Тоғыз - құмалақ тақтасының кілті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мәнжазба

Кафедра; Ағылшын неміс кафедрасы

Тақырыбы; Тоғызқұмалақ ойынының даму тарихы

Дайындаған; Атантаева Д. Д.

Тексерген; Умирзаков Н. А.

2020-2021

Мазмұны;

І. Кіріспе

1. Тоғызқұмалақ

2. Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы

3. Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:

2. Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:

3. Санау жүйесінің ережесі:

4. Атсырау ережесі

5. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы

Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы

Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы, он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғыз-құмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А. С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А. С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.

Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:

Бірліктер-тастар(құмалақтар)

Сан орны-отау

Сан белгісі-отаудағы тастар саны

Нөл-бос отау

Бөлшектік белгі-тұздық

Теңдік белгі-қазан

Қосу белгісі-ойда

Алу белгісі-ойда

Көбейту белгісі-ойда

Бөлу белгісі-ойда

Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:

Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы: Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы: Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы: Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.

Егерде, шығаратын есептің саны тоғыз-құмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.

Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:

Ондық санау жүйесі: 9 тас Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас Сегіздік санау жүйесі: 7 тас Жетілік санау жүйесі: 6 тас Алтылық санау жүйесі: 5 тас Бестік санау жүйесі: 4 тас Төрттік санау жүйесі: 3 тас Үштік санау жүйесі: 2 тас Екілік санау жүйесі: 1 тас

Санау жүйесінің бағыты: Сағат тіліне қарсы бағытта

Санау жүйесінің ережесі:

Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
отаулар:
№9: 9
№8: 9
№7: 9
№6: 9
№5: 9
№4: 9
№3: 9
№2: 9
№1: 9
: Қостаушы қазаны (0)
отаулар:
№9: 9
№8: 9
№7: 9
№6: 9
№5: 9
№4: 9
№3: 9
№2: 9
№1: 9
: Бастаушы қазаны (0)
отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

  • 1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
отаулар:
№9: 9
№8: 9
№7: 9
№6: -
№5: 10
№4: 10
№3: 10
№2: 10
№1: 10
: (0)
отаулар:
№9: 9
№8: 9
№7: 9
№6: 9
№5: 9
№4: 9
№3: 1
№2: 10
№1: 10
: (10)
отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:
  • 2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
  • 3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі құмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде - “тұзды үй”, қазіргі тілде - тұздық деп атайды.

  • 4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде - Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

Отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
Отаулар:
№9: -
№8: 10
№7: 10
№6: 1
№5: 11
№4: 11
№3: 11
№2: 11
№1: 11
: (0)
Отаулар:
№9: 10
№8: 10
№7: 10
№6: 10
№5: 10
№4: 10
№3: 2
№2: 11
№1: 1
: (12)
Отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
отаулар:
№9: 1
№8: 11
№7: 1
№6: 1
№5: 11
№4: 11
№3: 11
№2: 11
№1: 11
: (3)
отаулар:
№9: 11
№8: 11
№7: 11
№6: 11
№5: 11
№4: 11
№3: Х
№2: 11
№1: 1
: (12)
отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау - қостаушының меншігіне айналады.

  • 5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
  • 6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

“Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

  • 7. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы - атсырау деп аталады.
  • 8. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
отаулар:
№9: 1
№8: 1
№7: 1
№6: Х
№5: 1
№4: -
№3: -
№2: -
№1: -
: (78)
отаулар:
№9: -
№8: -
№7: -
№6: -
№5: -
№4: -
№3: Х
№2: -
№1: 4
: (76)
отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.

Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отаулар
№9
№8
№7
№6
№5
№4
№3
№2
№1
отаулар:
№9: 1
№8: 1
№7: 1
№6: Х
№5: 1
№4: -
№3: 1
№2: 3
№1: -
: (78)
отаулар:
№9: -
№8: -
№7: -
№6: -
№5: -
№4: -
№3: -
№2: -
№1: -
: (76)
отаулар: отаулар
№9: №1
№8: №2
№7: №3
№6: №4
№5: №5
№4: №6
№3: №7
№2: №8
№1: №9
:

Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

  • 9. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады. Әрі тоғызқұмалақтың тақтасы өзгеше, жоғарыда айтылғандардың бірде-біріне ұқсамайды. Ойынның тарихы “тағдырын” зерттеген ғалымдар дәлелдегендей, тоғыз құмалақ бізге жеткенше көп өзгеріске ұшыраған. Бұл ойынды әуелде тақтаға емес, жер қазып-ақ ойнай берген секілді. Құмалақ орына нағыз қойдың құмалағын кептіріп пайдаланған. Ол кездегі тақталар бүгінгіге мүлдем ұқсамайды. Дәлірек айтсақ, тоғызқұмалақтың бүгінгі тақтасы үлкен өзгеріске ұшыраған және де тек түр жағымен емес, мазмұн жағынан да көп жетілді.

Тоғызқұмалақ ойынына арнаулы тақта пайдаланылада. Ойынға шахмат, дойбыдағы секілді екі адам қатысады. Әр ойыншының (тоғызқұмалақшаның) тоғыздан отауы болады. Отаулардың рет саны солдан оңға қарай белгіленеді. Мысалы, бірінші, екінші … тоғызыншы отаулар. Бұл отаулардаң тарихтан жоғалмай бізге жеткен аттары мынадай: Арт, Тектұрмас, Ақотпес, Атсыратар, Бел, Қандықақпақ, Көкмойын, Маңдай. Әр отауға берілген аттар тегін емес. Мысалы, төртінші отау «Атсыратар» деп аталса, шын мәнінде бұл отаудан “тұздық” алсаң, қарсыласын тез атсырайтыны (тұздық туралы да, атсырау жайлы да келесі беттерде кеңіне әңгімелейтін боламыз) рас.

Бүгінгі тоғызқұмалақ тақталары (авторы - Казақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпиондары Қазақстан спорт шеберлері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар Әбілдә Ақшораев пен Серікбай Тілеубаевтар) ойынды жаңаша ойнауға мүмкіндік береді. Әуелде біз тоғыз отауды шахмат, дойбы тақталарындағыда, а, б, в, г деп белгілейтінбіз. Бірақ тоғызқұмалақ таза есеп ойыны болғанды таң бұлайша белгілеу тек символикалық қана роль атқарды. Ал, сандық нотацияға (партияны жазып ойнау) негізделген бүгінгі тақта ойынға үлкен жаңалық әкеліп, ойынды ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік әперді.

Кез келген ой ойындары секілді, тоғызқұмалақты үйрену үшін де әуелі партияны жазуды білуіміз керек. Сонда ғана біз газетте жарияланатын сабақты түсіне аламыз. Естеріңізде ме, біз әр отау солдан оңға қарай 1-9 цифрларымен белгіленеді дедік. Олай болса, тоғызқұмалақтың жүрістері былай жазылады: 48-211 немесе 312-510. Мұны қалай түсінуге болады? Алғашқы цифрлар тізбегіне түсінік 4-ші отау да 8 құмалақ бар, сол отаудан жүргенде, қарсыластың екінші отауына түсіп, ондағы құмалақтар санын 11-ге жеткізеді деген сөз. Келесі цифрлар тізбегі де сол секілді 3-ші отаудағы 12 құмалақ, жүргенде бесінші отауға жетіп, ондағы құмалақтар санын оңға жеткізді. Ал, осы екі цифрлар тізбегінің арасына қойылған белгілер екі турлі бірі - сызықша, бірі - қос нүкте. Неге? Мұны білу - тоғызқұмалақ партиясын жазып ойнаудың (нотация) басты шарты. Сонымен партияны жазып ойнауда мына белгілер қолданылады.

Жәй-жүріс, … 210-213

Табысты жүріс, жеу … 48:28

X - тұздық белгісі, …4х - төртінші отауда “тұздық” бар.

I - Жақсы жүріс.

… 215-715!

II-Өте жақсы жүріс.

… 93-35!

III - Нашар жүріс.

… 810-810?

- Үлкен қателік.

… 57-221??

Міне, осы белгілердің жақсы білу - парыз. Сонда ғана біз шеберлер ойнаған партияларды талдай алатын боламыз.

Ал, енді тоғызқұмалақты қалай ойнайды, соған келейік. Әуелде, ойын басталар алданда әр ойыншының бар отауларында (бардағы 9 отау) тоғыз-тоғыздан құмалақ жатады. Әрі бұл құмалақтар шахмат, дойбы ойындарындағы секілді сенікі, менікі, ақ-қара деп белінбейді. Сонымен он сегіз тоғыздан дегенде - барлығы 162 құмалақ бар. Кімде кім соның 82-сін ұтып алса жеңіске жеттеді. 81-81 болса, ойын тең аяқталады.

Ойын былай басталады. Жеребе бойынша бірінші жүріс жасайтын адам өзінің (тек өзінің) тоғыз отауының кез келгенінен сегіз құмалақты (бүгінде құмалақ орнына пластмаса шарж пайдаланып жүр) қолына алып (бір құмалақ сол отауда қалада) солдан оңға қарай, бірде-бір отау тастамай жеткен жеріне дейін салынуы керек. Сонда, ең соңғы құмалақ санын жүп етсе (2, 4, 10, 14, т. с. с. ), онда бұл табысты жүріс боп саналып, яғни сол отаудағы құмалақтарды өз қазанына салып алуға, жеуге болады. Ендігі жүріс қарсыластікі. Ол да тура солай жүреді.

Тоғызқұмалақ ойынында алғашқы жүріс міндетті түрде табысты болады. Қарсылас та өзінің бірінші жүрісінде 10 құмалақ жеуге мүмкіндік бар. Бірақ бұған қарап, тоғызқұмалақ ойынын тез-ақ, он шақты жүрісте бітіре салуға болады деген жандар қателеседі. Тоғызқұмалақтың бір партиясы шахмат секілді 4, 5-5 сағатқа созылады. Кейде ақталмай, кейінге қалдырылып жатады.

Сонымен, алғашқы жүрістер жасалды. Одан кейін ше? Ойын екі тоғызқұмалақшының алма-кезек жүруімен жалғаса береді. Әйтсе де мына ережелерді естен шығармаған жөн.

А) Соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар жүп болса да өз отауларынан жеуге болмайды;

Б) Жеуге болатын мүмкіндік көрініп тұрса да басқа жүріс жасауға рұқсат;

В) Отауда бір құмалақ жатса, оны да келесі отауға жүруге болады. Мұндай жағдайда ол отау бос қалады.

Г) Қарсыласыңның отауынан жүруге болмайды;

Д) Жүрген кезде жолдағы отауларға құмалақ тастамай кетуге немесе бірден көп құмалақ тастауға болмайды;

Е) Жүрісті оңнан солға қарай жасауға рұқсат жоқ;

Ж) Жүріс алма-кезек болағу тиіс, бір ойыншының екі рет жүруіне рұқсат етілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоғызқұмалақ ойынының жобасын жасау
Қазақтың ұлттық ойындары
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР
Тоғызқұмалақтағы отау атаулары
Тоғызқұмалақ ойынының негіздері
Тұздық алу ережесі
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Спорт ойындарының ережесі
Спорт және оның түрлері
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz