Балықтардың қоректенуі


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Ара, құс балық шаруашылығы» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Табиғи іріктелу
Орындаған:Ахатхужаев Б
Тобы: РХ-304
Тексерген: Токсабаева Б
Алматы 2021
Мазмұны:
I. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2. 1 Балықтардың мекен ортасы жəне құрылысы
2. 2 Балықтардың түрлі азықтармен қоректенуі
2. 3 Балықтардың негізгі іріктелуі мен биологиялық ерекшеліктері жəне шаруашылықтық сапасы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Табиғи іріктелу популяцияда белгінің қай көрсеткіштің сақталуына байланысты мынадай 3 типке:
- қозғаушы(бағыттаушы),
- тұрақтандырушы (ортаға тартушы)
- бөліп көрсететін (дизруптивті немесе сыртқа тебуші) типтерге бөлінеді.
Мәселен паразит жануарлардың көптеген түрлерінде іріктелу дене мөлшерінің кішіреюіне қарай жүрді. Едәуір ұсақ паразиттер жақсы тіршілік етті, демек, сансыз ұрпақ қалдырды. Тұяқтыларды іріктелу жүгіру жылдамдығына қарай жүрді.
Неғұрлым жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым жыртқыштармен күресте тірі қалу мүмкіндігі көбірек болды. Оларда бұл мақсатта саусақ санының азаюы қызмет атқарады. Жұптияқтыларды (құлан, тарпан, түзат) бір саусақтанқалды. жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі.
Регенерациятерминін 1712 ж. француз табиғат зерттеушісі Р. А. Реомюр (1683 - 1757) ұсынды. Регенерация физиол. және реперативтік деп бөлінеді. Жойылған не зақымданған өсімдік бөлігінің жаңадан түзілуі, сондай-ақ организм бөлігінен тұтас ағзаның қалпына келуі. Өсімдік Регенерациясы олардың жүйеленімдік топтарына қарай әр түрлі, ол өсімдік құрылысына, оның даму фазасына, тіршілік ететін ортасына байланысты. Өсімдік Регенерациясын өсімдікті вегетативтік жолмен (сабағы, тамыры, жапырағынан) көбейтуге пайдаланады. Бұдан дауылдын соң тірі қалған құстар мысал бола алады (ХІХ ғасырда Англиядағы және ХХ ғасырдағы Нью-Йорктегі зерттеулер) . Дауыл мен қар жауып тұрған уақытта ең ірі және ең кішкене қанатты құстардың өліп, орташаларының тірі қалатыны байқалады. Өсімдіктерде тұрақтандырушы іріктелу гүлдеу мерзімінде жиі болады. Әсіресе, біздің өрік, алма ағашы, жүзім, т. б. Тәрізді бақ өсімдіктерінен байқалады. Ең ерте гүлдеген ағаштан мен бұталар көктемгі үсікке тап болмауға, ең жай гүлдегендері тозаңданып, тұқымның пісіп жетілуіне улгеруге тырысады. Республика суларынан жалпы балық аулау 1965 ж. 111, 9 мың тоннаны құраған. 1990-2004 жылдар аралығында балық аулау көлемі бірден 80, 9 мың тоннадан 36, 6 мың тоннаға дейін төмендеген.
Негізгі бөлім
2. 1 Балықтардың мекен ортасы жəне құрылысы .
Балықтардың мекен ортасы жəне құрылысы. Жер шарының 70, 5% аса көлемі су айнасы үлесіне тиеді. Əр түрлі су көздері (мұхит, теңіз, көл, өзен т. б. ) физикалық-химиялық жағдайлары бойынша бір-бірінен ерекшелінеді. Су қысымы, температурасы, тұздылығы, газдық режимі сияқты факторлардың балық тіршілігінде алатын орны ерекше жəне олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Омыртқалы жануарлар ішінде түрі жағынан аса басым болып келетін топ - балықтар 22 мыңнан аса түрді қамтиды. Құрылысы мен тіршілік ету тəсілі алуан түрлілігімен қатар, олардың суда мекен етуін білдіретін барлығына ортақ белгісі бар. Балықтарға тəн жалпы жəне біршама айқын сипат - судағы еріген оттегімен тыныс алатын мүшесі болып табылатын желбезектің болуы, қанаттары - қозғалыс мүшесі жəне балықтардың қозғалысы кезінде судағы үйкелісті азайтатын шырыш бөлетін əр түрлі безді терісі. Мекен ортасының алуан түрлілігіне қарай балықтардың бейімделушілігі дене құрылысы немесе жекелеген органдары жүйесінің қызметінен көрінеді. Балықтардың сыртқы пішіні тіршілік жағдайымен тығыз байланысты. Балықтардың дене пішіні суда өте аз энергия жұмсап қозғалуына ыңғайлы жəне өзінің қажеттілігіне сай жылдамдықты қамтамасыз ете алуы керек. Тіршілік ортасына байланысты балықтардың дене пішіні əр түрлі болып келеді. Балықтардың алуан түрлі болып келетін дене пішіндерін (1. 1- сурет) бірнеше негізгі типке ажыратады: 1. Ұршықтəрізділер. Басы үшкір, денесі сүйір. Бұлар жақсы жүзгіштер, ұзақ жəне тез жүзеді. Су қабатында тіршілік етеді: кейбір акулалар, треска, албырттар, скумбрия, кефаль т. б. 2. Жебетəрізділер Басы екі бүйірінен қысыңқы, денесі ұзынша, қанаттары артқа қарай орналасқан. Бұндай дене пішінді балықтар ұзақ жүзбейді, көбінесе жемін аңдып отырып атылып ұстайды. Өкілдері: сарган, өзен жайыны, панцирлі жайын. 3. Таспатəрізділер. Денесі бүйірінен қысыңқы, таспатəрізді. 10 Тыныш суларды мекендейді, денесін ие баяу қозғалады. Өкілдері: майшабақ королі, қылыш балықтар. 4. Жыланбалықтəрізділер. Денесі өте ұзынша, жұмыр. Өкілдері: жылан балық, миногалар, миксиналар. 5. Жалпақ балықтар. Екі жағдай да кездесуі мүмкін. Камбалаларда денесі бүйірінен қысыңқы, биік, көзі симметриялы емес көбінесе бір жағында орналасқан. Скаттарда денесі арқасынан құрсағына қарай қысыңқы, онша биік емес. Бұлардың барлығы баяу қозғалатын су түбілік балықтар. 6. Шартектес. Бұндай пішін кірпі балыққа, пинагорға тəн. Судың таязында тіршілік ететін кірпі-балық қауіп туған кезде өзінің ерекше қабына су толтырып шарға айналады. Пішіні бұндай балықтар өте ақырын жүзеді. Көптеген балықтарды аталған топтардың біріне жатқызуға келмейді, аралық пішінді болады.
1. 1-сурет. Балықтар пішінінің алуан түрлілігі: а-сарган; ə-скумбрия; б-тыран; в-ай балық; г-камбала; ғ-жылан балық; д-майшабақ каролі; е-кузовка; ж-скат.
Дененің негізгі бөлімдері - бас, дене, құйрық, қанаттары жəне түріне қарай көлемі, пішіні, ара қатынасы жағынан əркелкі болады. Бас пен кеуденің шекарасы шеміршекті балықтарда соңғы желбезек саңылауы, ал сүйекті балықтарда желбезек қақпағының сыртқы жиегі, кеуде мен құйрықтың шекарасы - аналь тесігі. Балықтардың басында ауызы, көздері, танау саңылаулары, желбезек саңылаулары орналасқан, кейбір дараларында - шашыратқышы болады (1. 2- сурет) .
1. 2-сурет. Балықтың дене құрылымы схемасы (алабұға) : 1-желбезек қақпақшасы; 2-арқа қанаты; 3-жұмсақ сəулелі арқа қанаты; 4- құйрық қанаты; 5-бүйір сызығы; 6-құйрық сабақшасы; 7-аналь қанаты; 8-аналь саңылауы; 9-құрсақ қанаты; 10-кеуде қанаты; 11-желбезек саңылауы; 12-танау тесігі (ноздри) .
Ауызының орналасқан жері мен оның құрылысы олардың қоректену сипатына байланысты. Балықтар ауызы: жоғарғы - төменгі жақ сүйектері ілгері, жоғары қарай созылған (дөңмаңдай, қылыш-балық) ; жартылай жоғарғы - төменгі жақ сүйектері боларболмас ілгері созылған; алдыңғы - үстіңгі - астыңғы жақтарының - ұзындығы бірдей; жартылай төменгі - жоғарғы жақ болар-болмас ілгері созылған; төменгі-үстіңгі жағы немесе тұмсығы ілгері қарай біршама созылған (1. 3-сурет) .
1. 3-сурет. Əр түрлі қорекпен қоректенетін балықтардың ауызының орналасуы: А-жоғарғы; Ə-төменгі; Б-жартылай төменгі; В-төменгі.
Көзі басының екі жағында орналасқан, бірақ скат, камбалаларда олар бір жағында жатыр. Көзі жоқ балықтар да кездеседі, мысалға үңгірлік балықтар. Балықтардың көзінің алдында екі шағын саңылауы болады. Бұл танау - иіс сезу мүшесі. Көзінің артында желбезек саңылауы орналасқан. Сүйекті балықтардың желбезек саңылаулары - 1 жұп, көпшілік акулалар мен скаттарда - 5, ал химераларда желбезек қақпағы сияқты терімен жабылған - 4 жұп. Нағыз желбезек қақпағы тек сүйекті балықтарда ғана болады. Көпшілік балықтар денесінің екі жанында бір толық бүйір сызығы болады (тұқы, мөңке, тыран, дөңмаңдай) кейбіреулерінде ол үзікті (корюшкалар, горчака, верховка) немесе қисық сызықты. Балықтардың дене жəне құйрық бөлімі қанаттармен қаруланған, соның көмегімен олар жүзеді жəне тепе-теңдігін сақтайды. Жұп (кеуде жəне құрсақ) жəне тақ (арқа, аналь жəне құйрық) қанаттары деп ажыратады. Кейбір балықтарда (албырттар, корюшкалар) арқа қанатынан кейін жатқан май қанаты болады. Қанаттардың көлемі, пішіні, саны, бекіген жері жəне қызметтері əртүрлі. Бұлар дене тепе-теңдігін сақтайды, балықтың қозғалуына жəне жүзуін тежеуге қатысады. Балық қанаттары жұп, жоғарға сатыдағы омыртқалы жануарлардың аяқтарына сəйкес жəне тақ деп ажыратылады. Жұп қанаттарға кеуде P (pinna pectoralis), құрсақ D (p. dorsalis) жатады, тақтарға арқа V (p. ventralis), аналь A (p. analis) жəне құйрық қанаттары C. (p. caudalis) жатады. Кейбір балықтардың арқа қанатынан кейін құйрық сабағының үстінде, қанат талшықтары жоқ, май қанаты болады (p. adiposa) . Кеуде қанаттары P (pinna pectoralis) - сүйекті балықтарда дағдылы, дөңгелек ауыздыларда болмайды. Скаттарда P үлкейгеннегізгі жүзу органы. Ұшатын балықтарда бұлар өте ұзарған - ауада қалықтауға мүмкіндік береді.
2. 2 Балықтардың қоректенуі
Қоректенудің организмдер тіршілігіндегі мəні зор. Қоректен түскен құнарлы заттармен организмнің негізгі функциялары - дамуы, өсуі, көбеюі іске асады. Қорек арқылы басқа да организмде жүріп жатқан энергетикалық процестер жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңдегі қоректену - уылдырықтағы даму мен эмбрионның қабықшаны жарып шыққаннан кейінгі қоректенуі, яғни сарыуыз қапшығындағы сарыуыз бен май қоры есебінен өтеді (эндогенді қоректену) . Ересектерде де эндогенді қорек кезеңі болады, мысалы, қыста қоректенбейтіндер жəне өткінші балықтар өрістегенде. Қоректің алуан түрлілігі бойынша балықтар арасынан монофагтарды (қоректің бір түрін пайдаланатын), стенофагтарды (қоректік объектілер құрамы жоғары емес) жəне эврифагтарды (қорек əртүрлі сапалы) ажыратады. Балықтардың қоректену ерекшеліктеріне сəйкес бірқатар классификация бар. Ең алдымен, оларды момындар жəне жыртқыштар деп бөледі. Момын балықтар - омыртқасыздармен, өсімдіктермен жəне детриттермен қоректенеді. Оларға - планктофагтар (майшабақтар, ақсахалар, т. б. ), бентофагтар (табан, сазан, кейбір ақсахалар, т. б), фитофагтар (ақ амур, ақ дөңмаңдай, амур табанбалығы, т. б), детриофагтар (храмуля жəне т. б. ) жатады. Жыртқыштар - балықтармен, болған жағдайда басқа омыртқалылармен қоректенеді. Көбінесе балықтар барлығын да жейді, яғни аралас қорекпен қоректенеді. Белгілі қорек түріне бейімделгіштігі тұрақты емес балықтың тіршілігінде, ол өсуіне қарай өзгереді. Қоректену сипатының өзгеруі биотикалық жəне абиотикалық факторлармен қатар, жасына, жынысына, пісіп жетілуіне, денсаулығына, санына жəне қоректік организмдердің алынуына, температуралық жəне су көзінің газдық режиміне байланысты. Балықтың əр түріне қоректенуі қарқынды жүретін температуралық шек тəн. Қоректену қарқындылығын анықтағанда, дəл сол сəттегі асқортыу жолындағы қоректің мөлшері, тəуліктік ритмі жəне қоректің ішекпен жылжуы жылдамдығы есепке алынады. Қоректің қарқындылығы туралы жалпы алғашқы мəліметті асқорыту жолының толуы индексі деп атайды, ол асқорыту жолындағы қорек массасының, дене массасына процентпен немесе продецемиллмен (он мыңнан бір бөлікпен жəне ‰ өрнектелген, 26 қорек салмағының дене салмағына қатынасы) өрнектелген қатынасы. Толу индексі жалпылай болуы мүмкін, егер қоректік түйіннің барлық салмағын есепке алса немесе жекелей онда тек бір компонентінің үлесін ғана анықтайды. Асқорыту жолындағы қоректі талдау балықтың қоректену сипаты жайлы мəлімет береді. Қоректік түйіндегі қоректік организмдердің проценттік құрамын анықтап, балықтардың осы топтары үшін əртүрлі қоректік объектілердің маңызын алдын ала айтуға болады. Бірақ балықтар қорегінің құрамы тек қоректік объектілермен емес балықтардың оларға қатынасымен анықталады.
2. 3 Балықтардың негізгі іріктелуі мен биологиялық ерекшеліктері жəне шаруашылықтық сапасы.
Аквакультураны жүргізу тиімділігі көптеген факторлармен айқындалады, соның ішінде өсірілетін түрдің биологиялық ерекшеліктері жəне шаруашылықтық маңызды қасиеттері бар. Қандай да бір түрді өсіруге таңдап алу аймақтың климаттық ерекшеліктеріне, балық шаруашылығының бағытына байланысты. Тұқы балықтары. Тұқы (Cyprinus carpio) - əлемдік балық шаруашылығында өсірілетін басты нысандардың бірі. Тұқы - жылы су балығы. Тіршілік етуіне қолайлы температура 18-300 С аралықтарында. Жыныстық жетілуі су температурасына байланысты, əр қилы жасында пісіп жетіледі. Солтүстік жəне орталық аймақтарда тұқы аналықтары 4-5 жасында жыныстық пісіп жетіледі, ал оңтүстікте 2-3 жасында, аталықтары аналықтарына қарағанда ерте жетіледі. Тропикалық аймақта, үнемі тұрақты температурада, аналықтар мен аталықтар бір жасында пісіп жетіледі. Салмағы 5-8 кг аналық 1 млн. дейін, тіпті одан көп уылдырық шашуы мүмкін. Өнімділігі оны ұстау жағдайына жəне селекция бағытына байланысты. Табиғи жағдайда өрістеу судың температурасы 17-200 С көтерілгенде, субстрат қызметін атқаратын шалғынды жəне су өсімдігі жапқан жағалаулық аймақтарда уылдырықтарын шашады, уылдырықтары жабысқақ болып келеді. Эмбрионның даму ұзақтығы су температурасына байланысты жəне 3-6 тəулікті құрайды. Жұмыртқа қабықшасын жарып шыққан дернəсілдер 2-3 күннен 27 кейін белсенді қорекке көшеді, бас кезінде майда, кейіннен ірі зоопланктондармен қоректене бастайды. Шабақтар мен ересек жастағы балықтар топтары негізінен бентоспен қоректенеді: хирономид дернəсілдері, олигохеттер, моллюскалар. Тұқының потенциалдық өсу дəрежесі аса зор: ең жоғары салмағы 25 кг, ұзындығы 1 м шамасында. Қолайлы жағдайда (оптимальды температуралық режимде, жақсы қоректік базада) тұқының салмағы тіршілігінің бірінші жылында 1-1, 5 кг, ал екінші жылында 2-3 кг жетеді. Орталық аймақтарда орналасқан тоған шаруашылықтарында тұқыны өсіруде салмағы бойынша келесідей стандарт қабылданған: жарты жылдықтар (сеголеткалар) - 25-30 г, екі жылдықтар - 400- 500 г, үш жылдықтар -1000-2000 г. Тұқыларды өсіруді қарқынды жүргізгенде судың бір гектар ауданынан 2-3 тонна өнім алуға болады. Қабыршақ жабындары типіне байланысты қолдан өсірілетін тұқылардың 4 формасы ажыратылады: қабыршақты, шашыраңқы айналы, сызықты айналы жəне жалаңаш немесе терілі (1. 6-сурет) . б) қабыршақты а) шашыраңқы айналы в) түзу сызықты айналы г) жалаңаш немесе терілі.
1. 6-сурет. Жасанды жағдайда өсірілетін тұқы балығының формалары (Привезенцевтен алынған) .
Кəдімгі, немесе алтын мөңке Carassius carassius L. - бұл тұщы сулық жылу сүйгіш балық, ағынсыз суларды қалайды (1. 7-сурет) . Денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі мыс немесе алтын тəрізді. Ауызында мұртшасы жоқ. Алтын мөңке ортаның қолайсыз факторларына төзімді. Қышқыл суды жақсы көтереді (рН 4, 5), судағы оттегінің төмендеуіне төзімді (0, 5-0, 6 мг/л) жəне судың түбіне дейін қатқанына да шыдамды. Судың тұйықталуы (замор) кезінде жиі кездесетін, бірден-бір ихтиофауна өкілі. Жыныстық пісіп жетілуі 2-4 жасында. Өнімділігі 150-200 мың уылдырық. Судың 17-18 0С температурасында уылдырығын порциялап шашады. Ересек мөңке бентостық организмдермен жəне детриттермен қоректенеді əрі су өсімдіктерінің бөлшектерін де жейді. Салмағы 3 кг жетуі мүмкін, əдетте 500-600 г аспайды.
1. 7-сурет. Кəдімгі, немесе алтын мөңке.
Суқоймаларда басқа балықтарға қолайсыз болғанда кешенді жағдайда өсіруге қолданады. Алтын мөңкені басқа балық түрлерімен шағылыстыру үшін, мысалы, тұқылар мен күміс мөңкені пайдаланады. Гибридтері жоғары өсу жылдамдығымен, тіршілікке қабілеттілігімен ерекшеленеді. Күміс мөңке Carassius auratus gibelio (Bloch) - дене пішіні үшкірлеу, құрсағы қара болып келеді. Қабыршағы ірі, бұдырлы, бүйірі - күміс тəрізді. Кəдімгі мөңкеден желбезек жапырақшалары санының көптігімен жəне басқа белгілерімен ерекшеленеді. Ортаның қолайсыз факторларына төзімді. Кəдімгі мөңкеге қарағанда жылдам өседі. Тоғандық жағдайда өсіргенде осы жылдықтар салмағы-20-30 г, екі жылдықтар-250-300 г жетеді. Зоо- жəне фитопланктонмен қоректенеді, екі жылдықтар бентосты пайдаланады. Жыныстық жетілуі 3-4 жасында. Уылдырығын ұзақ уақыт бөліп шашады. Күміс мөңке басқа балықтардан өзгеше бір биологиялық 29 көрсеткіші бойынша ерекшеленеді. Қиыр шығыстағы суларда жəне кейбір Беларуссия тоғандарында өрістейтін популяциядағы аталықтар мен аналықтар қатынасы бірдей, ал кейбір басқа аудандарында олар тек бір ғана аталықтан тұрады. Осындай тек бір жыныстан тұратын популяциядағы көбею басқа түрлері аталықтарының қатысуымен жүреді: алтын мөңке, тұқы, оңғақ. Бұл жағдайда ұрпақ тек күміс мөңке аналықтарымен беріледі. Міне сөйтіп, табиғи гиногенез, яғни сперматозоид жұмыртқа клеткасына еніп оны белсендендіреді, бірақ аталық хромосом организмнің одан əрі дамуына қатыспайды. Тіршілік жағдайы төмендеген кезде мұндай популяцияда аталықтар пайда болады. Күміс мөңке гибридизациялық нысан ретінде балық өсіруде қызығушылық тудырады, алынған ұрпақтар гидрохимиялық режимі күрделі суларда өсіруге пайдаланылуы мүмкін Ақ амур Ctenopharyngodon idella (Val) - жылдам өсетін балық. Маңдайы кең, жартылай астыңғы ауызды, екі қатарлы жұтқыншақ тістері бар. Жұмыр денелі, қабыршағы ірі, салмағы 40-50 кг ұзындығы 1м жетеді (1. 8-сурет) . Жыныстық жетілуі тіршілік ету жағдайына байланысты əр түрлі жылында туындайды. Əдетте, салмағы 6-8 кг ақ амур 1 млн., кейде одан да көп уылдырық береді. Ақ амур пелагофильді балыққа жатады, демек уылдырығын су қабатына шашады. Уылдырықты ағысы тез, 0, 8-3 м/с жылдамдықпен ағатын ірі өзендер арнасында, су температурасы 18, 5 0С жеткенде шашады. Ақ амурдың уылдырығы батипелагиальдық, яғни салыстырмалы салмағы судан біршама ауыр. Ол су қабатында дамып, ағыспен төмен кетеді. Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 18- 20 сағатан (28-290С) 3 тəулікке дейін (180С) жетеді. Егер судың температурасы қажеттіден төмен немесе жоғары болса эмбрионның дамуы бұзылады. Өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтары мен ұрықтары судағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне өте сезімтал. Өсімдіктекті қорекке тіршілігінің бірінші жылында, 3 см кезінде көшеді. Ұзындығы 7-12 см шабақтар, егер рационында 30% жануар текті қоректер: коловраткалар, шаянтəрізділер жəне хирономидтер кездессе жақсы өседі. Одан əрі өсуінде қоректік рационының негізін жоғары сатыдағы су өсімдіктері, су жайылған жерлер мен сумен шайылып келген құрлық өсімдіктері құрайды. Ақ амур су өсімдіктерінен: рдест, элодия, ряска, роголистник, урутты 30 қалайды. Балықтар жас майда өсімдіктерді мол пайдаланады, ол болмаған кезде ірілері, əсіресе оңтүстік аудандарда қорек ретінде қатты тростник жəне рогоз сияқты өсімдіктерді де пайдаланады. Ал, құрлық өсімдіктерінен: беде, жоңышқа (люцерна), астық тұқымдастарын да ұнатады. Ақ амурдың тəуліктік рационы мен өсу жылдамдығы, жыныстық пісіп жетілуі ұзақтығы, судың температурасына біршама байланысты. Судың 25-30 0С температурасында тəуліктік рационы балық салмағынан артық болуы мүмкін. Температураның 32-34 0С көтерілуі белсенді қоректенуге бөгет жасамайды. Оптимальды температура төмендегенде қоректену қарқындылығы төмендейді, ал температура 10 0С төмен болса, ақ амур қоректенуін тоқтатады. Оңтүстік аудандарда судың жоғары температурасында амур жыл бойы қоректеніп, өсе алады. Тек, өсімдікпен қоректенетін балықтарда қоректік коэффициент оның түрлік құрамына байланысты, балықтың 1 кг өсуіне шаққанда 25-70 кг аралығында болуы мүмкін. Ақ амур су өсімдіктерімен басым түрде қоректенетіндіктен, оларды балық шаруашылықтық жəне техникалық суларда, каналдарда биологиялық мелиоратор есебінде пайдалануға болады.
1. 8-сурет. Ақ амур.
Ақ амурдың потенциалдық өсуі мүмкіншілігі өте зор. Қолайлы температура мен оттегі қалыпты болғанда, қоректің мол мөлшерінде ақ амурдың 1, 5 жасында салмағының 10-12 кг жеткені белгілі. Ақ Hypophalmichthys molitrix жəне шұбар дөңмаңдайлар Aristichthys nobillis - тұқы тəрізділердің жеке тұқымдасы астына дөңмаңдайлар жатады (1. 9-сурет) . Бұл ірі, жылдам өсетін, салмағы 50 кг жететін балық. Олардың басы үлкен жəне көздері төмен орналасқан. Денесі майда қабыршақтармен қапталған. Бұл екі түр биологиялық жəне сыртқы белгілерімен ерекшеленеді. Шұбар дөңмаңдайдың басы үлкен жəне денесі біршама биік. Арқасының түсі қоңырлау немесе сұр, бүйірі күміс түстес, ірі қоңырқай дақтары бар. Ақ дөңмаңдайдың арқасы сұрғылт-жасыл жəне бүйірінде күміс түстес дақтары болмайды.
1. 9-сурет. Ақ дөңмаңдай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz