Музыкалық аспаптардың түрлері
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
БАЛАЛАР ӨМІРІДЕГІ ӨМІРІДЕГІ ОЙЫНШЫҚТАР МЕН АСПАПТАРДЫҢ РӨЛІ.
(Балабақшадығы музыкалық тәрибие әдістемесі )
0108000 Музыкалық білім беру мамандығының күндізгі бөлімі
Орындаған: Сүймұханов Ы.-СБ -315-тобы
Жетекші: Г.С. Карина (арнаулы пән оқытушысы)
Қорғауға жіберіледі (жіберілмейді)
Музыкалық аспаптар ОӘБ
жетекшісі____________З.Б.Максимоза
_____ ______________________2022
Ақтөбе 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ БАЛАЛАР ӨМІРІДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптардың рөлі ... ... 4-5 1.2 Музыкалық аспаптардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
1.3. Балалар өміріндегі ұлттық аспаптардың алатын орны ... ... ... ... ... ... ...11-1 3
ІІ. БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Оқыту тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
2.2. Техникалық тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-17
2.3 Тапсырмалардың жүйелілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4 .Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің негізгі әдістері ... 19
Практикалық бөлім:
1.Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Болашақ музыка жетекшілері мен тәрбиешілердің эстетикалық педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру арқылы талдау, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық аспаптар мен таныстырып, алған әсерлерін байыту.
2. Балалардың эмоциялық әсер алғыштығын, дыбыстың биіктігін айыра білуін, ырғақты сезінуін дамыту.
3. Балаларды ең қарапайым музыкалық аспаптары мен таныстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиеші жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
І. МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ БАЛАЛАР ӨМІРІДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.
1.1 Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптардың рөлі.
Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті есіп отырған казіргі жардайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, творчестволық қабілетін жетілдіру мақсатында семьяда да, бала бақшада да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі коллективтік орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.
Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуеңді іріктеуді музыкалық жаңғырықта ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т. б. үйренеді.
Бұлардан басқа, кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық-сенсорлық қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекелеген элементтерімен таныстыруына көмектеседі.
Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, келемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
Әндірісте және дүкендерде қазіргі кезде бірқатар музыкалық ойыншықтар мен аспаптар шығарылып жүр. Оларды қалай пайдалану керектігін білу үшін оның құрылысымен, дыбысталуымен және ойнау тәсілдерімен таныс болу керек.
Музыкалық ойыншықтар, балалардың музыкалық аспаптары деген атаулар жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық ойындарда қолданылады. Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады.
Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кәдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады. Әрине, олар кәдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы көрінісі мен дыбыстауы жағынан ұқсас болғанымен, мейлінше қарапайым болғандықтан кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды.
1.2Музыкалық аспаптардың түрлері
Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады.
Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян және т. б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды кұбылтура мүмкіндік береді. Балалар кебінесе өздерін музыкалық жетекші дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, музыка сабағын өткізеді, пианист, баянист, балалайкашы болады, таныс әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі, сөз жоқ баланың музыкалық-есту түйсігін, творчестволық қиялын жетілдіреді.
Дыбыс шығаратындар. 1. Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық ойыншық-аспаптар -- сылдырауықтар, бубендер, барабандар, кастаньеттер, треугольниктер.
2.Бір ғана биік дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар -- сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады.
3.Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, музыкалық шкатулкалар, музыкалық жәшіктер; оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат алады.
4.Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық-аспаптар: металлофон, пианино, рояльдар, кларнеттер, флейталар, саксафондар, баяндар, гармоникалар, ауыз гармониялары, колокольчиктер, цитралар, домбралар, балалайка лар және т. б. Бұл музыкалық ойыншық-аспаптар бұрынғылардан әлдеқайда өзгеше. Оларды, әсіресе хроматикалық дыбыстарықатар орналасқан аспаптарда ойнай отырып, әр түрлі әуендерді салуға болады. Сондықтан біз оларды толығырақ қарастырамыз.
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар ойыншық-аспаптар.
Барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар: олар шекті, үрлемелі және соғып ойналатын болып бөлінеді. Мұндай классификацияны кейбір шарттылығына қарамастан, балалардың музыкалық аспаптарына пайдалануға да болады.
Шекті, яғни, цитралар, домбралар, балалайкалар және басқа аспаптар халықтық болып табылады. Бала саусақтарымен немесе медиатормен (пластмассадан жасалған жұқа пластинка) шегін қаққанда онан дыбыс шығады.
Үрлемелі, яғни, үрлемелі флейталар, саксафондар, кларнеттер, триолдар, әуендер. Аспаптың трубкасына ауа үрлегенде, ал кейде демді ішке тартқан кезде дыбыс шығады.
Клавишті-тілді, яғни, баяндар, аккордеондар, гармоникалар. Клавиштерді басқан кезде дыбыс шырады.
Соқпалы-клавишті, яғни ойыншық рояль, пианино. Металл пластинкаларды балғамен соққанда клавиш басылып дыбыс шығады.
Соғып ойналатын, яғни, бубендер, кастаньеттер, треугольниктер, тарелкалар, барабандар, металлофондар, ксилофондар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таяқшамен соқкан кезде дыбыс шығарады.
Музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны қандай да бір жастағы топтарға арналған ойыншықтардың ассортиментін белгілейді. Мектепке дейінгі балғын және кіші топтағы балалармен жұмыс жүргізгенде бірінші кезекте погремушкалар, колокольчиктер, дудочкалар, әр түрлі органдар, кішкентай бубендер сияқты, яғни дыбысы жұмсақ та жай шығатын ойыншықтар қолданылады. Бұл жастағы балдырғандардың есту қабілетіне айрықша қарау қажеттігін есте ұстау керек.
Кейбір ойындарда безендіру үшін ойыншық қолданылады. Мәселен, балалар ағаш атты ойнай жүріп, оның мойнына қоңырауды іледі, биді сүйемелдей отырып, бубенді қарады; - поездың жүріп кетуі сигналын бере отырып, треугольникті шылдырлатады және т. б.
Музыкалық-дидактикалық ойындарда музыкалық аспаптардың ролі арта түседі. Балаларға дауысты жоғарылығы, созылыңқылығы, тембрі, динамикасы бойынша айыру ұсынылады.
Жоғары дыбысты есту қабілетін жетілдіру үшін дыбыс жоғарылығы әр алуан болатын қоңырауларды пайдалануға болады, сонда балалар қандай қоңыраудың жоғары, қайсысының төмен шырқайтынын біледі немесе көлбеу қойылған металлофон музыкалық баспалдақ бола алады. Ұшына кішкентай қуыршақ-матрешка бекітілген балғамен баспалдақ сатыларын соғады, балалар қуыршақтың қайда бара жатқанын (жоғары, төмен немесе саты арқылы) анықтайды, яғни қатар орналасқан дыбыстардың бағытын, дыбыс арасындағы қашықтықты ажыратады.
Ырғақтық сезімді дамыту үшін соғып ойналатын барлық музыкалық аспаптарды немесе тек белгілі биіктіктегі дыбысы бар кез келген аспапты пайдаланған жақсы. Мәселен, балалар Музыкалық жаңғырықта ойнайды: бір бала өзінше ырғақ ойлап табады, ал басқа біреуі оны қайталайды. Тембрлік есту қабілетін жетілдіру үшін сан алуан топтардың (шекті, үрлемелі немесе соғып ойналатын) өкілдерінің дыбыстарын ғана салыстыру емес, сонымен қатар біртектес аспаптардың (бубенчик пен бубеннің, металлофон мен треугольниктің және т. б.) дыбыстарының тембрі мен сипаты жағынан ұқсастығын көрсетіп отыруды балаларға ұсыну өте пайдалы. Бұл жаттығулар музыкалық жұмбақ түрінде жақсы өтеді.
Динамикалық есту қабілетін жетілдіру үшін ойын жағдайына (қызу-бәсең типтегі ойын) қарай балалар дыбысты өздігінен күшейтіп, бәсеңдете алатын барлық музыкалық аспаптар қолданылады.
Оркестрді немесе ансамбльді құрастырған кезде белгілі пропорцияға сүйену қажет: онда мүмкіндігінше аспаптардың барлық топтарының (шекті, үрмелі, соғып ойналатын, соқпа- клавишті, клавишті-тілді) болғаны жөн. Дегенмен, олардың құрамында дыбысы-жұмсақ та ақырын шығатын музыкалық аспаптардың (цитра, металлофон) көбірек болғаны дұрыс, өйткені олар өзінің құрылымы жағынан дәл әрі ойнаура қолайлырақ. Соғып ойнала-тын, үрлемелі және аккордеон мен триолдардың аз, болғаны жақсы. Олардын, дыбыстары дара, ашық, қатты, сондықтан цитраның, металлофонның дауысын басып кетеді. Оған қоса аккордеон мен триолда ойнау қиынырақ.
Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: цитр -- 6 -- 8; металлофон -- 5 -- 7; аккордеон -- 1 -- 2; триол 2 -- -3; кастаньет -- 2 -- 3; треугольник -- 2 -- 3; барабандар, бубендер, тарелкалардан бір-бір аспаптан.
Оркестрде балаларды жетекшінің оң жағында төменгі дауыстағы, ал сол жағында жоғары дауыстағы аспаптар орналасатындай етіп отырғызады; соңғы ойналатын аспаптағы балалар соңғы жаққа, өздігінше отырғызылады.
Кұрамының әркелкілігі, (яғни барлық топтағы музыкалық аспаптар қамтылған), музыкалық аспаптар санының көптігі жағынан оркестр осындай болады. Алайда барлық топ әрдайым түгел қолданыла бермейді (мәселен, соғып ойналатын аспап болмайды). Тек біртекті музыкалық аспаптардан ғана, мәселен, бірыңғай металлофоннан, тұратын оркестр құруға да болады. Ондай оркестрлік құрам фортепьяноның сүйемелдеуімен, сондай-ақ сүйемелдеусіз дыбыс шығара алады.
Оқытудың міндеттері. ӘР жастағы топтардың музыкалық аспаптар-мен танысуы әр түрлі формада өткізіледі. Егер ең кішкентайлар үшін негізінен музыкалық ойыншықтар пайдаланылса, ал ересек топтағы балалар түрлі музыкалық аспаптармен танысады да, содан кейін онда біртіндеп ойнау дағдысын игереді.
Дайындық тобындағы программада балалардың музыкалық аспабында ойнау Сабақ бөліміне енгізілген. Программа талабы мынаған негізделген: Күрделі емес әуендерді жеке және ансамбльде ойнауды үйрену.
Осыған байланысты балалардың оку процесінде игерген білімі мен шеберлігінің ауқымын қарастырамыз.
Балалар мынаны білуге тиіс:
аспаптардың аттарын;
аспаптардың дыбыстау сипатын (мәселен, цитрдің дыбысы нәзік әрі жұмсақ, металлофонның дыбысы сыңғырлап, аккордеондікі ашық, тарелканікі қатты, анық, барабанның дыбысы даңғырлап шығады және т. б.);
аспаптарды пайдалану және оларды сақтау ережелерін;
оларда ойнау тәсілдерін;
әр түрлі музыкалық аспаптардағы жоғары және төменгі дыбыстардың орналасуын;
нотаның аттарын (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) және олардың металлофон пластинкасындағы басқа музыкалық аспаптардың клавиштеріндегі орындарын;
Балалар мыналарды үйренуі керек:
әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін меңгере білуі; мәселен, балғамен металлофонда, ксилофонда, медиатрмен цитрде ойнаған кезде саусақтарды жеңіл қимылдата білуді;
триолда, кларнетте, сыбызрыда ойнағанда, дұрыс дем алуды, аккордеонда, баянда, пианинода ойнағанда саусақты қолайлы ор-наластыруды; тарелканың, треугольниктің дыбысын жаңғыртпауды, кастаньетті, маракасты сілки отырып, бубенде, барабанда ойнағанда қолды дұрыс ұстауды;
ансамбльде ортақ динамиканы, темпті сақтап ойнауды; музыканы орындауға дер кезінде кірісіп, дер кезінде аяқтауды;
қарапайым динамикалық реңктерді пайдалануды;
қарапайым ән, өлеңдерді дербес орындауды;
есту арқылы өзіне жақсы таныс әндерді, әзілдерді, считалочкаларды талғап алуды;
ырғақтық және әуендік әндерді жанынан шығарып, айтуды үйренуге тиіс.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері
Музыкалық аспаптардың әрқайсының өзіне тән дыбыс бояуы(тембр), динамикалық мүмкіндігі(ырғағы), белгілі бір диопазоны болады. Музыкалық аспапатардың дыбыс шығару сапасы апаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиеттіне, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. .Қай халықтың музыкалық аспаптары болмасын өмірге жайдан жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына орайласа туындап пайда болған.Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері хайуанаттардың құстардың,желдің дауысына еліктеуден шыққан.Ол "халықтық" және "кәсіби" музыкалық аспаптар болып бөлінеді.Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дауыс ерекшелігі, жасалуы, қолданылуына байланысты мынандай топтарға бөлінеді
Шертпелі аспаптар.
Ыспалы аспаптар.
Үрмелі аспаптар.
Ұрмалы-cілкімелі аспаптар.
Ұрмалы-соқпалы аспаптар.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге - үш, төрт ішектілер және нар қобыз, жез қобыз деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы - балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге жетіген деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Шертер - ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз сырнай - алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Сыбызғы - үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны жылқы малының азаны деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсер береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген Ұран - өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz