Білімді бағалаудың критерийі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру.

Орындаған:

Жетекшісі:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

І. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША МЕКТЕП

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Оқыту мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен түбегейлі өзгерістері . . . 6-10

1. 2. Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері . . . 11-14

1. 3. Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңыздылығы . . . 14-17

1. 4. Формативті бағалау әдістері . . . 18-20

1. 5. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау . . . 20-25

ІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

2. 1. Білімді тексеру және бақылау түрлері, әдістері мен формалары . . . 26-42

2. 2. Білімді бағалаудың критерийі . . . 42-44

2. 3 Компьютер арқылы оқушы білімін бақылауды ұйымдастыру

жолдары . . . 45-52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55-56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55-56

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Егеменді елімізде болып жатқан түбірлі жаңарулар, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдісттемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелерді алға тартты. «Қазақ мектептері қандай болу керек? » деген өзекті сұрақ та өз жауабын тосуда. Мектеп оқушыны бұрыңғыдай өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бас тартуы, бала қабілеті, сұранымына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі керек.

Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда.

Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептің әдістемелік жұмысының алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек.

Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т. б. ) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы мүмкін.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен, оны қолдану, өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе, тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Бұл білімнің болғанымен, қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту -уақыт күтпейтін талап.

Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі танда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу - біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатын құрайды. Тәжірибелік әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критеррийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен байланысты талап ету мәселесі - педагогикалық психологияның негізін құраушы принцип болып табылады (Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина) .

Қазақстандық психологтар С. М. Жақыпов, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. Б. Жарықбаев, Х. Т. Шерьяздановалар еңбектері де осы оқыту процесінде басшылыққа алатын пікірлерді алға тартады.

Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Зерттеу жұмысының міндеті:

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

Оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылардың алған білімді жүйелеу;

Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімнің уақытын үнемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.

Оқушыларының білімін жетілдіруде бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Білім нәтижесін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру.

Зерттеу тақырыптың ғылымилығы: Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың, жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.

І. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША МЕКТЕП

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Оқыту мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен

түбегейлі өзгерістері

Білім мазмұнын жаңартудың басым бағыттары, оның дәстүрлі жүйеден ерекшеліктері көрсетілген. Сол арқылы қоғамның назарын бұл өзгерістердің қажеттілігіне аударуға тырысады. Білім мазмұнын жаңарту тұлғаның жан - жақты дамуымен қатар оның өмірде табысты болуына жол ашатын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.

Кілтті сөздер: білім мазмұны, функционалды білім, тілдік және коммуникативтік құзыреттілік, шиыршық тәріздес оқыту қағидаты, өлшемді бағалау, қалыптастырушы, жиынтық бағалау.

Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын болды. Бұл өзгерістер уақыт талабынан келіп туындаған, жылдар бойы қалыптасқан жүйені қоғамның қарыштап даму талаптарына сәйкес бейімдейтін үдеріс болып табылады. Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен, оны қолдану, өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе, тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Мектеп оқушылары өз сөздерін дәйектеп, дәлелді пікірлер айтуда, жинақтап, қорытында жасауда, қиындықтарға тап болып жатады. Тілдік кемшіліктермен қатар, орфографиялық, пунктуациялық қателерді де жиі жібереді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығымен жылдар бойы жұмыс істегенімен, өкінішке орай сол қателер дағдыға айналып қалып қояды, түбегейлі жойылмайды. Бұл білімнің болғанымен, қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту -уақыт күтпейтін талап.

Бүгінгі мектеп кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құруды мақсат етеді. Оқытуда дәстүрлі педагогикадағыдай көп ақпарат беріп, көп білгізу емес, оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту алдыңғы қатарға шығады.

Жаңа бағдарламаның мақсаты коммуникативтік тәсілдер арқылы оқушының ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, білімін жан-жақты табысты үйретуді көздейді.

Білім мазмұнының жаңаруы бекітілген негізгі 3 құжат арқылы жүзеге асады.

Пән бойынша оқу бағдарламасы

Оқу жоспары

Өлшемді бағалау бойынша нұсқаулық.

Пән бойынша оқу бағдарламасы білім беру бағдарламасына тікелей бар құжат болып табылады. Онда пәнінің құрылымдық сипаттамасы, білім беру бағдарламасы үшін маңызы және оны сыныпта іске асырудың педагогикалық тәсілдері ұсынылған.

Пән бойынша оқу бағдарламасы 8 тараудан тұрады:

Пәннің маңыздылығы.

Бағдарламаның мақсаты.

Пәнді оқытуға қойылатын талаптар

Қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.

АКТ қолдану құзыреттілігі

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Оқу нәтижелерін бағалау.

Пән бойынша оқу бағдарламасында ерекше назар аударатын компонент - оқу мақсаттары.

Оқу мақсаты -соңғы нәтижені көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін негіз. Оқу мақсаттарының ерекшелігі - олардың сараланып берілетіні. Жалпы мақсаттар мен тілдік мақсаттардың жеке-жеке көрсетілуі.

Оқу жоспары -белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән аясында қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқыту және оқуға болатыны ұсынылады. Оқу жоспарының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді түрлері бар.

Оқушыларды төрт дағдының барлығын белсенді түрде пайдалануға ынталандырады. Ол тиімді оқу арқылы жүзеге асырылады.

Тиімді оқу белсенді, бірлесіп оқу, оқудағы саралау, пәнаралық байланыстар, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрекет ету, электронды оқыту және жаңа технологияларды пайдалану, оқу диалогтарын құру, модельдеуі қарастырады. Жаңарған білім беру мазмұнының бүгінгі білім беру мазмұнынан басты айырмашылықтары ретінде бірнеше аспектілерді жеке бөліп атауға болады. Басты ерекшелігі ең алдымен, пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Бұл дегеніміз -оқушының белгілі бір дағдыны жүйелі түрде жеңілден күрделіге өту қағидатына сәйкес игеруі. Мәселен, грамматикалық нормаларды сақтау бойынша оқу мақсаттарын игеруде оқушы мұғалімнің көмегімен түбір және көмекші сөздерді ажырататын болса, келесі сыныпта негізгі түбірге жұрнақты жалғау арқылы туынды сөз жасап, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады, күрделі сөздердің ажырата алатын болады.

Спиральді (шиыршық) тәріздес оқу қағидаты дегеніміз -

Біріншіден , оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; екіншіден, әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптық немесе күрделілігі арта түседі; үшіншіден жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты және алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.

Шиыршық тәріздес оқыту қағидатының негізгі басымдығы.

Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;

Шиыршық тәріздес оқыту қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы жеңіл идеялар анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

Оқушыларға бұрын алған білімдерін курстың мақсатына жету үшін қолдану ұсынылады.

Екінші ерекшелігі - оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша берілуі. Яғни, оқушылар алдымен ойлаудың білу, түсіну, қолдану, кейін талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерін игеретін болады.

Үшінші ерекшелігі - оқу үдерісінің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуында . Дәстүрлі педагогика тілімен айтатын болсақ, бағдарлама, күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарлары арқылы сабақтың ұйымдастырылуы.

Бүгін әлем рухани -адамгершілік тәрбие мәселелеріне баса назар аударып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын, адамның ішкі рухани құндылықтары да одан кенжелеп қалмауы керек. Осы бағытта оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік - рухани қасиеттерін қалыптастыру - жаңа білім мазмұнының басты саласы болады.

Бүгінгі білім жүйесінің артықшылықтары бар болғанымен, бірақ кейбір қайталаулар тым көп ақпарат пен талап, білім мазмұндағы алшақтық - көкейтесті мәселелердің бірі. Жаңа білім мазмұны осы алшақтықты ескере отырып, білім беру деңгелері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкін беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қоюға жұмылдыруды көздейді. Оқушы белсенді әрекетке түсе отырып, өзіндік тәжірибе, өмірлік тәжірибе жинақтайтын болады, бұл оқытудағы жүйелі - әрекеттік ұстанымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, оның негізін рухани -адамгершілік тәрбиеге бағыттау, баламен тең қарым- қатынас орнатып, оның көзқарастарын құрметтеу, оны өзіндік тұжырым жасауына мүмкін бере отырып, әлеуметтік дағдыларды еркін игеруін сол арқылы табысты да бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тағы бір өзгерістер бағалау жүйесіне қатысты. Дәстүрлі бағалау жүйесіндегі олқылықтарды ескере отырып бағалаудың жаңа жұйесі жасалынды. Дәстүрлі педагогикада қолданылатын салыстырмалы бағалау, мұғалім бағалауы толығымен жаңару үдерісін бастан өткереді. Ең бастысы, бағалаудың айқындылығы, әділдігі мен тепе-теңдігі, ашықтығы, ынталандырушы, түзетуші қағидаттарға негізделуі, түпкі мақсаты бағалаудың оқушының өзін -өзі дамытуына ықпал етуі болып табылады.

Негізгі өзгеріс - бағалаудың 2 түрінің болуына қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау дегеніміз оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Ол келесі қағидаттарға негізделген:

Оқытудың бір бөлігі ( «оқыту үшін бағалау») ;

Барлық оқу мақсаттары қамтылады ( оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтылап белгіленген ) ;

Бағалау белгіленбейді;

Оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асады;

Әр оқушының ілгерілеу туралы кері байланыс беріледі;

ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау әр сабақ сайын жүргізіліп отырса, бағалаудың екінші түрі- жиынтық бағалау бөлімі, тоқсан және жыл бойынша жүргізіліп отырады. Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) , сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер, ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау педагогикалық жүйеде өлшемді бағалау деп аталады.

Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың, жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.

Баға - бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.

Бағалау - оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.

1. 2. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау

Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.

Тексеру - бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру - қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.

Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға - оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы - қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.

Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:

Ауызша қадағалау . Жеке және фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады. Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.

Жазбаша қадағалау . Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т. б. арқылы жүзеге асырылады.

Лабораториялық бақылау . Лабораториялық жабдықтарды, тәжірибені талап ететін жазбаша және графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.

Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау . Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары әділдікпен ерекшеленеді.

Тестілік қадағалау . Мұның негізінде тестілер жатыр.

Өзін-өзі қадағалау . Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тәсілі - оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту білімді жалпылау және жүйелеу.

Дербес жұмыс сыныптық болуы мүмкін /функциясы - тексерушілік/ және үйде орындалатын /бекітетін, жалпылайтын, қадағалаушылық-түзетушілік функциясы/.

Дербес жұмысты дұрыс және тез орындаудың шарттары: тапсырманы орындаудың алгоритмін жасау, тапсырманы қоюдың педагогикалық талапқа сай тәсілдері т. б.

Дербес жұмыстың бір түрі - оқушыларды жаңа материалмен оқулық бойынша таныстыру. Оқымастан бұрын мұғалім оқушыларға жұмыстың мақсатын, материалдың атын, жауап табуға тиісті тексерушілік сұрақтарды береді. Осылар бойынша оқушы белгісізді бөледі, бастыға назар аударады, іс-әрекеттің бірізділігін анықтайды, оларды қадағалайды.

2. Қадағалаудың ұстанымдары :

Объективтілігі: диагностикалық тестілердің, тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұнының ғылыми негізделгендігі, педагогтың бүкіл оқушыларға әділетті, педагогикалық талапқа сай қатынасы, бағалаудың дұрыс өлшемдерін пайдалануы.

Жүйелілігі - диагностикалық қадағалауды дидактикалық процестің бүкіл кезеңінде қолданып отыруы.

Көрнекілігі /жариялылығы/ - оқушыларды бірдей өлшемдермен ашық тексеруден өткізу, бағаларды жариялап, қойылу себептерін айтып отыру.

Білімді тексерудің кезеңдері:

1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

2. Ағымды тексеру. Оның функциясы - оқытушылық.

3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мәнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы - жүйелеу және жалпылау.

5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.

Мұғалім оқушылардың білімін объективті және шындыққа сай бағалауға саналы түрде ұмтылуға тиіс. Оқушылар баға қоюдың өлшемдерін, не үшін, қалай қойылып жатқанын білуге тиісті. Ол үшін мұғалім ата-аналармен, оқушылармен арнайы әңгімелер өткізеді.

3. Оқығандықтың тестісі - оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың жиынтығы.

Тестіні құруға қойылатын талаптар:

  • аз уақытқа есептеліну /тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек/;
  • бірмәнділігі /тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес/;
  • дұрыстығы /көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек/;
  • қысқалылығы /қысқаша жауап беруді талап ету/;
  • ақпараттығы /бағалауды қамтамасыз етуі/;
  • қолайлылығы /тез нәтижесін анықтауға болатындығы/;
  • стандарттығы /кеңінен қолдануға келетіндігі/.

Тестілердің классификациясы :

1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.

2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.

3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.

4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т. б. /

анықтаудың тестілері.

5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпы адамзаттық, адамгершілік,

әлеуметтік т. б. / тестілері.

Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.

Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.

Тестінің әрекеттілігінің шарттары:

  • меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;
  • статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0, 7-0, 9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0, 45-0, 55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.
  • тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.
  • Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.

Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалау мәселесі педагогикалық категория және оқу әрекетінің компененті ретінде
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы
Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
Оқушы білімін бақылау және бағалау
Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ
Окыту сапасын бағалау объектілері
Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz