Графикалық кескіндерді сақтау форматтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Математика және информатика кафедрасы

КG 3208 Компьютерлiк сызба

Пән бағдарламасы
(Syllabus)

Павлодар, 2014 ж.
Пән бағдарламасы Нысан
(SYLLABUS) ПМУ ҰС Н 7.18.419

БЕКІТЕМІН
ФМжАТ факультетінің деканы
___________ Н.Испулов
2014 ж. ___________

Құрастырушы: ______аға оқытушы Алимова Ж.С.

5В060200 Информатика мамандығының күндізгі нысанда оқитын
студенттеріне арналған

КG 3208 Компьютерлiк сызба

Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2014 ж. ____________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының
негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2014 ж. ____________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Джарасова Г.С.

ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2014 ж. ___________________ №____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2014 ж. _________________

1 Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы КG 3208 Компьютерлiк сызба

Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 5
Жалпы сыйымдылық – 135 сағат
Аудиториялық сағаттар – 45 сағат (дәріс – 15сағат, практикалық
сабақтар –30 сағат)
СӨЖ – 90 сағат (оның ішінде СӨОЖ – 22,5 сағат)

Бақылау формасы
Емтихан – 5 семестр

2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты
Алимова Жанар Сагидуллаевна
Информатика магистрі, аға оқытушы
Математика және информатика кафедрасы: А корпуста (Ломов к-сі, 64)
орналасқан, ауд. А-408, тел. 67-36-87 (ішкі 11-20), jarasovajanar@mail.ru

3 Пән, мақсаттары мен міндеттері
Оқу пәні жобалаудың әмбебап сызба жүйелері ортасында сызба
жұмыстарын автоматтандыруда қолданылатын негізгі ұғымдарды және сызбаның
түрлері мен классификациясына сәйкес сызба ортасында жұмыс істеуді
қарастырады.
Компьютерлік сызба пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің
компьютерлік сызба туралы түсінігін қалыптастыру, компьютерлік сызбаның
математикалық және алгоритмдік негіздерімен таныстыру. Сонымен бірге,
күрделі сызба жұмыстарын автоматты түрде орындай отырып, студенттердің
жалпы техникалық және графикалық мәдениетін арттыру, кеңістікте ойлау
қабылетін дамыту.
Пәнді оқудың міндеттері
- студенттерді қолданбалы геометрияның әдістерімен таныстыру;
- сызбаларды құрастыру және оқу дағдыларын қалыптастыру;
- ДЭЕМ-де жұмыс барысында сызбаларды жасау, рәсімдеу және
безендіру әдістерін меңгерту.
- сызба геометриясы, сызу пәндерінен алған білімдерін сызба
жұмыстарын автоматтандыруда қолдануын меңгерту;
- сызба редакторларын қолдану аймағына қарай жіктей білуге және
қолдана білуге үйрету;
4 Пререквизиттер мен постреквизиттер
4.1 Пререквизиттер
Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды
қажет: геометрия және сызу (орта білім деңгейінде), автоматты жобалаудың
бағдарламалық жабдықтары, ақпараттану пәндері.
4.2 Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы
уақытта, мультимедия жүйелерін жобалау мен модельдеу және веб-технология
пәндерін меңгеруде қажет.
5 Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар
Курстың оқылу нәтижесінде студенттер түсінуі қажет:
- Сызба объектілерін тұрғызу алгоритмдерінің негіздерін;
- Компьютерлік сызбаның фундаменталды математикалық әдістерін;
- Растрлық бейнелер, векторлық объектілер құрудың шексіз
мүмкіндіктері туралы;
білуі қажет:
- Бейнелерді анимациялауға және динамикалық веб түйіндерді құруға
арналған редакторларды;
- Сызба редакторларының негізгі командаларын, графикалық
бағдарламалық жүйелердегі графикалық примитивтерін, сызба
элементтерін түрлендіруді;
- Әмбебап графикалық жүйелері ортасында іске асырылған, сызба
жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологияларын;
қолдана білуі:
- Графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік бағдарламаларды
қолдануды;
- Кешенді сызбаларды жасағанда компьютерді ақпаратты басқару
құралы ретінде қолдануды;
меңгеруі қажет:
- ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде заттың кешенді сызбаларын жасауды
және өңдеуді;
- Берілгендер арқылы екінші түрдегі объектіні тұрғызуды;
- Үшөлшемді фигуралардың жазықтықтағы бейнелері бойынша берілген
позициялық және метрикалық есептерді шешуді;
құзіретті болу:
- Әмбебап графикалық жүйелерінде жұмыс істей білу;
- Іскерлік, анимациялық және иллюстрациялық компьютерлік графиканы
пайдалана білу.

6 Пәннің тақырыптық жоспары
№ Тақырыптар атауы Сағаттар саны
дәріс тәжірибе СӨЖ
1 Графикалық ақпарат туралы түсінік. 1 5
Компьютерлік графика түрлері.
Векторлық, растрлық, фрактальді
графика.
2 Компьютерлік графиканың қолдану 3 20
салалары. Графикалық редакторлар.
Графикалық файлдардың форматтары.
3 Компъютерлік графикада түстермен жұмыс1 5
істеу әдістері. Түсті басқару
жүйелері.
4 Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. 2 6 16
Растрлық графикамен жұмыс істеу
программалары. Adobe Photoshop
бағдарламасының ерекшеліктері.
5 Векторлық графиканың негізгі ұғымдары.2 8 14
Векторлық графикамен жұмыс істеу
программалары. Corel Draw
бағдарламасы жайлы түсінік.
6 Анимация құру құралдары Flash– 2 4 8
технологиясы.
7 Web-кескіндерді өңдеу: HTML 2 4 8
құралдарымен; Macromedia Flash
бағдарламасы құралдарымен; 3D Studio
Max бағдарламасы.
8 Сызу жұмыстарын автоматизациялау 2 8 14
программалар пакеті. AutoCad жүйесі.
Барлығы 15 30 90

7 Дәрістер мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Графикалық ақпарат туралы түсінік. Компьютерлік
графика түрлері. Векторлық, растрлық, фрактальді графика.

1-дәріс. Компьютерлік графика ұғымы
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын
қарастыру. Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Компъютерлік графика түсінігі.
2 Даму кезеңдері.
3 Қолданылу аймақтары.
4 Компъютерлік графика түрлері.
5 Векторлық, растрлық, фрактальді графика.

Глоссарий (анықтама, сөздік);
Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.
Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен
өлшенеді.
RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар
жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).
CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын
суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл,
жасыл және көк).
HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік
моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK
моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол
қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі,
түстің қоюлығы, түстің ашықтығы).
BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде
қолдануға негізделген растрлық формат.
PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған
растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.
TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін
Aldus фирмасымен арнайы жасалған.
PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.
JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің
сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне
көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға
негізделеді.
CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online
бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін
арнайы жасалған.
CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады,
бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.
PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында
электрондық дакументті тарату үшін жасалған.
DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге
әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы.

Дәрістің тезисі: Бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстер
көмегімен суреттерді жөндеу, жасау құралдарын, әдістерін зерттейтін
бөлімді–компьютерлік графика деп атаймыз. Оған адам көре алатын монитор
экранындағы немесе сыртқы тасушыдағы (қағаз, кинопленка, мата т.б)
көшірмелер ретіндегі адам көзбен көре алатын суреттердің барлық формалары
кіреді.
Векторлық беине көлемді емес жадыдан орын алады.
Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және
басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.
Кемшіліктері:
Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып
бейнеленіледі.
Нүктелерден тұратын растрлық суреттер үшін ұзындық бірлігіне келетін
нүктелер санын білдіретін рұқсат ету түсінігі маңызды болып табылады. Онда:
Түп нұсқалыққа рұқсат ету
Экрандық суретке рұқсат ету
Баспа суретке рұқсат ету
Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен
сақталады.Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық
видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютерлік графика деген не?

2. Инженерлік графика деген қандай графика? Айырмашылықтары қандай?

Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графиканың классификациясы. Суретті форматтау әдісіне
байланысты компьютерлік графика растрлық, векторлық, фракталдық деп
бөлінеді.
Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны
ретінде көрсету форматы. Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер
және сызбалар жатады.
Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel
Photo Paint, Adobe Photo Shop.
Артықшылықтары:
Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде растрлық сурет жай суреттен кем
көрінбейді.
Растрлық суреттер принтрмен оңай шығарылады.
Кемшіліктері:
Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет.
Растрлық суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы
айландыру және басқадай ауыстырулар.
Векторлық графика – Сурет қарапайым геометриялық фигураларға жіктеледі-
квадрат, дөңгелек, эллипс, түзу, және қисық сызық т.б.
Векторлық грапиканың программалары:CorelDraw, Adobe Illustrator
Артықшылықтары
Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.
Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және
басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.
Кемшіліктері:
Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып
бейнеленіледі.
Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді
модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән
болып саналады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Графиканың түрлерін атап беру

2. Айырмашылықтарын атап беру

2 тақырып. Компьютерлік графиканың қолдану салалары. Графикалық
файлдардың форматтары.

2-дәріс. Компьютерлік графиканың қолдану салалары

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың қолдану салаларын қарастыру.
Графикалық файлдардың форматтарымен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Компьютерлік графиканың бағыттары.
Компьютерлік графика бағыттарының міндеттері мен қолданылу аймағы.

Дәрістің тезисі: Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте
қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын
мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік
қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы
программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың
төмендегідей бағыттары бар:
Ғылыми графика
Іскерлік графика
Конструкторлық графика
Безендірмелік графика.
Көркемдік және жарнамалық графика
Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті -
объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми
графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу
нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, експеримент жүргізгенде және
олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте
ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде
қолданылады. Ал, білім беруде – мультимедиалық программалық құралдар
түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі
мекемелер жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға
арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме материалдар
объектісі – жоспарлық көрсеткіштер, есеп құжаттар статистикалық мәліметтер,
бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде
компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ
беруде, компьютерлік оқыту программаларында, сонымен бірге Internet
беттерінде қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары әдетте
кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу
жүйесінің элементі. Оның міндеті:
техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді
бейнелерді алу) сызба дайындау;
модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар
көмегімен сурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Өте күшті графикалық пакеттерді
пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын
шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру
және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық
роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру,
видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба
дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша
жобалауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Компьютерлік графиканың бағыттарын ата.
Олардың міндеттері мен қолданылу аймақтарын түсіндір.

3-дәріс. Графика форматтары

Дәрістің мақсаты: Графикалық файлдардың форматтарымен жеке танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Графика форматтары.
Форматтардың ерекшеліктері.

Дәрістің тезисі: Компьютерлік графикада мәліметтерді сақтау үшін аз
дегенде файлдардың отыз шақты форматтары қолданылады. Бірақ солардың ішінде
бірнешеуі ғана көпшілік программада қолданылып, стандарт ретінде
қалыптасқан. Ережеге сай, сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық,
үш өлшемді бейнелі файлдар болып келеді, дегенмен әр түрлі класқа жататын
мәліметтерді сақтауға мүмкіндік беретін форматтар да жоқ емес. Көптеген
қосымшалар өзінің жеке өзіне тән (спецификалық) форматтармен ғана жұмыс
істейді; олардың файлдарын өзге программаларға ауыстыру арнайы фильтрлерді
қолдануға немесе бейнені стандартты форматқа алмастыруға мәжбүрлейді.
TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғары сапалы растрлық
бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі TIF). Кеңінен таралған
форматтар қатарына жатады, көптеген графикалық, дизайнерлік программалар
тарапынан қамтамасыз етілген. СМҮК түсбөлінісінің монохромды ақ-қара
түсінен бастап 32-разрядты модельдерге дейінгі түстердің кең диапазонын
қамтиды. 6.0 версиясынан бастап TIFF форматында бейненің маскілері
(контурлары) жайлы мәліметтерді сақтауға болады. Файлдың көлемін азайту
үшін ішкі LZW сығымдау алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Растрлы графикалық ақпаратты сақтау
мүмкіншілігіне қарай анағұрлым қуатты программалардың бірі (файл атының
кеңейтілуі PSD). Көптеген маскілерді, айқындық дәрежесін, арналарды, қабат
параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Әр түрлі түстік модельдер мен түс
бөлу, түсті 48-разрядпен кодтау қолданылады. Басты кемшілігі, ақпаратты
сығымдаудың тиімді алгоритмінің болмауынан файл көлемінің өсуіне алып
келетіндігінде.
PСX. Формат Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасының растрлық
мәліметтерін сақтау форматы ретінде пайда болды және анағұрлым кең
таралғандардың бірі болып табылады. (файл атының кеңейтілуі . PSХ). Түске
бөлінген бейнені сақтау мүмкіндігінің болмауы, түстік модельдердің
жетіспеушілігі мен өзге де шектеулер форматтың танымалдылығының жоғалуына
алып келді. Қазіргі кезде формат көнерген болып саналады.
PhotoCD. Формат жоғары сапалы сандық растрлы бейнелерді сақтау үшін
Kodak фирмасында жасалған. (файл атының кеңейтілуі .PSD). Мәліметтерді
файлда сақтау форматы Image Pac деп аталады. Файл бейнені көрсетілімнің
белгіленген шамасында сақтауға мүмкіндік беретін ішкі құрылымнан тұрады,
сондықтан да бұл форматта сақталған кез-келген файл көлемінің бір-бірінен
айырмашылығы болмашы ғана және 4-5 Мбайт аралығында болады. Әрбір
көрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден
оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base16-дан (128х192 нүкте)
бастап Baseх 16-ға (2048-3072 нүкте) дейін бес деңгей бар. Бастапқы бейнені
бірінші мәрте сығымдауда іс жүзінде сапа жоғалмайтын субдискреттеу әдісі
қолданылады.
Windows Bitmap. Windows операциялық жүйесінде растрлық бейнелерді
сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .ВМР). Сәйкесінше бұл ортада жұмыс
істейтін барлық қосымшаларда қолданылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Groups). Формат растрлық бейнелерді
сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі . JPG). Бұл формат файлды
сығымдау дәрежесі мен бейне сапасы арасындағы арақатынасты реттеуге
мүмкіндік береді. Сығымдауда қолданылатын әдістер артық ақпаратты өшіруге
негізделген, сондықтан да форматты тек электрондық жарияланымдар үшін
қолданған жөн.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстердің саны (256) белгіленген
сығымдалған бейнелерді сақтау құралы ретінде 1987 жылы стандартталған (файл
атының кеңейтілуі .GIF). Жоғары дәрежеде сығымдалуы арқасында Интернетте
танымал болды. Форматтың соңғы нұсқасы бейненің жолтастап жүктелуіне және
түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді. Түстер санына шектеу
қойылуына байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда ғана
қолданылады.
PNG (Portable Network Graphics). Бейнелерді Интернетте жариялауға
арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл) сақтау форматы (файл атының
кеңейтілуі .PNG). Бейненің үш типі – түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік
тереңдікпен және сұр түстің 256 градациясы бар ақ-қара түс қолданылады.
Ақпаратты сығымдау іс жүзінде ешбір жоғалыссыз жүргізіледі және 254
деңгейлі альфа- канал қарастырылған.
WMF (Windows MetaFile). Windows операциялық жүйесінің векторлық
бейнелерін сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .WMF). Анықтама бойынша
жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда қабылданған
стандартты түстік палитралармен жұмыс істеуге арналған құралдардың болмауы
және өзге де кемшіліктер оның кеңінен қолданылуына кедергі жасайды.
EPS (Encapsulated PostScript). Векторлық, сондай-ақ растрлық
бейнелерді іс жүзінде баспаға дейінгі процестер мен полиграфия саласында
стандарт болып табылатын Abode фирмасының PostScript тілінде сипаттау
форматы (файл атының кеңейтілуі .EPS). PostScript тілі әмбебап болып
табылатындықтан, файлда векторлық және растрлық графика, қаріптер,
контурлар (маскілер), құрал-жабдықтарды пішімдеу параметрлері, түстік
профильдер бір уақытта сақтала алады. Экранда векторлық мәнді көрсету үшін
– WMF, ал растрлық үшін – TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме
жалпы алғанда EPS-тің елеулі кемшілігі болып табылатын тек нақты бейнені
ғана көрсетуге қабілетті. Шынайы бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса
арнайы көру программарының көмегімен немесе файлды Acrobat Reader, Acrobat
Exchange қосымшаларының PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана көруге
болады.
PDF (Portable Document Format). Abode фирмасы шығарған құжаттарды
сипаттау форматы (файл атының кеңейтілуі .PDF). Дегенмен, бұл
формат негізінен құжатты тұтастай сақтауға арналған, оның таңқаларлық
мүмкіндіктері бейненің шынайы көрінуін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Формат аппаратты-тәуелсіз болып табылады, сондықтан да бейнені монитор
экранынан бастап фотоқұрылғыға дейінгі кез келген құрылғыдан шығаруға
болады. Бейненің аяқталған көрсетілімін басқару құралдарының көмегімен
сығымдаудың қуатты алгоритмі жоғары сапалы иллюстрациялары бар файлдарды
ықшамдауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Компьютерлік графиканың форматтарын ата.
Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндір.

4- дәріс. Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау
форматтары
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын
қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Графикалық редактордың интерфейсі және жұмыс істеу режимі.
2 Графикалық кескіндерді сақтау форматтары

Дәрістің тезисі:
Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен
сақталады. Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық
видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.
Ең жиі кездесетін графикалық кескіндерді сақтау форматтары:
BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде
қолдануға негізделген растрлық формат.
PCX – PC Paint Brush бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған
растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.
TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін
Aldus фирмасымен арнайы жасалған.
PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.
JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің
сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне
көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға
негізделеді.
CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online
бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін
арнайы жасалған.
CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады,
бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.
PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында
электрондық дакументті тарату үшін жасалған.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютелік графиканың кескіндерін сақтаудың қандай форматтары бар?

2. Айырмашылықтарын атап беру

3 тақырып. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері.
Түсті басқару жүйелері.
5- дәріс. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері
Дәрістің мақсаты: Түс үлгілерін оқып үйрену.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Түс ұғымы.
2 Түс палитралары.
3 Түсті басқару жүйелері.

Дәрістің тезисі: Суреттің көріну әсерін күшейту және ондағы
ақпараттың көлемін жоғарлату құралы ретінде түс компьютерлік графикада өте
маңызды. Сәулелі немесе бейнелейтін обьектілерден көзге түскен жарықты
талдау нәтежесінде адамның миында түсті сезу қалыптасады. Түсті сезгіш
жүйкелер, әр қайсысы бір ғана түсті қабылдайтын – қызыл, жасыл немесе көк,
үш топқа бөлінеді деп есептелінеді. Қай топтың болсада жұмысының бұзылуы
дальтонизм – түсті теріс қабылдау, пайда болуына әкеледі.
Түстің тобы, үш таза түстердің (қызыл, жасыл, көк) және олардың
туындыларының (ағылшын тілді әдебиетте RGB – Red, Green, Blue
аббревиатурасын қолданады) сәулеленуі қалыптасады.
RGB түстік моделі. RGB моделі түсінуде өте қарапайым. Бұл моделде
мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Қандай болсын өң үшін негізгі
компоненттен тұрады деп есептелінеді: қызылдан, жасылдан және көктен.
CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын
суреттерді жасау кезінде қолданады. Олар өтпелі емес бейнеленген жарықта
көрінетіндігі мен ерекшеленеді. Қағазға бояу қаншалықты көп салынас,
соншалықты
HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен
жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі –
типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және
түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар: түстің өңі, түстің қоюлығы,
түстің ашықтығы. Бұл үш компонентті басқара отырып қалған екі моделмен
жұмыс жасағандағыдай көп түс алуға болады.
Түстік палитра – бұл түс қандай кодпен кодталғаны туралы ақпарат
сақталатын деректер кестесі. Бұл кесте графикалық файлмен қатар жасалады
және сақталады
Компьютер үшін түстік кодтаудың ең ыңғайлы әдісі – 24 разрядты True
Color. Бұл режімде түстік құрауыштарын R (Қызылды), G (Жасылды), B (Көкті)
кодтауға бір байттан бөледі. Әр құрауыштың ашықтығы 0 – 255 ке дейінгі
санмен анықталады және 16,5 миллион түстің қайсы бірі болсын компьютер 3
код бойынша шығарады. Бұл жағдайда түстік палитра қажет емес. Себебі 3
байттың ішінде пикселдің өңі туралы жеткілікті дерек сақталады.
Түстерді сәйкестіру үшін компьютерлік графиканың жөндеу қадамдарында
түстерді басқару жүйесі қолданылады. (Color Management System – CMS).Бұндай
жүйелерде түстік деректермен алмасу кезінде барлық құрылғыларға қажетті
обьективті параметрлер жиыны бар.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Түсті сипаттау әдістері

2. Грассман заңы
3. Гетенің табиғи түстер шеңбері

4 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен
жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.
6,7 - дәріс. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен
жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Растрлық графикамен жұмыс істеу бағдарламаларымен,
соның ішінде Adobe PhotoShop бағдарламасын таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Adobe PhotoShop бағдарламасына түсінік.
2 Adobe PhotoShop бағдарламасының артықшылықтары.
3 Adobe PhotoShop жұмысының негізгі тәсілдері.
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Пиксель - cуреттің экрандық көшірмесі үшін растрдың элементарық
нүктесі.
Move - Ерекшеленген облыстарды жылжыту құралы.
Lasso - Еркін формадағы облыстарды ерекшелеу құралдары.
Magic Wand - Бір түсті облысты ерекшелеу құралдары.
Crop - Суреттің шет жақтарын көрсету құралы.
Slice - Суретті фрагменттерге бөлетін құралдар.
Healing Brush - Суреттерді өңдеу құралдары.
Дәрістің тезисі: Пакеттердің әйгілі мүмкіншіліктері кеңейтілген және
жаңа пакеттер қосылған.
PhotoShop және Image Ready құрамына тез қарап шығу және суреттер
тобын басқару модулі енген. Алғашында басқадай жасаушылардың утилиталары
қажет болған, мысалы ACDSee немесе ThumbsPluse.
WBMP форматындағы, қалтаға салатын компьютерлерде (PDA) қолданылатын
инфорт және экспорт филтрі қосылған. Бұл форматтың қатаң шектеулерін ескере
отырып суретті оптимилизациялау автоматты түрде жүріледі, сонымен қатар
суреттің сапасын ең ... .. мөлшерде кемітеді.
Бірнеше суреттерді немесе суреттің көшірмелерін бір параққа қоятын
құрал пайда болды. Оның сыртында бұл құралды суреттерде алдын ала миниатюр
ретінде көруге мүмкіндік беретін Web галерияларды жасауда қолданады.
PhotoShop 7 ге алғаш рет топтасып жұмыстауға арналған құралдар
ендікаробколық версиясының құрамына әр түрлі қолданушылардың барлық
Adobe өнімдеріне қатынауды қамтамасыз ететін After Cast серверлік
кеңейтілуі енді, егер қолданушының біреуі файлға өзгеріс енгізссе онымен
бірге жұмыс істейтін адамдардың барлығы оны көреді. Бірақ After Cast баптау
жүйелік админстратордың жұмысы, сондықтан PhotoShopты үйде ғана қолданатын
адамдар бұл құралмен таныс емес.
Кисть (аэрограф) баптауының 12 параметірі бар. Бұл алдыңғы версиясына
қарағанда 3 есе көп. Бұл дәстүрлі сурет (живопис) салу құралдарын нағыз
түрде жасай алады. Шаблон ретінде әр түрлі растрлық суреттер қолданылады.
Суреттің прагменттері негізінде текстура жасау құралдары жетілген.
Healing Brush жаңа құралы пайда болды. Оны Clone Stamp құралының
жетілдірілген түрі ретінде немесе суреттің бетіндегі әр түрлі артефактерды
жоғалту құралы ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда жарықкөлеңке ойыны
және түп нұсқаның текстура суреті толығымен сақталады. Жасаушылар Healing
Brush құралын портреттік суреттердегі шаң басқанда кішкене жарақаттарды
сондай-ақ, әжімді, меңдерді жасыруға қолдануды ұсынады.
Сырттай түскен жарықты жасыруға болатын AutoСolor құралы қосылды. Бұл
құралды қолдану сандық және қарапайым камераклармен жасанды жарық кезінде
алынған суреттерді жөндеуді жеңілдетеді. Сканерленген негативтерден
маскаларды өшіру кезінде AutoСolor жақсы нәтиже береді. PhotoShop құрамына
алғаш рет дұрыс жазуды тексеру құралы енді.
Web гарафикамен жұмыс жасауға арналған Image Ready бағджарламасы
жаңарды. Image Ready-де анимацияларды басқару өзгерген. Сондықтан алғашқы
версияларына қарағанда қарапайым болады. Интернетке тараеуға арналған
графиктерді оптимилизациялау құралдары жетілдірді. Бұрын бұл модуль жұмысы
сынау обьектісі болған және Web мастерлерге басқа фирмалардың өнімдерін
қолдануға тура келеді. PhotoShop және Image Ready шығу кезінде
қарсылас бағдарламалық өнімдер жөндеуге файлдарының көлемінен көп
айырмашылық жоқ файлдарды береді.
Құралдар панелі. Пиктограммасы экранда көрініп тұрған құралды
активтендіру үшін оның пиктограммасына шертіңіз. Кейбір пиктограммалардың
жанында кішкентай бағыт белгісі орналасқан. Оған шерткен кезде сол топқа
кіретін құралды таңдап алуға болатын қалқып шығатын палитра ашылады.
Пернетақта көмегімен құралдарды шақыру өте ыңғайлы. Егер сіз пернелер
комбинациясын ұмытып қалсаңыз курсорды құралдың пиктограммасына апарып
бірнеше секунт күте тұрсаңыз қалқып шығатын мәтін оны есіңізге түсіреді.
Пиктограммасы жасырылған бір топқа кіретін құралдарды кезектеп шақыру үшін
Shift пернесін және сәйкес келетін ыстық пернені басыңыз. Сондай-ақ Alt
пернесін басып тұрып көрініп тұрған құралдың пиктограммасына шертуге
болады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
Abode PhotoShop бағдарламасын қолдану технологиясы.
Adobe PhotoShop Суретті өңдеу әдістері.

5 тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен
жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік.
8,9 - дәріс. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық
графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы
түсінік
Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктерін
студенттерге таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 CorelDraw бағдарламасына түсінік.
2 CorelDraw бағдарламасының артықшылықтары.
3 CorelDraw бағдарламасын пайдалану ортасы.
Дәрістің тезисі: Corel Draw суреттік графика жұмысына арналған
интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды.
Біріккен кешен ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі
көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін құрайды.
Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар
мәліметтермен жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да
мәліметтермен бірізділікпен орындай алады.
Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw суреттерді дайындау бағдарламасы-
қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған.
Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын құрайды.
Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар, қыстырмалар
және т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады. Суретті
графиканың объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің алғашқылығы
мен ерекшеленеді – олар суретшінің немесе дизайнердің қатысуынсыз автоматты
түрде кейбір бастапқы мәліметтермен құрыла алмайды. Олардан айырмашылығы
диаграммалар (іскерлік графика), сызбалар (инженерлік графика), функцияның
графикасы (ғылыми графика) сияқты графикалық тәсілін ұсынады.
Объектілі-бағытталған терминін мына мағынада түсіну керек, бейнені
құру және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды, қолданушы
бейненің семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен жүргізеді.
Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына
сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының
бірегей жиынтығы қойылады.
Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына
стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-
бағыты қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке
объектілерді ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге
болады.
Windows стандарттарына сәйкес тақырып жолының астында меню өте
күрделі, яғни саны көп меню ішіндегі менюлер мен командалар. Жұмыс
кеңістігінің сол жақ бөлімінде жұмыс тәртібін (режим) таңдауға арналған
элемент интерфейсі-құралдар тақтасы (Toolbox) орналасқан. Таңдау тәртібі
құралдар тақтасындағы кез-келген батырмаға тышқанға шерту арқылы
орындалады.
Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд үшбұрыш
жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар байланыстылығын
көрсетеді.
Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-келген
құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін
жағдайда да болуы мүмкін.
Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып алып
және сәйкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет. Қайтадан
жолға айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары орналастыру
керек.
Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars
(Құралдық жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер) диалог
терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі.
Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға, файлдарды
ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің операциялары және т.б
сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару элементтері орналасқан.
Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе
қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты
операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған
құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің
жиынтығын ұсынады.
Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar)
бар. Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады.
Жұмыс кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр.

Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке
көшуге болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни
навигатор деп аталатын басқару элементі орналасқан.
Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды өлшеу
үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер
бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер
үшін әр түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде
ашады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:
CorelDraw бағдарламасында жұмыс жасау.
CorelDraw бағдарламасында құралдары.
CorelDraw бағдарламасында мәтіндермен жұмыс.

6 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
10,11 - дәріс. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
Дәрістің мақсаты: FLASH бағдарламасының интерфейсін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Шығу тарихы.
2 Графикалық кескіндердің түрлері.
3 Анимацияның түрлері.
Дәрістің тезисі:
FLASH бағдарламасының шығу тарихы
FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші
екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде
анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал –
саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы
жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші
нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал –
ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде
жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында
Macromedia компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық
көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал –
саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез
келген адам қолдана алатын болды.
Графикалық обьектілермен жұмыс
Векторлық графика
FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше кезеңге бөледі және оның
алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің мүмкіндіктерімен
танысу болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық емес векторлық
кескіндермен іс - әрекет жасайды.
Растрлық кескіндер
Барлық кескіндер компьютерде екі түрлі тәсілдермен ұсыныла алады.
Әрбір нүктенің кескіні үшін дәл түсі көрсетіледі. Бұл жағдайда барлық
кескіндер тізім түрінде сақталады. Оның әрбір пункті бұл кескіннің бір
нүктесінің түсін анықтайды.
Мұндай тәсіл фотосурет сияқты кескіндерді нақты бейнелеуге мүмкіндік
береді, егер кескіндерден тұратын нүктелердің өлшемі біршама кішкентай
болса. Мысалы, егер компьютерге сканер арқылы нақта фотосуретті енгізсе,
онда алынған кескіннің сапасы сол кескіннің қанша нүктеге бөлінетіндігіне
тура байланысты болады. Бұл параметр шешу деп аталады және бір дюймге
сәйкес келетін нүктелердің санымен өлшенеді. Жоғарыда айтылған кескін
растрлық кескін деп аталынады. Оның артықшылығы да, кемшілігі де бар.
Растрлық кескін файлының өлшемі нүктелердегі кескіннің биіктігі мен еніне
байланысты. Демек, толық экранды суреттердің файлдарының өлшемдері
соншалықты үлкен, оларды Интернеттен жүктеу тіпті қолайсыз. Егер даын
растрлық кескіндер болса, бізде оның өлшемдерін масштабтау жолымен
ұлғайтуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі әрбір жеке нүктенің ұлғайю эффектісіне
байланысты пішіннің көзге көрінетін бұрмалануы пайда болады.
Вектролық кескіндер
Мына және басқада себептерге байланысты кескіндерді векторлық
көрсетуімен пайдаланған жиі орынды болып табылады. Бұл жағдайда әрбір
нүктенің түстерін жүйелі атап шығудың орнына, файлда суретте қандай
обьектілер орналасқаны туралы ақпарат болады.
Әрине, кескін неғұрлым қарапайым болса, оның векторлық ұсынылуы
соғұрлым тұтас бола алады. Аталмыш жағдайда біздің бейнелеуіміз тым тұтас
болды. Себебі барлық кескіндер бір графикалық қарапайымдылықта тұрған.
Әдетте біз едәуір күрделі кескіндермен де жұмыс жасаймыз. Оларды графикалық
қарапайымдылықтар жиынтығы түрінде елестету онша қиын емес. Бұл түзүлер,
Безье қисықтары, шеңбер доғалары, әртүрлі фигуралар және тағы басқа болуы
мүмкін. Осы аталғандардың барлығы графикалық қарапайымдылықтардан құралған
кескіндердіңконтурларын жасайды. (2-сурет)
Бірақ мұндай контурлар тек қана кескіннің “қаңқасы”. Кескін толық болу
үшін векторлық графикада әрбір контурдың ішін бір түспен толтырады. Бұдан
мынадай қорытынды шығаруға болады: векторлық формат толық түсті
фотографиялықтардан гөрі салынған кескіндердің суретін дәл беру үшін
келеді. Бірақ, фотографияларды векторлық форматта көрсетуге болмайды деп
айтуға болмайды. Фотографияда түстер көп болса, векторлық көрсетілуі сапалы
болса, файлдың өлшемі әрі түсі бояулар және ұсақ контурлардың көптігінен
өте үлкен болып кетеді. Сонымен растрлық кескіндерге қарағанда векторлық
форматта ұсынылған кескіндердің өз артықшылықтары және кемшіліктері бар.
Бірақ, векторлық графиканың редакциялаудың қарапайымдылығы, кескіннің
масштабына байланысты емес файлдың үлкен емес өлшемдері және тағы басқа сол
сияқты қасиеттері көп жағдайда оны керекті етеді. Интернетте векторлық
кескіндердің көпшілік мақұлдаған стандарты әлі жасалған жоқ.
FLASH стандартын де – фактостандарты деп есептеуге болады. Бұған
қосымша FLASH бағдарламасы анимациялар және интерактивті
композициялармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
FLASH редакторындағы кескіндердің түрлері
Анимацияның түрлеріне мысал келтіру

7 тақырып. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash
бағдарламасы құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.

12 - дәріс. HTML құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу

Дәрістің мақсаты: Үш өлшемді графиканың ерекшеліктерін студенттерге
таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Суретті құжатқа қою
Графикалық кескіндерді өңдеу тэгтері
Дәрістің тезисі: Суретті құжатқа қою.
Бұнда А элементі арқылы мультимедиялық файлға сурет арқылы сілтеме
жасауға болады. Ол келесі түрде жазылады:
A href = “ http : Travel Del. Comvideo Midle Sea.avi ”
A
Екінші жолы Web параққа арнайы элементтерді қолдану арқылы орындалады.
Ол элементтер:
IMG, APPLET, OBJECT, EMBED, BGSOUND
Қарапайым сілтеме келесі түрде құрылады:
A href=” көшу адресі”
Сілтеме мәтіні
A
Мысалы:
A href =”review.html” шолу A
Шолу сөзіне шерткенде review.html құжатына көшеді. Басқа торапқа көшу
үшін BASE тегі қолданылады:
BASE href=”http: имя сервера имя каталога ” жазылады және де
қандай да бір файлға сілтеме A тегі арқылы жүзеге асырылады.
A href =” файл аты“ гиперсілтеме мәтіні A сілтемелерді безендіру
үшін style атрибуттары қолданылады, келесі түрде жазылады: A href=”#5-
бөлім “
Style =”font – weight:bold; font – variant: small – caps”
5-бөлім. мәтін
A
Шрифтердің қоюлығы = - сызу варианты.
Түстері:
link – активтелмеген сілтемелер түсін орнатады.
vlink – қаралған сілтеме түсін орнатады.
alink – тышқан көрсеткіші апарылып көрсетіп тұрған сілтеме түсін
орнатады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
HTML тілінің графикалық кескіндерді құжатқа қою тэгтерін ата
HTML-құжатта кескіндерді өңдеудің қандай жолдары бар?

Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-кескіндерді
өңдеу

Дәрістің мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсін
қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері
2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.
Дәрістің тезисі:
FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:
Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының
қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық
планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға
болады.
FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны
құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді
енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML
құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет
жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі
қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте
ыңғайлы).
FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында
траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз
бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің
тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа
түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек
қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау
ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің
ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен
(мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас
ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және,
мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым –
қатынас жасауға да болады.
FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене
алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды
белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай
– ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы,
тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан
кезде).
FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын
веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың
нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы,
анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек
орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде
FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір
бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс
болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір
әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop
бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз.
Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D
StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым
нашар.
Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген
дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін
мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады.
Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде)
кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір
жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп
жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.
FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары
бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.
Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым
операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы
интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.
FLASH бағдарламасының құралдар панелі
FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен
жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.
Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт
бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау
үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді
басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool)
және “лупа” (Zoom ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографиялық дизайн
Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру
Photoshop программасының сайманды палитралары
Растрлық кескін түстерінің саны
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
12-жылдық білім берудегі компьютерлік графиканын мүмкіншіліктері
Мәліметтердің форматтары және оларды ұйымдастыру
Компьютерлік графиканың түрлері: фрактальды, векторлық және растрлық графика
Компьютерлік графикаға қолданылатын бағдарламалар
Adobe Photoshop программасы
Пәндер