті жүргізуші орган
босатады.[5,б.125].
Заң бойынша судьяға мына жағдайларда қарсылық білдіріледі:
қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық
жауапкердің, олардың өкілдерінің туысы, айыпталушының немесе оның заңды
өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің туысы болса; егер,
судья жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз
беретін өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды; аталған
іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып
табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы мүмкін болса. т.б. заңда
көзделген жағдайларда қарсылық білдіріледі.
Қарсылық білдіру сот тергеуі басталғанға дейін мәлімделуі керек. Сот
тергеуі басталып кеткеннен кейінгі мәлімдемеге тек ол үшін негіз қарсылық
білдіруді мәлімдеген тарапқа сот тергеуі басталғаннан кейін белгілі болған
жағдайда ғана жол беріледі. Ал, бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл
құрамына қарсылық мәлімделсе, онда көпшілік дауыспен сот шешеді. Дауыстар
тең болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады.Қарсылық
білдіру туралы мәлімдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым
не өтінішті белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы
қаулы шағымдалуға немесе наразылық білдірілуге жатпайды. Қаулыға
келіспеушілік туралы дәлелдемелер апелляциялық немесе қадағалау шағымына
енгізіледі.
Прокурорға қарсылық білдіру туралы мәселені жоғары тұрған прокурор
шешеді. Ал, қарсылық білдіру қылмыстық істі сотта қарау кезінде
білдірілсе, онда бұл мәселені сот шешеді.
Ал, тергеушіге байланысты білдірілген қарсылықты прокурор шешеді.
Куәгерге білдірілген қарсылықты іс тергеп жатқан тергеушінің өзі
шешеді.
Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық білдіру туралы
мәселені қылмыстық істі қараушы соттың өзі шешеді.
Аудармашы мен маманға, сарапшыға байланысты білдірілген қарсылықты
қылмыстық процесті жүргізуші органның өзі шешеді.
Қорғаушыны, жәбірленушінің , азаматтық талапкердің, азаматтық
жауапкердің өкілін қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден
шеттету туралы мәселені қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган шешеді.
Қорғаушы, сондай-ақ, жәбірленушінің не жеке айыптаушының, азаматтық
талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі мына мән-жайлардың кез келгені
болған ретте:
-егер ол бұрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының
хатшысы, куә, сарапшы ретінде іске қатысса;
-егер ол осы істі тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе
қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;
-егер ол қорғалушымен немесе сенім білдірушімен қарама-қарсы мүдделері бар
адамға заңгерлік көмек көрсеткен болса, сонымен қатар бұл адаммен туыстық
қатынаста болса;
-егер, заңның күшімен немесе соттың шешімімен қорғаушы немесе өкіл болуға
оның құқығы жоқ болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы болмайды.
Қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын
органдарға қылмыстық іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін
өтініш жасай алады. Өтініш процестің кез келген сатысында беріле алады.
Өтініш білдірген адам қандай мән-жайды анықтау үшін іс - әрекет жасауды
немесе шешім қабылдауды сұрайтындығын көрсетуі керек. Өтініш жазбаша
немесе ауызша беріледі. Өтініш жазбаша берілсе, онда өтініш қаралып
отырған қылмыстық іске тігіледі, ал, ауызша білдірілген өтінішті сот
отырысының хаттамасына немесе тергеушінің хаттамасына бұл туралы жазылуы
тиіс. Тергеуші немесе сот өтінішті қанағаттандырмауы да мүмкін. Мұндай
жағдайда процеске қатысушы өтінішті басқа органға немесе қылмыстық іс
жүргізудің басқа сатыларында білдіре алады. Өтініш қабылданған ретте ол
тікелей шешуге жатады және өтініш бойынша шешім үш тәуліктен
кешіктірілмей қаралады. Сот немесе тергеуші өтінішті қабылдау туралы
дәлелді қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі.
Өтінішке шағым жасауға болады.
Өтініш мына жағдайларда қанағаттандырылады:
-егер, ол істің мән-жайын толық және обьективті зерттеуге жәрдемдессе;
-егер, өтініш басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз
етуге көмектессе.
Егер жүргізілген іс жүргізу әрекеті өздерінің мүдделерін қозғайтын
болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар анықтаушының,
анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттың немесе судьяның іс-
әрекеттеріне шағымдана алады. Шағым қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін
жауапты органға немесе лауазымды адамға және заңмен уәкілдік берген адамға
беріледі. Шағымға қосымша материалдар қоса тіркелуі мүмкін. Шағымданушы
қылмыстық іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін болса, өзі
білетін тілде не ана тілінде бере алады. Берілген шағымды оны берген
адам қайтарып ала алады.
Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың шағымын алдын ала
қамауға алу орындарының әкімшілігі арқылы беріледі. Әкімшілік
қылмыстық процесті жүргізуші органға қылмыс жасады деген сезік бойынша
ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқында отырған адамдардың
шағымын дереу беруге міндетті. Ұсталған немесе тұтқында отырған
адамдар, егер тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс әреттеріне
шағым беретін болса, онда ол шағымды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі
арқылы прокурорға беріледі. Ал, прокурордың іс әрекеттері мен
шешімдеріне шағымды жоғары тұрған прокурорға береді. Шағымдарды
қамауда ұстау орындарының әкімшілігі тиісті адамға немесе органға бір
тәулікте кешіктірмей жеткізуі тиіс.
Шағымдарды беру мерзімі барлық анықтау ісі, алдын ала тергеу және
сот талқылауын жүргізу барысында беріледі.
Қылмыстық іс бойынша шағым берілсе, шағымдалған шешімнің орындалуы
тоқтатыла тұрады.[6,б.183]
Шағымдарды қарау кезінде прокурор немесе судья онда жазылған
дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған жағдайда қосымша
материалдарды талап етуге, тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және
азаматтардан шағымдалған іс әрекеттер мен шешімдерге қатысты түсініктеме
алуға міндетті. Шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкілеттіктері
шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, немесе өзге де азаматтардың
немесе ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына
келтіруге дереу шаралар қолдануы тиіс. Іс жүргізу органдарының заңсыз іс
әрекеттері мен шешімдерінен адамға моральдық, мүліктік зиян
келтірілсе, онда осы зиян өтелуге немесе жойылуға тиіс.
Жоғарыда атап өткеніміздей, яғни анықтаушының, тергеушінің анықтау
органының іс әрекеттері мен шешімдеріне келіп түскен шағым бойынша,
прокурор шағымды алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде қарауға міндетті. Ал ,
егер шағымды қарау үшін қосымша материалдар қажет болса, онда бұл
туралы прокурор шағым берушіге хабардар етеді. Мұндай жағдайда шағымды
қарау мерзімі жеті тәулікке дейін созылады. Шағымды қараудың
нәтижесінде шағым жасалған шешімді тоқтату немесе өзгерту арқылы шағымды
толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды
қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

2 тарау Қылмыстық процеске қатысушылар
2.1 Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және
прокурордың орны мен мәнділігі

Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп,
Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектісі ретінде онда
ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу
қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге
асырылатынын атап отті. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар
арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі – сот органы.
Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар
жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген. Сот, сот төрелігін
жүзеге асырушы мемлекеттік билік оргны ретінде,-деп атап көрсетті
М.А.Чельцов,іс жүргізу қызметінің басты субьектісі болып табылады Сот
ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына
процесте істің мән-жайын зерттеу жөнінде тең құқықтар берілген).[8,б.78]
Соттың процесті басшылық ролі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты
шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар
кіреді:
а)істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;
ә)істің нақты жағын анықтау;
б)егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысына баға беру және жазалау
шарасын бекіту;
в)егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының
кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;
г)заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.
Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзіреттілігі және
бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз
етіледі:
-қылмыстық істердің соттылығын анықтау; - нақты қылмыстық істерді қарау
үшін соттың құрамын жасақтау; - судьяларды бөлу;
-істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясына бөлектеу.
Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:
1)судьяның жеке өзі; 2)үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын
судьялар алқасы;
Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі
мынадай болып табылады:
-сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық
нормаларын қолдана отырып, қарайды және шешеді;
-алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс
жүргізу органының прокуроры мен тергеушімен, анықтау органымен,
анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа
алады; - жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен,
куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен
қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады.
Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі
орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа
ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескерту қажет. Сондықтан, адамды
айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға,
төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге
тек соттың ғана құқығы бар.
Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз
өкілеттіктерін жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына
қатысушы ретіндегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен, бірінші
сатыдағы сот шығарған үкімге он тәулік ішінде шағым жасауға немесе
наразылық білдіруге болады. Оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады.
(істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін. Оның
процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында қатаң белгіленген). Егер айыптау
үкімі күшіне енген болса, оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа
қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге де
дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдері іс жүргізу барысында
орнықтыру мен бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу
қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған
қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен
жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады.
Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық
іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың
істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылыққа әкеліп соғатын мән-жайларды
анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес
әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді.[9,б.53]
Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік
негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья
тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған
барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады. Судьялар алқасы істі
ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші запастағы судьясының
қатысуымен қамтамасыз етеді. Төрағалық етуші сот отырысының барысына
басшылық етеді. Қатысушылардың бәріне залда қажетті тәртіп сақтауын
қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады. Заң негізі соттың осы
және өзге де ұйымдық іс әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық
қатынастары сипатын береді.
Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі,сонымен
бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа
жетуді көздейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні
мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға
қояды.
Сот өз шешімінде әділ болуға тиіс. Бұған оның кіршіксіз
әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның өзі сот шешіміне субьективті
факторлар (мысалы, қылмыскерлердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының
ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектен төмен мерзімге
бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа
шығармайды. Сонымен бірге, сот шешімін субьективтендіру – жазаны даралау
принципі көріністерінің бірі, бұл материалдық – құқықтық қатынастар
саласында өте маңызды.
құқықтық қатынастар саласында өте маңызды.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде прокурордың орны мен
мәнділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданылып жүрген
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы заң күші бар Жарлығының
тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған заңдарды қолданудың
жәрдем көрсететіндей сипаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне прокуратураның прокуроры
қадағалаудың функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән
ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау
шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және
кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін өз билігінің бүкіл
күшін пайдаланады.
Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс
жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың
істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылықка әкеліп соғатын мән-жайларды
анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес
әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді (ҚПК 53 -бабының
4-бөлігі).
Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік
негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья
тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған
барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады (ҚПК-тің 308-бабы).
Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші
запастағы судьяның қатысуын қамтамасыз етеді (ҚПК-тің 313-бабы). Төрағалық
етуші сот отырысының барысына басшылық етеді, қатысушылардың бәрінің заңда
кажетгі тәртіп сақтауын қадағалайды, тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады
(ҚПК-тің 57-бабы). Заң негізі соттың (судьяның) осы және өзге ұйымдық іс-
әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.
Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі, сонымен бірге,
сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа жетуді
кездейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні мынада: ол
сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға қояды. Сот өз
шешімінде әділ болуға тиіс, бұған оның кіршіксіз әділдігімен жетуге болады.
Алайда мұның өзі сот шешіміне субъективті факторлардың (мысалы,
қылмыскердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын
көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектең төмен мерзімге бас
бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды.
Сонымен бірге сот шешімін субъективтендіру — жазаны даралау принципі
көріністерінің бірі, бұл материалдық-құқықтық қатынастар саласында өте
маңызды.
Прокурордың тергеушіге, анықтаушыға, тергеу бөлімінің бастығына,
анықтау органына, анықтау органының бастығына заңмен көзделген
реттерде нұсқау береді. Нұсқау бұлар үшін міндетті болып табылады.
Берілген нұсқауды орындамау қылмыстық заңда көзделген тәртіптерді
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Нұсқау қылмыстық істі әрмен қарай
жүргізілуіне кедергі болмайды.
Сондай-ақ, прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге
асыру кезінде тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бас
Прокурор өз құзіреті шегінде анықтау және тергеу органдарының
орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық актілер
қабылдайды. Ал, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын органдар
нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Бас
Прокурорымен келісе отырып қабылдайды. [11,б.42]
Айыпталушыға немесе оның іс әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта
болатын тұлғаға прокурор:
-өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына немесе өзге
де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше
пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің құқығын қорғап талап қоюға
құқылы;
-мемлекет мүддесін қорғап, талап қоюға құқылы.
Прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізу және істі соттың қарау
кезіндегі өкілеттігі:
- прокурор іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып, анықтаушының,
анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы
қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға
немесе материалдарды қосымша тексеру үшін іс жүргізуге жіберуге;
- анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық
қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық
іс қозғауға;
- анықтаушының, анықтау органының қылмыстық іс қозғау туралы
қаулысының күшін жоюға және егер, қылмыстық іс бойынша тергеу іс
әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Прокурор
бір немесе бірнеше адамды әртүрлі алдын ала тергеу
органдарының тергеуіне жататын қылмыстар жасағаны үшін айыптау
бойынша істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеу ретін
белгілейді.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау
жүргізу кезінде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра
отырып, прокурор заңмен белгіленген өкілеттіктерге ие болады, бұдан
басқа да ол мынадай өкілеттіктерге ие:
- айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық істі сотқа жіберуге;
-анықтау жүргізілетін қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізуге
жіберуге;
-анықтау органының бастығы бекіткен айыптау хаттамасының күшін
жоюға және осы кодексте көзделген негіздер бойынша анықтауды
қысқартуға құқылы.
Прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы
ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті. Күрделі және көп
эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор
қолдануы мүмкін. Егер, сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі
қатысуының мүмкін еместігі анықталса, онда ол алмастырылуы
мүмкін. Іске және прокурордың кірісуі осы уақытқа дейін сотта
жасалған іс әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды, бірақ
прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу
үшін уақыт бере алады. Прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды
зерттеуге қатысады. Сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ,
сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің
пікірін баяндайды. Сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға
жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер, мұны азаматтардың
құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғауды талап
етсе прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны
қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің
барлық жағдайларын қорғау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі
көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын
және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды
өзгерте алады. Прокурор, егер, айыптау сот талқылауында қолдау
таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық
немесе ішінара) міндетті.

2.2 Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы
ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі

Қылмыстық процестік кодексінің 59-бабының 1-ші бөлігіне сәйкес
тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз – алдын ала тергеуді жүзеге
асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің
құзіреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары. Қылмыстық іс
жүргізу мағынасындағы құзіреттің ұғымы мен мазмұнын олардың
атқарушы органдар жүйесіндегі лауазымдық қызметтеріне байланысты
осы адамдарға жүктелген функционалдық міндеттерден ажырата
білу қажет.
Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың
қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы:
- қылмыстық іс қозғау туралы және өзге де қосымша материалдар
туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушігіе тергеу жүргізуді
тапсыруға құқығы бар. Мұндай тапсырма кезекшілік кезінде келіп
түсетін, хабар-ошарларға жауап беретін жедел-іздестіру тобының
қылмыстық іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Жасырын тергеу әрекеттері
Қылмыстық процеске қатысушылар
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі, мәні, міндеттері
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Дәлелдемелердің қайнар көздері
Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Пәндер