ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі 6
1.2 Заңды жауапкершілік түрлері 7
2. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
2.1Заңды жауапкершіліктің қағидаларының түсінігі 14
2.2 Заңдылық қағидасы 16
2.3 Әділеттілік қағидасы 19
2.4 Ізгілік қағидасы 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекет міндеті болып табылады. Әрі қарай, Конституциясының 17 бабында Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды делінген, яғни жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалады. Конституцияның аталған нормалары қоғамның қай саласы болсын, қандай субъектілеріне болсын бірдей, тең жағдайда қолданылады.
Курстық жұмысымның тақырыбы заңды жауапкершілікке арналады. Заңды жауапкершіліктің қағидалары - құқық нормасымен, құқықтық қатынастармен, құқық қолданумен, құқықтық идеологиямен, құқық қорғаумен, құқық бұзушылықпен тікелей байланысты күрделі, кешенді феномен. Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы құқық бұзушылық санының айтарлықтай өсуімен, мемлекет, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының тарапынан, сондай-ақ құқықтық қатынастардың өзге де қатысушыларының тарапынан болатын азаматтар мен заңды тұлғалардың субьективтік құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықпен қақтығысып отыр.
Теориялық тұрғыда тақырыптың өзектілігі сол, бұл мәселе заң ғылымында осы күнге дейін даулы болып қалып отыр. Заңды жауапкершіліктің түсінігін, мазмұнын, санатын анықтауда біркелкі пікір жоқ, заңды жауапкершіліктің жеке қағидаларын анықтау мәселелеріндегі көзқарастарда да бірегейлілік жоқ. Сонымен қатар, осы мәселелердің теориялық тұрғыда дұрыс шешілуі жалпы алғанда құқық субъектілерінің қызметін алдын ала анықтайды, атап айтқанда, құқыққолданушылар мен заңшығарушылардың, ал бұл ақыр аяғында заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайына әсер етеді.
Жүргізілген зерттеулер осы уақытқа дейін заңды жауапкершіліктің теориясы да, заңды жауапкершілік қағидаларының тұжырымдамасы да қылмыстық құқықтың әсерінде қалып отырғандығын көрсетті. Заң және оны бұзғаны үшін жауапкершілік өзара тығыз байланысты және, осылайша қылмыстық құқық жалпы алғанда құқықтың өкілі рөлін иемденеді, жалпыны ауыстыратын бөлік болып табылады деп жазады.
Заңды жауапкершілік мәселелері мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және заңды жауапкершіліктің негізгі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірінші, қоғам және әрбір азамат құқықтары мен заңды қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төңірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтырады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып отандық заңнамалық жүйе алынды.
Курстық жұмыстың мақсаты заманауи кезеңдегі заңды жауапкершілік түрлерін, қағидаларының түрлерін, ерекшеліктерін ашу.
Бұл мақсат келесі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асады:
oo Заңды жауапкершіліктің түсінігін және түрлерін анықтау;
oo Заңды жауапкершілік қағидаларының жүйесін белгілеу;
oo Заңды жауапкершілік қағидаларының мазмұнын ашып көрсету;
oo Құқықтық жүйедегі заңды жауапкершілік қағидаларының өзара әрекеттесуін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен айқындалды. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі
Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік - бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларга заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте колдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
оны мемлекет құқықтық нормалар орнықтырады;
мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды. Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауга болады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрамды бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі - тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Тар мағынада - мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік - тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.
1.2 Заңды жауапкершілік түрлері
Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:
Қылмыстық - тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы; Қылмыстық жазалау шаралары кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбірлеудің ең қатаң нысандары - бас
бостандығынан айыру, өлім жазасы т.б.
Тәртіптік - еңбек, оқу, қызыметті, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкешілік шаралары - сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару т.б.
Материалдық - қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік жұмыстарын орындау барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.
Әкімшілік - әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру т.б. сияқты шаралардан көрініс табады;
Азаматтық - мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды.
Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен кұқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Заңды жауапкершілік - тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық - іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайыңдаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы.
Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Сонымен заңды жауапкершіліктің функциялары:
1. Жазалау - құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.
2. Бұзылған құқықты қалпына келтіру - азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құқықты қалпына келтіреді.
3. Тәрбиелік азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.
Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.
1) Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:
- ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
- бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;
- темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.
2) Қылмыстық және әкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.
3) Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты - тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.
Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын ез еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі - азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.
Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты - құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Заңды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық - тек соттық тәртіпте іске асады.
Сонымен, құқық бұзушылықты - құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде заңды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән-жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.
1. Қажетті қорғану. Әркімнің жеке өміріне өзінің және от басының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар намысын қорғауына құқығы бар (ҚР Конституциясы 10-б). Қажетті қорғану деп заң қорғайтын мүддені қылмыскердің қол сұғуына оған зиян келтіру арқылы қорғануды айтамыз. Қажетті қорғану қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет. Осындай әрекеттің нәтижесінде қылмыскердің денесіне жарақат түсуі мүмкін. Ол тіпті өлуі де мүмкін. Адам қылмыскердің зорлығынан қашып құтылуы мүмкін. Алайда, қылмыстың объектісі болған адам, қылмыскерден қашпай, оған бар күшімен қарсылық көрсетсе, бұл қажетті қорғану болып табылады. Ол заңды болуы үшін заң қорғайтын мүддеге төнген қауіпті әрекетке тойтарыс беруге бағытталуы керек. Қажетті қорғану арқылы азамат өзінің жеке басын, өмірін, денсаулығын, мүлкін, саяси әлеуметтік басқа да құқықтарын қорғай алады. Қажеттік қорғану арқылы қылмыстық жауапқа тарту жасына толмаған баланың да әрекетінен қорғануға жол беріледі.
Заңды қызмет міндеттерін атқарып жүрген лауазым иесі өз өміріне қауіп төнсе ғана қорғануды қолданады, басқа жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Егерде лауазым иесінің әрекеті заңсыз болып көрінсе, (қамап қою, ұстап түру, т.с.с.) азамат оған қарсыласпай, заңсыз деген әрекетке шағым бере алады. Лауазым иесінің заң қорғайтын мүддеге көрінеу қылмыстық қол сұғуына ғана қарсыласуға болады, мәселен, милиция қызметкері мас күйінде бұзақылық жасап, біреудің өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда қажетті қорғану мүмкіндігі пайда болады (милиционер қажетсіз жағдайда құралын пайдаланса, кісілерді қорқытса т.с.с.). Қажетті қорғану болуы үшін қылмыс басталуы (тонай бастау, ұра бастау) немесе қылмыс қаупі тікелей төну керек. Егер қылмыс жасалып болса, қылмыс қаупі өтіп кетсе, қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Қорғану қылмыстың түріне және қауіптілігіне сәйкес келсе ғана заңды деп танылады. Қорғану тәсілінің қылмыстық әрекетке сәйкестігі туралы мәселені сот қарап, шешеді. Жәбірленуші қорғану әрекетін қолданғанда оның шегінен шығып кетуі мүмкін. Әрине, қажетті қорғанудың шегі өте жұқа әрі уақыты байқала бермейді. Әсіресе, қылмыс қаупі төнгенде оны ойлап, білу қиын. Өйткені шабуылға тап болған адам сасқалақтайды, үрейленеді. Осының салдарынан ол қылмыскердің әрекетіне сәйкес емес тәсілдер қолданып, оның қылмысына лайықсыз зиян келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда қажетті қорғаныстың шегінен шығуға жол беріледі (абыройына қол сұққан қылмыскерді әйелдің өлтіруі, тонаушыға қарсы қару қолдану т.с.с.). Болған жағдайлардың барлығын жан-жақты тергеп мәселені шешетін сот.
2. Мәжбүрлі қажеттілік күйінде жасалған әрекет заңды және қоғамға қауіпті емес деп табылады. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында заң қорғайтын екі мүдде бірімен-бірі айқасады. Осы айқасудың нәтижесінде тек біреуінің сақталуы мүмкін болғандықтан, екіншісі құрбан болады. Заң қорғайтын мүддеге қауіп адамның әрекетінен, сәтсіз жағдайдан (көшеде тайып құлап, аяқ қолын мертіктіру), табиғи апаттан (жер сілкіну, су тасу, өрт, т.с.с.) болуы мүмкін. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайында қауіп нағыз анық болуы керек. Мәселен, сүзеген сиыр адамға тура ұмтылғанда, оны атып өлтірді делік. Бұл адамды жануарды өлтіріп, зиян келтіргені үшін мүліктік жауапқа тартуға болмайды. Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян заңды деп танылады:
- Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.
- Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кету т.с.с.).
Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершілікті тағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

2.1Заңды жауапкершіліктің қағидаларының түсінігі
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) зандылық - жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқық әрекет қабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік - жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;
3) негізділік - істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;
4) ізгілік (гуманизм) - адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;
5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы - жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;
6) мақсаттылық - құқықбұзушыға қатысты таңдалган жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.
Заңды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды болып табылады.
Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:
- теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;
- адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
- жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;
- бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;
- жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
- жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.
Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:
- Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
- Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
- Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.
Жауаптылық қағидасы:
- Бірде-бір құқық бұзушылык, мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
- Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
- Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;
Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.
2.2 Заңдылық қағидасы
Зандылық мемлекеттік билік жүргізудін негізгі қағидасы ретінде өзіне тән мәнге ие. Сол мән арқылы зандылық бассыздық пен күш қолдануға тосқауыл кояды, адамдардың санасын заңға бағыну, талаптарын орындау идеясын жариялайды. Заңдылықтың өзіне тән мәні және ерекшеліктері бар. Біріншіден, зандылық барлық мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдык ұстанымдардың азаматтардың іс-әрекеттерінің тек ғана заңга сәйкес болуы қажет екенін жаппай талап етеді. Сәйкес мінез-құлық қалыптасса зандылық іс жүзіне асады, олай болмаған жағдайда зандылық бұрмаланады. Екіншіден, зандылық іс жүзіне асу үшін ғылыми негізде, қоғамның даму заңдылығын көрегендікпен болжаған тиімді заңдар қабылданып, оларды бұлжытпай орындау тетіктері жасалуы тиіс. Бұл мәселені іс жүзіне асыру үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:
а) Парламент шығарған заңдардың орындалуын, іс жүзіне асуларын бақылайтын өкілетті органның функциясын қалыптастыру қажет.
ә) Атқарушы органдардың занға сәйкес қабылданатын нормативтік кұкықтық кесімдердің көлемін шектеу қажет. Көп жағдайда заң орындалмайды, ал заңға сәйкес деп қабылданған кесімдер атқарушы органдарға ең қастерлі болып саналады. Себебі заң нормаларының қажетті талаптары ведомстволық нормативтік кесімдермен (ереже, бұйрық) басқаша бұрмаланып, басқа мазмұнмен орындалуға ұсынылады.
б) Зандылықтың дағдарысқа ұшырауының себебі заңды бұрмалаған, орындамаған лауазымды тұлғалардың қатаң түрде жауапқа тартылмауы. Атақ, дәреже, қызметіне қарамастан, кім болмасын зан алдында тең екендігі Конституция жариялаған тілек ретінде емес, аксиома ретінде құқықтық қатынастардың барлық субъектілерімен бірауыздан мойындалуы тиіс. Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын Ұлыбританияда 16 адам ауыр қылмыс істегендері үшін жауапқа тартылмай, сот залынан босатылды. Себебі, айыптаушының сот процесіне келмеуі. Судьяның занды бұзуға құқы жоқ. Айыптаушы келмесе сотталушының кінәлары жоқ, занды бұзған айыптаушы. Судья заңды бұлжытпай орындады.
в) Заңдылықтың бұрмалануына Парламент шығарған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz