Меншік иесінің құқықтары және заттық құқықтардың құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Меншік иесінің құқықта

Орындаған: Ахмет Алинұр,

Пказ-16 тобының студенті

Тексерген: Балым Хоседиясовна

Қостанай, 2022ж.

Жоспар

  1. Меншік құқығының түсінігі.
  2. Меншік иесінің құқығы.
  3. Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары.

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.

Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.

Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы ҚР Азаматтық Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.

Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары.

Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:

  1. Жердi пайдалану құқығы;
  2. Шаруашылық жүргiзу құқығы;
  3. Оралымды басқару құқығы;
  4. Бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) ;
  5. ҚР Азаматтық Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар;
  6. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiкке меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлiкке басқа да заттық құқықты тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығы мен заттық құқықтардың теориясы және құқықтық реттелуі
Қазақстандағы заттық құқықтың ұғымы, белгілері және меншік иесі емес тұлғалардың заттық құқықтары
Заттық құқық пен меншік құқығы: ұғымы, белгілері және ҚР заңнамасындағы меншік иесі емес тұлғалардың заттық құқықтары мен жерді пайдалану
Меншік пен өзге заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау: заттық-құқықтық және міндеттемелік-құқықтық тәсілдер
Заттық құқық және меншік құқығы: ұғымы, түрлері және жерді пайдалану құқықтары
Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар: теориялық негіздері мен құқықтық режимі
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғау: теориялық негіздері мен заттық-құқықтық әдістері
Меншік және одан туындайтын заттық құқықтар: экономикалық және құқықтық аспектілер
Меншік құқығы мен заттық құқықтар: түсінігі, мазмұны және қалыптасу негіздері
Жерге және табиғи ресурстарға заттық құқықтардың құқықтық мәртебесі мен кадастрлық сәйкестендіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz