Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Инклюзивті білім беру моделі . Инклюзивті білім беру субъектілері: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, басқару органдарының өкілдері, қоғам және т. б .

Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Инклюзивті білім беру дегеніміз - балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.

Инклюзивті оқыту балаларды қалай жетілдіреді: балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, үйренеді.

Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, өзін -өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады. тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата -анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.

Қорыта айтқанда: инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Педогог- ол ұстаз, енді жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс білім үйретуші. Кез келген мықты адамныңда ұстазы жол нұсқаушысы болады. Баланың дұрыс ойлауына да үлкен үлесін қосатын осы ұстаздардың еңбегі және жас ұрпақтан болашақ үлкен азамат шығаратын фундамент осы маман иелеріне әбден байланысты.

Ата-ана болу- әр бала үшін, екі жақтан демеу беруі, әр қиын кезде қолдау білдіруі өте маңызды. Ең алғашқы былдырлап баланың тілі шыққаннан -ақ бастап өзінің өміріне жауап беретін жасқа дейін, ата-ананың тарбиесі үлкен роль атқарады.

Оқушы- білі алушы, жас ұрпақ. Жас ұрпақтың саналы білімді іздемпаз адамгершілікті, мейірімді, болашаққа деген үлкен нақты мақсат қоя алатын, ел қамын жейтін азамат болуына қоршаған ортаның жайлы болғаны маңызды. Қоршаған орта деген-ең бірінші ата-ана, бауырлар, класстастар, ұстаздар мен араласатын адамдар жатады.

Дәріс

3-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға
мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Жоспар:
1. Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші
2. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.
3. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту жүйесі.
4. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері
мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері 16
Дәріс тезисі: Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және
түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің
қарауында орналасқан.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102
арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның
ішінде: 9 ұйымда - соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам) ; 20 -
саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам) ; 5 - 868 сөйлеу қабілеті
нашар балалар үшін; 4 - 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған
балалар үшін; 56 - 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 - 1710 психикалық
дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы
балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша,
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788
саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27%-ы) ғана арнаулы білім
беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы
сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында
және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында
9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың
типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған
жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен бірге мүгедектердің осы
санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу
кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында
оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек
кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту
қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540
мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін
одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек
балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай
алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты
бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер,
диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды
кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне
араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
АСТАНА және Алматы қалаларының психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі - ПМПК) қосымша 18 жасқа
дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту
орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі
түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер кемтар
балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған. 17
Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды
шешілуден көш алыс.
Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін
мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың даму
ерекшеліктерін жете ескермейді.
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді,
педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында
қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар
әзірше жетіспейді.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының
ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық
көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала
басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың
жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген
семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы
деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген
мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан
бөлексіткендей сезінеді. В. Г. Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген
шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі
етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.
Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда
жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау
сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың
сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ
екендігін көрсетеді.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен
кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады,
ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан
артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-
бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді
Н. М. Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және
саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің
айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде
үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л. Браиль әрпімен
жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу
тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер
сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -
әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар
үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр.
Л. С. Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден
айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық
жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок. Керең мен
мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі мәселе педагогиканың қиын да, әрі
қызықты тармашның бірі. Соқырға қарағанда керең-мылқау өмірге араласуға 18
және оны тез танып білуге бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі
өз денесін еркін билеп, әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-
әрекеті дені сау адамдардікіндей болуы. Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын
бақылай алады. Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-
мылқаудың дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н. А. Попов
айрықша атап көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі
айтарлықтай қиындық тудырмайды. Соқырдын айырмашылығы еңбектін,
қандай түрі болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай.
Сурдопедагогика осы уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұ
ғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык және керең-мылқаудың тәрбиесіне
кемтар деп санап, оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі. Өмірдің келешегін
ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану
ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы.
Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-
сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі.
Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға
қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат
болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен
ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және
қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың
мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары,
жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да
құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие
жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады.
Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне
байланысты.
Кеміс баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлектеп
тастау бала психикасының дамуына теріс әсер етуіне жол бермеу, әлеуметтік
сарыны кемтар балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты
дамыған қоғамның толық мүшесі етіп даярлау. Кемістікті туғызатын
жағдайларды жою және оны бір қалыпқа келтіру.
Естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әдістерді таңдап
алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір
тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан
естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әр баланың жеке
даму ерекшелігін еске алған жөн.

Практикалық тапсырма 4周

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

Дәріс

4-дәріс. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі
мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.
Жоспар:
1. Бала дамуындағы ауытқуларына сай оқыту
2. Балалардың түрлі даму деңгейі, сыныптар мен топтардағы табысты
жұмыстары
3. Ауытқулар түріне қалай нақты стратегиялар мен әдістемелік ұсынымдар
Дәріс тезисі: Бала жас болған сайын оның шаршаған белгілеріде ерте пайда
болады. Сонымен, 5-6 жастағы балалар үшін уақыт 10-15 минут құрайды. Бұл
жастағы балалардың қызмет ету мүмкіншілігі өте аз. 7-12 жастағы балалар үшін
компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтылығы - 20 минут, ал олардан үлкен
балаларға - жарты сағаттан аспау керек. Сабақтың ұзақтылығында балалар мен
жасөспірімдердің көру және жалпы шаршау белгілері пайда болады. Егер
балада неврологиялық бұзылуы, тырысқақ реакциясы, көру қабілеті бұзылу бар
балаға компьютерлік сабақтар туралы сұрақты сақтықпен шешу керек, өйкені
компьютер денсаулығына байланысты осы барлық ауытқуларды күшейтуі
мүмкін.
Екінші ереже - жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру. Ең алдымен,
компьютер экранына сол жақтан жарық түсетіндей етіп орналастыру керек.
Экранның жарықтығына қарамастан сабақ қараңғы емес, жақсы жарық
комната өту қажет. Компьютермен жұмыс істеу орнына сол жақтан, табиғи
жарық бір бүйірден түсетіндей етіп орналасуы керек. Компьютерді
қолданушының алыс арақашықтыққа көзқарасты ауыстыру мүмкіншілігі бар
кезде жұмыс орны сәтті орналасқаны болып табылатыны - жұмыс уақытында
көру жүйесінің жеңілдету ең бір тиімді әдісі. Сөйлеу дефектісі мен қозғалыс,
интелектуалдық түзетуде компьютерлік бағдарламаны оқыту ролі мен дамыту
туралы айтсақ, бала ағзасына компьютердің өзімен өзара іс-қимылына
байланысты кейбір мәселелерді айта кеткен жөн. Денсаулыққа зиян келтіретін
балалардың білімдерін компьютерлеудің кейбір жағымсыз кезеңдері бар.
Компьютерде сабақ немесе ойын, жұмыс біртұтас кешенді факторларының
балаға әсер етуіне байланысты. Олардың негізгісіне тоқталамыз. Бірінші,
медиктер өзінің көңілін неге бөлу керек еді, бұл диспеемде жұмыс істейтін 20
жастық көру жүктемесі. ЖК жұмыс кезінде жүріп тұрған экран, жарқыраған
фонына және жақын арақашықтықта затты қарау керек болады. Бұл көру
жұмыстың үйренбеген жағдайы.
Сонымен қатар заттарды жақын жерден қарау кезінде баланың иліктіру
жүйесі үнемі күшейтуде болады. Компьютер алдында балалардың көру
жұмысының ерекшелігіне, сонымен қатар оларға экраннан перне тақтаға және
қайтадан жиі көңіл аудару жатады. Сондықтан балалар көзінің шаршауына,
әсіресе компьютер алдында баланы дұрыс отырғызу ережесін бұзуында тез
дамиды. Арнайы көп жылдық зерттеулер әртүрлі жастағы жасөспірімдер мен
балалардың оңтайлы ұзақты үздіксіз сабақтарын анықтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі
инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім
беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу
дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек
күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны
өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149
мыңнан асты. Олардың 41, 4%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен
қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 2921 2-сі
немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және
240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтылған, бұл 32, 8% -ды ғана құрайды. 2. Жобаның мақсаты: дамуында
ауытқулары бар балаларды қалыпты ортаға қосу технологиясын зерделеу.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару,
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге
оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-
әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың
мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі
арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі
формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы
өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне
енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа
тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ

Дәріс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Адамзат даму тарихындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік мәдени статусы
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Әлеуметтік жұмыстың әдістері және оның жетілдіру жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісі
«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz