Көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқытуды ұйымдастыру

ТП17-2к2

Студент: Абдрасил Арайлым

Жетекші: Нұрбекова А. М.

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 5
: 1
МАЗМҰНЫ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері . . .
: 8
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары . . .
: 13
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІНДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқыту процесінде қабылдау мүмкіндігінің деңгейін анықтау . . .
: 22
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Қабылдаудың танымдық іс - әрекеттерде дамуына арналған кешенді әдістер . . .
: 25
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 33
:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . .
: 36

КІРІСПЕ

Ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау: «Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті - білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда [1, 2] .

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі - осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу [1] .

Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі энциклопедиясында оның ішінде көруі бұзылған деген тарауында қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді [2 ] .

Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынан алғанда көруі бұзылғандық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А. В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар, - дейді [3] .

Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді.

Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған [4, 5] .

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта көру қабілетінде бұзылысы бар балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу үшін қажетті теориялық алғышарттар жасалған. Көру қабілетінде бұзылысы бар балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесімен Л. А. Данилова, М. В. Ипполитова, Е. М. Мастюкова, Е. Ф. Архипова және басқа да мамандар айналысты. Олардың пікірінше, көру қабілетінде бұзылысы бар балаларға күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі бола отырып, адам белсенділігінің кез келген көрінісіне әсер ететін көрініс саласы.

Біздің зерттеу жұмысымыздың басты мәселесін ескере келе ғалымдардың еңбектеріне сүйене келіп, дипломдық жұмыс тақырыбын «Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқытуды ұйымдастыру» деп атауды жөн көрдік.

Зерттеудің нысаны мен зерттеу әдістері: Жалпы білім беру мекемесіндегі инклюзивті білім алатын көру қабілетінде бұзылысы бар бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үдерісі. Теориялық зерттеу әдістері, әдебиеттерді талдау әдісі, диагностикалық әдіс: бақылау әдісі, эксперимент әдісі, интерпретациялау әдісі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: көру қабілеті бұзылған балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен дамуын салыстырғанда оның ерекшеліктерін зерттеу. Осы мақсатқа жету мақсатында мына міндеттер қойылды:

1. Зерттелетін мәселе бойынша арнайы педагогикалық және психологиялық зерттеулерге теориялық талдау жүргізу және арнайы әдебиеттегі зерттеу проблемасының қазіргі жағдайын бағалау.

2. Қалыпты дамушы құрдастарымен салыстырғандағы көру аппараты бұзылған балалардың даму ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған диагностикалық бағдарламаның мазмұнын анықтау.

3. Қалыпты дамудағы құрдастарымен салыстырғанда көру аппараты бұзылған балалардың жас және жеке ерекшеліктерін (оқу іс-әрекетіне, қоршаған құрдастары мен ересектерге эмоциялық қарым-қатынас, проблемалық міндеттерді шешу барысындағы эмоциялық көріністердің реттелуінің ерекшеліктері) меңгеру.

4. Көру қабілеті зақымдалған балалармен түзету-дамыту жұмысының мүмкін болатын бағыттарын анықтау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы мен практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысында жұмыста отандық және шетелдік мамандардың «көру қабілеті», «көру аппараты бұзылған балалардың дамуы», «көру анализаторы», «инклюзивті білім беру», «арнайы білім беру» ұғымдарының мазмұндық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік беретін көзқарастарын теориялық талдау ұсынылған.

Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. 1 Көрмейтін және нашар көретін балалардың ерекшеліктері

Көрмейтіндерге немесе зағиптарға көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар жатады. Осындай екі көзінен толық айрылу немесе тотальді болып есептеледі. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады.

Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0, 05 сипатталады. Тотальді көрмейтіндер қалдық көруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар . Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты естуі арқылы қабылдауға көмек береді.

Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін, түзету арқылы жіті көретін(көзілдірік, байланыс линзалар) 0, 05-ден 0, 3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т. б. ) арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді.

Балалардың біраз бөлігінің көруінің бұзылуын көру нашарлығы және қылилық құрайды . Аталған категориялардағы балаларды оқыту арнайы сыныпта және кәдімгі сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін.

Зағип және нашар көретін балалардың даму процесі көретін балалар сияқты бір заңдылыққа бағынады. Алайда, көруден айрылу немесе қалдық көруі бар балаларды дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы - жарықты, түсті т. б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, көлемін, нәрсенің бедерін т. б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте бағдарлауын әсіресе қозғалыс барысын қиындатады, сенсорлық және интеллектуальдық қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады.

Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т. б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді.

Нашар көретін балалардың көруінің төмендеуі танымдық іс-әрекетіне кері әсер етеді, қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы, нақтылығының төмендеуі байқалады. Нашар көретін балалардың көру елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте бағдарлауының қиындығын байқауға болады. Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар көретін балалардың сенсорлық тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтік-педагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар көретін балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту, тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды өтем құралы болып табылады.

1. 2 Көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқытудың арнайы жағдайлары

Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы

сыныптарында оқи алады(психологтік-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және қамқор педагогикалық тәртіптемеде) .

Ақыл-ой кемістігі бар зағип және нашар көретін балаларды оқыту арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету бөліктері қарастырылуы қажет. Психикалық дамуы тежелген зағип және нашар көретін балаларды оқыту психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту талаптарына сәйкес жүргізіледі алайда, көруінде кемістігі бар балаларға арналған қосымша түзету сабақтары қарастырылуы қажет. Ауыр ауру түрлерімен ауыратын зағип балаларды дәргерлердің ұсынымдамасын есеріп ПМПК бекітуі бойынша дербес бағдарламамен оқушылар ұжымымен ішінара кіріктіріліп үйде оқыту ұйымдастырылады. Кіріктірілу деңгейі және оның формасы оқушының денсаулығына қарай анықталады. Дербес үйде оқыту мектеп жағдайында арнайы мамандардың, техникалық және отбасылық жағдайға байланысты жүзеге асады.

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы:

а) зағип оқушылар:

  • бастауыш білім беру деңгейі - 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
  • негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар;
  • жалпы орта білім беру деңгейі - 11-12 сыныптар.

б) нашар көретін балалар:

  • бастауыш білім беру деңгейі - 0 (дайындық), 1-4 сыныптар;
  • негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар;
  • жалпы орта білім беру деңгейі - 11-12 сыныптар.

Әрбір білім беру деңгейінде білім алушыларды жалпы сыныптарға ауыстыру мүмкіндігі бар.

в) Күрделі бұзылуы бар зағип және нашар көретін балаларды (Психикалық дамуы тежелген, ақыл-ой кемістігі) арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек) . Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. Зағип оқушылар үшіноқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады.

Ерекше білім беру қажеттілігін қағаттандыру

Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:

  • офтальмологпен тағайындалғанкөруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік ) ;

-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік), ;

  • оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
  • балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар, рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары-лупа, линзалар, телескоптік құралдар-офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар ) ;
  • тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші) ;
  • көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т. б. ) ;
  • аудио-және бейнеаппаратуралар;
  • арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.

Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.

Түзету курстары төмендегідей берілген:

  • «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі . Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек. . Сабақ жиілігі - аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.
  • «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) ». Сабақта емдік -сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру. ) . Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут. Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т. б. )
  • «Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау. Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
  • «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
  • «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды, қоршаған ортадағы нәрселерді, кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
  • «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
  • «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.

Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, оның әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы мен біліктілігін дамытуға, көрнекілік-образды тәсілін және теориялық ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, суретті түсінуге, жеке басының тәсілдерін яғни, өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.

Негізгі мектеп мектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және қоғамның толыққанды өміріне араласу үшін қажетті жалпы білім берудің мықты іргетасын қалайды. Түзету жұмыстары танымдық, дербес және қозғалыс саласында, гигиена және көруін сақтауға, денсаулығын бекіту бойнша әрі қарай жалғасады. Мектеп баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі бойынша мүгедектердің жұмысқа орналасуы мен түрлі еңбек іс-әрекетін үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.

Негізгі мектеп жалпы білім беруге дайындықты аяқтауды қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушылардың қызығушылығының толық есебін, қоғамдық пайдалы еңбекке және заманауи қоғамдық өмірге белсенді араласуына, әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды.

Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта

Көру қабілеті бұзылған оқушының кеңістікте бағдарлауы қиындық туғызады, сондықтан оның мектепте өзін жайлы сезінуі үшін мектеп ғимаратына саяхат жасауы қажет. Бұл оған кабинеттер мен мектеп үй-жайының орналасуын есте сақтауына көмектеседі. Барлық кедергілер және

бұрылыстар айтылу қажет, балаға бұрыштар мен есіктерді ұстап көруге мүмкіндік беру қажет.

Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін - 50 см болуы қажет.

Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет.

Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет.

Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен жасалған жолдар.

Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет. Баланың есіне сақтауы үшін ол жерге бірненше рет апарып көрсету қажет.

Сыныпта қолжетімді және қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылады: көру қабілеті бұзылған оқушыларға арнап рельефті фактуралы немесе едені кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек.

Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі) . Мүмкіндігіне қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес сонымен қатар, зағип бала оны қолымен ұстау үшін рельефті болып келуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Зият ауытқуларының түрлері
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz