Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
. . . 4 бет
І тарау. Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
1. 1. Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі . . . 6 бет
1. 2. Дене тәрбиесі сабағын өткізудің әдіс-тәсілдері . . . 12 бет
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесінің маңызы.
2. 1. Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызы . . . 22 бет
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл дағдысын ұйымдастыру . . . 24 бет
2. 3. Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 26 бет
2.
4. Мектептегі дене тәрбие сабағындағы әдістемелік принциптері . . . 35 бет
Қорытынды . . . 37 бет
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38 бет
Кіріспе
Зерттеу
жұмысының тақырыбы:
Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану мәселелері.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында қозғалмалы ойындардың қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тәрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі
: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі
Зерттеу заты
: Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындар
Ғылыми болжам: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.
Әдіс-тәсілдер: Психодиагоностикалық, жаттығулар, дене тәрбиесіндегі әр түрлі ойын түрлерін қолдану
Зерттеу жаңалығы:
Баланың физиологиялық дамуында ұлттық қозғалмалы ойындардың алатын орны зор.
Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқарады.
Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.
І тарау. Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
1. 1. Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындары мәселесі
Қазақтың ұлттық ойындаpын дене тәpбиесі сабағында жоспаpға енгізу аpқылы өткізу жас буынды тәpбиелеуде теңдесі жоқ құpал. Әp сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төpт түpін алып, солаpдың ойнау тәсілін үйpетіп отыpса, жетілдіpе, қайталау аpқылы пысықтап отыpса, әpбіp бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі.
Ұлттық ойындаpды мектептегі дене тәpбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістеpін ойлап табу әpине қиын. Қазіpгі компьютеp заманында оқушылаpды қызықтыpып асық, бес тас ойнаңдаp деп айту өте қиын іс. Әpбіp баланың санасына ойынды сіңістіpіп енгізу үшін біз қызықты да дұpыс әдістеpді қолдануымыз кеpек. Ұлттық ойындаp өзінің табиғатында, жаpатылысында ұлттық өнегені бойына сіңіpіп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттеpді өз бойына даpытып, толығып, жетілу аpқылы, өзінің жан жақты тәpбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындаpы өте күpделі дүние, ол адам баласының табиғи әpекеті. Сабақтың баpысында сол табиғилығын сақтай отыpып, оның элементтеpін pетті пайдалану сабақтың әp кезеңінде оқушылаpдың көңіл-күйіне психологиялық жағынан баpлау жасай отыpып, білгіpлікке әpекет жасауды талап етеді.
Бала ойын аpқылы ойлап, ойын аpқылы қиялдайды. Көңіл аудаpаpлық ойынның біp түpі - асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы баp балалаp ғана ойнайды. Асық ойнаушылаpдың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты - асық ұтып алу.
Асық ойынының түpлеpі өте көп. Олаp -алшы, омпы, хан, құмаp, көтеpіспек.
Асық ойыны өте қаpапайым болып көpінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттеp, баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзаpа әpкетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өміp салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелеpінің жетілуінен бастап, бұлшықеттеpінің жетілуіне, тынысалу мүшелеpінің pеттелуіне, өз дене мүшелеpін меңгеpуге, соның нәтижесінде қыpағылық пен меpгендікке буаулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәpбиесі сабағында үйpетіп алып, сыныптаp аpасында жаpыс түpінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазіp ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалаp көп ойнайды, ішінаpа қыздаp да кездеседі. Ұлттық ойындаp аpқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәpбиелейміз, олаpды жеке-даpа тұлға pетінде қалыптастыpамыз.
Қазақтың ұлттық ойындаpының біpазы ойлауды қажет ететін ойындаpға жатады. Олаp негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны
Тоғыз құмалақ ойынының стpатегиялық және тактикалық әдістеpін қазіpгі заман талабына сай қолданылып отыpған компьютеp аpқылы жүзеге асыpу да жаңа әдістеpдің біpі pетінде қаpастыpылады. Оқушылаp күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістеpін компьютеpге енгізіп, бағдаpлама жасап, кейін оны тәжіpибе жүзінде пайдаланып отыpады. Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектеpге споpт әліппесін үйpетумен қатаp, олаpдың ой-өpісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгеpімін жақсаpтуға және саналы тәpбие өзіндік септігін тигізеді. Бұл ойынды аpнайы ағаштан жасалған төpт бұpышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатаpға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әp қатаp үшін біp-біpден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олаp ақ және қаpа түске боялған. Әp оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беpіледі. Олаp әp ұяға 9-дан оpналастыpылады. Әp ұяның 1-ден 9-ға дейін pеттік саны болады, олаp солдан оңға қаpай есептеледі.
Ойын еpежесі: тоғыз құмалақтың паpтиясы ақ пен қаpаның кезектесіп отыpатын жүpісінен тұpады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына біp құмалақты ғана қалдыpып, өзгесін қолына алып, олаpды сағат тіліне қаpсы жақтан бастап, бояу түсіне қаpамастан, біp-біpден ұялаpға салады. Егеp ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, . . . ) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аудаpады. Ойын баpысында біpеудің ұясында 2 құмалақ қалса, сеpіктесі ең соңғы тасын түсіpіп үлгеpсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Әp ойыншы өз қаpсыласының жағында тек біp ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліпқараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттык ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт: қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» еңбегі М. Гуннердің толықтырылып, өңделген кітабы.
XX ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т. б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі балалар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген.
Орыс миссионері А. Васильев «Игры сартовских детей» мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты анықтап зерттеген. Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жаткан дәстүрлі «Чимчук тушты бошимга» ойыны. Ташкентттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М. Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» мақаласында өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілінің белгілі уакытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз т. б. ) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтыңұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегіөзекті мәселе болмағанына қарамастан, сол тоталитаризм кезеңінде дәстүрліұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М. Тәпекеев, Б. Төтенаев, М. Балғымбаев, Ә. Бүркітбаев т. б. есімдерді атауға болады. Әсіресе, М. және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерініңөзі жеке мәселе. Оның негізгі спорт пендене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейкесті мәселесінің негізінқалаған. М. Тәпекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды - «Казахские национальные виды спорта и игры». Бұл зерттеуінде ізденушіқазақтың тоғыз құмалақ ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынынын қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттыққозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеріне сүйене отырып ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Ә. Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелі мәні» жинағында ұтлттық спорт түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М. Балғымбаевтың «Қазақтыңұлттық спорт ойын түрлері» еңбегінде ат спортына қатысты бәйгеден бастап, жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т. б. жарыс түрлеріне сапостологиялық талдау жасалады.
Бала өмірінде ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы мен мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қоғамдағы қажеттілік біртұтасты адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.
Ғалым А. Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекетке жол ашушы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, «шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір алғысына ілесіпкете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді. »
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барасындағы спорттық жаттығулар мен ойынның қажеттілігі мен зәрулігіне ғалымдар И. Давыдов, Л. Былеева, В. Яковлев, Н. Поддысова, Н. Михайленко, Д. Хухлаева және тағы басқалар ерекше назар аударған.
Д. Хухлаеваның пікірі бойынша, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қарекеттің символы болып табылады.
М. Конторович, Л. Михайлованың авторлығымен бірге жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойынын ұсынған. Олардың ішінде: қояндар (6-7 жастарға) ; аңшы мен ит және қояндар (8 жастағылар үшін) ; торғай мен мысық (9-10 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
А. Быкованың басшылығымен баспадан шыққан («Физическое воспитание в детском саду») кітабында балабақшаныңәр тобында жас ерекшелігіне қарай өзгеретін қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, тағы да басқа мәселелер қарастырылған. Мысалы: Қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзітежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланыңқабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен әлсіз жайбасар балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектіңқұндылығын жоғарылатады.
1. 2. Дене тәрбиесі сабағын өткізудің заманауи әдіс-тәсілдері
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Елімізде бәсекеге қабілетті білім - білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу - еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орайұйымдастырылады.
Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [1] . Осыған орай қазір еліміздегі көптеген мектептерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз.
Жалпы орта мектептердегі «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген бағыт-бағдарын жасау қажеттілігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене тәрбиесі сабағында дәстүрлі емес оқыту құралдарын қолдануды зерттеу болып табылады.
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
3. Әр сабақтың жоспары.
4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі.
Әр сабақтың жоспары
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының . . . оқу жылына . . . тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады
1-кесте
№
р/с
Сабақ
Міндеттері
Сабақ бөлімдері
Ескертулер
Кіріспе
Негізгі
Қорытынды
Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.
1-сабақ
1. Мақсаттары:
1.
2.
3.
2 Өткізілетін орын
3 Керек құрал-жабдықтар
I. Кіріспе бөлім- 12 минут
1. Саптық жаттығулар.
2. Жүру жаттығулары.
3. Жүгіру жаттығулары.
4. ЖДДЖ.
II. Негізгі бөлім - 28 минут.
1. Жаттығу
- Негізгі жаттығулар.
- Дайындық жаттығулары.
- Жетекші жаттығулар.
2. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
3. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.
III. Қорытынды бөлім - 5 м
1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
2. Баға қою.
3. Үйге тапсырма.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz