Ғылыми жұмыстарға үңілу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері

Орындаған: Мусабек Ж

Тобы: 1511-19

Шымкент 2022

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
МАЗМҰНЫКіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Ғылыми зерттеулердің методологиясы... ...51.1 Ғылыми жұмыстың әдіснамасы ... ...51.2 Ғылыми -- зерттеу жұмыстарының түрлері... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.3 Зерртеудің әдіс - тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

КІРІСПЕРеферат жұмысының өзектілігі: Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті, әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне, тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы.Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық эксперимент зерттеу әдісі деп алуымызға себеп болды.Пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесіНысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында ғылымның зерттеу міндеттерін орындауға даярлық үдерісі.
Мақсаты: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды іріктеп алу кезеңін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету.
Міндеттері:Ғылыми зерттеу әдістері және тәсілдерімен танысу,олардың қолданылу орындарын анықтау педагогикалық экспериментті ұйымдастыру әдістерін жүйелеу және оларды қолдану орындарын, тиімділігін көрсету.Әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.Құрылымы: Реферат жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1 Ғылыми зерттеулердің методологиясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жұмыстың әдіснамасы
Қазіргі заманғы ғылым - еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс - әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі зерттеуші -- ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір - бірін алмастырып, толықтырып жатады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі - салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі - кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан - жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс - әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы ата - баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми іс - әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен алмастырылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой- өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа, әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат береді, ғылыми мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады, тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы білімді меңгеруге міндетті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой - пайым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза - ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой - пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Жалаң грамматиканы игеріп, поэманы жазу мүмкін еместей, жаңа логика төзімділік пен еңбекқорлықсыз жаңа ой - пайым тудыра алмайды. Гипотезаны құру - ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жаңа идеяларды ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана ғылыми білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық - ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сондықтан да ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кездейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстрополяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Экстрополяция - кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың кең аясына таратады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар: эмприкалық, теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды және сапалы болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Эмприка заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айтуға қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Теориялық заңдар, эмприка заңдарына қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістердің жіктелуі
Ғылыми жұмыстың әдіснамасы
Қытай конституциясы
Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері
Отбасындағы мадақтау мен жазалау
Жастар саясатының бағыттары
ОБСӨЖ сабақтары
Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Пәндер