Арнайы мектептегі математиканы оқыту бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Инновациялық білім беру факультеті факультеті
Психология және арнайы білім беру кафедрасы

Реферат
Такырыбы: Арнайы мектептегі математиканы оқыту бағдарламасы

Орындаған: Бекназарова А.А.
Тексерген: Әли А.С.

Атырау 2021
Арнайы мектептегі математиканы оқыту бағдарламасы.

Қазіргі уақытта зияты зақымдалған оқушыларды оқыту үшін бүкіл оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сныпта оқуға дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақтарын толықтыратын математика әліппесі енгізілген.
Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық материалдың көлемі де әртүрлі.
Математика бойынша мазмұнды материалды іріктеуде кәсіби еңбекке оқыту түрлері ескеріледі, сонымен қоса түзете оқыту мектеп түлектері оқуын арнайы кәсіби-техникалық білім беретін мекемелерінде немесе оқу-өндірістік кешендерде жалғастыратындығын ескеру қажет, түлектердің көбісі мектепті аяқтаған соң өндірістік және ауылшаруашылық мекемелеріндегі, фермерлік шаруашылықтағы, қызмет ету саласындағы өндіргіш еңбекке кіріседі, жеке еңбек іс-әрекетімен айналысады.
Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту) мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі бөлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту мектебіндегі математикалық материалдың көлемінің, мазмұнының және оқу жүйесінің өз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Зияты зақымдалған оқушылар жаңа білімдерді көп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, көптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтанда әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі. Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын өтеді және 5 көлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бөлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады.
Бағдарламадағы материалдың орналасу ерекшелігі болып алдыға қарай алдыға жүгіру, түрлі ұғымдардың қалыптасуына оқушыларды жетекшілік ететін дайындық жаттығулардың болуы саналады. Мысалы, айырмаларды салыстыру ұғымдарын оқушылар 4-ші сыныпта өтеді, ал қатар тұрған сандарды салыстыруды 1-ші және 2-ші сыныпта өтеді.
Зияты зақымдалған оқушылардың, қалыптасатын ұғымдардағы мәңді белгілерді (аталмыш ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, ұқсастығы немесе қарама-қарсылығы) қиындықпен анықтайтындығын, егер де сырт әлпеті ұқсас болса түсініктерді ұқсастыратындығын ескере отырып, бағдарлама мұғалімді оқыту кезеңінде теңеу, салыстыру және қарсы койып салыстыру тәсілдеріне сүйенуді көздейді. Мысалы, айырма қосумен салыстыруда қарастырылады (қарама-қарсы амалдар).
Арнайы мектеп оқушыларының есте сақтауының баяулығын және тез ұмытуға бейімділігін есепке алып, бағадарлама жаңа материалды шамалы үлестермен оқытып әрдайым бекітумен қатар өткенді қайталауды көздейді. Мысалы, сыныпта Бірінші жүздік концентрін қайталауда оқушылар разрядтық бірліктерді есіне түсірумен қатар разряд туралы, әр разрядтың улкен және кіші саны, 5-шу сыныпта - сандарды дөңгелету туралы түсініктерді алады.
Зияты зақымдалғаноқушылардың дерексіз, абстрактты ойлауы әлсіз дамығандығын, оқушыларды кейбір жалпылауға, тұжырымдарға, ережелерге, заңдылықтарды анықтауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға жетелеп әкелу, тек шынайы объектілерді, нақты заттармен практикалық әрекеттерді бірнеше рет бақылау негізінде мүмкіндігін ескере отырып, бағдарлама мұғалімнің көрнекілікті, дидактикалық материалдарын кеңінен қолдануын көздейді.
Түзете оқыту мектебінің басты міндеттерінің бірі болып оқушыларды өмірге дайындау, оларға түсінікті, мүмкіншілігіне сай мамандықтарды меңгеруіне, еңбекке шамаға шақ қатысуға дайындау саналады. Сондықтан да оқушыларға практикалық біліктер мен дағдыларды дағдыландыру үшін бағдарламаларда үлкен орын беріледі.
Практикалық біліктер мен дағдылардың қалыптасуымен қатар бағдарлама оқушылардың индуктивті жолымен, басқаша айтқанда нақты болмыстың құбылыстарын, заттар жинағымен істелінетін практикалық әрекеттерді бақылау барысындағы жалпылау жолымен, қабылдайтын кейбір теориялық білімдерімен танысуды көздейді.
Арнайы мектеп оқушыларының құрамы біркелкі еместігін және математикалық білімдерді меңгеруде оқушылар мүмкіндіктерінің әртүрлігін ескере отырып, бағдарлама математикаға оқуытуда балалардың әртүрлі категориясына оқу талаптарын дифференциациялаудың (саралаудың, жіктеудің) қажеттілігін көрсетеді.
Бағдарлама мұғалімді түзете оқыту мектебінде математикаға оқытудың негізгі түзете-дамытушы міндетін шешуге жетекшілік етеді. Математика бойынша бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқыту үдерісін, түзете оқыту мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін түзету мен жалпы даму деңгейін жақсарту мақсатында қолданудың қажеттілігі туралы айтылған.
Бүгінгі күні арнайы мектептерде математика пәні бойынша Елисеева И.Г. құрастырылған типтік оқу бағдарламасы оқу үдерісіне енгізілуде. Аталмыш бағдарлама түсініктемесінде оқу пәнінің басты міндеттері, басқа пәндермен байланысы, Арнайы мектептердегі математика курсының басты бӛлімдері кӛрсетіліп оларға қысқаша сипаттама берілген. Математикалық түсініктерде иерархиялық байланыстар ӛте күрделі болғандықтан, бағдарламаның құрылысына шоғырлану қағидасы негіз болған. Бұл қағида оқушылардың түсінігі мен дағдылардың қалыптасуы үшін, бұрын оқығандарын үздіксіз қайталау мен бекітуге, мектептегі математикалық курсында маңызды орын алатын пән ішіндегі логикалық байланыстарды іс жүзінде қолдануға жағдай туғызады. Аталмыш бағдарламада оқу материалы оқу жылдары бойынша емес, дидактикалық модульдер бойынша бӛлінген. Әрбір модульдің математикалық материалдарын оқыту уақыты шектелмеген.
Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру қарқының оны мүмкіншілігіне сүйене отырып анықтайды.
Әрбір мұғалімнің аталмыш бағдарламаның негізінде құрайтын тақырыптық жоспарында сынып оқушыларының және жеке балалардың мүмкіншіліктері міндетті түрде есепке алынады. Әрбір оқушының оқытуда барлық мақсаттың жүзеге асырылуы және бағдарлама материалы бүтіндей меңгерілуі міндетті еместігі туралы айтылған. Бірақ, сонымен қатар, әрбір оқушыны мүмкіндігіне қарай, мүмкіндігінше нәтижелі оқытудың жоғары деңгейіне жеткізуге ұмтылу қажеттігі кӛрсетілген.
Бағдарлама 9 дидактикалық модульден тұрады. Әрбір модуль бірнеше дәстүрлі математикалық тараулардан тұратын математикалық түсініктің белгілі бір көлемінен тұрады. Әрбір модульдің материалдары аяқталған және жүйеленген, алдыңғы және келесі модульдер материалдармен логикалық түрде байланысқан. Оқылатын түсініктің күрделілігі мен көлемі біртіндеп ұлғаяды. Өткен модульдің білімі, екемділігі, дағдысы біршама қалыптасқаннан кейін ғана жаңа модульді оқыту басталады. Мұғалім сынып оқушыларының әрбір модульдің белгілі бір икемділігімен дағдыларын қалыптастыруға қажетті уақытты өзі анықтайды. Жеке оқушының немесе сыныптың мүмкіншілігі өте шектелгендігі байданысты, олар мектептегі оқу үдерісіне барлық 9 модульдің материалдарын меңгерулері де мүмкін. Мұғалім күрделілігі мен көлем деңгейі балаларға қолжетімді материалдармен ғана жұмыс істеуі қажет. Әрбір модульдің бағдарламасы кесте түрде берілген, оның сол жағында математика тарауларының мазмұны, ал оң жағында оқу материалын біртіндеп күрделендіре отырып, оқушылардың түсініктерін қалыптастыруға арналған әрбір тараудың икемділіктері мен дағдылары берілген. Мәтінде, сабаққа енгізуді мұғалімнің өзі шешетін, күрделі тақырыптар қарамен ерекшеленген.
Алдынғы бағдарламаларда, әр оқу жылының соңында оқушылардың білімдері мен икемділіктеріне қойылатын негізгі талаптарымен қоса Ескерту тарауы да қарастырылған, онда нені міндетті түрде Зияты зақымдалғаноқушылар білуі керек, ол нені білуі міндетті еместігі көрсетілген, бұл жерді балалардың даму ерекшелігі мен мүмкіншіліктері есепке алынған.
Сонымен қатар бағдарлама түсініктемесінде математикаға оқытудың ұйымдастыру ерекшеліктері, оқушыларды оқытудың нәтижесін бағалау туралы, бір модульдің көрнекі және дидактикалық материалдар тізімдері берілген. Одан кейін Математика пәні бойынша оқу материалы модульдерге белінген. Әрбір модульдің мазмұны екі бағанадан тұратын кесте ретінде берілген. Бірінші бағана Бөлімдер - деп, екінші бағана "Икемділіктер мен дағдылар"- деп аталады. Әр модульдың атаулары бар: 1 модуль - Санға дейінгі кезең. 2 модуль - 1-5 сандары. 3 модуль - 1-ден 10-ға дейінгі сандар. 4 модуль - Екінші ондық сандары. 5 модуль - Бірінші жүздік сандары. 6 модуль - Бірінші мыңдық сандары. 7 модуль - 10 000 көлеміндегі сандар. 8 модуль - 100 000 көлеміндегі сандар. 9 модуль - 1000 000 көлеміндегі сандар.
1-2-ші модульдерде окушыларда қарапайым математикалық (немесе тұрмыстық) түсініктерді қалыптастыру қарастырылған. Оларды қалыптастыру белгілі бір заттық іс-әрекеттерді (беттестіру, бірінің үстіне бірін салу, салыстыру, заттардың орнын ауыстыру, топтастыру және т.6.) меңгеруіне байланысты. 3-9-шы модульдерде оқушыларда тек заттық ісәрекеттер ғана емес, сонымен бірге санау-есептеу іс-әрекетіне байланысты ойлау операциялары да қалыптасады. Аталған модульдердің аумағында қалыптасатын әрбір дағды мен икемділікке оны іске асырудың әр түрлі денгейлері анықталған. Сонымен, оқушы дағдыны тек мұғалімнің бағыттаушы көмегі арқылы ғана іс-жүзіне асыра алады (мұғалім окушының ақыл-ой кызметін бірізділікпен басқарады); оқушы дағдыны өз бетімен де іс-жүзіне асыра алады, бірақ ол үшін көрнекі-дидактикалық немесе нұсқау материалдарын пайдаланулары керек, сондай-ақ оқушы дағдыны ешкімнің көмегінсіз тек мұғалімнің ауызша нұсқау бойынша да іс-жүзіне асыра алады, оқушының (В. В. Воронкова бойынша) жетістіктері анықталады және сипатталады.
Бағдарлама бойынша ұсынылып отырған білім мазмұны:
төменгі және жоғарғы сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшелік-
теріне және мүмкіндік өрісіне сай;
қоршаған ортаның, әдет-ғүрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерің бейнелейді және халықтық педагогиканың элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді;
бір сарындылық ты жане орынсык қайталауды болдырмай сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушылардың дайын болуына орай білімді колденең жене тігінен толықтыра джонс кеңейте түсуге мүмкіндік беретін сызықты-сатылы құрылымды жүзеге асырады;
оқушылардың мектеп алды дайындықтарының нақты деңгейдегі ескере отырып оку материалының мектептің бастауыш сатысындағы және одан кейінгі жоғарғы сатысындағы әрбір сынып бойынша тиімді бӛлінуін қамтамасыз істеді;
арифметикалық және қарапайым геометриялық материалдардың пән тілі үйлесімді байланыста болуын және олардың ӛзара
әсерлесуін және бірін-бірі байыта түсуін қамтамасыз етеді;
мектептің бастауыш және жоғарғы сатысындағы басқа оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту әдістемесі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептегі математика
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Математика оқыту методикасы
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Пәндер