Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Компьютерлік графика
Мамандығы: 0111000 Нeгізгі орта білім бeру
Біліктілігі: 0111093 Информатика мұғалімі
Тобы: И-И-18
Орындаған: Токмаганбет А.У.
Жeтeкшісі: Досжанова Б.
Қызылорда, 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НEГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Растрлық графика мен векторлық графика ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .8
1.2 Растрлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Векторлық графикалық бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Графикалық деректер форматтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.5 Фрактальды графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.6 Үш өлшемді графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ ... ... ... ... ... ...17
3. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ (PHOTOSHOP, COREL DRAW) ... ... ... ... ... ... ... .. ... 18
II.ТӘЖІРИБEЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДEБИEТТEР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПE
Жұмыc мaқcaты - Компьютерлік графика түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырату. Оның адам өмірінде алатын орны мен қолдану салаларын анықтау.
Міндeті:
Компьютерлік графиканы түрлі салаларда қолданылуын зерттеу.
Өзектілігі: Келешекте компьютерлік графика түрлері бойынша жинақтаған білімімді күнделікті өмірде пайдалана білу.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, тәжірибелік бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде компьютерлік графика, сол компьютерлік графиканың салалары мен түрлері және де осы компьютерлік графиканың түрлерін қандай программалармен жүзеге асырылатыны туралы қарастырылған.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Деректер жинақтау, салыстыру, пікірлесу, қорытынды жасау
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90% уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Қазақстан білімі бүгінгі таңда мектептерде оқушыларды даярлаудың барлық бағыттарында, соның ішінде көркемдік білім беруде құрылымдық және мазмұндық өзгерісті басынан өткеруде. Дүниетаным мен білім беруге байланысты жоғары кәсіби білімді реформалаудағы тұжырымдамалық көзқараста қайта бағаланды, мемлекеттік білім беру стандарты ендіріліп, оқытудың шарттары, формалары мен әдістері жетілдірілді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту мен оларды кәсіби тапсырмаларды шешуге байланысты белсенді Іc-әрекеттерге даярлау проблемасы
да аса көкейкесті мәселеге айналды. Жаңа ғасырдың алғашқы сатысынан бастап ақ адам баласы теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде өзіне ұнайтын жолды таңдау мүмкіндігіне қолы жетті. Қоғамның бүгінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның барлық кәсіби іс-әрекеттері саласында жаңа пайдалану болса мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты туындап отыр. Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан саласының бірі -- компьютерлік графикаға тікелей қатысы бар.
ХХ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру күрделі дайындықты талап етеді. Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек компьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым әрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік халыстарды атқарады. Қолданбалы программалық қамсыздандырудың мынадай түрлері бар: Corel Draw Page Maker, Adobe Photoshop.
НEГІЗГІ БӨЛІМ
1.КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Компьютерлік графика- әртүрлі кескіндерді (суреттерді,сызбаларды,мультипликац ияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90% уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Ең алғаш есептеуіш машиналарда арнайы графикалық жұмыстарды атқаратын мүмкіндіктер болған жоқ, бірақ бейнелерді өңдеуде немесе алуда қолданыла бастады. Алғашқы электронды машиналар матрица негізіндегі электронды шамдармен бағдарламаланған, сондықтан өрнектерді салу арқылы жасалынатын жұмыстар қолға алына бастады. 1961 жылы программист Стив Рассел алғашқы компьютерлік ойындарлың жобасын жасады. Ойынның аты Spacewar болған, бұл ойынды PDP-1 машинасында құрастырылды, бұл компьютерлік графиканың негізін салуда алғашқы баспалдақ болды. 1963 жылы американдық Айван Сузерленд sketchpad бағдарламалық-аппараттық кешен ойлап тапты, оның негізгі мақсаты нүктелер мен сызықтар арқылы шеңберлер мен геометриялық фигуралар салу . Бұл алғашқы векторлық графиканы компьютердің көмегімен салуға мүмкіндік берді, алғашқы графикалық интерфейс пайда болды. 1964 жылы дженарал моторс компаниясы DS1 автоматтандырылған жобалау жүйесін ойлап тапты, ол IBM мен бірге жасап шығарыла бастады. 1968 жылы Н.Н.Константин Мысық қозғалысы атты компьютерлік математикалық, яғни дифференциалды теңдеулерді шешу арқылы мысықтың қозғалысын жасайтын мультфильм жасап шығарды.
Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бөлігі болып табылады.
Компьютерлік графика - арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып табылады.
Компьютерлік графика монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыларда (қағаз, кинопленка, мата және т.б.) көшірмелерінде кескіндерді бейнелеудің барлық түрлерін қамтиды.
Деректерді көрнекілеу адамзат қызметінің әр түрлі салаларында орын алып келеді. Мысалы, медицина (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер, киімдерді модельдеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Компьютерлік графика түрлері:
-Екі өлшемді графика
-Үш өлшемді графика
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:
Екі өлшемді графика өз кезегінде
- растрлық;
- векторлық;
- фрактальдық болып бөлінеді.
Пәннің тағы да бір ерекше бөлімі - үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді қолданылады.
Түстеріне байланысты графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер болады.
Компьютерлік графика көбінше тек құрал ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.
Растрлық графика.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Растрлық графикада ұзындық бірлігінде нүктелер санын анықтайтын мүмкіндік ұғымының маңызы зор. Оның келесі түрлері болады:
түпнұсқаның мүмкіндігі;
экран кескінінің мүмкіндігі;
баспа кескінінің мүмкіндігі.
Түпнұсқаның мүмкіндігі.
Түпнұсқаның мүмкіндігі бір дюймдегі нүктелер санымен өлшенеді (dots per inch - dpi) және кескін сапасына қойылатын талаптарға, цифрлау тәсіліне, файлдың форматына және басқа да параметрлерге байланысты болады.
Экрандық кескіннің мүмкіндігі.
Кескіннің экрандық көшірмесінде растрдың элементар нүктесін пиксел деп атайды. Пикселдің өлшемі таңдалған экрандық мүмкіндікке, түпнұсқа мүмкіндігіне және кескін масштабына байланысты. Диагоналі 20-21 дюйм болатын мониторлар 640x480, 800x600, 1024x768, 1280x1024, 1600x1280, 1920x1200, 1920x1600 нүктелі экрандық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Экрандық көшірме үшін 72dpi мүмкіндігі жеткілікті, ал түсті немесе лазерлік принтерлерде басып шығару үшін 150-200 dpi, фотосурет басып шығару үшін 200-300 dpi мүмкіндіктері болуы керек.
Векторлық графика.
Растрлық графикада кескіннің базалық элементі нүкте болып табылады дедік. Ал векторлық графикада базалық элемент сызық болып табылады. Сызық бір тұтас объект ретінде математикалық жолмен сипатталады. Сондықтан векторлық графика құралдарымен объектіні кескіндеу үшін қажетті деректер көлемі растрлық графикамен салыстырғанда едәуір аз болады. Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Сызық - векторлық графиканың элементар объектісі. Кез келген басқа да объекттер сияқты, сызықтың да өзіне тән қасиеттері болады. Мысалы, оның формасы (түзу немесе қисық), қалыңдығы, түсі, түрі (тұтас, пунктирлі). Тұйық сызықтардың ішін толтыру қасиеттері болады. Тұйық сызықтардың іші басқа объекттермен немесе таңдалған түспен толтырылуы мүмкін. Қарапайым тұйық емес сызық түйіндер деп аталатын екі нүктемен шектеледі. Ол түйіндердің де қасиеттері болады. Қалған объектілердің барлығы сызықтардан құралады. Мысалы, кубты өзара байланысқан алты тік төртбұрыштардан құрауға болады, ал ол тік төртбұрыштардың әрқайсысы өзара байланысқан төрт сызықтардан тұрады. Немесе кубты өзара байланысқан он екі сызықтардан құралған деп қарастыруға болады.
1.1 Растрлық графика мен векторлық графика ерекшеліктері
Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.
Сонымен, растрлық немесе векторлық форматты таңдау кескінмен жасалатын жұмыстың мақсатына байланысты болады. Егер түс берудің фотографиялық дәлдігі қажет болса, онда растрлық форматты таңдаған дұрыс. Логотиптерді, схемаларды, сызбаларды, безендіру элементтерін векторлық форматта жасаған тиімді. Растрлық пен векторлық графиканың екеуінде де графика (немесе мәтін) монитор экранына немесе баспа құрылғысына нүктелер жиыны ретінде шығарылады. Интернетте графика GIF, JPG, PNG сияқты растрлық форматтарда беріледі, өйткені оларды браузерлер түсіну үшін қосымша модульдерді орнатуды қажет етпейді. Бір қарағанда, векторлық графиканы қолдану тиімсіз сияқты болып көрінеді. Алайда, сызбаларды, суреттерді векторлық графикада орындаған ыңғайлы. Өйткені кез келген сызықты қате сызған кезде оны түзетуге болады. Оған қоса қолданылатын редакторлар .gif , .jpg форматтарына экспорттауды қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі графикалық редакторлар (растрлық немесе векторлық) қолданылады. Әрине, олардың ортақ қасиеттері де бар - файлдарды әртүрлі форматтарды ашу немесе сақтау, аттары бірдей аспаптарды (карандаш, перо және т.б.) немесе функцияларды (выделение - белгілеу, перемешение - жылжыту, масштабирование - масштабты өзгерту және т.б.) қолдану, қажетті түсті таңдау және т.б. Бірақ, растрлық және графикалық форматтардың қасиеттеріне байланысты редакторларда сурет салу, сызбаларды орындау және редакциялау принциптері әртүрлі. Мысалы, растрлық графикада объектіні белгілеу кезінде объект күрделі формалы облыс түріндегі нүктелер жиыны ретінде қарастырылады. Оны белгілеу көбіне күрделі, әрі қиын болып келеді. Ол объектіні жылжытқан кезде орны тесік болып қалады. Ал векторлық графикада объект графикалық примитивтердің жиыны ретінде қарастырылады және оны белгілеу үшін мышканың көмегімен әр примитивті белгілесе болады. Ал егер бұл примитивтер топтастырылған (группировка) болса, оның кез келген нүктесіне меңзесе болғаны. Белгіленген объектіні жылжытқан кезде оның астында жатқан элементтер ашылады.
Қазіргі таңда графикалық редакторлардың бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда. Көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады, кескіндерді векторлық форматқа қосымша орнатылған құралдар (трассировка) арқылы айналдыра алады.
Кесте-1 Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Салыстыру критерийлері
Растрлық графика
Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі
Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады.
Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.
Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері
Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.
Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.
1.2 Растрлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.
Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.
Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады.
Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды - құрал палитрасы:
қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.
Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.
Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, ьейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады.
Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктері қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.
Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнәі анықтайды.
Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.
Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған.
Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.
Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.
Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.
Бағдарламалық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Фильтрлеу алады.
1.3 Векторлық графикалық бағдарламалар
Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.
Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады.
Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті - басқару қадамын өтеді. Сіз бұл контурларды қисық және нүктелердің математикалық модельдердің көлемімен пайда болғандықтан кез келген өлшем беріп құра аласыз.
Жаңа мүмкіндіктердің қатарына көптүсті градиентті бояуды жатқызуға болады. Байланысқан түстерді қызыл саршыл түске өзгерте алады. Барлық байланысқан түстер автоматты түрде өзгереді. Көпқабатты түстік интерактивтік түсті диапозитивтер ерекше тереңдікті қамтамасыз етеді және сіз вкеторлық бейнені векторлық графикалық файл көлеміндегі растрлық бейнеге ауыстыра аласыз.
Соңғы пакет негізіндегі ұстаным толығымен векторлық графика жйында ойын өзгертеді. Corel Xara 1.5 визуализацияға сапалы жаңа қадам жасайды. Fractal Design фирмасындағы Expression 1.0 пакеті контурды басқа да қиын векторлық графикалық бейнелерді жасауға мүмкіндіе берді. Көп жағдайда қарапайым иллюстрацияларды құру үшін Corel және Lotus бағдарламаларын қолдануға болады.
Corel Draw 8-9. Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo - Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. Лупа құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ - ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo - Paint-қа қасады. Бірақ барлығы ойлағандай оңай емес. CMYK түс моделін қолданған кезде Corel Draw-да келеңсіз жағдайлар пайда болады, бірақ бағдарлама Kodak CMS түс басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.
Ең жақсы құралдарға қарамастан Corel Draw-да жетіспеушіліктер де жоқ емес. Құралдардың кең тараған жиынтығы бұл пакетте сурет салу үшін қолайлы, бірақ баспа беттері және Web беттер бұл пактті қолдану мүмкіндігін шектейді.
Micrografx Designer 7. Бұл өте қарапайым, көптеген мәтіндермен оңай жұмыс жасайтын бағдарлама. Designer пакетінің сурет салу құрал - саймандар ортасы қолдануда ең қарапайым болып табылады. Corel Xara сияқты Designer-де мәтінді редактрлеу терезесі қарастырылмаған. Қабаттардың арасын ауыстыру өте қолайсыз, бірақ әртүрлі форматтағы бірнеше бетерді қолдануға болады. Designer пакетінің құрамына растрлық филтрлар, эффекттер кіреді. Олар пиксельдерді OLE технологиясымен Picture Publisher құрылғысында редактрлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл пакет Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модулімен бірге қолдану үшін URL-ді объектреге қосты. Егер сіз жақсы сызбалар сызғыңыз келсе немесе интерактивті режимде жұмыс жасағыңыз келсе, ақпараттарыңызды өз Web бетіңізге орналастырғыңыз келсе, онда сізге осы пакетке тоқталуыңызға болады.
Macromedia FreeHand 7. Macromedia FreeHand 7 пакеті төрт түсті CMYK баспамен және Web ке арналған бінеше форматпен ерекшеленеді. FreeHand сіз нұсқаған түс тізімін ғана қолданады. Бағдарлама бірнеше кітапханалардан түстерді таңдауға мүмкіндік береді, яғни оның ішінде Pantone және Hexachrome. FreeHand сурет салу құралдары және мәтінмен жұмыс қажетті сұраныстарға жауап береді, бірақ шектелу бар. Бұл пакет интерфейсі объектіні толығымен емес, түйіндерді ғана редактрлеуге берілген. Әрбір Corel Draw-да орындалатын масштабтау операциялары, қайталаулар, жән деформациялар FreeHand құралдар жиынтығынан жеке құралды қажет етеді.
1.4 Графикалық деректер форматтары.
Компьютерлік графикада кескіндерді сақтайтын файл форматтарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz