Төлеу сөз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
БАҒДАРЛАМА
вариативті курс
Қолданбалы (функционалды) грамматика
5-6- сынып оқушыларына арналған
аптасына -1 сағат, барлығы -34 сағат

Кайыпжанкызы Сандугаш
№ 62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сайлыбаева Сагира Утегеновна
№149 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір жазған: А.Е. Жумабаева, Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің профессоры, пед.ғыл.докторы.
А.М.Мухамеджанова, №171 ЖББМ мұғалімі, филол.ғыл.канд.

Түсініктеме хат
Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Елбасымыздың жолдауларында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ,-деп атап өтті.Сондықтан мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: XXI ғасырда нені оқыту керек? және де екіншісі - ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды? алдағы шешуін күттіріп тұрған мәселе.
Қазақ тілі - өте бай, мағыналы, тегеуріні мықты тіл. Қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты -тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінетін,қызметін жүйелі меңгерген,біліктілігі дамыған тұлғаларды даярлауға мүмкіндік жасау. Бұл - өмірдің өзі туғызып отырған талабы. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, олардың ойлау,қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіруде тілдің фонетикалық жүйесін,сөз және оның мағынасы,сөзді орнымен қолдана білу,сөздің морфологиялық құрылымын меңгерту қажет болып тұр. Жеке тұлғаның сауатты жазуы мен оралымды да шешен сөйлеуге баулу - қазақ тілі пәнінің мерейлі міндеті.Кез келген мамандық иесіне , жеке тұлғаға ең басты қажетті білім - сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеу. Осыған орай Қызықты грамматика бағдарламасы жасалынды.
Қазіргі қазақ тілі пәнінің басты міндеттерінің бірі - грамматиканы контекст негізінде оқыту. Бағдарламада грамматиканың аз қамтылған тақырыптарын тереңірек игерту көзделді. Қазіргі таңда грамматиканың ережесін білуден гөрі дұрыс әрі орынды қолдануға мән беру қажет болып тұр. Орфографиялық және орфоэпиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесін,оның емле заңдылықтарын,ықпал түрлерін контекст арқылы талдатып, меңгерту оқушының дүниетанымының кеңеюіне ықпалын тигізері анық.Сонымен қатарлексикалық норманы, яғни сөздің мағыналарын контекст арқылы оқытсақ,оқушы өз ойын анық, көркем жеткізеді, шешен сөйлеуге дағдыланады. Бұл бағдарлама арқылы 5-6-сынып оқушылары орфография,орфоэпия, лексика мен морфологияны белгілі бір мәтіндер мен жағдаяттар негізінде қолдануға үйренеді. 5-6-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қиындау болатын төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметі, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары мен тыныс белгілерін мәтіндер және берілген тақырыптар мен жағдаяттар негізінде түсініп қолдануға үйренеді. Оқушы мәтін, мәнмәтін арқылы мағынасымен,кейін ережелер арқылы формасы, құрылымымен танысады және тапсырмалар арқылы оны орынды жұмсай білуге үйренеді.
Бағдарламаның мақсаты:
- ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру;
- қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету;
- оқушыға лексика,фонетика,морфология заңдылықтарын белгілі контекст арқылы мемлекеттік стандартқа сай терең меңгерту;
-оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қолданбалы (функционалды) грамматика
бағдарламасын оқытудың міндеттері:
-лексика,фонетика,морфология заңдылықтарынан алатын білімдерін қызықты мәтіндер бойынша жетілдіру;
-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру үшін жазба жұмыс түрлерін жасату, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-тереңдетілген танымдық тапсырмалар негізінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту, сол арқылы білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру;
-оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-әдеби тіл нормаларын мемлекеттік стандартқа сай үйренеді;
- мәтін тақырыптары арқылы оқушының танымдық деңгейі жоғарылайды;
-қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде сауаттылықпен қолданады;
-тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсе алады;
-оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді;
-шығармашылық қабілеті дамиды;
-меңгерген білімін функционалдық және шығармашылық бағытта қолдана алады;
-сыни ойлау қабілеті дамыған,топта және жеке жұмыс жасай алатын тұлға қалыптасады.
Қажеттілігі- жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде жазылған оқулықтарда грамматика ережелерін игертуге жаттығу жұмыстары мен тапсырмалардың аздығын ескерсек , жеке тұлғаның құзіреттілігін арттыруда аталған білімді тереңірек игертудің маңызы зор. Осы курста алған білімдерін толықтырып,оны практикада қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар қамтылмай қалған қажетті материалдармен оқушыларды қамтамасыз етеді.Ұсынылып отырған бағдарлама осындай келелі міндеттерді көздейді.
Бағдарламаның өзектілігі - негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, әдеби тіл нормаларын ғылыми негізде меңгертіп,ойын сауатты жеткізетін,танымдық және шығармашылық қабілеті жоғары тұлға қалыптастыру.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны негізінен нақтыланған бағдарлама мәтінінен тұрады. Бағдарламада грамматика салаларын қызықты мәтіндер арқылы талдау қарастырылған. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Бөлімдерде оқушының дүниетанымдарын кеңейтетін қызықты мәтінді тақырыптармен қамтылған.
Кіріспе сабақ- 1 сағат. Кіріспе сабағында тіл білімінің салалары:фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы мәлімет алады.

Фонетика бөлімі -7 сағат.Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстар,олардың ерекшеліктерін, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтарын,үндестік заңы ментүрлерін, буын үндестігі,буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мен бағынбай жасалатын күрделі сөздерді ажыратды,дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал,екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдануды белгілі бір тақырыптағы мәтіндермен жұмыс жасау арқылы меңгереді.
Лексика бөлімі - 5 сағат. Сөз және оның мағыналарын, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдануды,омоним мен көп мағыналы сөздердің ара жігін қызықты мәтіндер арқылы ажыратуға дағдыланады.
Морфология бөлімі - 17 сағат. Сөзжасам,сөз құрамы, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білу.Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану,сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу, сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу, сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану,етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану ,үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануарқылы теория мен практиканы ұштастыра отырып меңгереді және білімдерін күнделікті өмірде сауатты қолдануға дағдыланады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, өз ойын сыни тұрғыда жеткізе білуге, мәтіндер арқылы жете түсіндіріледі. Тіл білімінің морфология саласынан алған теориялық білімдерін жинақтау, қорытындылау.
Пунктуация - 4 сағатОқушылар төл сөз бен автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу,төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру,төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды меңгереді.

Кіріспе (1 сағат)

І-бөлім. Қызықты мекен Фонетика (7 сағат)
1.1. Глобустың бөркі неліктен ақ? Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар,
ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары
1.2. Тайга деген не? Мәтінмен жұмыс
Білуі тиіс:
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтарын меңгеру. Мәтінмен жұмыс барысында дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін математикалық жолмен талдау барысында ажыратуды үйрену.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау арқылы дыбыстар жүйесін,емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
1.3. Шөл дала - тұлдыр дала ма?Үндестік заңы,түрлері. Буын үндестігі.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мен бағынбай жасалатын күрделі сөздер
1.4. Тау қалай пайда болады? Мәтінмен жұмыс
Білуі тиіс:
Үндестік заңы мен оның түрлерін ажырата білу және мәтінмен жұмыс барысында буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мен бағынбай жасалатын күрделі сөздерді талдап меңгеру.
Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты көтерілген мәселе бойынша диалог,монологтерді (ән мәтіні, жарнаманы) жазуда үндестік заңы мен ерекшеліктерін ескере отырып,орфографиялық нормаға сай жазу.Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
1.5. Жанартау дегеніміз не? Дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал
1.6. Жерді тесіп өтуге бола ма? Буын,оның түрлері. Тасымал.Екпін.
1.7. Қолтырауын қайда мекендейді? Мәтінмен жұмыс
Білуі тиіс:
Дыбыс үндестігінің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ажырата білу. Буын мен екпіннің түрлерін, сөздерді тасымалдау жолдарын практикалық тұрғыдан талдап, меңгеру. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын білу және мәтіннен тауып, ажырату. Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
ІІ-бөлім. Күн патшалығы - ғарыш елінде. Лексика (5 сағат)
2.1. Ең үлкен планета қайсы? Сөз және мағына.Тура және ауыспалы мағына. Көп мағыналы сөздер.
2.2. Күн қайда қонып шығады? Мәтінмен жұмыс
2.3. Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Омоним.
2.4. Күннің бетіне серуендеуге бола ма? Синоним. Антоним.
2.5. Ай жерге неліктен құламайды? Мәтінмен жұмыс(омоним мен көп мағыналы сөздерді ажырату)
Білуі тиіс:
Сөз бен мағынаның аражігін ажырату.Сөздердің мағынасына қарай бөле отырып, түрлерін ажырата білу және практикалық тұрғыдан талдап, меңгеру. Мәтінмен жұмыс барысында тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді,омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдануды талдап үйрену. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді,омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктерін қолдану арқылы жинақы мәтін жазу.

ІІІ-бөлім. Машиналар,станоктар жайында,Алтын қолдар құдіретін пайымда
Морфология (17 сағат)
3.1. Аспандағы жұлдыздың ағып түсуі мүмкін бе?
Сөзжасам. Сөз құрамы.Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы.
3.2. Айды кеміріп қойған қай мықты? Жалғаулардың түрлері
3.3. Күн неліктен ыстық? Мәтінмен жұмыс
3.4. Темірді қайдан алады? Сөз таптары. Зат есім,жасалуы,түрленуі,сөйлемдегі қызметі
3.5. Машина неден жасалған? Мәтінмен жұмыс
3.6. Бульдозер деген машина неге солай аталады?Сын есім,жасалуы,түрлері,түрленуі,қызме ті
3.7. Автомобиль неге гүрілдейді? Мәтінмен жұмыс
3.8. Қандай-қандай велосипедтер болады? Сан есім,түрлері, сөйлемдегі қызметі.Емлесі.
3.9. Көпірді тіреп тұрған қай өгіз? Мәтінмен жұмыс
3.10. Текшелерден үй салуға бола ма? Есімдік,мағыналық түрлері,сөйлемдегі қызметі,емлесі
3.11. Құбыр,керней, мұржа, түтік не үшін керек? Мәтінмен жұмыс
3.12. Темір мен болаттың қайсысы қатты? Етістік. Салт,сабақты етістік
3.13. Барлық жұмысты бірден жасай алатын машина бар ма? Мәтінмен жұмыс
3.14. Әлемде талай қызық бар... Етіс,түрлері
3.15. Адам қалай ойлайды? Мәтінмен жұмыс
3.16. Данышпандық жас талғамайды Үстеу,мағыналық түрлері,сөйлемдегі қызметі
3.17. Пифагор қалай өмірге келді? Мәтінмен жұмыс
Білуі тиіс:
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдануды меңгеру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажырату және мәнмәтінде жалғауларды түрлендіріп қолдануды үйрену. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдану. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануды меңгеру. Мәтінмен жұмыс барысында сөз таптарының түрлерін, олардың сөйлемдегі қызметіне қарай қолданылуын, мағыналық түрлерін ажыратуды меңгерту. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сай жинақы мәтін, хат, эссе, жарнама, хабарландыру жазуға үйрету.

IV бөлім. Әлемде талай қызық бар Пунктуаация (4 сағат)
4.1. Әлемдегі ең үлкен кітаптар Төл сөз бен автор сөзі
4.2. Интернетті өзгерткен кімдер? Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
4.3. Дүниеде не ауыр?Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
4.4. Қорытынды
Білуі тиіс:
Төл сөз бен автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін меңгеру, төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, өл сөзді төлеу сөзге айналдыру төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйрену.

рс
Тақырып
Оқу мақсаты
Сағат саны
Білім өнімі

Барлығы
Лекция
Теория
Тәжірибе 1
Тәжірибе Тәжірибе 2

І бөлім.Ғажайып мекен. Фонетика - 8 сағат
1
Кіріспе.Тіл білімінің салалары.Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшелікте
рін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
1
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

1.1
Глобустың бөркі неліктен ақ?Фонетика. Дауысты және дауыссыз дыбыстар,
ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін орфография
лық нормаға сай жазу
2
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

1.2
Тайга деген не?
Мәтінмен жұмыс
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін орфография
лық нормаға сай жазу

1
Сөздерге математикалық жолмен дыбыстық талдау жасайды.
1.3
Шөл дала - тұлдыр дала ма?Үндестік заңы,түрлері. Буын үндестігі.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мен бағынбай жасалатын күрделі сөздер

Қазақ тілінің үндестік заңын, емлелік ерекшелікте
рін ескере отырып, орфография
лық нормаға сай жазу

5
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

1.4
Тау қалай пайда болады?
Мәтінмен жұмыс
Қазақ тілінің үндестік заңын, емлелік ерекшелікте
рін ескере отырып, орфография
лық нормаға сай жазу

1
Шығармашылық жұмыс
1.5
Жанартау дегеніміз не?
Дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын білу

1

Ықпалдың заңдылықтарымен танысады.
1.6
Жерді тесіп өтуге бола ма?
Буын,оның түрлері. Тасымал.Екпін.
Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану

1

Конспект .Сыни тұрғыдан ойлау
1.7
Қолтырауын қайда мекендейді?
Мәтінмен жұмыс
Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану

1
Мәтінмен жұмыс арқылы білімдері бекітіледі.
ІІ бөлім. Күн патшалығы - ғарыш елінде Лексика- 5 сағат
2
Ең үлкен планета қайсы?Сөз және мағына.Тура және ауыспалы мағына. Көп мағыналы сөздер.
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
5
1

Тақырыппен танысады.

2.1
Күн қайда қонып шығады?Мәтінмен жұмыс

Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктері не сай қолдану

1
Мәтінмен жұмыс арқылы білімдері бекітіледі.
2.2
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Омоним.
Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктері не сай қолдану

1

Тақырыппен танысады.
Конспект

2.3
Күннің бетіне серуендеуге бола ма?Синоним. Антоним.
Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктері не сай қолдану

1

Тақырыппен танысады.
Конспект

2.4
Ай жерге неліктен құламайды? Мәтінмен жұмыс(омоним мен көп мағыналы сөздерді ажырату)

Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктері не сай қолдану

1
Жаттығу жұмыстары арқылы мәтіннен сөз мағыналарының түрлерін ажыратады.
2.5
Аспандағы жұлдыздың ағып түсуі мүмкін бе?
Сөзжасам. Сөз құрамы.Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы.
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

3
1

Талдау, түсіну, жинақтау арқылы қосымшалардың жалғануы туралы толық білімдерін тиянақтайды.
2.6
Айды кеміріп қойған қай мықты?Жалғаулардың түрлері
Мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1

Талдау, түсіну, жинақтау арқылы қосымшалардың жалғануы туралы толық білімдерін тиянақтайды.
2.7
Күн неліктен ыстық? Мәтінмен жұмыс
Мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1
Практикалық жұмыс. Жаттығулар жазу
ІІІ бөлім: Машиналар,станоктар жайында
Алтын қолдар құдіретін пайымда
Морфология - 17 сағат
3.1
Темірді қайдан алады?Морфология. Сөз таптары. Зат есім, жасалуы,түрленуі,
сөйлемдегі қызметі
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
2
1

Талдау, түсіну, жинақтау арқылы қосымшалардың жалғануы туралы толық білімдерін тиянақтайды.
3.2
Машина неден жасалған?. Мәтінмен жұмыс
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану

1
Практикалық жұмыс. Жаттығулар жазу
3.3
Бульдозер деген машина неге солай аталады?Сын есім,жасалуы, түрлері,түрленуі,қызме
ті
Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

2
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

3.4
Автомобиль неге гүрілдейді?. Мәтінмен жұмыс
Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

1
Практикалық жұмыс. Жаттығулар жазу
3.5
Қандай-қандай велосипедтер болады? Сан есім,түрлері, сөйлемдегі қызметі.Емлесі.
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу
2
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

3.6
Көпірді тіреп тұрған қай өгіз?Мәтінмен жұмыс
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

1
Практикалық жұмыс. Жаттығулар жазу
3.7
Текшелерден үй салуға бола ма?
Есімдік,мағыналық түрлері,сөйлемдегі қызметі,емлесі
Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану
2
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

3.8
Құбыр,керней, мұржа, түтік не үшін керек?Мәтінмен жұмыс
Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

1
Практикалық жұмыс. Жаттығулар жазу
3.9
Темір мен болаттың қайсысы қатты? Етістік. Салт,сабақты етістік
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
4
1

Тақырыппен танысады.
Конспект

3.10
Барлық жұмысты бірден жасай алатын машина бар ма? Мәтінмен жұмыс
Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төл және төлеу сөздер тыныс белгілері
Жалпы лингвистикадағы төл сөз бен төлеу сөздің негізгі функцияларын айқындай отырып, ағылшын тіліндегі олардың ерекшеліктерін айқындау, олардың ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда қолданылу өзгешеліктеріне зерттеу жүргізіп, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарына зерттеу жүргізу
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер
Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика - интонациялық сипаты
Негізсіз баю салдары
Зейнетақы қорларының есебі
«Екінші шет тілінің тәжірибелік курсы» пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Өзгермелі экономика жағдайындағы еңбекақының өсу шарттары мен маңызы. ТОО “ПРОМСВЯЗЬ” кәсіпорындағы еңбекті нормалау мен еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Пәндер