Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері
2. 2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
2. 3 Акционерлік қоғамды басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты. Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды. Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды. Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы заң 2003 жылы қабылданды.
Онда Қазақстанның объективті экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықай ескеріліп, акционарлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды. Алайда қазіргі кезде де «оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтандыру ұйымдарының акциаларын мәжбүрлеп сатып алу кұқығы» (Азаматтық кодекстің 86 бабының 6 тармағы), «қоғамның жариялаған акцияларын мәжбүрлеп шығару» (Акционерлік қоғам. туралы заңының бабының 32 1 тармағы) секілді кейбір құқықтық нысандардын акционерлік заңдардан орына алуы орынсыз болып көрінеді.
Аталмыш дипломдық жұмыс азаматтық құқық жүйесіндегі «акционерлік қоғам» саласына арналған. Акционерлік қоғамның құқық жүйесінде алатын орнына тоқталатын болсақ, ол қазіргі нарықтық экономикалық процессінде ерекше орында түр. Себебі елімізде азаматтық заңдар бойынша құрылып жатқан заңды тұлғалар көбнесе, акционерлік қоғам нысанында құрылуда.
2. 1 Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі
Кез-келген кәсіпорын, сонымен қатар акционерлік қоғамдарды құру бұл -заңды акт болып табылады. Мұндай заңды акт салдарынан құқықтық субъектісі ретіндегі кәсіпорын пайда болды.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңына сәйкес «қоғам оны құру арқылы және акционерлік қоғамды қайта құру арқылы құрылады. » Қоғамды құру шешім қабылданған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Мемлекеттік кәсіпорындар қоғамның құрылтайшысы болуга және меншік иесінің және мемлкеттік басқару органының осы кәсіпорынға қатысты өкілеттілігін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның акцияларын сатып алуды құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға және ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған шығындарды төлеу жөнінде бірге жауап береді. Кейінен осындай шығстарды құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлданған жағдайда ғана өз құрылтайшыларына мұндай шығыстарды өтейді.
Жоғарыда айтып кеткендей акциоенрлік қоғамдарды бір немесе бірнеше тұлғалар құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдарды бірнеше тұлғалар құрған жағдайда құрылтайшылар жиналысы болады. Жалпы қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Ал егер қоғамды жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді осы тұлға жеке дара қабылдайды.
Алғашқы құрылтай жиналысында:
- қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
- құрылтай шартын жасайды;
- құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталының мөлшерін белгілейді;
- жарияланған акциялардың, сондай-ақ құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялар санын белгілейді;
- шығаруға жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
- қоғамның тіркеушісін таңдайды;
- мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарға қоғамның атынан қол қоюға өкілетті адамдарды сайлайды;
- қоғамның жарғысын бекітеді.
Акцияларды орналастырғанға дейін құрылтайшылардың бірнеше жиналысын өткізуге рұқсат етіледі. Мұндай алғашқы құрылтай жиналысында қабылдаған шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Қоғамның алғашқы жиналысында құрылтайшылардың әрқайсысының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында басқаша белгіленбесе екінші және одан кейінгі жиналыстарында құрылтайшылардың әр қайсысының бір дауысы болады.
Қоғам акционерлерінің бірінше жалпы жиналысы өткізгенге дейін оның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы), қоғамды тарту туралы шешім қабылдауға құқылы. Кұрылтайшысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
Шетел инвесторы қатысуымен акционерлік қоғамдарды құру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі. Шетел инвесторы қатысуымен құрылатын акционерлік қоғамдарды құру тәртібі және мемлекеттік тіркеу органына табыс ететін құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасының
«Шетел инвестициясы туралы «заңында айқындалып көрсетілген. Әдетте табыс етелетін құжаттардан басқа, шетел банкісінен оның төлем қабілеттілігін растайтын анықтама қажет.
2. 2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып, құрылтай шарты мен жарғы табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай шартында:
- қоғамның құрылтайшылары (құрылтайшысы) туралы мәліметтер
- болады, оған қоса:
- заңды тұлғага қатысты оның атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркелгені туралы деректер;
- жеке тұлғаға қатысты, аты, азаматтыгы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер:
- қоғамның құрылғаны туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оны құру тәртібі;
- құрылтайшылар (құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ оны төлеу мерзімі мен тәртібі;
- акциялар шыгаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның кұрылтайшылары арасында орналастырылатын (кұрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналастыру бағасы;
- оның кұралтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамды құруға байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшыларының қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзгеде талаптары;
- қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процессінде оның мүддесін білдіру тапсырылған тұлғаладың өкілеттілктерін айқындау;
Сонымен қатар құрылтай шартының қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңның 6 бап 3 тармағыиа сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Құрылтай шартында көзделген мәліметтер егер шарттың өзінеде өзгеше көзделмесе коммерциялық құпия болып табылады. Қоғамның құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, содай-ак үшінші тұлғаға қоғамның шешеімі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуі тиіс. Қоғамның құрылтай шартын жасау тәртібіне тоқталатын болсақ, қоғамның құрылтай шарты әр бір құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкілі шартқа қол қою жолымен жазбаша нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша рәсімделіп құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкіл қол қояды. Құрылтай шартын нотариат куәландырады. Соымен қатар жеке түлга құрылтайшының қойған қолының тұпнұсқасын да нотариат куәландырады.
Заңды тұлға құрылтайшы өкілінің қолы заңды тұлғаның мөрімен расталады. Құрылтайшылардың өкілдерінің заңға сәйкес ресімделген, құрылтайшылардың жиналысына қатысу және құрылтай шартына қол кою құқығын қоса алғанда, қоғам құру құқығын беретін тиісті өкілеттіліктері болуы керек.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарының бірі қоғамның жарғысы табылады. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады және қоғамды мемлекеттік тіркеген кезде құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Жарғыға құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс және нотариат куәландырады.
Акционерлік қоғамның жарғысында мынадай ережелер болуға тиіс:
- қоғамның толық және қысқартылған аты;
- қоғамның мекен - жайы;
- қоғамның жарияланған акцияларының саны, түрлері және акционерлердің құқықтары туралы мәліметтер, оған қоса қоғамның артықшылық берілген акциялары мен куәландырылған құқықтарының көлемі және олар бойынша дивидендтердің кепілдік берген мөлшері;
- құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналстыру бағасы;
- қоғамның органдарын құру тәртібі және құзіреті;
- қоғамның органдарының қызметін ұйымдастыруды қоса алғанда:
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының мәжілісін шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
- қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, оның ішінде шешімдері білікті көпшілік дауыспен қабылдануга тиісті мәселелердің тізбегі;
- қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
- егер қоғам коммерциялық ұйым болып саналса:қоғамның коммерциялық ұйым емес екенін көрсету, дауыс беру
- рәсімі, дивиденттер төлемеу туралы ережелер мен осы заңда және
- коммерциялық емес ұйым туралы заңнамалық келісімдерде белгіленген
- басқа да талаптар;
- қоғам қызметінің тоқтатылу шарттары және т. б. өзге де ережелер.
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оның кейінгі өзгерістерімен толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам 3 жұмыс күннің ішінде жарғының көшірмесін беру туралы акционердің талабын орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғыньп көшірмесін бергені үшін көшірме даярлауға, ал жеткізу құжат болғанды жеткізуге жұмсалған шығыстардан аспайтын ақы алуға құқылы.
2. 3 Акционерлік қоғамды басқару
Акционерлік қоғамның қызметі оның органдары аркылы жүзеге асырылады. Акционерлік қоғам туралы заңының 34 бабы бойынша мыналар қоғамның органдары болып табылады:
- жоғарғы орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер) ;
- басқару орган - директорлар кеңесі;
- атқарушы орган - алқалы орган немесе атаулы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке - дара жүзеге асыратын тұлға. Халықтық акционерлік қоғамда атқарушы орган тек алқалы болуға тиіс;
заңдарда және (немесе) қоғамның жарғысына сәйкес өзгеде органдар құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамның жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналысты басқару органы - директорлар кеңесі немесе атқарушы орган шақырады. Көптеген мәселелер бойынша шешімдер дауыстардың жай көпшілігімен, ал неғұрлым маңызды мәселелер бойынша - білікті көпшілік арқылы қабылданады. Акционерлеік қоғам туралы заңның 37 бабының 5 тармағы акционерлердің құқықтарын қорғайды, ол бойынша қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы кез-келген мүдделі тұлғаның талап арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін. Егер қоғамның органдары акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерлерінің талабын орыдамаса, қоғам ірі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы мүмкін. Сот жиналысты өткізу уақыты мен орнын, оның күн тәртібін, қоғамның акционерлеріне жібіретін хабарламасының мазмұнын, жалпы жиналысының мақсатына жетуге қажетті негізгі жағдайларда анықтау мүмкін.
Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзіретіне мынадай мәселелер жатады:
- қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
- заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
- акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралышешім қабылдау және қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту;
- қоғамның есептеу комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу оның мөлшерін сайлау және олардың (оның) өкілеттіліктеріннен мерзімінен бұрын тоқтату;
- қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттігінің мерзімін белгілеу оның мөлшерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мөлшеріне сыйакы мөлшері мен төлеу талаптарын анықтау;
- қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторының ұйымды белгілеу;
- қоғамның жылдық есебін бекіту;
- есепті қаржылық жылдағы крғамның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, қоғамның жай акциялары бойынша дивидентер төлеу туралы шешім қабылдау және жыл қорытындысы бойынша қоғамның бір жай акциясы есебінен дивиденд мөлшерні бекіту;
- қоғамға тиесілі барлық активтреді жиынтық соммамен жиырма бес (халықтық акционерлік қоғамда - он) және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қоғамның басқа заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
Акционерлік қоғамның басқару органы
Акционерлік қоғамда міндетті түрде директорлар кеңесі құрылады, ол акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы бір акционері ғана болатын акционерлік қоғамда оны директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндіғі көзделуі мүмкін. Қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне мынадай мәселелер жатады:
- қоғам қызметінің басым бағыттарын белгілеу;
- акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қобылдау;
- қоғамның акцияларын орналастыру және олардың жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру бағасы туралы шешім қабылдау;
- қоғамның орналастырлған акциялады немесе басқа да бағалы қағаздары сатып алуы туралы шешім қабылдау;
- қоғамның жылдық қаржы есебін алдын-ала бекіту;
- жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есептік қаржы жылы үшін төленетін дивидендтерді қоспағанда, бір жай акцияға төленетін дивидендтің мөлшерін айқындау туралы шешімдер қабылдау;
- қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау;
- атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның қызметін жеке дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
- атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның қызметін жеке дара жүзеге асыратын адамды) лауазымдық жалақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
Қоғамның атқарушы органының басшысының өкілеттіліктеріне тоқталатын болсақ, Акционерлік қоғам туралы заңның 60 бабына сәйкес қоғамның атқарушы органының басшысы:
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының және директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
- қоғам атынан үшінші тұлғалар мен қарым-қатынас жасағанда сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
- қоғамды үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста таныстыру құқығына сенімхат береді;
- қоғам қызметкерлерін қабылдайды, орындарын ауыстырады және жұмыстан босатады, оларға ынталандыру шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады, қоғамның шарттық кестесіне сәкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы мен дербес үстемақысы мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен ішкі аудит қызметінің
құрамына кіретін қызметкерлерден басқа қоғам қызметкерлеріне сыйлықақы мөлшерін белгілейді;
- өзі болмаған жағдайда өзінің міндеттерін аткаруды атқарушы орган мүшелеріне берілуін жүктейді;
- қоғамның атқарушы органы мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік аясын және жауапкершілікті бекітеді;
- қоғам жарғысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген, осы органдардың құзіретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда да қызметті жүзеге асырады.
Қоғам акционерлерінің мынадай құқықтары бар:
- қоғамды басқаруға қатысуға;
- дивидендтер алуға;
- сауал салынғаннан кейін отыз күн ішінде қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға;
- қоғамның органдары қабылданған шешімге сот тәртібімен даулауға;
- қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
- қоғамның жарғысы мен заңдарда көзделген өзге де құқықтары бар.
Заң акционерлердің ішінен ірі акционерлерді бөліп көрсетеді. Басқа акционермен салыстырғанада, ірі акционердің құқықтары көп болады. Ірі акционерлер дегеніміз - бұл акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп ) пайызын қолында ұстайтын және өзара жасалаған келісімдердің негізінде әрекет ететін акционер немесе бірнеше акционер. Әрбір акционерлердің жоғарыда аталған құқықтарыннан басқа ірі акционерлердің т. б. мынадай қосымша құқықтары бар:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шакырудан бас тартқан жағдайларда оны шақыру туралы талап - арызбен сотқа жүгінуге;
- директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
- директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
- өз еңбегінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
Сонымен қатар әрбір қоғамның өз жаргысында акционерлердің өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
Егер қоғамның жарғысында бұл мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылмаса, қоғамның акцияларын оның жарияланған акциялары саны шегінде орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуын мемлекеттік тіркеуден кейін орналастыруға құқылы. Акцияларды орналастыру аукциондар, жазылым арқылы жүзеге асырылады. Халықтық акционерлік қоғамның өз акцияларын жазылым арқылы орналастыру құқығы жоқ. Қоғамның жазылым арқылы орналастырылатын акциялары директорлар кеңесі белгіленген орналастыру бағасы бойынша сатуға тиіс, бұл орайда акцияларды орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алушы барлық тұлғалар үшін бірыңғай болуға тиіс.
Акционерлердің қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар. Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды орналастыру ниеті бар қоғам оларды сатқанға дейін отыз күн ішінде жазбаша хабар жіберу немесе баспасөз басылымында жариялау арқылы өз акционерлеріне тең жағдайлармен, өздерінде бар акцияларға барабар, бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгіленген баға бойнша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетін акционердің жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционердің қоғамның артықшылықты акцияларын басымдылықпен сатып алу құқығы бар.
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру және қайта құру.
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініғі шығуы, қайта құру) Акционерлік қоғам туралы заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәкес жүзеге асырылады.
Қоғамның бөліну немесе бөлініп шығу шығу арқылы қайта ұйымдасқан кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кередиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын міндеттеменің мерзімінее тоқтатылуын және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер акционерлік қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызыметін тоқтатса, оның ішінде орналастырылған акцияларын қоса алғанда оның жарияланған акцияларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күші жойылады.
Акционерлік қоғамның бірігуі. Екі немесе бірнеше қоғамның өз қызметтерін тоқтатып, өткізу актісіне сәйкес оған барлық мүлкін, кұкықтырын және міндеттерін беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамның бірігуі деп танылады. Бірігуге қатысатын әрбір қоғамның директорларкеңесі бірігу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісі мен бірігу туралы шартты бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қаруына ұсынады. Қоғамның бірігуі туралы шатта бірігуге қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, мекен-жайы, олардың бухгалтерлік баланстарының деректері туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ бірігу тәртіптері мен талаптарын, атап айтқанда қоғамның бірігуге тартылған акцияларын құрылатын қоғамның акцияларына айырбастау тәртібін көздеуі тиіс. Өкілетті орган олар бірігуге қатысқан жағдайда халықтық акциоенрлік қоғамның акционерлерніне ұсынуға қажетті ақпарат тізбесін анықтауы мүмкін. Бірігуге қатысатын әрбір қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы бірігу нысаннында қайта ұйымдастыру, өткізу актісі мен бірігу туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz