ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және
Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Орындаған: МО-21 тобы студенті
Сембаева А.Ж
Тексерген: аға оқытушы-магистр
Мырзабаева Б.М
Орал -2021
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ: ҚҰРЫЛУЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ОРГАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1.Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.БҰҰ-ның негізгі органдары жəне олардың қызметі ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ.БҰҰ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..8
2.1 БҰҰ жəне Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 БҰҰ жүйесіндегі əлеуметтік сипаттағы ұйымдар ... ... ... ... ... ...11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .14
КІРІСПЕ
Қазіргі халықаралық ұйымдардың ішінде ең танымалы Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.
Бас кеңсесі орналасуы -- Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.
Біріккен Ұлттар атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
2015 жылы ұйымның құрылғанына 70 жыл толды. Осы уақыт ішінде БҰҰ əмбебап ұйым ретінде жəне оның мамандандырылған мекемелері халықаралық бейбітшілікті сақтауда үлкен тəжірибе жинақтады.Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірген уақыттан бері ұйыммен жəне оның жүйесіндегі мекемелермен тығыз ынтымақтастық орнатып үлгерді. Көпшілікке ұсынылып отырған рефераттың мазмұнында БҰҰ жəне оның жүйесіндегі мекемелер, олардың Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығы туралы баяндалады. Сондай-ақ рефератта БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмыстарына қатысқан қазақстандық дипломаттар жайлы жəне БҰҰ-ғы қазақстандық дипломатия тəжірибесі туралы мағлұматтарды қамтиды. Рефератта БҰҰ тарихына байланысты бірқатар мəліметтер берілген.
І ТАРАУ
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ: ҚҰРЫЛУЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ОРГАНДАРЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы
Бүгінгі күні дүние жүзіне əмбебап ұйым ретінде танымал болып отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 2015 жылы 70 жыл толды. Ұйымның қажеттілігі ІІ дүниежүзілік соғыс барысында туындаған халықаралық мəселелер, соғыс аяқталғаннан кейін əлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қандай да бір болмасын дау-жанжалдар мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында туды. Бұл халықаралық ұйымның қалыптасуы маңызды бірнеше конференцияларда қарастырылған кезеңдерден тұрады [1, б.206-207]:
1-ші кезең. 1943 жылы 30 қазанда Мəскеуде (КСРО) КСРО, АҚШ жəне Ұлыбритания мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің конференциясы өтті. Конференцияда жалпыға ортақ қауіпсіздік мəселесі туралы Декларация қабылданды. Құжатқа КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерімен бірге төртінші мемлекет болып Қытай қол қойды. Бұл мемлекеттер соғыстан кейін өзара жəне басқа да мемлекеттермен қарулы күштерді реттеуге байланысты келісімге қол жеткізу үшін ынтымақтасатын болып шешті.
2-ші кезең. 1943 жылы қыркүйек-желтоқсан айларыны аралығында Тегеранда (Иран) КСРО, АҚШ жəне Ұлыбритания мемлекеттерінің үкімет басшылары қатысқан конференция өтті. Мұнда жаңа ұйым құрудың мақсатының маңыздылығы айтылды.
3-ші кезең. 1944 жылы 21 тамыз бен 7 қазан аралығында Вашингтон (АҚШ) қаласына жақын жерде орналасқан Думбартон-Оксте өтті. Конференцияда жаңа ұйымды құру жəне оның жарғысының жобасын дайындау туралы сұрақтар қарастырылды.
4-ші кезең. 1945 жылы ақпан айында өткен Ялта немесе Қырым (КСРО) конференциясына КСРО, АҚШ жəне Ұлыбритания мемлекеттерінің басшылары қатысты. Бұл жолы жаңа ұйымның негізгі құрылымдары, əсіресе Қауіпсіздік Кеңесіне, Бас Ассамблеяға жəне қамқорлық жөніндегі кеңеске қатысты даулы сұрақтар шешімін тапты.
5-ші кезең. 1945 жылы 24 қазанда Сан-Францискода (АҚШ) өткен конференцияда əмбебап халықаралық ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Ал 24 қазанға дейін осы қалада сəуір мен маусым айларының аралығында БҰҰ-ның жарғысының мəтіні талқыланып, 1945 жылы 26 маусымда бекітілген болатын. 1945 жылдың 24 қазанында ұйымның жарғысы күшіне енді. Бұл күн, яғни 24 қазан жыл сайын БҰҰ-ның туған күні ретінде дүние жүзінде аталып өтеді. Қазіргі кезде БҰҰ-ға дүние жүзінің 193 мемлекеті мүше [2]. Дайындық кезеңінің барысында басты қимылдар американдық жəне кеңес делегацияларының тарапынан жүрді.
Бұл соғыстан кейінгі бейбіт құрылыстағы басты рөлді атқаруға екі мемлекеттің де үміткер екендігін көрсетеді. Дүние жүзінің əр елінен келген делегацияны танымал саясаткерлер мен дипломаттар басқарды. Жаңа ұйымға Біріккен Ұлттар - United Nations деген атауды АҚШ президенті Франклин Рузвельт берді, - деп жазады [3, б.441] Қ.Тоқаев өзінің Беласу деп аталатын дипломатиялық очерктерінде. 1945 жылдың 15 тамызында 14 мемлекеттің өкілдері Лондон қаласында жиналды. Мұнда негізгі мəселенің бірі ретінде БҰҰ-ның қай жерде орналасатындығы қаралды. Жиналыс барысында американдықтар АҚШ-ты, Франция мен Ұлыбритания Батыс Еуропаның Париж, Женева, Копенгаген қалалары жаңа ұйымның орталығы болуға лайық деген ұсыныстарын жасады. Бұл сұрақ күн тəртібінде дауыс беру арқылы, яғни Еуропа немесе Америка құрылығы деген таңдау Американың үлесіне шешілді. Келесі кезекте БҰҰ АҚШ-тың қай бөлігінде орналасуы тиіс деген сұрақ дауысқа салынды. Нью-Йорк қаласы 25 дауыс, ал Сан-Франциско - 5 дауысқа ие болды. Бұл сұрақ 1946 жылдың басында Лондонда өткен Бас Ассамблеяның бірінші сессиясында түбегейлі шешімін тапты. БҰҰ-ның штаб-пəтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында, оның Еуропадағы бөлімі Женева қаласында орналасты [4, б.21]. Сонымен, БҰҰ-ның құрылуы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық ынтымақтастық жəне мемлекетаралық қатынастар саласындағы ең үлкен саяси жетістік болып табылды. 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жəне оның Бас Хатшысы К. Аннанның əлемдік Нобель сыйлығына иеленуі, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, бүкіл əлемнің дамуына жəне адам құқықтарын қолдауда БҰҰ-ның негізгі рөл атқарып отырғандығын əлемдік қауымдастықтың мойындағаны деп қабылдау керек. 2015 жылы 24 қазанда БҰҰ құрылғанына 70 жыл толды. Осы күні дүниежүзінің барлық елдеріндегі архитектуралық ескерткіштер мен көпірлер БҰҰ түрі - көгілдір түске боялды. Мысалы, Нью-Йорктегі Эмпайр Стет Билдинг ғимараты, Санкт-Петербургтегі Эрмитаж, Италиядағы Пиза мұнарасы, Ұлыбританиядағы Эдинбург қорғаны, Əзербайжандағы Гейдар Əлиев Орталығы, Грециядағы Зевс храмы, Йоганнесбургтегі Нельсон Мандела көпірі, Египет пирамидалары жəне басқалары. БҰҰ мерейтойы құрметіне арналған Бас Ассамблея залында əлемнің өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт берілді. Олардың арасында БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі, Қытайдың атақты пианисті Ланг Ланг болды,-деп хабарлады БҰҰ Жаңалықтар Орталығы [5].
БҰҰ-ның барлық мүшелері ұйымның қызметінің принциптеріне байланысты:
жарғыға сəйкес өз міндеттерін адал орындауға;
Өздерінің халықаралық дауларын бейбіт жолмен шешуге;
Күшпен қауіп төндіруден немесе оны кез келген мемлекетке қолданудан бас тартуға;
БҰҰ-ға оның Жарғысына сəйкес қолданылатын барлық көмектің түрін жасауға жəне БҰҰ алдын алу шараларын немесе күштеу сипатындағы шараларды қолданатын мемлекеттерге қарсы басқа мемлекеттердің көмек көрсетуден бас тартуға міндетті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі əлемдік қауымдастықты әзірше бірден-бір əмбебап ұйым болып отыр. Ұйымның əу бастағы мақсаты - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті 1965 жəне 1973 жылдары Жарғының 61-ші бабына түзетулер жасалды, яғни Экономикалық жəне Əлеуметтік Кеңестің мүшелерінің саны өзгеруіне байланысты;
1968 жылы Жарғының 109-шы бабына сəйкес түзетулер жасалды [6, б.4]. Жарғыда бұл ұйымға мүше болудың негізгі ережелері, оның негізгі органдарының құрылымы мен жұмыс істеу тəртібі, даулы мəселелерді бейбіт жолмен шешу, бейбітшілікке қауіп төнген кездегі жəне бейбітшілік бұзылып, агрессиялық актілер бола қалған жағдайда іс-əрекет ету, сол сияқты экономикалық ынтымақтастық жəне өзін басқара алмайтын территориялар туралы көрсетілген. Жарғы Біріккен Ұлттар Ұйымына ешқашан да мемлекеттің ішкі саясатына кіретін мəселелермен айналысуға рұқсат бермейді[6, б.5-6.].
БҰҰ халықаралық құқық нормаларының прогрессивті жəне демократиялық принциптеріне негізделген. Ұйымның жарғысының 2-ші бабында оның принциптеріне сəйкес келетін мəселелер қарастырылған. Жарғыда бекітілген халықаралық құқықтың принциптері Бас Ассамблеяның қарарлары мен декларацияларында бекітіліп, одан əрі даму үсінде. Мысалы, 1960 жылғы отар елдер мен халықтарға тəуелсіздік беру туралы Декларация немесе 1970 жылғы БҰҰ Жарғысына сəйкес мемлекетаралық достық қатынастар мен ынтымақтастыққа байланысты халықаралық құқық принциптері туралы Декларация жəне т.с.с. БҰҰ Жарғысында қазіргі халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың басқа да маңызды ппринциптер көрсетілген.
1.2.БҰҰ-ның негізгі органдары жəне олардың қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды жұмыс істеуінде оның органдарының алатын орны ерекше. Ұйымның Жарғысына сəйкес оның барлық органдары негізгі жəне қосымша болып екі топқа бөлінеді. Ал Жарғының 7-ші бабына сəйкес БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның сессия жұмысына қатысу үшін, мүше-мемлекеттер делегация жасақтайды, ал оның құрамы қанша адамдардан жəне кімдерден құралатынын мемлекет шешеді. Кейбір мемлекеттер делегация құрамына ғалымдарды, парламентарийлерді, қоғам жəне саяси қайраткерлерді, тілшілерді қосады. Бас Ассамблея БҰҰ шеңберінде кең құзыреттілікке ие. Ол БҰҰ Жарғысы шеңберінде кез келген сұрақтар мен іс-шараларды талқылауға құқығы бар. Сонымен бірге Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін, Экономикалық жəне əлеуметтік кеңестің, Қамқорлық жөніндегі кеңестің мүшелерін сайлайды. Қауіпсіздік Кеңесімен бірге Халықаралық соттың судьяларын сайлайды; Кеңестің ұсынысымен Бас хатшыны тағайындайды жəне БҰҰ-ға жаңа мүшелерді қабылдайды. Бұлардан басқа бюджеттік фукцияны да атқарады. Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мəселелері БҰҰ-ға мүше-мемлекеттердің үшен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея БҰҰ бюджетін қарастырады жəне бекітеді; мүшелік-жарнасының көлемін айқындайды.
БҰҰ Жарғысы жəне Бас Ассамблеяның Атқару тəртібі оның жұмысын ұйымдастырудың тəртібін анықтайды. Бас Ассамблея - сессиялық орган [қараңыз: қосымша Ə]. Сол себепті оның негізгі жұмысы кезекті, арнайы жəне кезектен тыс сессиялардан тұрады. Оның сессиясы қыркүйек (əдетте қыркүйек айының үшінші аптасының сейсінбі күні сессия жұмысы басталады - авт.) пен желтоқсан айларының аралығында өтеді. Кезекті сессия жұмысы алқалық отырыстар мен оның басты алты комитеттерінде өтеді. Бас Ассамблеяның 1993 жылғы 17 тамыздағы (47233 қарар) шешіміне сəйкес ол комитеттер мыналар:
қарусыздану мəселесі жəне халықаралық қауіпсіздік (Бірінші комитет);
экономикалық жəне қаржы мəселесі (Екінші комитет);
əлеметтік, гуманитарлық жəне мəдени мəселелер (Үшінші комитет);
- арнайы саяси жəне деколонизация мəселесі (Төртінші комитет);
- əкімшілік жəне қаржы мəселесі (Бесінші комитет);
- құқық мəселесі (Алтыншы комитет) [1, б.214-215].
Бас Ассамблея өзінің функциясын атқару үшін тұрақты жəне қосымша органдар құрады. Тұрақты органдарға Бюджет жəне əкімшілік мəселелері жөніндегі кеңес беруші комитет тəрізді органдар жатады. Ал уақытша құрылған қосымша органдардың саны 150-ден артық. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің немесе БҰҰ-ның көпшілік мүшелерінің талабы бойынша немесе БҰҰ-ның бір мүшесінің ұсынысын басқа мүше-мемлекеттердің қолдаған жағдайда арнайы сессияларға жиналуы, сонымен бірге төтенше сессияларға шақырылуы мүмкін. Арнайы сессиялар көрсетілген талаптың түскен кезінен бастап 24 сағат ішінде шақырылады. Ресейлік ғалымдарының мəліметтеріне сүйене отырып көрсететін болсақ, онда 1946-2009 жылдардың аралығында шақырылған арнайы сессиялар 28 болса, көрсетілген аралықтағы төтенше сессиялар саны - 10 [1, б.216]. Бас Ассамблеяда қабылданған шешімдер мүше-мемлекеттер үшін міндетті заңнамалық күшке ие емес, бірақ дауыс беру əлемдік жəне беделді қауымдастықтың пікірін білдіреді.
Бас Ассамблеяның жұмысына БҰҰ-ға мүше-мемлекеттерден басқа БҰҰ-ның ресми бақылаушы мəртебесіне ие болған, мүше емес мемлекеттер (мысалы, Швейцария, Ватикан) жəне халықаралық ұйымдар (мысалы, Араб мемлекеттерінің лигасы, Еуропалық Одақ т.с.с.) қатыса алады. БҰҰ-ның жыл бойындағы жұмыстары Бас Ассамблеяның шешімдерінің негізінде жүргізіледі. Бұл жұмыстарды Ассамблея қарусыздандыру, бейбітшілікті қолдау, адам құқықтары жəне оны дамыту сияқты басқа да нақты мəселелерді зерттеу үшін құрған комитеттер мен басқа да органдар атқарады. Бас Ассамблея бірқатар жағдайларда дипломатиялық конференция функциясын атқарады. Осында сессия барысында басқа органдармен дайындалған халықаралық келісімдердің жобаларын жасайды жəне қабылдайды немесе қолдайды.
ІІ ТАРАУ
БҰҰ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2.1 БҰҰ жəне Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстар
Қазақстан Республикасы тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ өзін əлемдік қауымдастыққа таныстыру үшін халықаралық құқық талаптарына сай БҰҰ-ның қатарына кіруге бағытталған жұмыстарын бастады. БҰҰ Жарғысына сай мүшелікке қабылданатын кез келген жаңа мемлекет ең бірінші бас хатшының атына өтініш білдіреді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев та 1991 жылдың 31 желтоқсанда БҰҰ Бас хатшысына Қазақстанды ұйымға қабылдау жөнінде өтініш жазды. Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында қабылданған 46224 резолюцияға сəйкес ұйымға 168-ші мүше- мемлекет болып қабылданды [1, б.12-14]. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев осы оқиғаға байланысты мынадай баға берді: Қазақстан БҰҰ-ның толық кұқылы мүшесі болды. Осы фактінің маңызына баға жетпейді: біз халықаралық құқықтың негіз қалаушы принциптерін жақтайтынымызды растаумен қатар, планетадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі жұмысты өз міндетіне алған осы ықпалды халықаралық ұйымның өзіндік қорғауына алындық [2, б.1]. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясына Қазақстанның алғашқы делегациясы қатысты. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халықаралық саясат жөнінде сөз сөйледі.
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше ретінде қабылдануы тəуелсіз жаңа мемлекеттің халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың жүйесінде дербес субъект ретінде əлемдік құқықтық деңгейде танылуын білдірді. Осы маңызды оқиға туралы Жүздеген адамның көз алдында мен залдың орталығында орналасқан тақтайшада Қазақстан деп жазылған үстелге қарай бет алдым. Креслоны қозғап, протокол бастығы маған үстел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz