Абайдың махаббат консепциясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ

I. Кіріспе

1. 1 Абай өлеңдеріндегі махаббат лирикасы

II ТАРАУ

2. 1 Абайдың 45- ші және 38-ші қара сөздегі ниет пен махаббат ұғымына сипаттама бере отырып, талдау.

III ТАРАУ

3. 1 Абайдың ғашығы Тоғжанға деген сырлы сезімі және үш жұбайына деген құрмет пен махаббат.

3. 2 Абай ұнатқан әйелдер бейнесі

VI. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі: Абай шығармаларында күллі қазақ еліне, қазақ дәстүріне, діліне тән мазмұн да, сонымен бірге даналық жолымен дамыған, даналықты жүзеге асырған Батыс және Шығыс ойшылдарына, атап айтқанда, Сократ пен Платонға, Монтень мен Паскальға немесе Конфуций мен Буддаға ұқсас пайымдау да бар. И. Кант философияны адамға бұрып, философияның алдына даналықты, түсінікті қажет ететін: Мен не біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неге үміт арта аламын? Мен кіммін? - деген сияқты мәселелер қойды, соларды шешуге арналған ірі-ірі шығармаларын жазды. Канттың түсінігінде, философияның негізгі міндеті - адамға адам болып өмір сүруді үйрету. Канттың пікірінше, философияның ғылым жолымен жүріп, дүниені танудағы мақсаты - дүниені өзгерту емес, адамның дүниедегі орнын анықтау. Міне осындай күрделі сұрақ төңірегінде Абай да ойланып, толғанып өз шығармаларында қарапайым даналық тілінде жауап беріп отырды. Абай өзінің қырық бесінші қарасөзінде «Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім» - дейді. Ол рас, адам баласының бойында махаббат болған ғана ол адми тұрғыдан адамгершілік деген сезімді ұғына алады. Шынымен махаббат болмаса, бойында ешқашан махаббат сезімін өткермеген, сезінбеген адам тас бауыр, қатыгез болар еді. Махаббат сезімін сезінген пенде ғана адамгершілік құндылықты түсінері хақ. Осы бір адам бойындағы сырлы құдірет адам өзі басқара алмайтын, адамға айтып келмейтін, оқыстан пайда болып, адам бойын керемет сезімге бөлейтін осы бір керемет махаббат деген сыйқырлы күшті тамаша сөз етеді. Сөз етіп қана қоймай оның адам өмірінде алар орны туралы сөз етеді. Сол бір сиқырлы сезімді бас өткерген адамның көңіл күйін егжей- тегжей талдап ашып береді. Абай шығармаларындағы осы бір махаббат ұғымының ауқымы кең. Әр бір шығармасында туған жерге, елге, ғылымға, білімге, құдңреті құдайға, сұлулыққа, табиғатқа, адамзатқа деген ерекше ықылас, ыждаһатты терең де мағыналы етіп ашып көрсетіп берген. Тіпті әр бір істі істемекте де осы бір сезімді сезініп барып қана істеу керектігін баса айтады. Абайдың пікірінше, адам қандай да бір дайын жеке қасиеттермен дүниеге келмейді. Ізгіліктің барлық ұғымдары, мінез-құлықтың барлық ережелері оның өмірі мен жұмысы барысында алынады. Шынымен қандай да бір істі бастарда ерекше ыжһат керек. Сонда ғана ол өз жемісін береді дейді. Абайдың пікірінше достыққа берік болуда да, сүйіспеншілікті сезінуде де, бауырмалдықта да, білімге деген құштарлыққа да, адми құндылықтың жоғары болуына да еі алдымен махаббат керек екендігін баса айтып өтеді. Еңбекқорлы, достық, білімділі, бауырмалдық мәне осы қасиеттермен бірге махаббат ұғымын біріктіргенде ғана адам жек тұлға ретінде рухани түрде дамыған барлық жақсы қырынан көре алады.

Осы бір ақын Абай да, әлемді аузына қаратқан қанша ойшылдар да айтып кеткен осы бір құдіретті Алладан адам бойына берілген сезімнің қазіргі замандяларымен бөлісе алады. Ұялы телефон ондай эмоцияны бере алмайды. Осындай шынай сұхбат барысында ғана адамдар бір бірінің ішкі сезімін даусынан, бет пшінінен сезіп, біліп отырған. Соныдқтан а Абай ілімін негізге ала отырыпа құны құлдырап тұр. Осы бір технологияның дамыған заманында осы бір адами құндылыққа жетелейтін махаббат жетіспейді. Қазіргі уақытта еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұялы телефонның экранына мөлейіп, үңіліп отыратынына куәміз. Осы бір мылқау вертуалды әлемде тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың бойында бұл қасиетін дами қою күмән туғызады. Не десеңіз адамдар бір бірімен шынай қарым- қатынас түсіп, бір- бірінің бет жүзін көре отырып сұхбаттасқанда ғана өз бойларында эмоцияны шығара алады. Абай Құнанбаев шығармаларындағы махаббат ұғымын зерттеп, салыстырып, саралап жан жақты талдау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: ақын Абай Құнанбайұлының достық, ғашықтық, сүйіспеншілік сынды адам бойындағы асыл қасиеттердің көрініс тапқан шығармаларын саралай отырып, ақынның өн бойынан өткізген осы бір сиқырлы, құдіретті күшке ие махаббат ұғымының адам өмірінде алар орны туралы жан-жақты зерттеп, тақырыптық, идеялық мазмұнын анықтау

Дипломдық жұмыстың міндеті: Абай Құнанбайұлының махаббат лирикасы тақырыбында жазылған өлеңдердің мағынасын ашу. Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі адами құндылыққа жетелейтін асыл қасиеттерді дамыту туралы ойтолғауларын зерделей отырып, философиялық тұрғыдан махаббат туралы таным ілімдерін талдау. Абай Құнанбаевтың өмірінде аса маңызды орын алған тұлғаларға деген құрметін, сыйластығын, махаббатын ашу

Зерттеу нысаны: Абайдың махаббат консепциясы

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысын орындауда тарихи-салыстырмалы, типологиялық талдау, жинақтау, баяндау, түсіндіру, қорыту әдістері қолданылды. Сондай-ақ зерттеудің негізі ретінде отандық және алыс -жақын шетелдік әдебиетші, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Абайдың махаббат лирикасын жан-жақты ашып, толық жырлаған ақын. Ол өз шығармаларында табиғатқа, адмзатқа, достыққа, ілімге, білімге деген махаббатты толғаныспен жырлаған ақын. Абайдың өлеңдері - адам сезімене терең үңіле білетін ой толғанысқа толы шығармалар. Сондықтан осы шығармалардың табиғатына терең үңіле отырып, адамзат баласының көзіне көрінбейтін, тек адамның көңіл күйі арқылы берілетін ішік толғаныстарын, сырлы сезімін сезіне отырып талдау жасау, мән мағынасын ашу.

Дипломдық жұмысытың құрлымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады

КІРІСПЕ

Махаббат деген сегіз әріптен ғана тұратын бір ауыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты қасиетті сезмідер бар екенін екінің бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұл жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күштің иесі. Үлкен, ұлы махаббат көрінгеннің басына қона беретін қасиет емес екен. Бал арасы гүлдің ең әдемісіне, тәттісіне қонғанындай, махаббат та жан-дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады. Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Сондықтан да махббат та ақыл-ойы терең, адамгершілігі жоғары сатыдағы, махаббатты құрметтей, қадірлей білетін пенделерге таңдап қонатын бақыт екен. Ұлы Абай атамыз: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» демейтін бе еді!

Біреулер ойлайды: тек бір көргенде ұнап қалған қызды кездестірсе болды, мен ғашық болып қалдым, махаббат деген осы екен деп! Шынайы махаббаттың ­оянуы оңай емес. Махаббаттың ояну үдерісіне биолог ғалымдар айрықша түсінік береді. Болашақ жар болатын адамдар кездесе қалса, бірінің бойындағы биотолқындар екіншісінің денесіндегі көзге көрінбейтін мылқау гендік клеткаларын оятады екен. Әлгі мылқау гендік клеткалар оянғаннан кейін жас, жаңа белоктар шығарады. Міне, осы себепті, дұрыс табысып, бас қосқан жұбайлар көпке дейін қартаймайды. Олардың бойындағы қуат-қайраттары арта түседі. Кейбір психологтардың айтуынша, шынайы махаббат, біреуді өліп-өшіп сүю - ер азаматтың бойындағы бар асыл қасиетті оятып, шабытын шалқытып, ақыл-парасатын арттырып, талантын шыңдайды екен. Алла тағала он сегіз мың ғаламның ішінде тек адам баласына ғана үлкен махаббат сезімін бергенге ұқсайды. Ал бірін-бірі жақсы көру басқа тіршілік иелерінде мүлде жоқ деп санайтын болсақ, біз қателесеміз. Дегенмен, адами ғашық болу, қарапайым тілмен айтқанда, бір-біріне өліп-өшіп ғашық болу адамға ғана тән. Табиғаттың тылсымына на­зар аударатын болсақ, аққу құс­тың жұптасып тіршілік кешуі, өздеріне тән сезімдерін қимыл-әрекеттері арқылы білдіруі ерекше сүйіспеншіліктің мақұлықтар арасындағы көрінісі арқылы киелі сезімнің бар екендігін дәлелдейді. Оған куә - Абай Құнанбайқлының лирикаға толы өлеңдері және өз бсынан өткізген ғашықтық сезімі.

Шын ғашық болып қосылғандар бастарына қандай қиындық түссе де төзеді, тек армандары сол сүйіп қосылған адамымен бірге болу. Сенің мейлі, қалтаң толы долларың болсын, үйің толы алтын мен күмісің болсын, болашақ жұбайыңның қолы мен мойны гауһар мен алтын болсын, ал біріңе-біріңнің махаббат сезімі болмаса, бақытты бола алмайсыңдар. ­Махаббат жоқ жерде, бақыт та жоқ. Махаббаттың өз қуанышы, шат­тығы, мұңы мен сыры бар. Ғашық болған адам өзгелерден ерек­ше болады. Ғашықтық - дерт. Бірақ ол дерт жайлы ешкім ештеңе білмейді. Махаббаттың қандай дерт екенін тек ғашық болған жан ғана біледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, махаббат психикалық ауытқу дертінің бір түрі. Яғни ғашық адамның мінез-құлқы һәм күнделікті әдеттері өзгеріп, еріксіз бұзылмалы келеді. Әр аурудың пайда болуы мен оның салдары болады. Егер бір адамды күні-түні ойлап, көңіл күйіңіз күрт өзгеріп, оны ойыңыздан шығармасаңыз, сіз махаббат дертіне шалдыққан жансыз. Ал бұл дерттің емін сырқаттан басқа ешкім білмейді, тек ауруға шалдыққан адам өзін-өзі емдеуі керек. Ғашықтық адам үшін бақыты ғана емес, кейде оның сорына айналған кездер де болады. Осы тұста Абайдың Тоғжанға деген махаббаты, оған қосыла алмаағна кездегі басынан өткерген қайғылы кезеңдер бұл сөзімізге дәлел бола алады. Абайдың ең ғашықтыққа толы сырлы сезіммен жазылған шығармаларының көбі Тоғжанға алғаш ғашық болған жылдары дүниеге келіпті. Бірақ ғашығына қаншама өлең жыр арнағанымен оған қосыла алмайды. Ұлы адамдардың өміріндегі бақыт та, сәттіліктер мен сәтсіздіктер де махаббаттан туындағанын көріп отырсыздар. Бұл заңдылық әлемге әйгілі тұлғалардың ғана басында болған жоқ. Қарапайым адамдардың да өмірінде махаббаттың орны ерекше. Көрінгенге қызығып, ғашық болып қалдым деп күйіп-жану дұрыс емес.

Махаббат - маңызды адами құндылықтардың бірі. Бұл адам іс әркетінде де байқалады, сондықтан оны жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын көрсете алатын өте айқын құндылық деп санайды. Махаббат шынайы болады. Жасандылық болған жерде махаббат жоқ. Ал шынайы махаббат дегеніміз - бір адамның екінші адамға деген сезімі мен шынайы берілгендігін сезіну. Бұл романтизмге өте тән махаббаттың идеалдандырылған тұжырымдамасы, соған сәйкес бәріміз өз серіктесімізбен жетуге ұмтылатын таза және толық махаббат бар, ол шынайы махаббат. Әлемде қандай философияна алсаңыз барлығы да осы махаббат тақырыбын айналып өтпеген. «Христиан дінінде құдай дегеніміз - махаббат. » делінген [2. 117 бет]

Жалпы махаббат адам жүрегінде пайда болатын нәзік сезім ғой. Осы бір жүрек толқынысы арқылы дүниеге қаншама сыр мен сезімге толы шығарма келді. Сондықтан мен айтар едім бәрі де адам жүрегінің тоқынысынан бастау алады деп. Махаббат адамға айтып келмейді ғой. Оны жүрекпен ұғынасын. Осы тұста Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу - бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”[2. 117 бет] . Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

«Сенімсіз махаббат жоқ, имансыз кәмәләт жоқ, ғашықтыққа жетер ұстаз жоқ» [Руми] . . . [3, 6 бет] «Махаббат - сәулесі зор Құдай нұры, сол нұрды көрген адам қалмас құры» [Мәшһүр Жүсіп] …[3. 8 бет]

Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, сезім дегеніміз - адам жанының ешқандай қатардағы бір пенденің көзіне көріне де бермейтін ең нәзік қылы. Сезімге бастайтын жол - ынтықтық, құмарлық, құштарлық. Негізінен осы ынтықтық, құмарлық, құштарлық болмаған жерде - ешқандай да сезім туралы айтудың өзі артық дер едім.

Ал, енді осы сезімнің ең шырқау шегі не дегенде, айтарым, ол -ғашықтық! Басқаша айтқанда Ммахаббат! Және де ол пенде бойындағы сезім атаулының ең асылы саналады. Бұған дейінгі адам бойындағы алуан сезімдер - сол ғашықтыққа апаратын баспалдақтар еді. Оның қандай баспалдақтар екенін жоғарыда айттым:ынтықтық, құмарлық, құштарлық деп.

Адам бойындағы оның бұлықсыған жастық шағында пайда болған сезімдер- ең мөлдір әрі ыстық сезімге жатады. Бұл сезімдер- сол пенденің еркек не ұрғашы болғанына да қарамастан олардың бойында біртіндеп пайда болып, ол егер ынтықтың, құмарлықтың, құштарлықтың таза жемісі болса, онда сөзсіз адам табиғатының ең ғажайып сәті -ғашықтыққа ұласады.

Жаратушысының пендесіне сыйлаған бұл баға жетпес сыйлығы -ғашықтық сезімі болса, ол ешқашан да сөнбейді! Ешқашан да өшпейді!

Ер адамның немесе әйел адамның бойындағы бұл асыл сезімдер - оның көзі жұмылғанша жоғалмайды. Оған бір ғана мысал, арманына жете алмаған екі ғашықтықтың - басқа жандарға қосылып өмір кешкендерімен, олардың бойындағы сол бір асыл сезім -ғашықтық оты - ешқашан да өшпейді, өлгенде де о дүниеге олармен бірге кетеді екен.

Жастық шақтағы ессіз ғашықтық пен қартайып шау тартқан кездегі ғашықтықтың ешқандай айырмашылығы жоқ. Ғашық адам - өмір бойы ғашық болып өтеді.

Адам баласын хаюан емес, адам етіп ұстап отырған да - адам бойындағы ешқашан да суып бермейтін ең ыстық, ең нәзік асыл сезім - ол ғашықтық !

Қазақтың ұлы данышпаны Абай атамыздың: «Махабатсыз - дүние бос» деп айтқанынан көкірегі ояу, көзі ашық әр пенде өзіне ұмытылмастай сабақ алары даусыз.

Ғашықтық дегенімізге бай Қазақ ауыз әдебиетінен толып жатқан мысалдар келтіруге болады. Сан мың жылдық тарихы бар Аягөздегі, Таңсықтағы - Қозы мен Баян кесенесінің күні бүгінге дейін асқақ тұруы - әне оны сол ғашықтыққа орнатылған асыл ескерткіш емес деп кім айта алады? Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр және т. б. сияқты қазақтан шыққан ғашықтық құрбандарының өзі сан мыңдап саналады екен.

Ғашықтық - егер ол шынайы ғашықтық болса, еркек пен әйелдің діттеген мақсаттарына жеткендерінен кейін де, ешқашан да суып әрі салқын тартпайды. Сондықтан да ғашықтық сезімін -мәңгілік деп айтуымыз керек. Және де шынайы ғашықтық - кез-келген пенденің маңдайына жазыла бермейтін қасиет екенін де ешқашан да естен шығармауымыз керек!

Адам бойындағы ең асыл сезім -ғашықтық туралы түгесіп бітіп бермейтін әңгімелер, мысалдар, хикаялар, дастандар айтуға болады. Менің бұл жазып отырғанымның - сонда, тіпті, қызғылықты әрі тартымды боларында және ешқандай дау жоқ.

Адамзат баласы асыл сезім -ғашықтық туралы неше алуан көркем шығармаларды, аңыз-ертегілерді, хикаяларды, небір көркем туындыларды өмірге әкелгенін барлығымыз да жақсы білеміз. Өмірдің мәні де, сәні де - осы бір адам баласының бойындағы кез-келген пендеге бұйыра бермейтін ең асыл сезім - ғашықтық екенін бір сәтке де жадымыздан шығармайық. Өмір бойы өкініп, опық жеп өтпес үшін, әлгі қазақтың: «қолда барда, алтынның қадірі жоғының» керіне ұшырап жүрмейік, ағайын дегім келеді . . .

Жалпы адам баласының осы бір аяулы сезімі бойын баурап алған кезде ғана небір ғажайып күйді бастан кешері анық.

Олай болса мен өзімнің сөзімді әрі қарай ұлы ақын Абайдың шығармаларындағы осы бір ауқымды тақырыпта жазылған кесек-кесек туындыларының біршамасына тоқталып, саралап, мазмұндап, талдап мазмұн мағынасын ашып өтпекпін.

1. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ МАХАББАТ ЛИРИКАСЫ

Абай лирикасы сырға толы асыл қазына. Абайдың қай өлеңін оқып қалар болсаң, астарында терең ұғым мен әсерлі ой бар. Абай лирикасы тұтастай бір мұңды, шерлі деуге келмейді, барлық лирикалық өлеңдері әр аулуан, әртүрлі тақырыпқа құрылған. Әр бір шумағында керемет ой жатады, өмірілік мәні бар дүниелер. Тіпті оқып болғаннан кейінде адамға әсер қалдырады.

Ұлы ақын Абай өзінің саналы өмірінде махаббат тақырыбында кең жазып, қаншама әсем әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен жырлап берген қазақта мұндай ақын жоқ шығар.

Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:

Махаббатсыз - дүние бос

Қайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар. [13. 33 бет]

Иа, шынында да махаббатсыз дүние бос. Адам жүрегі махаббатқа толы болған кезде ғана керемет көңіл күйге бөленері хақ. Осы бір керемет әсердің желігінен өмірге әдемі туындылар туатыны да шындық. Егер адам жүрегінде махаббат болмаса, ол әйтеуір құлазып қалған бос кеуде дер едім. Сондықтан да Абай ақын өзге жақтан қызық іздеме, нағыз қызық отыңның басында ол жарың, балаң. Иа, адамның өмірлік мақсаты болуы керек, ол үшін сүйіспеншілік, махаббат болу керек. Әр нәрсені істемес бұрын оған алдымен ыждаһат керек емес пе, егер бар ынта, сезіміңді беріп істелмесе, оның нәтижесі де солай болмақ. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне, дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарды хайуанға теңеп, махаббатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін өз жырларында көрініс етіп жазып кеткен.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. [13. 44бет]

Керемет суреттеу, сұлу бейнені көркемдеп, қолмен сызғандай етіп көз алдыңа әкеледі. Оқып отырған сәтте ақ көз алдыңа бейнелеп отырған арудың келбеті суреттеліп келе қалады. Недеген шеберлік. Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:

Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды [13. 48бет]

деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.

Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған,

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай

Бойында майдалық пен сыр сақтаған,

Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған. [13. 5бет]

Иа, осы жолдар арқылы сүлулығына ақылы сай бозжеткен әр жігіттің арманы ғой. Сол армандағы аруға қол жеткізу үшін арзан арсыздыққа бой алдыратын, бос мақтан жігіттердің қылығын сынай кетеді. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе . [13. 84бет]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абай - лирик ақын
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Абай оқыған шығыс шайырлары
Абай махаббат туралы
Абайдың өмірі
Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары
Онегиннің мінездемесі
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
Абай мұрасындағы әйел бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz