Лингвистикалық мультимедиалық платформалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

СУРЕТТЕР ТІЗІМІ . . . vi

АННОТАЦИЯ . . . vi

1. КІРІСПЕ . . . 1

2. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 2

3. 1-ТАРАУ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН МУЛЬТИМЕДИАНЫҢ ДАМУЫ . . . 3

1. 1 Білім беру жүйесінің дамуы . . .

1. 2 Мультимедиа құралдарының пайда болуы мен дамуы

4. 2-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЛЬТИМЕДИА РЕСУРСТАРЫН САРАЛАУ . . . 4

  • 2. 1 Білім беру саласына қатысты танымдық телевизиялық мультимедиа ресурстары
  • 2. 2 Мектеп оқушыларына арналған білім беру платформалары
  • 2. 3 Студенттерге арналған білім беру платформалары мен мультимедиалық ресурстар
  • 2. 4 Мұғалімдерге арналған мультимедиалық ресурстар
  • 2. 5 Лингвистикалық мультимедиалық платформалар

5. 3-ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ: АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

6. ТАЛДАУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР . . . 5

7. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 6

8. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 7

СУРЕТТЕР ТІЗІМІ

Сурет 1. Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi

АННОТАЦИЯ

ХХІ ғасыр - ақпараттық жаңа технологиялар заманы болғандықтан, білім беру жүйесінде де жоғары технологияларды қолдану жүзеге асуда. Аталмыш жұмыста қазіргі білім беру жүйесіне баға бере отырып, мультимедиалық ресурстарды дәстүрлі оқыту үрдісінде қаншалықты жанастыруға болатынын және пандемия барысындағы қашықтықтан оқыту жүйесі қалай жүзеге асып жатқаны талданды. Қазақстандағы және шет елдердегі білім беру жүйесі, ондағы мультимедиалық ресурстардан мысалдар келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде түрлі мультимедиалық құралдар мен ресурстарды көріп, олардың тиімділігі мен қолжетімділігі салыстырылады. Жұмыс білім беру саласының мамандарына, өзінің дамуына ден қоятын жастарға, әсіресе оқушылар мен студенттерге, берер тағылымы мол.

КІРІСПЕ

1. Білім беру жүйесі - өзара байланысты білім берудің бағдарламасы мен әр түрлі деңгей, бағыттағы белгілі мемлекеттің білім беру стандарттары, оларды әр түрлі жағдайда ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі, түрдегі білім беруге бағытталған мекемелерде және онлайн платформада іске асатын түрлі тармақтар мен білім беру органдар жүйесінің жиынтығы.

Білім беру жүйесі мен үрдісі мемлекет пен қоғамның дамуындағы, экономикалық алға басуында үлкен рөл атқарады. Білімнің қалыптасуы тікелей философиямен байланысты. Яғни рухтың материя, сананың болмысқа қатынасы қаралады. Білім беру ісі де өзге салалар секілді түрлі кезеңдерден, даму сатысынан өтті. Бүгінде білім беру мекемелерінен бөлек ғаламтор мен өзге де орталықтардан білімді жетілдіруге болады. Мамандық санының артуы, қызмет түрінің көбеюі білім беру жүйесінің біршама өзгеруіне әсер етті.

2. Мультимедиалық құралдар - әр түрлі ақпараттарды бағдарламалық жабдықтар мен технологияларды қолдана отырып дайындау, біріктіріп өңдеу және ұсынудың жалпы жиынтығы. Мұндай технологияларға кез келген компьютерлік бағдарламаларды жатқызуға болады. Оларды интерактивті режимде қолданады.

Ақпаратты түрлі компьютерлік жабдықтар негізінде қолдану үшін арнайы ресурс, яғни мультимедиалық қор қажет екені белгілі. Осындай ресурстарды мультимедиа құралдары мен бағдарламалардың көмегімен дайындайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі уақыттағы білім беру ісіне оң және теріс әсер ететін факторларды анықтауға негізделген. Оқыту және білім берудегі жаңа, заманауи технологиялар жыл өткен сайын кеңінен пайдаланылуда. Мұндай жаңашылдықтарды зерттей отырып, болашақтағы білім беру ісіне сараптама жасауға да болады. Мультимедиалық құралдардың Қазақстанда және өзге елдер тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, оның маңызын сипаттау.

  1. Зерттеу мақсаты

Мультимедиялық құралдар мен технологиялардың білім беру жүйесінде, жалпы білім берудегі алар орнын талдау. Мұндай технологиялардың мүмкіндіктерін саралау, пайдасы мен зиянын салыстыру.

Жалпы мақсаты: Мемлекеттік білім беру жүйесі мультимедиалық құрылғыларды қаншалықты тиімді қолданып келеді? Шетелдік елдер мен ұйымдар тәжірибесіндегі мультимедиа технологияларын халық қаншалықты қабылдады және игере алды?

Жеке мақсаты: Мектептердегі мультимедиа құралдарының қолданылуы қандай деңгейде? Онлайн білім беру жүйелері мен платформалары Қазақстанда қаншалықты кеңінен қолданылады?

  1. Зерттеу міндеттері:
  • Білім беру ісінің дамуы;
  • Білім беру жүйесіндегі үлкен өзгерістерге талдау;
  • Мультимедиялық технологиялардың дамуы;
  • Қазақстандағы мультимедиа ұғымының таралуы;
  • Дамыған елдердегі білім беру жүйесі мен Қазақстанның білім беру ісін салыстыра сипаттау;
  • Онлайн білім беру жүйелеріне сараптама;
  • Еліміздегі білім беру жүйесінің мультимедианы пайдалану ауқымын қарастыру.
  1. Зерттеу нысаны

Білім беру жүйесіндегі мультимедиялық құралдардың қолданылуы: онлайн платформалар, мультимедиялық құралдар мен онлайн-курстар негізінде.

  1. Зерттеу пәні

Білім беру ісіндегі және жалпы жүйедегі мультимедиалық құрылғылардың қолданылуын нақты мысалдар, статистикалар негізінде көрсету.

  1. Зерттеу әдісі

Білім беру және мультимедиалық құралдардың дамуы мен пайда болуы жайында жазылған . . . еңбектері негізінде зерттеу жүргізілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан қазақстандық және шетелдік білім беру платформаларын зерттеу.

  1. Зерттеу жаңалығы (новизна)

Мультимедиалық құралдардың соңғы уақытта білім беру ісінде де кеңінен қолданылуы жаңашылдық болып отыр. Пандемия салдарынан әлем қашықтықтан оқытуға көшкенде, мұндай технологиялық қаншалықты тиімді екені байқалды. Зерттеуге белгілі онлайн платформалар, курстар мен мемлекеттік білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар негіз болды.

  1. Теориялық және практикалық зерттеу маңызы

Зерттеу жұмысы мектеп оқушыларына, ұстаздар мен студенттерге, жоғарғы оқу орны дәріскерлеріне арналады. Зерттеу барысында ҚР Білім беру ісіндегі өзгерістер мен реформалар, жаңашылдықтар мен білім беруге бағытталған белгілі платформалардың халық арасындағы көрінісі қозғалды.

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Зерттеу жұмысын жазу барысында білім беру жүйесінің дамуы, содан кейін мультимедиалық құралдар, технология жайындағы еңбектерге тоқталдық.

В. Клепиковтың «Конфуций - выдающийся педагог Древнего Китая» кітабында автор ежелгі Қытайдың филоссофиясы, білім беру жүйесін сипаттайды. Белгілі философы Конфуцийдің өмірі мен еңбектерін талдап, ұстаздың еңбек жолы жайлы мол ақпарат береді. Ал Ю. В. Андреевтың «История Древней Греции» еңбегінде Грекциядағы цивилизация мен мәдениеттің пайда болуы және дамуы жайлы құнды деректер келтірілген. Мұндағы мемлекеттік құрылым мен саяси жүйе, философтары мен қалалық өмірі жайлы сипатталады. Жалпы хронолиялық ауқымы біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырдан бастап 1996 жылға дейін. К. И. Салимованың «Очерки истории школы и педагогической мысли древнего и средневекового Востока» кітабында Үндістан, Қытай және Таяу Шығыс елдеріндегі тәрбие мен білім беру ісіндегі ойлары және негізгі қағидалары қарастырылады. Нақты тарихи оқиғалар мен мысалдар негізінде автор өз пікірін дәлелдейді. Мектептердің пайда болу тарихы жөнінде мәселені көтеріп, оның шешімін іздестіреді. Л. Н. Гончаров болса, «Очерки истории школы и педагогики за рубежом» еңбегінде шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары, кемшіліктерін сипаттайды. Олардың өзара байланысы мен жалпы жүйенің дамуына тигізген үлесін зерттейді.

Ал мультимедианың білім беру саласында қолданылуын сипаттаған кітаптарға тоқталар болсақ, Г. М. Троян «Универсальные информационные и телекоммуникационные технологии в дистанционном образовании» кітабында қашықтықтан оқытуда қолданылатын тенологиялар жайлы жазады. Нақты курстар мен қажетті әдебиеттер тізімін ұсынып, ақпараттық технологиялардың білім беру ісіндегі маңызы жайлы сөз қозғайды. В. В. Соломатованың «Использование информационных технологий в социальной сфере» кітабы Ресейдегі білім беру жүйесінің өзгеруі мен дамуындағы ерекшеліктерді қарастырады. Ақпараттың ұсынылу түрін талдап, ақпараттық технологиялардың білім беру ісінде тигізер пайдасы мен зиянын іздестіреді. Ю. Н. Егорова «Теоретические и практические аспекты мультимедиа-технологий: монографиясында» ақпараттық технологиялардың жалпы өмірдегі маңызын сипаттайды. Сонымен қатар білім беру ісіндегі проблемалар мен қиындықтар жайлы жазады. Зерттеу объектісі ретінде Ресейдің білім беру жүйесі алынған. Н. П. Петрованың «Виртуальная реальность. Современная компьютерная графика и анимация» кітабы заманауи компьютерлік өнердің виртуалды шындығын жасаушы және қатысушы жаңа ұрпаққа арналған. Кітап виртуалды шындықты құрудың ең күшті құралдарының бірі - компьютерлік графика мен анимация туралы айтады. Онда заманауи компьютерлік өнер мен оны жасау бағдарламалары, Ресейде және шетелде әртүрлі және таңғажайып қосымшалар туралы да ерекше материалдар бар. А. Филимонов «Построение мультисервисных сетей Ethernet» еңбегінде бір арнадағы телефон және теледидар сигналдарын біріктіру үшін қолданылатын жаңа буынды мультисервистік желілерді (Next Generation Network - NGN) құру үшін Ethernet технологиясын қолдану қарастырылған. NGN жергілікті және магистральдық сегменттерін құрудың негізгі принциптері баяндалған. Жетілдірілген Ethernet технологиясын (IEEE 802. 3) сипаттауға көп көңіл бөлінеді. Интернеттің заманауи хаттамалары және мультисервистік LAN сенімділігін, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыратын техникалық шешімдер егжей-тегжейлі қарастырылады. Белгілі өндірушілердің бағдарламалық жасақтамасы мен жабдықтарын қолданудың практикалық мысалдары келтірілген. Г. П . Катунинның «Основы мультимедийных технологий» оқу құралында компьютерлік графиканың түрлері қарастырылған; түстерді қалыптастыру және басқару мәселелері сипатталған. Ажыратымдылық пен өлшемдер сияқты ұғымдарға, сондай-ақ ақпараттарды ұсыну әдістеріне көп көңіл бөлінеді. О. В. Шлыкова «Культура мультимедиа» оқу құралы мультимедиялық дамудың әлеуметтік-мәдени аспектілерін қарастырады, мультимедиялық өнімдер мен оларды дамыту құралдары туралы, мультимедиялық технологияларды әртүрлі қызмет салаларында, әсіресе білім беру және мәдениет саласында қолдану туралы жалпы түсінік береді. Оқу құралы ресейлік интернет-ресурстардың мекен-жайларына, пайдаланылған терминдер сөздігіне, рефераттар мен курстық жұмыстардың тақырыптарына сілтемелерді толықтырады. Б. Б. Андерсен «Мультимедиа в образовании» еңбегінде мультимедиялық технологияларды қолдану оқу процесін жаңа сапалы деңгейге көтереді, бұл әртүрлі жағдайларда объектіні немесе құбылысты зерттеуге, түрлі-түсті, көлемді бейнені қалыптастыруға, логикалық ойлауды дамытуға және осылайша оқуға шығармашылық көзқарасты дамытуға мүмкіндік береді. Белгілі еуропалық мамандар әзірлеген осы оқу курсында оқу процесінде мультимедиа құралдарын құру және қолдану мәселелері қарастырылады. Одан бөлек ғаламтор көздерінен мультимедиа түсінігі, мультимедиалық құралдар туралы ақпарат алынды.

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ мен МУЛЬТИМЕДИА дамуы

  1. Білім беру жүйесінің дамуы

Білім беру ісі өзге салалар секілді түрлі кезеңдер мен даму жолынан өткен. Бұл әлемдік цивилизацияда да өзіндік орынға ие болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әр елде түрлі сипатқа ие. Бір мемлекетте бастапқы білім беру жүйесі 11 жылды құраса, енді бірінде 9-10 жылды ғана құрауы мүмкін.

Білім беру жүйесінің бастауы ретінде ғалымдар Шығыс елдерін санайды. Египтеттегі жазушылар мен әскерилердің, сарай қызметкерлерінің мектебі, Үндістандағы брахман мен кшатрийлер мектебі, Қытайдағы үшсатылым білім жүйесі қазіргі білім беру және педагогиканың бастамасы болып есептеледі.

Тәрбиелеу және білім беру Таяу және Қиыр Шығыс елдерінде адамның тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы сатысы саналған. Бұл жүйе біздің дәуірімізге дейінгі 5 мыңжылдықта пайда болған. Жоғарыда атап өткен мемлекеттер бір-бірінен алыста орналасқанымен, ондағы жүйелер өзара ұқсас болған. Экономикалық және әлеуметтік саладағы білім беру ісі өзара байланысты да. Алғашқы мектептердің құрылуы, ашылуы адамдардың экономикалық және мәдени, саяси білім алуына жол ашты. Қоғамның дамуы адамдардың қалауын да өзгертті, Бұлармен бірге білім беру саласы да өзгеріске ұшырап отырды. Шығыс мемлекеттеріндегі негізгі білім мен ғылым көзі, тәрбие ошағы ретінде отбасы, ғибадатханалар мен мемлекеттің өзі саналды.

Бастапқыда мектептің негізгі үш түрі құрылды. Біріншісі - діни, бұл ғибадатханалар жанында ашылып, дін қызметкерлері тәрбиеленді. Екіншісі - сарай мектептері, мұндай мектепте сарай қызметкерлері, дәулетті отбасының балалары білім алды. Үшіншісі - шенділердің жазушылары, олар әлеуметтік, саяси басқару жүйесіндегі қажетті заттарды жазып отырды [1] .

Білім беру ісінде Үндістан мен Қытайдың жүйесі өзінше ерекше болды. Себебі мұндағы білім-ғылым ісі мәдени-тарихи, дәстүр арқылы белгіленді және өзіндік шығыс танымын дәріптеді. Қытайдағы білім беру жүйесіне Конфуций ерекше ықпалын тигізді. Оның педагогикалық идеялары мен еңбектері этика, басқару, мемлекетті ұйымдастыру секілді кең тақырыптар қаралды. Ал орталық тезисі дұрыс білім беру, білімнің мемлекеттің дамуына тигізер әсері секілді ойлары болды.

Конфуцийлік ілімнің Қытайда кеңінен дамуы мектептерде гуманитарлық бағыттың таралуына әсерін тигізді. Ол адамдарды рухани дамуға, жэнь (адамдық және тұлғалық) және ли (адамдар және отбасы арасындағы тәртіп) негізін игеруге шақырды. Басты кемшілігі - Қытайдың ұлы ойшылы математика, астрономи, медицина секілді ғылымдардың кеңінен таралуына қарсы болуы [2] .

Шығыс елдерінен кейін ғылым, білім беру істері Ежелгі Антика мемлекеттерінде дамыды. Мұндағы балаларды оқыту, білім беру ісі «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында айқын көрініс табады. Гомердің бұл шығармаларында тәрбиеге баса назар аударылғандығы, ғылыми толыққан, физикалық және рухани тұрғыдан бай иедал адамның образы жасалған. Ал жастарды соның негізінде өсірген.

Ежелгі Грекциядағы педагогикалық ілімнің шыңы, басты ілімі ретінде Сократтың (470-339 жылдар) идеялары саналады. Ол білім беру мен тәрбиені адамның «екінші рет туылымен» теңестірген. Ол эвристикалық ілімнің негізін салды.

Бұдан кейін әлемнің бірінші ұстазы - саналатын Аристотель (384-322 жылдар) . Ол Сократтың шәкірті болған. Белгілі философ, ғалым білім беруге қатысты өзінің ерекше ойын білдірді. Ол білім саласын мемлекеттің бақылауында болуы керектігін айтқан. Яғни, отбасыдағы және ғылыми ортадағы, мектептегі балалардың оқытылуы мемлекеттің идеясы негізінде іске асуы керектігін айтып кетті. Аристотельдің ойынша, жаңа туған баланың ақыл-ойы «таза тақта» секілді. Үлкен мұнда нені жазса, ол баланың ойында мәңгі сақталады. Сондықтан білім беру ісіне баса назар аударған.

Цицерон (106-43 жылдар) тек философ қана емес, оратор-шешен, саяси тұлға болған. Сонымен бірге білім беру ісінде де өзінің ізін қалдырған. Философтың ойынша, тұлға ретінде қалыптасудың жалғыз жолы - білім беру және өз біліміңді шыңдау. Сол себепті ол балаларды кішкентай кезінен оқытып, өскен соң бұл білім алу процесінің тоқтап қалмауы қажет екенін айтты.

Антика дәуіріндегі білім беру ісінің тағы бір алыбы - Квинтилиан (35- б. з. 96 жылы) . Ол риториканың негізін салды және осы пәннің алғашқы ұстазы болды. Ол өз еңбектерінде риторика ілімі жайлы ойлары мен түйіндерін жазды. Квинтилиан өзінің білім беру жүйесінде отбасыдағы тәрбиеге қарағанда қоғамдық, яғни мектептегі тәрбиенің маңыздырақ екенін айтқан [3] .

Шығыс елдеріндегі орта ғасырлық білім беру жүйесі. Білім беру ісі бұдан кейін әлемнің әр бұрышында дамыды, тарады. Түрлі ғалымдар өз концепцияларын ұсынып, халықтың білім алуын, сауатын ашуды қолға алды. Біздің заманымыздың V-XVII ғасырларында педагогика мен жалпы білім беру ісінде үлкен өзгерістер орын алып, қарқынды түрде алға жылжыды. Себебі қоғам да, жастар да білім алуды көздеді. Антикалық және Қиыр Шығыста қалыптасқан білім жайлы ұғым көптің көзін ашты. Барлығы әлемді өзгертуге өз күштерін салды. Дегенмен діннің дамуы да ғылым мен білім беру ісінің тұралап қалуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Шіркеудегі білім беру орындары жаратылыстану ғылымдарының оқытылуына қарсы болды. Ал араб елдері мен мұсылман халықтарында Құранның негізінде жастардың сауатын ашты.

Орта ғасырда Шығыс елдерінде білім беру жүйесінің одан әрі дамуына Әл-Фараби (870-950 жж. ), Әл-Бируни (973-1048жж. ), Ибн-Сина (980-1037жж. ), Омар Хайям (1048-1131) секілді ғалымдар өз үлесін қосты. Ал батыс елдерінде, жоғарыда айтып өткеніміздей, шіркеу басшылары қадағалады. Өйткені діни орталықтар алтын мен ақшаға бай болды. Әрі мемлекеттің билігі солардың қолында болды деп айтуға болады. Олар Ежелгі Антикалық дәуірден жеткен құнды қолжазбаларды негізге алды. Латын тілінде жазылған ғылыми еңбектер бұрынғы және жаңа ғылым жүйесін байланыстырушы құралға айналды.

Орта ғасырда білім беру жүйесінің орталығы мектептер болды. Алайда Үндістанда мұндай білім ордалары ғибадатханаларда ашылды. Осы арқылы жоғарғы каста өкілдерінің балалары еркін білім алуына жол ашты. Ислам елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінде бастауыш сыныпты мектептер, жоғарғы білім ордасы ретінде медреселер саналды. Мұндай ғылым орталықтары діни білім беріп, жастарды тәрбиеледі. Ал оқу құралы ретінде Әл-Фарабидің, Әл-Бирунидің, Ибн-Сина, Омар Хайям сынды философ-ұстаздардың еңбектері алынды. Мұндай құнды шығармалар кейін педагогиканың, шығыс мәдениетінің, әлемдік мәдениеттің дамуына үлкен үлесін қосты [4] .

Еуропадағы орта ғасырлық білім жүйесі. Шікреу монополиясының орнауы Еуропада білім беру ісіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндағы негізгі білім ордалары мыналар еді:

  • Приход мектебі;
  • Монастырь мектебі;
  • Собор мектебі;
  • Кафедральды мектеп.

13-14 ғасырларда қалалар мен сауданың жетілуі, білім беру ісінің дамуы жаңа бағыттардың қалыптасуына әсерін тигізді. Олар цехтік және гильдейлік мектептер еді. Цехтік мектептерде оқу негіздері, туған тілінде жазуды үйрету, есеп-қисап негіздері мен дін, баланың үйінде қолөнер негіздері әкесінің басқаруымен өтті.

Діни (шіркеулік) және қала ортасындағы мектеп қабырғасындағы білім беру ісінің дамуы жаңа - рыцарьлық білім жүйесін қалыптастырды. Алайда бұл тек феодалдық тап өкілдерінің балаларына арналды. Мұнда қылыш өнері, сауыт кию, шахмат ойнау, өлең жазу шеберлігін шыңдау, музыкалық аспапта ойнау секілді пәндер оқытылды.

Орта ғасырларда білім деңгейі біршама артты. Осы уақытта қазіргі әлемге белгілі Оксфорд, Краков, Кембридж және Прага университеттері құрылды. Мұндағы білім беру ісі бүгінгі жоғарғы оқу орындарындағы жүйенің қалыптасуына әсер етті. Атап өткен университеттерде актерлік шеберлік факультеті, өнер, диалектика, арифметика, геометрия, астрономия және музыка риторика сынды факультеттер болды [5] .

Қазақ жеріндегі білім беру ісі VII-VIIІ ғасырларда басталды. Дегенмен мектептер мен сауат ашу орындары еліміздің отырықшы аудандары, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс бөлігінде қарқынды дамыды. Бұған, Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы мен қалалық өмір салтының орнығуы көбірек әсер етуі мүмкін. Мәселен, Испиджаб, Отырар, Сайрам, Түркістан секілді өзге қалаларда сол уақыттың өзінде-ақ 84 медресе болған. Медреселерден бөлек, діни білім беретін жоғарғы оқу орындары мен бастауыш оқу орыны болды. Мұндай орындарда барлығы 5 000-нан аса балалар мен жастар білім алған.

Ұстаздар көбіне татар және башқұрт ұлттарынан шыққан молдалар еді. Ал оқу үшін алынатын ақы жалпы халықтан жиналған. Дегенмен балалар 4-6 ай, күз және қыс айларында ғана оқыған. Жалпы оқу процесі 4 жылға созылды. Оқушылар сауатын араб әріптері мен сөздерін жаттаудан бастаған. Негізгі мақсат - Құранды жатқа білу еді.

Медреседе бала оқыту арқылы дін жолында қызмет ететін мамандарды даярлады. Олардың қатарында молдалар, дідни споылар, шариғат заңын түсіндіруші лауазымды азамттар, қазилар болды. Жоғарыда айтқанымыздан, қазақ тарихында маңызды орын алатын ақын-жазушылар, философтар мен дана данышпандарының көбі дәл осындай медреселерден білім алды.

Қазақ халқының білім беру ісі медреседен басталып, бұл процес бірнеше ғасырға созылды. Өйткені, Ислам дінінің кеңінен таралуы уақыт өте көшпелі аймақтарда да мектептер мен медреселердің ашылуына әсер етті. Медреседе діни пәндерді ғана оқытты деу қателік. Себебі мұнда логика, география, астрономия, география, тарих, заңтану сынды пәндер де дәріптелді. Ал жастар өз білімін одан әрі ұштау үшін медресе жанынан ірі кітапханалар ашылған.

Киіз үйде оқытатын діни мектептер ауылмен бірге көшіп жүруге мүмкіндік берді. Ал бай көпестер мен саудагерлердің ақшасына салынған қалалық медреселерде нақты кесте мен сабақ өту уақыты болмады.

Қазаққа белгілі тұлғалар М. Сералин, М. Жұмабаев Т. Жомартбаев Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алған. Ал Семей қаласындағы «Ахмет Риза» медресесінде Абай Құнанбайұлы оқыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары
Ақпараттық оқу дайындықтарды пайдалану
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Түсіну дағдысын дамытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz