Әкімшілік сот ісін жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КАҚ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

ШАҒЫН ЖОБА

Пән: Әкімшілік құқық
Тақырыбы: Әкімшілік сот ісін жүргізу

Орындаған: ЮП-20-3 тобы студенті
Исмат Б.С.
Муханбетов.Д.М.
Еркінұлы.А.
Амиров.Т.
Жакияева.А.

Рецензент: з.ғ.к., Көбегенова Г.

Ақтау 2021-2022

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Әкімшілік істерді жүргізудің жалпы негізге ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар,олардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .9

2. ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Әкімшілік процесс түсінігі және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Әкімшілік процесс субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:Әкімшілік іс жүргізу мемлекеттік басқарудың әкімшілік құқтық нысандарының қатарына жатпайды, олай болатын себебі ол өзінің заңдық мазмүны бойынша жеке құқықтық актілер шығару сияқты нысанмен қамтылады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде әкімшілік іс жүргізу атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру ретінде мемлекеттік басқару аясында пайда болатын әр түрлі жеке әкімшілік істерді қарап, шешу жөніндегі атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқтық нормалармен рет-телген қызметі болып табылады деуге болады.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі әкімшілік сот ісін жүргізудің жағдайы талданып, оның мәні, міндеттері мен қағидаттарының негізгі тәсілдері қарастырылады. Авторлар Қазақстан Республикасындағы әкімшілік рәсімнің мазмұны мен мәнін теориялық түсіну мәселелеріне арналған әкімшілік ғалымдардың ұстанымдарын талдайды. Сондай-ақ, әкімшілік рәсімнің мәнін түсінудің әртүрлі тәсілдеріне талдау жасалады. Әкімшілік рәсімдер ұғымының әкімшілік істерді қарау кезінде маңыздылығына тоқтала келіп, әкімшілік органдардың жекелеген істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі үшін әкімшілік құқық нормаларымен белгіленген рәсімдер, олардың нәтижесі жекелеген әкімшілік іс-әрекеттерді шығару және де тек орындау шеңберінде болатынын атап өтеді. Сырт мемлекеттің әкімшілікрәсімдер туралы заңнамаларының қағидаларына салыстырамалы талдау жасалды.Әкімшілік рәсімдер мен қағидаттарды зерделеудің өзектілігі, әкімшілік органдар мен жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудегі олқылықтарды анықтау, әкімшілік органдардың өз функцияларын іске асыруы үшін бірыңғай процестік ережелердің республикалық және өңірлік деңгейлердегі құқықтық интеграциясы болып табылатындығында
Жоба жұмыстың мақсаты:әкімшілік құқықтың сот ісін жүрізудің тәртібі,негіздері.Заңды дұрыс қолдану
Жоба жұмыстың міндеті: Жобаның жұмыстың маңызына жетудің негізгі мәселелері:-әкімшілік заңның әрекет ету ұғымын анықтау
Жоба жұмыстың обектісі:әкімшілік соттың әрекет етуі,заңның сот жүзінде қолданылуы субьективті обьективті жағын анықтау.
Жоба жұмыстың пәні:Әкімшілік құқық
Жоба жұмыстың құрылымы:Жоба кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттен тұрады

1. Әкімшілік сот ісін жүргізу
1.1 Әкімшілік істерді жүргізудің жалпы негізге ережелері

Жалпы әкімшілік сот істерін жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен бекітілген.Яғни осы кодекске тоқтала өтсек іс жүргізудің негізгі ережелері көрсетілген.
Заңның кері күші - бұл заң күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға заңның қолданылуы. Жалпы алғанда, заңның кері күші жоқ, яғни ол күшіне енгенге дейін болған оқиғаларға қолданылмайды. Нақты оқиға болған жағдайда, оқиға болған кездегі заң қолданылуы керек. Бұл ереже заңды тұлғалар арасындағы қатынастардың тұрақтылығына, азаматтардың құқықтық жағдайының тұрақтылығына, елдегі құқықтық тәртіптің тұрақтылығына сенімділікті қамтамасыз етеді.

736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін айқындайтын заңнам
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің ережелерімен айқындалады.

737-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу мiндеттерi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:
1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланыла отырып, қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар
Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.
Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.

738-бап. Iс жүргiзу тiлi

1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.

739-бап. Мерзiмдердi есептеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi.

2. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
4. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді.
5. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi деп есептеледi.

740-бап. Өтiнiшхат
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар.
2. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс.
3. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.

741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар
1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе іс-әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;
5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
7) өзіне қатысты іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы;
8) мыналар:
салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған, салық төлеушінің салықтық есептілік нысандарын электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындамауына әкеп соққан;
мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда;
8-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалмауына әкеп соққан, электрондық нысанда декларациялау бойынша ақпараттық жүйенің жұмысында қателер туындаған жағдайда;
9) Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
10) Осы Кодекстің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын құжаттың болуы;
11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы
12) осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.

742-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
Осы Кодекстің 64-1-бабында көзделген жағдайда, сондай-ақ қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болуына байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.

1.2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар,олардың құқықтары мен міндеттері

Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға .
Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағыммен жүгінуге; iстегi құжаттардан үзiндi көшірме жасауға және олардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұлға болмаған кезде, егер әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптарымен тіркелген немесе iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс қаралуы мүмкiн.
Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi.
Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын - сот приставы немесе iшкi iстер органы; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органы (полиция) орындайды.

Жәбiрленушi
Жәбірленуші- әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық зиян келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
Жәбiрленушi iстiң барлық материалымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Жәбірленушінің сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Істiң қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс өзі болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
Жәбiрленушiден Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болып табылса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы мүмкiн.

Жеке тұлғаның заңды өкiлдері.
Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырылғандар болып табылатын, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
Ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар жеке тұлғаның заңды өкiлдерi деп танылады.
Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туыстық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен куәландырылады.
Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiлі болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау кезінде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда, оған iшкi iстер органы (полиция) жүзеге асыратын күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.

Қорғаушы
Қорғаушы - әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
Қорғаушылар ретiнде адвокаттар қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен бірге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңнамада айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушылар ретiнде қатысуға жiберiледi.
Қорғаушы iске қатысуға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында жіберіледі.
Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бiр адам қорғаушы бола алмайды.
Адвокат, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.
Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;
4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, қорғаушының қатысуы мiндетті.
Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, олар бұл туралы қаулы шығарады. Қаулы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.

Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу

Қорғаушыны өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келiсімімен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат iшiнде қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыным жасауға құқылы емес.
Әкiмшiлiк ұстап алу жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған негiздер болған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық дауларды анықтау
Азаматтық сот ісін жүргізу түрі
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Көші - қон саласындағы ішкі істер органдарының қызметі
Халықтың көші - қоны саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
АЗАМАТТАРДЫ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРҒА МӘЖБҮРЛЕП ЖАТҚЫЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТ НЕГІЗІНДЕ
Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі
Азаматтық іс-жүргізу
Пәндер