Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелері қазіргі заман үшін маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі.
Елбасы нашақорлық және есірткі саудасымен күресті басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде былайша атап өткен: « . . . есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көтеріліп кеткенін соңғы жүзжылдық әрі сезінуге, әрі мойындауға мәжбүр етті: есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін «дәрі дәрмек» болудан асып, енді көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналды [1, 12 б. ] . Соңғы уақытта есірткіге қатысты Қазақстандағы ахуал ұдайы күрделене түсуде, әрі жуық арада ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы проблемалардың біріне айналатыны күмәнсіз.
Бүгіннің өзінде, есірткі бизнесі Қазақстанда әлеуметтік мәні зор проблемаға айналғанын, қоғамның азаматтық жай-жапсарына кері әсер етуде екенін, оның экономикалық даму және әлеуметтік прогреске де деструктивті ықпал етіп отырғанын атап өту қажет. Қалыптасқан жағдайдың күрделілігін және халықаралық есірткі индустриясынан туындап отырған Қазақстанға да қатысты қатердің деңгейін ескергенде, есірткіге қарсы күрес және оны бұғаулау әдістері біз үшін кезек күттірмейтін әрі өмірлік маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады».
Бұл жағдайлар есірткіге қарсы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саяси іс шаралардың әлі де әлсіздігін көрсетеді. Осы орайда, есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы күресті тиімді әрі ұтымды деңгейде жүргізу шарасы қалыптасқан күрделі жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеудің бірден бір амалы болып табылады.
Бірақ бұл жайт та бүгінгі күрделі ахуалдың толықтай шешімін табу үшін жеткіліксіз. Оның басты себептерінің бірі құқық қорғау қызметі субъектілерінің анықтамалық, аналитикалық және реттеушілік жұмысын ұйымдастыру ісінің қажетті деңгейде болмауында.
Есірткілердің контрабандасы мен оларды саудалау әлемдік бизнеске айналды. Есірткілермен сауданы ұйымдастырушы корпорацияның жылдық кірісі шамамен 400 миллиард АҚШ долларын құрайды. Соңғы жылдары елімізге көп мөлшерде есірткілер әкелінуде. Жағдайды есірткілік шикізат марихуананың базасы болып табылатын Шу даласының еліміздің аумағында болуы күрделендіреді.
Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қаулысында «Есірткінің заңсыз айналымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды ролі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді» деп көрсеткен Елбасы өзінің «Қазақстанды дамыту стратегиясы -2030» Қазақстан еліне жолдауында қоғамды демократияландырудың алдағы мәселелеріне аса көңіл аудару қажеттілігін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды атап көрсетті: сондай-ақ ол көрсетілген міндеттерге қол жеткізуде мемлекеттік органның маңызды рөліне бірнеше рет ерекше көңіл аударды.
Міндеттері:
- Есірткіге қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипатамасы;
- Трансұлттық есірткі қылмыстылығының теориялық негізі мен жалпы сипатамасы;
- Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі - Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктері мен маңыздылығын реттейтін құқықтық қатынастары болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы құқығы, Қазақстан Республикасы Жоғары сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» № 3 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2019 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» қаулысы болып табылады.
Ғылыми жаңалығы. Бұл жобада дау-дамайлы, шешімін таппаған қосымша зерттеу және тиімді ұсыныстар жасау мақсатында есірткі заттарының заңсыз айналымымен тікелей байланысты қылмыстарды қарастыру барысында Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттенуін ұйымдастырудың тактикалық ерекшеліктері қарастырылған.
Есірткі қылмыстылығына қарсы тұрудың құқықтық және ұйымдастырушылық шараларын кешенді және мақсатты түрде жобалау болып табылады.
Практикалық маңыздылығы онда есірткі құралдарының заңсыз айналымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы қорытылады, есірткімен заңсыз операциялар үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР ҚК нормаларына егжей-тегжейлі талдау беріледі, құқық қорғау органдары аталған қылмыстарды тергеу әдістерін қарастырады, сондай-ақ біздің республикамыздың бірқатар ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы жаңашылдықтар ұсынылады. Есірткі бизнесінің ұйымдасқан қылмыстың жоғары шоғырланған және жоғары орталықсыздандырылған бизнесінің контурына ие болатын Қазақстанда қылмыстық іс-әрекеттің неғұрлым табысты түріне айналуына ықпал ететін факторларды кешенді және жүйелі түрде зерделеу осы проблеманы шешуге көмектеседі. Бұл есірткіге қарсы күрес бірінші кезекте құбылыстың өзі туралы терең білімді, содан кейін заңнамада адекватты көрініс және ақырында, оны оқшаулау бойынша ойластырылған шаралар жүйесін болжауға байланысты.Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ. НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Есірткіге қарсы күрестегі халықаралық заңнама
Есірткімен бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың, сондай-ақ есірткіге байланысты қылмыстардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнез немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады. Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс Азия, Ауғанстан елдерінен Ресейге, одан әрі Батыс Еуропаға асырылатын есірткілер еліміздің кең даласын өтіп шығуда. Оның өзі біздің аймағымызға есірткінің контрабандалық транзиттік жолмен өтетіндігіне байланысты «Жібек Жолы» деген атауды іліп отыр. Бірақ бұл арнайы қызметкерлердің іс қимылдары ойдағыдай еместігін білдірмейді, өйткені бір ғана Ұлттық Қауіпсіздік органдарының есірткі бизнесімен күрес саласындағы жетістіктерін айтсақ таңғаларлықтай.
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қол жеткізген нәтижелері, көбінесе халықаралық есірткі бизнесімен күрес саласындағы шет мемлекеттердің арнайы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуінің арқасында. Мәселен, Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің және Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі құралдарының контрабандалық тасымалымен айналысатын трансұлттық есірткі қоғамдастығының қылмыстық қызметін анықтау және жолын кесу мақсатында «Стрела» деген шартты атаумен көп бағыттағы операция өткізілді. Операция кезеңдерінің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан тарапынан Өзбекстан-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша халықаралық бақылаудағы героиннің 70 кг-нан астам ірі партиясын жеткізу қамтамасыз етілді. Осындай, есірткі бизнесіне қарсы Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізген күрес шараларының қатарына, Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырған Сафари операциясын жатқызуға болады, бұл операцияның нәтижесінде Нигериялық азаматтардан тұратын есірткілік топ ұсталып, тиісті жазасын алған болатын. Есірткі тасымалдаушылардың негізгі каналы ТМД елдерінің шекарасынан өтетіндігіне байланысты Қазақстан, Тәжікстан және Ресей ішкі істер министрліктері жыл сайын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды контрабандалық жеткізудің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастырып отырады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын «МАК» жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі [2, 23 б. ] .
Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін «Барьер», «Көбік», «Трасса», «Допинг», «Арна», «Тосқауыл» және «Игла» профилактикалық сипаттағы республикалық операцияларымен қатар, Ішкі Істер Министрлігі және Кеден Бақылау Комитеті бірлесе отырып Қазақстан аумағында «Канал» атты халықаралық операциясын өткізуді ұйымдастыратын еді. Бұл операция Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін, ал осы жылдан бастап есірткіге қарсы «Канал» профилактикалық операциясы тұрақты жұмыс істейтін жобаға айналды [3, 21 б. ] .
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту мәселесін де қозғап кету керек. Қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әр дайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейді. Есірткі қылмыстарының экономикалық базасын кесу, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін жасау мақсатында пайдаланатын қаражат құралдарын және өзге де материалдық құндылықтарын алу арқылы жүзеге асыру қажет. Мұндай алулар заңда белгіленген тәртіппен есірткімен заңсыз әрекет жасаған, кінәлі деп танылған тұлғаның мүлкін тәркілеу ұғымымен ұштады. ТМД елдерінің есірткіге қарсы заңнамалары, осы бағыттағы заңсыз әрекеттеріне жаза түрінде мүлікті тәркілеу, кең қолданатындығымен ерекшеленеді. Ал біздің республикамыздың Қылмыстық кодексінің халық денсаулығына және адамгершілікке қылмыстар тарауында көзделген кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық кодекстің 261 б., 262 б. 2т., 263 б., 264 б, жазаның тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана емес, жалпы тәркілеудің қосымша жаза ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын.
«Қазақстанда 25 жылдан астам уақыттан бері есірткіге қарсы үкіметтік бағдарламалар іске асырылуда. Қазір нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламасы орындалу үстінде. Бұл құжатқа 15 мемлекеттік орган, ҮЕҰ және қоғамдық институттар қатысады. Қазақстан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша жалпы дүниежүзілік жүйеге қосылды, ұлттық заңнама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Қазақстан барлық есірткіге қарсы жобаларға қатысады, халықаралық операцияларды ұйымдастыру үшін құқықтық құралдары құрылды. Сондай-ақ, Орталық Азия елдеріне есірткінің тасымалдануын жедел анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы форматында «Канал» есірткіге қарсы операция жүргізіледі. Бұл шараға ұйымға мүше мемлекеттердің барлық құзырлы органдары қатысады. Өткен жылы операцияның кезекті кезеңі «Канал-Долина» Қазақстанда өтіп, оған Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты. Қадағалаушылар ретінде Ауғанстан, Иран елдері және халықаралық ұйымдар - Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ), Интерпол, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жасасу бойынша Еуразия тобы, ТМД-ның шекара қызметтері комитеттері қатысты», - дейді ол. Теңіз жолымен есірткі заттарын тасымалдау өршіп тұрғандықтан да еліміздің Каспий жағалауында қарулы ведомстволар, арнайы бөліністер және күш құрылымдарының қатысуымен кең көлемді «Рубеж», «Канал» операциялары ұдайы өткізіледі. Теңіз жолымен Армения, Грузия, Әзербайжан арқылы Ресей және Еуропа елдеріне есірткі заттарын тасымалдау фактілері жиілеп кеткен [4, 12 б. ] . «Мәселен, жыл басынан бері елімізде 300-400 келі героин тәркіленетін болса, ал өзге мемлекеттерде осы уақыттың ішінде 2-3 тонна героин тәркіленеді екен. Елімізде есірткі тасымалдаудың қылмыстық сызбалары мен бағыттарын ашуға мүмкіндік беретін Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей әріптестерімен бірлескен жедел әзірлемелер жүйелі түрде өткізіледі. Міне, осындай оңтайлы шаралар оң нәтижесін беріп отыр. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біздің мемлекет нашақорлықпен қарқынды күрес жүргізіп, бірлескен шараларды қолға алған. Мысалы, көктем айында қырғызстандық әріптестермен бірлесіп Жамбыл облысының Шу ауданында бірлескен операция өткізілді, нәтижесінде 15 келі героинмен есірткі сатушы ұсталды», - дейді департамент бастығы. Сала басшысы атап өткендей, ІІМ Ауғанстаннан апиындардың тасымалдану арналарын жабуды ерекше бақылауда ұстауда. Өйткені, басты қауіп елімізге Ауғаныстан мемлекетінен төніп тұр. Ол жақтан елімізде көптеп кіргізілетін апиындардың тигізер салдары ауыр деседі. Сұлтан Құсетовтің айтуынша, Қырғызстан мемлекеті де қауіп төндіріп отыр. «Бұл мемлекетпен де тығыз әрекеттестік орнатқанбыз. Ең әуелі екі жақты шекарадағы тәртіпті нығайттық. Осы мақсатта Жамбыл облысының аумағында шекара қызметкерлері бірнеше мың шақырым аумаққа тікенек сым тартып қойды. Бұдан бөлек, айта кету керек теміржол, авто жол, әуе бағыттары есірткілік заттарға тексеретін инспекциялық тексеру құрылғыларымен қамтылған. Бұл құрылғылар есірткілік заттарға толығымен тексеру мүмкіндігін береді. Әрине, жүз пайыз есірткі заттарының заңсыз тасымалдануына тосқауыл бола алмаймыз. Десек те, бүгінгі күні бақылау екі есе күшейтіліп, есірткі заттарының жолын кесу күшейтілген түрде жүргізілуде», - деген ол мұндай бірлескен операциялардың берері мол дегенді алға тартты. Елімізде марихуана және гашиш есірткілері шикізат базасының болуы есірткі ахуалын қиындатып отырған бірден-бір фактор. Жабайы өсетін қара сора өсімінің алаңы Шу алқабында 140 мың гектарды құрайды. Жыл сайын мамыр және қазан айларында алқап аумағында полицейлер кең көлемді «Көкнәр» операциясын өткізіп келеді. Ағымдағы жылғы мамырда Шу қаласында «Дельта-Долина» арнайы бөлінісі базасында бөліністің жеке құрамы үшін және қосымша «Көкнәр» операцияларына қатысушылар үшін 40 орындық жатақхана пайдалауға берілген. Осы жылы «Делта-Долина» арнайы бөлінісі полициялық 4 жылжымалы автономды бекеттермен, 12 жылдамдықты автокөлікпен жабдықталған. Сондай-ақ, 2014 жылы Қылмыстық кодекске, «Есірткі туралы» Заңына синтетикалық есірткілердің аналогтарының айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Ал синтетикалық есірткілерді сатып алудың бірден бір көзі - Интернет, төлем түрі «электронды әмияндар», көбіне пошта арқылы тасымалданады. Осылай деген сала басшысы ІІМ Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп есірткі таралатын интернет-ресурстарды пайдалануды шектеу және жабу заң жобасы қаралып жатқанын айтты [5, 23 б. ] . Департамент бастығының мәліметінше, синтетикалық есірткілік заттар біздің мемлекетімізге көбіне Қытай және Ресей сияқты алпауыт мемлекеттерден кіргізіледі. Сондай-ақ, ол өз сөзінде жекелеген азаматтарды есірткіге тестілеу бойынша 2018 жылы тиісті заң жобасын қабылдау жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл заң жобасына қатысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген Сұлтан Тұрлынұлы: «ІІМ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп нашақорлықпен «Жедел жәрдем» арқылы бекеттерге келіп түскен адамдардың бірыңғай республикалық тізбесін жасау көзделуде. Заң азаматтардың конституциялдық құқықтарын шектемеуі тиіс, сондықтан да зерттеп, зерделеп болған соң бір-ақ қабылданады», - дейді әділет генерал-майоры. Сондай-ақ, ол өз сөзінде соңғы 5 жылда нашақорлықтың төмендеу тенденциясы байқалады.
Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың - орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.
Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік Батыс Азия, Ауғанстан елдерінен Ресейге, одан әрі Батыс Еуропаға асырылатын есірткілер еліміздің кең даласын өтіп шығуда. Оның өзі біздің аймағымызға есірткінің контрабандалық транзиттік жолмен өтетіндігіне байланысты «Жібек Жолы» деген атауды іліп отыр. Бірақ бұл арнайы қызметкерлердің іс қимылдары ойдағыдай еместігін білдірмейді, өйткені бір ғана Ұлттық Қауіпсіздік органдарының есірткі бизнесімен күрес саласындағы жетістіктерін айтсақ таңғаларлықтай [6, 23 б. ] .
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге және дайындауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметтерін анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын «МАК» жедел-профилактикалық операциялар жүргізіледі. Мысалы, жылдың 25 мамырынан бастап 15 қыркүйегіне дейін «МАК-2009» Жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында 363 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық анықталды. Есірткі заттарын өткізетін 19 нүкте жойылып, есірткі заттарының заңсыз айналысы саласындағы жасаған қылмыс бойынша 79 адам ұсталды.
Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін «Барьер», «Көбік», «Трасса», «Допинг», «Арна», «Тосқауыл» және «Игла» профилактикалық сипаттағы республикалық операцияларымен қатар, Ішкі Істер Министрлігі және Кеден Бақылау Комитеті бірлесе отырып Қазақстан аумағында «Канал» атты халықаралық операциясын өткізуді ұйымдастыратын еді. Бұл операция Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусия, Қырғызстан және Тәжікстан құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін, ал осы жылдан бастап есірткіге қарсы «Канал» профилактикалық операциясы тұрақты жұмыс істейтін жобаға айналды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы М. О. Нүкеновтің пікірі бойынша: «Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуал соңғы он жылда өте шиеленісті. Халықтың есірткіге тәуелділік деңгейі айтарлықтай өсті, есірткіні медицинадан тыс пайдалану күнделікті тарады. Нашақорлық ахуал дегеніміз белгілі бір аумақтағы есірткінің заңсыз айналымының және есірткі бизнесінің жағдайы, құрылымы, деңгейі мен серпіні. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметіне сүйенсек Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау органдарының ресми есебінде есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттарды 54 411 адам тұтынушы тұр, оның ішінде кәмелетке толмағандар - 4652 және әйелдер - 4890» [7, 14 б. ] . 2007 жылдың үш тоқсанында Алматы қаласында 1136 нашақорлық қылмыс анықталды, оның ішінде 842 фактісі есірткіні өткізуге байланысты. 1153 адам ұсталды. Оның ішінде 1134-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 10-ы шетел азаматтары. Заңсыз айналымнан 281 кг 264 г. түрлі есірткі тәркіленді [8, 12 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz