БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және
Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстанның БҰҰ-ғы бастамалары.
Орындаған: МО-31 тобы студенті
Сембаева А.Ж
Тексерген: аға оқытушы-магистр
Мырзабаева Б.М
Орал - 2022
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ... ... ... ..4
1.1.Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.Қазақстанның БҰҰ - ға мүшелігі және бастамалары ... ... ... ... ... ...7
ІІ ТАРАУ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1. Қазақстан мен БҰҰ қарым-қатынасындағы ерекшеліктер ... ... ... .. 11
2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан мен БҰҰ бағдарламасы, даму барысы ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 20
КІРІСПЕ
Халықаралық ұйым дегеніміз - халықаралық ұйым мәртебесін берген мүше мемлекеттердің келісімі бойынша құрылған ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі заманғы тәртіптің құрамдас бөлігі болып табылады және оның қалыптасуына үлкен әсер етеді. Оның Жарғысы халықаралық құқықтық тәртіптің негізгі мақсаттары мен принциптерін бекіткен алғашқы акт болды. Осы себепті БҰҰ Жарғысын кейде халықаралық құқық Конституциясы деп те атайды. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды.
БҰҰ - дүние жүзіндегі елдердің басым көпшілігін біріктіретін ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсат - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты міндеттерінің бірі - бейбітшілікті сақтау. Осы жылдар ішінде Ұйым халықаралық толқулардың алдын алуда және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуге көмектесуде маңызды рөл атқарды. Осыдан он жыл бұрын Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясында БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге мынадай қарапайым әрі мағыналы ұсыныс жасады.
Ұсыныстың мәні мен рухы қарапайым болды: күш біріктірейік, ерікті ынтымақтастыққа қадам жасайық және дағдарыс аймақтары мен дамыған елдердің мәселелерін шешу үшін барлық елдердің әскери бюджетіне бір пайызды берейік. Бұл жұмыстың тақырыбының ауқымы соншалық, жұмыс барысында біз тек Біріккен Ұлттар Ұйымына ғана емес, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы рөлі мен функцияларына да тоқталамыз.
Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықара-лық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ - мен бірлесіп әрекет етуі - еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңыз-ды бағыттарының бірі болып табылады.
Еліміз бұл ұйымға 1992 жыл-дың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясындағы нөмір 46224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кірген.
Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымында осыншама қысқа уақытта мүше болғанына қарамастан, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа сәтті кір-геннен басқа, ондағы әсер етуші елдердің қатарына қосылуға да үлгер-ген. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше халықаралық кон-венциялары мен келісімдерге қосылып, олардың шарттарына сәйкес өзінің әр түрлі ұлттық бағдарламаларын шығарып, оларды сәтті іске асыруда.
Бұл еліміздің қалыпты әрі қауіпсіз жағдайларда дамуына әсер етеді.Еліміздің осындай деңгейге жетуі - елбасымыз бен отандық дип-ломатияның ілгерішілді жүргізілген сыртқы саясатының нәтижесі.
І ТАРАУ.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) құрылымы.

Бас Ассамблея -- БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.
Қауіпсіздік кеңесі -- халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.
Хатшылық -- бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады. Экономикалық және әлеуметтік кеңес -- 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. Және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.
Қамқорлық жөніндегі кеңес -- негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. Пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басұаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.
БҰҰ жүйесін алты негізгі орган құрайды: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқоршылық кеңесі, Халықаралық сот және БҰҰ Хатшылығы. Оларға Жер-жаһандағы бейбітшілікті сақтаудың басты жауапкершілігі сеніп тапсырылған. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі кезде Ұйымға 193 мемлекет мүше.
Бүгінгі таңда БҰҰ аясында және оның қолдауымен көптеген халықаралық ұйымдар мен мамандандырылған агенттіктер, функционалды және аймақтық комиссиялар, білім беру мекемелері, дамуға көмек бағдарламалары мен қорлары жүйесі жұмыс істейді.
Халықаралық сот -- мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса алмайды.
16 арнаулы мекеме:
Дүниежүзілік банк,
Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік,
ЮНЕСКО,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы,
БҰҰ-ның балалар қоры,
БҰҰ-ның өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық құқық комиссиясы, Халықараралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.
Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс.
БҰҰ-ның Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
1945 жылы 24 қазанда ратификацияланған БҰҰ Жарғысы - бұл тарихи халықаралық құжат, адамзаттың ақыл-санасы жасақтап шыққан саяси және құқықтық құрал. әмбебап халықаралық шарттың ерекше маңызы БҰҰ өзінің ең басты мақсаты ретінде болашақ ұрпақты соғыс апатынан құтқару деп бағамдауы еді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады.
Осы тұрғыдан алғанда, БҰҰ жалпыға танылған заңдылығымен халықаралық қауіпсіздік жүйесінің негізі саналады. Бүгінгі таңда ұйымның қатысуынсыз қаруды қысқарту немесе атом энергиясын бақылау болсын, бірде-бір өзекті халықаралық мәселе мен жанжал шешілмейді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
ХХ ғасыр тарихында БҰҰ құрылуы фашизм мен милитаризмді жеңу нәтижесінде халықаралық қатынастардың ең жоғары жетістігі болды. Оның басты мақсаттары: бостандық, теңдік, бейбітшілік және ғаламшардағы барлық адамдар үшін игілік еді. Бұл халықаралық үкіметаралық ұйым БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер өздерінің аумақтық көлеміне, экономикалық дамуына және саяси жүйелеріне қарамастан, көптеген мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіруге, сондай-ақ халықаралық қақтығыстарды, дауларды немесе проблемаларды шешуге қатысуға құқылы танылған платформа ретінде қызмет етеді. БҰҰ - бұл шын мәнінде әмбебап қол жетімділік пен мүшелікке ие және күн тәртібі көлемді жалғыз халықаралық институт.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды.
БҰҰ қызметінің арқасында Жер ғаламшары 75 жылдан бері салыстырмалы түрде бейбіт өмір сүріп келеді. Бүгінде БҰҰ әлемнің 83 еліндегі 87 миллион адамға азық-түлік пен көмек көрсетеді. 82,5 млн босқын мен соғыс құрбандарына, аштық пен қуғын-сүргін құрбандарына көмек көрсетеді, қорғайды. Бейбітшілікті сақтау жолында 95 мыңнан астам бітімгершілік күштерінің қатысуымен 40-тан астам саяси миссиялар мен операцияларды жүзеге асырады. 1 миллиардтан астам адамның өмірін жақсартуға ат салысып, кедейлікпен қарқынды күрес жүргізеді. 117 миллион адамға 18 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек жинауды үйлестіреді.
1.2.Қазақстанның БҰҰ - ға мүшелігі және бастамалары.
Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көпвекторлы сыртқы саясат бағытын ұстанып келеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: Қазақстан ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен басқа да осы заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болып келді және болып қала береді деп Қазақстан халқына Жолдауында айқындады.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында БҰҰ-ның әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнатудағы орталық және үйлестіруші рөлін көрсетті . Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметі бейбітшілік пен қауіпсіздік, экономикалық даму, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны сақтау, халықаралық құқық, гуманитарлық мәселелер, денсаулық сақтау және тағы басқа мәселелерді шешуге бағытталған . Қазақстан БҰҰ-на мүше болып кіргеннен бастап бірқатар бағыттар бойынша айқын белсенді ұстанымда болды және қауіпсіздік саласында бірқатар бастамалар ұсынды.
БҰҰ-ға мүшелік кезінде Қазақстан әр жылдарда жүзеге асырылған немесе іске асырылып жатқан мынадай бастамаларды ұсынды:
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақырту;
Орталық Азия экономикасы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Арнайы Бағдарламасын құру (СПЕКА);
Арал және Семей сынды экологиялық апатты аймақтарды қалпына келтіру;
БҰҰ аймақтық комиссияларының (АТМЭӘК және ЕЭК) екі конференциясы және Рио + 20 тұрақты даму жөніндегі БҰҰ Конференциясында қолдау тапқан Жасыл көпір серіктестік бағдарламасы;
БҰҰ Рио + 20 орнықты даму жөніндегі Конференциясының қорытынды құжатында негізгі компоненттері көрініс тапқан жаһандық энерго-экологиялық стратегияны әзірлеу;
29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні ретінде жариялау;
2010 және 2013-2022 жылдарын Халықаралық жыл және мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы ретінде жариялау;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың терроризмге қарсы әрекет ету және БҰҰ-ның терроризмге қарсы бөлімдері және мүше мемлекеттермен күш қолданатын экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру мақсатында Ұйымның іс-әрекетіне бастаманың негізгі постулаттарын қосу және оларды БҰҰ құжаттарында көрсету үшін жұмыс жүргізілуде.
Мемлекет басшысының Әлем. XXI ғасыр манифесті БҰҰ басшылығына жіберілді және Бас ассамблеяның құжаты ретінде А70818 және Қауіпсіздік Кеңесінің құжаты ретінде S 2016317 тіркеу нөмірлерімен БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер арасында алты ресми тілде таратылды.
Астанадағы БҰҰ қолдауымен БҰҰ Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс бюджетінің бір пайызын БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына арналған арнайы қорына жыл сайын аудару, ЭӘК-ті Жаһандық Даму Кеңесіне реформалау жөніндегі БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі конференцияларын шақыру бастамалары
Қазіргі уақытта Қазақстанда БҰҰ-ның 18 ұйымы бар: БҰҰДБ (БҰҰ Даму бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар Қоры), ЮНФПА (БҰҰ Халық қоныстану қоры), БҰҰ ЕҚБ (БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы), БҰҰ ЖКББ (БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы) , БҰҰЕ (БҰҰ Еріктілері), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы), ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ДБ( Дүниежізілік Банк), ХВҚ( Халықаралық валюта қоры), БҰҰЖҚТБ (АТҚБЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы), ҚАДӨ (Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент өкілдігі), ГМҮ БҰҰБ (Гуманитарлық мәселелер үйлестіру жөніндегі ББҰ басқармасы), АТМЭӘК (Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы), БҰҰ ЕЭК (БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы), Табиғат қауіп-қатерін азайту жөніндегі Халқаралық стратегия (ТҚАХС) және БҰҰ-Әйелдер.
Ынтымақтастық 2016-2020 жылдарға арналған серіктестік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламаның циклінің басымдықтарының қатарында тұрақты даму, қоршаған ортаны жақсарту, АҚТҚ ЖҚТБ және туберкулезді болдырмау, гендерлік теңдік және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелерін атап көрсетуге болады. Су ресурстарын тиімді пайдалану және шөлейттенумен күрес мәселелері бірлескен ынтымақтастықтың басты назарында қала береді. Бағдарламада бұрынғы Семей полигоны мен Арал теңізі өңірлеріне ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қауымдастықтың жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ядролық қарусыздану қозғалысының авангардында тұрып, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемаларына белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде қосылды. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бірқатар әлемдік бастамаларды ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев БҰҰ мінбесінен ұсынып, халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау тапты.
БҰҰ-ны халықаралық қатынастардың таптырмас құралы деп тани отырып, Қазақстан ұйым арқылы адамзаттың ортақ мәселелерін шешуге өзінің лайықты үлесін қосуға ұмтылады.
Екіжақты қатынастардың дамуында көбіне жоғары деңгейдегі кездесулер рөл ойнады. Мәселен, 1992 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде 10-нан астам рет ресми сапармен барып, жоғары деңгейдегі жалпы саяси пікірталастарда сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы ешқашан да біржақты болмағанын ескеру керек. Түрлі жылдары БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан, Пан Ги Мун және Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапарлармен келді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында БҰҰ қызметінде, әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және қолдау жолындағы біздің елдің рөлін ашатын мұрағаттық құжаттар сақталған.
Сонымен қатар, Елбасы кітапханасынан оқырман Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі А.Арыстанбекованың Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан, Қазақстан БҰҰ-да: тарихы мен болашағы; сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен ұйымдастырушылық құрылымы туралы толық ақпарат беретін БҰҰ туралы негізгі фактілер анықтамалығын; Даму күн тәртібі: 1995 ж. және осы тақырып бойынша БҰҰ-ның басқа құжаттары атты баяндамалар мен құжаттар жиынын; Кеңес Одағы кезінде БҰҰ-ның қызметіне қалай енгенін, онда КСРО кезінде, оның күйреуі кезінде және одан кейін, Ресейдің псевдокапиталистік дамуы кезеңінде қалай жұмыс істегені туралы С.Деминнің БҰҰ-ның қисық дәлізінде атты кітабын; БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары құжаттар жиынын; дипломат В.Ф. Заемскийдің БҰҰ және бітімгершілік дәрістер курсын таба алады.
Тағы бір атап өтерлігі, Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалуы (2011 жылдың наурызы - 2013 жылдың қазаны) Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің мойындалуы еді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Абайдың аманаты атта мақаласында Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергендігін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым, - деп атап өтті.
Екіжақты ынтымақтастық тарихындағы маңызды оқиға Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі органына мүше болу Қазақстанға өзін белсенді және жауапты халықаралық ойыншы ретінде көрсетуге және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосуға мүмкіндік берді.
БҰҰ жұмысына белсенді қатысу - бұл елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және басқа да маңызды қызмет салаларында дамуды білдіреді. Қазақстанда БҰҰ жүйесін 15 ұйым ұсынады. Олардың қызметі елімізге кең көлемдегі техникалық және консультативтік көмек көрсетуге бағытталған. БҰҰ жұмысына қатысу - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Біздің еліміз белсенді және теңгерімді ұстанымның арқасында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму ісіне, сондай-ақ БҰҰ-ның функционалдық және құрылымдық жаңаруына өз үлесін қосты.

Сарапшылар БҰҰ өзінің 75 жылдық тарихында бірполярлы әлемнің болуына ұмтылмағанын атап өтті. Себебі, бұл көпшіліктің мүдделері сақталатын ұжымдық жауапкершілік ұйымы. ХХІ ғасырда Біріккен Ұлттар Ұйымы сұранысқа ие және адамзат үшін баламасы жоқ ұйым болып қала береді.

Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі халқымыздың тәуелсіздік пен бостандыққа деген көп ғасырлық ұмтылысының жемісін білдіреді, оның әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін көрсетті. Көп салалы халықаралық форумның толық мүшесі бола отырып, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа толыққанды интеграциялану мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан БҰҰ мүше болып келе жатқан 27 жылда халықаралық қауымдастыққа интеграцияланып қана қоймай, өз инициативаларын табысты іске асырып келеді.
ІІ ТАРАУ.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. Қазақстан мен БҰҰ қарым-қатынасындағы ерекшеліктер.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір+бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz