ҚОЙ БАҒУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Журналистика кафедрасы

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ;ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЛТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

ОРЫНДАҒАН;Бақытова Айзат Бейсенбекқызы ҚЖ-11
ТЕКСЕРГЕН;Сериков Толеген Шалатаевич

ҚАРАҒАНДЫ 2022
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1)Қазақтың ұлттық ойындары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1)Ойын-сауық,тұрмыс-салт ойындары
2)Жануарлар дүниесіне,аңшылыққа байланысты ойындар
3)Дене шынықтыру,спорт ойындары
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ-БӨЛІМ
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әулеуметтік маңызы аса зор.Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі-мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады.Қазақ халқы ұллтық ойындарға бай халық.Ұлттық ойындар атадан балаға,үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр.Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп,олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған.Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша.Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.
Ойын баланың негізгі іс-әрекетінің бір көрінісі болып табылады.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады.Ойынды көркемдік іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.Ойынға шартты түрде мақсаттар қойылады,ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты.Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік,дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді,ізденімпаздық,тапқырлық қасиеттері байқалады.Ойын тәрбие құралы арқылы ақыл-ойды кеңейтеді,сөздік қорды байытады,жақсы ұғысады және өзінің денсаулығын нығайтады.Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай,жас ерекшеліктеріне сай,олардың көзқарастарын,мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған.Ойынды сабақта қолдану оқушының ой-өрісін жетілдіру мен бірге,өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,кейінгі жеткізе білк әдісі деп білген.Бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулыгы үшін өте пайдалы.Жастардың ұлттық сана-сезімнің дамуында қазақтың ойындарының алатын орны айрықша.Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп,олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған.Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады.Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.Сол себептен де бала үшін ойынның мәні ерекше.Ұлттық ойындарымыздың бастауы тым тереңде,ғасырлар қойнауында жатыр.Осы ойындар негізінде әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізі қаланды десекте қателеспейміз.Бұл шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды.Спорттың адам денсаулығын жақсарта түсу жолында пайдасы зор.Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.
Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып,жеке қасиеттерімен біте қайнасып,әрі қарай дамуымен ұштасады.Қазақ халқы ұлттық ойындарға өте бай және алуан түрлі.
Ұлттық ойындарымызда халықтың өмір сүру әдісі,тұрмыс-тіршілігі,ұлттық дәстүрлері,батырлық-батылдық туралы түсінігі қамтылып,халықтың асыл мұрасын баланың бойына сініру қарастырылған.Сондай-ақ,адалдық пен күштілікке ұмтылу,шыдамдылық,төзімділік,сабырл ық секілді құндылықтарға мән берілу байқалады.Мұның бәрі-халық данышпандығының белгісі.Буыны бекіп келе жатқан балаларды мергендікке,шапшаңдыққа,ептілікке баулитын спорттық ойындарымыз да баршылық.Үлкенге де,кішіге де арналған,өмір бойы құндылығын жоғалтпайтын ойындар да жетерлік.
Дене тәрбиесі оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл - ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
- көңілді болып жақсы демалады;
- денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
- ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
- ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
-балалардың денсаулығын нығайту;
-денені шынықтыру;
-мәдениетін қалыптастыру;
-өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
-Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
-қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
Оқу қызметінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады.
Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай - қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. Орамал ілу, Асық ату, Түйілген орамал, Қыз қуу, Ұшты - ұшты, т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.
НЕГІЗГІ-БӨЛІМ
1) Ойын-сауық,тұрмыс салт ойындарына тоқтала кетсем,жалпы 30-ға жуық ойын түрі бар.
Күзем алу
Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі-Күзем алу болып өткізіледі де,үлкен тойға ұласады.Күзем алып жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам,ығы-жығы адамдарды көрер еді,біреуі ән салып,бірі күй шертіп,енді біреулерінің айтысып жатқаның естисің,жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар,киізді шиге орап қарпығанда,жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де,әзіл мен айтыс өлеңдерді,киізді басуға арналған ән-жырларды айтады.Қой басты,қой басты,-деп үлкен үйлердің алдына әкеліп-ырымын алады.Қазіргі Өрмек биі осындай халық ойындарынан алынған.
ТОҒЫЗ АЯҚ,ТОҒЫЗ ТАБАҚ
Ойын-сауық,әдеп-ғұрып ойындарының бір түрі-Тоғыз аяқ,тоғыз табақ.Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қызыдң әкесі барып,құда түскенде,екі жақтың келісі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін,туыс жарастық көңіл күйді білдірген.Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халықтоғыз аяқ,тоғыз табақ деп атаған.Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те,құданың асы бөлек берілген.Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін,енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек-Құйрық-бауыр болыпты.Мұнда құйрық май мен бауыр туралып,оған қосымша айран араластырып,қайтар жолда жесең де жейсің,жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған.Жемесең тойғаныңның белгісі деп,құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан.Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған.Құйрық-бауыр асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де,олар асататын адамдарна арнайы ән айтумен болады.Қатынасушылар көбінесе тапқырлық,шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге,асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.
САҚИНА ТАСТАУ
Сақина тастау -- бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20 -- 25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, Сақинам кімде? деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген жазаны орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.
ТОБЫҚ НЕМЕСЕ ЕСІМДЕ
Мұны кей жерде Тобық, ал кей жерлерде Есімде деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. Бұл екеуі кезкелген уақытта жолыға қалса, бірінші ойыншы: Есімде -- деп әңгімесін бастайды.
Есімде! демесе, ол ұтылады. Ал екінші ойынша тобықты көрсетуге тиіс, егер тобықты көрсете алмаса, онда екінші ойыншы ұтылады. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.Тобық ойыны, сонымен қатар, өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырғанша ойын тоқталмайды.
2)Жануаралар дүниесіне,аңшылыққа байланысты ойындардың 10 шақты түрі бар.Олар:аңшылар,тұзақ құру,ақ байпақ,көк сиыр,
түйе-түйе,жануарлар қалай үндейді,қой бағу және тағы басқа.
АҢШЫЛАР
Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан туындайтын ұлттық ойындарының бірі -- Аңшылар ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5 -- 10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады, -- бұлар аңшылар. Қалған ойыншылар үйрек болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, Тоқта! деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде аңшылар қолдарындағы доптарымен үйректерді атқылай бастайды. Аңшылар атқылаған кезде үйректерге доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген үйректер аңшыны алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған аңшылар доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш аңшы орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.
ҚОЙ БАҒУ
Жас баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын, өзін қоршаған ортамен таныстыратын сол өзі өмір сүріп отырған ортадан туындайтын ойындардың бірі -- Қой бағу ойыны.Жаңа қонысқа келіп, үлкендер үй тіккенше, жас балалар түйенің кепкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қора жобалау (600 бас қой, Омск аймағы)
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Мал қораларын желдету
Қой қоралары
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Ауа алмастыру жүйесін есептеу
Ешкілерді азықтандыру және күтіп бағу
Пәндер