Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Дене мәдениеті және спорт факультеті

Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесі және спорттық дайындық кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Ұлттық қимыл ойындарының әлеуметтік және педагогикалық мәні»

Қабылдаған: Бөжиг Ж

Орындаған: Ахметов Айбар

Тобы: ФКиС-21

Қарағанды 2022ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1 тарау. Оқушыларды оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері . . . 5

  1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы . . . 5
  2. Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері . . . 8
  3. Ұлттық ойындардың қазіргі заманғы мәдениеттің дамуына қосқан үлестері . . . 10
  1. тарау. Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды психикалық күйіне әсері . . . 12

2. 1 Мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасы . . . 12

2. 2 Қазақтың халықтық ойындары мен дене жаттығуларын тәрбиелік мақсатта қолдану . . . 14

2. 3 Ұлттық қимыл ойындарының бала өміріне әсері . . . 15

2. 4 Ұлттық қимыл ойындарының қимыл - іс әрекетке маңызы . . . 19

Қорытынды . . . 24

Пайданылған әдебеттер . . . 25

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады [1] .

Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л. А. Венгер, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары классикалық спорт түрлері мен ойындары сияқты жарыс әрекетін, оларға арнайы дайындықты, разряд мөлшерлері мен жетістіктерін қажет етеді.

Жарыссыз спорт болмайды. Ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындар жарыссыз өмір сүре алмағанымен, олардың қызметі спорт жетістіктері мен сайыстық мақсаттармен шектелмейді. Ұлттық спорт түрлері адамның дене қимылы қасиеттерін жетілдірудің, оның рухани табиғатын бүгінгі өмір талаптарына өзгертудің тиімді жолы және жеке адамды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі болып есептеледі. Ұлттық спорт түрлері сабақтарында спортшылар тек дене мәдениеті ғана емес, сонымен бірге парасаттылық пен интернационалдық, рухани және шығармашылық тәрбие де алады. Сондықтан да, ұлттық спорт түрлері мен ойындарының педагогикалық мәні өте жоғары.

Ұлттық спорт түрлері жеке-жеке түрлерден тұрады. Олардың әрқайсысының өзіндік сайыс түрлері, ерекше әрекеттер жиынтығы, спорттық сайыс жүргізу әдістері бар. Қазіргі уақытта спорттық қозғалыстар аясындағы ұлттық спорт түрлерінде екі бағыт бар: ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі және жоғары спорттық жетістіктерге байланысты арналған спорт түрлері.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушфларды оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;

Оқушыларды оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;

Ұлттық ойын элементтерін ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;

Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1тарау Оқушылардыоқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері

1. 1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы

Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жәй емес.

Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.

Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. О. Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» - деп тегіннен айтпаса керек [2] .

Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.

Ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі оншалықты жоғары емес спорт көрсеткіштерімен және бұқаралық-көпшіліктік сипатымен ерекшелінеді. Мұндай деңгейдегі спорт сабақтары спортшының бос уақытында өткізіледі. Ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшілік түрі - бос уақытты дұрыс та, салауатты өткізуді ұйымдастырудың, денсаулықты шыңдаудың, белсенді демалыстың танымал жолдарының бірі, маңызы өте жоғары. Олармен тек тұрақты айналысқанда ғана сауықтырушылық әсер алуға болады. Осы мақсатта қолданылатын басқа жолдармен, шаралармен салыстырғанда, олар ағзаға жоғары талаптар қояды, сондықтан да өзіне жоғары да байсалды көзқарасты талап етеді. Олар қатаң тәртіпке түсірілген белгілібір жүйемен жүргізіледі. Спорт сабақтары, негізінен әртүрлі мамандықтағы жаттықтырушылар, оның ішінде қоғамдық бастамамен істейтін жаттықтырушы-нұсқаушылардың басшылығымен жүргізіледі. Спорттық дайындықтың және оның құрылымдық тәртібі спорттық база мүмкіндіктерімен, спорттық жабдықтар қорымен және басқа да жағдайларға байланысты ретке келтіріледі.

Ұлттық спорттың бұқаралық-көпшіліктік түрлерінің адамның бар мүмкіндіктерін дәлелдейтін әрекет ретінде зор қоғамдық мән-мағынасы бар. Спорттық машықтанулар барысында жетілген қимыл үлгілері жасалады, дене қимылы және психикалық қасиеттер сияқты, жалпы адамзаттық құндылығы бар қасиеттер анықталып, дамиды. Спорттық әрекет мұндай жағдайда адамның іске асырылған мүмкіндіктерінің жоғары үлгісін еске түсіреді, сонымен бірге, оларды әрі қарай кеңейтуге болатындығын айқындап отырады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарының бұқаралық-көпшіліктік түрлерімен айналысу барысында алдымен жекеленген, кейін көптеген спортшылар осы шекараны жеңіп шығады.

Ұлттық қимыл ойындары мен спорттың бұқаралық-көпшіліктік түрлері өздерінің табиғи заңдылықтарымен спортшының жан-жақты дамуын талап етеді. Сондықтан да, спортшыны тәрбиелеу тәжірибесінде жалпыжәне арнайы дайындық ұштасып жатады. Екеуінің де өзара әрекет етулері жан-жақты сипат алады. Барлық жағдайда да таңдап алынған ұлттық қимыл ойындары мен ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктерін, спортшы бойындағы жалпы және арнайы қасиеттерін дайындық деңгеін ескере отырып, дайындықтың екі түрінің арасынан ұтымды өлшемін табу керек. Осылардың бәрін ескере отырып, қазіргі заманғы спорт мектептері дене қимылы даму жүйесінің жалпы заңдылықтарына, спортшы көрсеткіштерінің өсу заңдылықтарына жауап беретіндей етіп, жалпы және арнайы дайындық бірлігінің ғылыми қағидасын жасап шығарды.

Спортшының спорттағы алға басуы оның барлық жағынан дамуына байланысты, ал ұлттық спорт түрлерінің бұқаралық-көпшіліктік түрі таңдап алынған спорт түрінің мақсатына жауап беретін дене қимылы қасиеттерін жан-жақты дамытудың негізгі жолы және әдісі болып саналады, ағза қызметтерінің жалпы деңгейлерін арттырады. Ұлттық спорттың және қимыл ойындарының бұл түрі спортшылар бойында ерекше дене қимылы және психикалық қасиеттер болуын талап етеді.

Жоғары көрсеткіштерге негізделген ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары барынша жоғары жетістіктерге деген ұмтылыспен тығыз байланысты. Дегенмен, спорттық жетістіктер өскен сайын ол деңгейге көтеріле алушылар саны азаяды. Спорттың бұл түрлерін сан емес, сапа анықтайды.

Ұлттық спорттың бұл түрлерінде жарыстар кезінде де, спорттық жаттықтырулар кезінде де ағзаға түсіп жатқан жүктеме көлемі төмендейді. Соңғы кездері спорттық жетістіктердің күрт өсуі жаттықтыру барысындағы жүктеме көлемінің күрт өсуі салдарынан болып отыр. Тіпті, республиканың үздік спортшыларының жуырда ғана қол жеткізген жоғары жетістіктері мен көрсеткіштері көп ұзамай-ақ көптеген ұлттық спорт түрлері мен ойындарында күнделікті құбылысқа айналып кетіп жатыр.

Мұндай жүктемелердің педагогикалық мәні оның спортшыларды іріктеу жайларында жалпы және арнаулы жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене қимылы мүмкіндіктерін тәрбиелеудегі ең маңызды әдіс болатындығында.

Жүктеменің жоғары болуы бұл ұлттық спорт түрлерінің спортшы ағзасына қатты әсер ететін басқа да әдістер мен жолдардан ерекшелендіріп тұрады. Жүктемені қатаң бақылап отырмайынша және ол жүктемелердің ерекшеліктерін білмейінше, денсаулықты шыңдау орнына зиян келтіріп алуға болады. Ал, спорттың бұл түрлерінің негізгі мақсаты - спортшы денсаулығы. Сондықтан да, ұлттық спорт түрлерінен жаттығулар жүйесі дәрігерлік-педагогикалық бақылаусыз өтпеуі тиіс.

Ұлттық спорт түрінің белгілі бір түрімен қарқынды түрде айналысу кезеңі адам өміріндегі ағзаның жастық пісіп-жетілуінің аяқталу кезіне тура келеді.

Соңғы жылдары жас ұрпақтың дене тәрбиесі проблемасымен айналысатын ғалымдар халықтық ойындар мен дене қимылы жаттығуларының төл ерекшеліктеріне барған сайын айрықша қызығушылық танытуда. Шамасы, бұл өзгеше жағдайларда, мысалы, дала жер бедері, климаты, географиялық ерекшеліктері - дене қимылы қызметінің кез келген түрінің жеткілікті түрде тиімді болмауына байланысты. Оның үстіне, спорттың көптеген классикалық түрлері - жүзу, шаңғы, коньки және т. б. жергілікті орындарда тиісті спорт алаңдары мен басқа да қымбат тұратын құрылыстардың болмауынан, оларды салудың жер бедеріне немесе елді мекендердің шашыраңқы болуынан қиынға түсуіне байланысты, кеңінен қолдау таппай отыр. Демек, ұлттық қимыл ойындары жас ұрпаққа қажетті дене қимылы қасиеттері мен дағды-машықтарын дамытудағы өзгертуге болмайтын құрал болып отыр. Сондықтан, педагогикалық жоғары оқу орындары жағдайында осы ұлттық қимыл ойындары қызметтерін ұйымдастыруға дене мәдениетінен болашақ мұғалімдерін мақсатты даярлау осы өзекті мәселені шешудегі жүйелі көзқарасты талап етеді. Мұндай мәселенің қойылуы әбден заңды. Өйткені, бұл қызметке мұғалімнің қандай дәрежеде даярланғанына оқу процесінің табысты болуына қатысты. Осыған байланысты, жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, оқу процесіне ғылыми көзқарас туындайды, бұл ең алдымен қазіргі жастар дамып, жетіліп отырған жағдайлардың ерекшеліктерімен айқындалады.

Қимыл ойындарының маңызы туралы ілімдік та, сондай-ақ әдістемелік сипатта да көптеген отандық әдебиеттер бар. Онда ойынның ролі, оның таралуы, әртүрлі халықтардың ойын фольклорына ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Аса ірі педагогтардың, ғалымдардың пайымдауынша балалардың ойын қызметінде екі негізгі фактор ұштасып келеді: бір жағынан - балалар сарамандық-практикалық қызметке қосылады, дене қимылы қасиеттері жетіледі, дербес әрекеттер жасауға дағдыланады. Ал, екінші жағынан - орындалған жаттығу қызметтерінен моральдік және эстетикалық қанағаттану алады, өздерін қоршаған ортаны тану тереңдей түседі. Мұның бәрі, сайып келгенде, тұтастай алғанда жеке адамды тәрбиелеуге жәрдем береді. Сонымен, ойын - тәрбиенің кешенді құрылымының бірі болып табылады: ол жан-жақты дене қимылы даярлығына, ұжымдық қызметтің өзгеріп отыратын жағдайларында қимыл негіздері мен күрделі әрекеттерді жанама түрде меңгеру арқылы, ағза функциясын, ойыншылардың мінез-құлық белгілерін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен, қазақтың ұлттық қимыл ойындары мен көңіл көтерулерінің шығу тегі мен қызметі жағынан сан қилы және әртүрлі болып келетінін атай отырып, олардың тарихи жолды объективті түрде көрсететінін, Қазақстан Республикасы аймағында мекен еткен халықтар мен ұлыс өкілдерінің дене қимылының дамуының әр кезеңіндегі этникалық процестерді бейнелейтінін атап көрсеттік. Дәстүрлі ұлттық ойындар әртүрлі тарихи кезеңдерде пайда болып, осы кезге дейін сақталып қалды және жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде бүгін де мәнін жоғалтқан жоқ.

1. 2. Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері

Халық ойындары мен спорт ұзақ уақыт, ғасырлар бойы қалыптасқан. Біздің көбіміз мұндай күндерге де жеттік. Жаңа ойлау жүйесіне негізделген бүгінгі өмір жағдайы ұлттық спорт түрлерінің, ойындардың және дене қимылы жаттығуларының дамуына жаңаша қарауды талап етеді. Өткеннің бай мұрасы негізінде жергілікті жерлерде бұқаралық-спорттық көпшілік жұмыстарын жандандыру аса қажет және олай ету халық денсаулығын шыңдауға елеулі үлесін қосады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытудың қазіргі заманғы тәжірибесі елеулі өзгерістерді, кейбір маңызды мәселелерді шешуді талап етеді. Ұлттық спорт дәстүрлері қайтадан жанданып келеді. Қазақстанда қайта өрлеу процестері жүруде.

Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындардың қоғамдағы өзіндік және негізгі қызметі дене қимылының дамуы мен денені жетілдіруімен ғана шектелмейді, олар адамның әлеуметтік белсенділігі мен еңбекке жарамдылығын қартаю жасына дейін сақтай отырып, оның психикалық және әлеуметтік белсенділігін дамытудың табиғи негізі болып табылады.

Қазіргі кезеңде адамдардың ұлттық спорт түрлері мен ойындарына қатысы, олардың кейбір ерекшеліктерімен сипатталады. Әлеуметтік зерттеулер бойынша, адамдардың спорттың бұл түрлеріне ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен байлықтар туралы біліммен тығыз байланысты психологиялық және адамгершілік факторларымен айқындалады. Ұлттық дене мәдениеті мен спорттың ең үздік түрлерінің мәні - олардың халықтың әлеуметтік мұң-мұқтажына бағытталғандығында ғана емес, олардың жылдан-жылға ұрпаққа түсінікті де қолайлы жаңа жетілген ұлттық пішіндерге ие болуында.

Ұлттық спорт түрлерін көп жылдар бойы республикамыз бен бұрынғы Кеңес елінің қажеттілігіне орай, классикалық спорт түрлері ығыстырып келді. Мемлекеттік саясат бойынша негізгі назар спорттағы жоғары жетістіктерге бөлінді де, ал спорттың бұқаралық-көпшілік, сауықтандыру түрлеріне, оның ішінде - ұлттық спорт түрлері мен ойындарына лайықты мән берілмей келді.

Қазіргі заман айрықша жоғары әлеуметтік-мәдени және рухани маңызы бар ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытуға жаңаша қарауды талап етеді. Яғни, оларға деген көзқарастарды да өзгерту қажет деген ойлар шығады.

Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі біртіндеп дене мәдениеті және сауықтандыру жұмыстарында, дене қимылының дамуында, дене қимылын жетілдіруде ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындарды және халықтың қолданбалы спорттық жаттығуларының бай мұрасын кеңінен қолдануды бір ізге салып келеді.

Қазіргі кезеңде дене мәдениеті мен спорттың қандайда болмасын пішіндері халықтың шығармашылық әрекеттері негізінде күнделікті тұрмыс-тіршілігіне енуі және олардың қажеттілігіне орай жауап берулері керек. Осы тұрғыдан алғанда, дене тәрбиесі ен спорттың ұлттық пішіндерінің маңызы өте зор. Әлеуметтік зерттеулерге ден салсақ, халықтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы жылдан жыға артып келеді. Мысалы, қазіргі жиын-тойларда көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу секілді ұлттық ойын түрлерін көптеп, шамасына қарай, ресми жарыстарсыз-ақ өткізуге тырысуда.

Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында сұрақ-жауап бойынша сегіз жүз студенттің жергілікті ұлт өкілдерінің жүз пайызы, ал басқа ұлт өкілдерінің тоқсан алты пайызы ұлттық ойындарды дамыту керек деген ой айтты. Тек төрт пайызы ғана оларды “қазіргі заманға сай емес”, “ескі үлгіден”, “пайдасы жоқ”, “Олимпиадалық ойындар мен салыстырғанда бұлардың не керегі бар” дегендей ойлар айтты. Сөйтіп сұралған студенттердің басым көпшілігі ұлттық спорт түрлері мен ойындарын ұлт мәдениетін сақтайтын маңызды сала деп есептейді және дене тәрбиесінің ұлттық құндылықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттық құндылықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттың денсаулығымен сәйкестендіреді.

Халық ойындары мен жаттығуларын жеке адамның тәрбиесі мен дамуы мақсатында пайдалану ежелден келе жатқан құбылыс. Бұл қазба жұмыстары ежелгі шығыс ғұламаларының қолжазбаларында көрінісін тапқан. Осылардың барлығы халық ойындары мен жаттығуларының халықтың тұрмыс-тіршілігінде үлкен орын алғандығын және оның әскери-патриоттық бағыты болғандықтан емес, сауықтандыру-қолданбалы бағыты да болғандығы дәлелденіп отыр. Бұған Ибн-Сина, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни секілді қайраткерлеріміздің еңбектері, шығармалары арқылы көз жеткізуге болады. Бұл ғұламалардың өз заманының озық ойлары халық ойындары мен жаттығуларын денсаулығы мықты, өмір сүргіш ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты жолы деп санауға болады.

Халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларында да суреттелген. Ол кезде ұлттық қозғалмалы ойындар мен халық спорты қазақ халқы өмірінің айнымас бір бөлігі еді: көктемгі немесе күзгі кештерде, әртүрлі жиын-той, мерекелерде түрлі аттылы-жаяу жарыстар өткізіліп тұратын. Осындай ойындар өткізілуі кезінде жігіттердің барлық керекті дене қуаты қасиеттерін көрсетіп қалуға тырысатын. Егерде ат жарыстары бозбала-жігіттерді ептілік пен икемділікке баулыса, аударыспақ ойындары- күштілік пен төзімділікке, ал жаяу жарыс - жылдамдық қасиеттерін дамытатын. Одан да басқа түрлері зейінділікке, тапқырлыққа, алғырлыққа байланысты қасиеттерін дамытатын еді.

1. 3 Ұлттық ойындардың қазіргі заманғы мәдениеттің дамуына қосқан үлестері

Спорттың ұлттық түрлері мен қозғалмалы ұлттық ойындар қазіргі заманғы ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің де негізгі тақырыптары болып келеді. Оларды әрі қарай дамыту жөнінде Ә. Марғұлан, Қ. Қуанышбаев, М. Ғабдуллин, Б. Момышұлы сияқты қайраткерлер де айтып жүрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Дене жаттығуларының сипаттамасы
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін- өзі тану сабағында ойындарды қолданудың мәні"
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz