Баланың тәрбиесі мен қалыптасуын сипаттау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі

Высший многопрофильный колледж гражданской защиты

Джумабекова Гульмира Мейрамовна

Тәрбие және баланың дамуы

Курстық жұмыс

Мамандық 0105000 Бастауыш білім беру

Көкшетау, 2022

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі.

Высший многопрофильный колледж гражданской защиты

Қорғауға рұқсат

«__»2021ж

Кафедра меңгерушісі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы « Тәрбие және баланың дамуы»

Мамандық 0105000 Бастауыш білім беру

Орындады: Джумабекова Г

Ғылыми жетекшісі: Бекназар А. Б

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

І Тарау . Тәрбие туралы жалпы түсінік 5

1. 1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

1. 2. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым 7

1. 3Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама. 10

1. 4. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары 11
ІІ Тарау . Бала және тұлға туралы ұғым. "Баланы дамыту", "тәрбиелеу", "қалыптастыру" ұғымдарына сипаттама 14

2. 1Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырушы факторлар 16

2. 2 Тәрбие - жеке тұлғаның калыптасуынын шешуші факторы ретінде 18

2. 3 Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтің ролі 21

2. 4. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру 25

III ҚОРЫТЫНДЫ 28

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Тәрбиенің және дамудың негізі жағынан бөлінуі:

а) Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

б) Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері

в) Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану

г) Тәрбие құрал - жабдықтары мен формалары

д) Баланың дамуы

е) Баланың психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары

ж) Баланың дамуында отбасының рөлі

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.

Зерттеу мақсаты: Баланың тәрбиесі мен қалыптасуын сипаттау

Зерттеу міндеттері: Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуының негізгі ұғымдарын ашу;

Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырушы факторларды анықтау;

Баланың өзін - өзі тәрбиелеуіне сипаттама беру.

Зерттеу пәні: Педагогика.

Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 31 беттен тұрады.

І ТАРАУ Тәрбие турал жалпы түсінік

1. 1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

«Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. (Әл - Фараби) .

«Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету . . . Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет - ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі» (Л. Н. Толстой) .

«Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский) .

«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев) .

«Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант) .

«Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х. Й. Лийметса) .

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік - жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н. К. Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж. ) :

«Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез - құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында « . . . қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский « . . . мектеп, тәрбиеші және ұстаздар -адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық . . . және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата - аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Сондықтан да тәрбиенің мәнісі , біріншіден , қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден , жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процесі деп - қоғамның талап - тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойын, сана сезімін, ерік - жігерін, мінез - құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл - ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.

Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке - дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс .

Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс . Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие - көпжақты процесс . Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата - аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт - бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп .

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл - табиғи заңдылық ;

Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым - қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;

Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш -қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

1. 2. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әліде жете зертелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі - ақ дәлел бола алады.

Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.

И. С. Макаренконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау.

В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бір сыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы, әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әртүрлі анықтамалар бір мақсаты көздейді, демек бұл сананың дамуына, баланың мінез - құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиелік ықпал жасауы.

Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықма ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс -әрекеттеріндегі құнды тәжірбиелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.

Тәсіл әдістің құрамы бөліктері , әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т. б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б. ) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасудың басқарылуын қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу.

А. С. Макаренко өз тәжірбиесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.

Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.

1. 3 Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т. б. 60- жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде “Советская педагогика” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ -ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу

үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез - құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар.

Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап - нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез -құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады.

Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т. б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайлылық (инабатылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі - бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүдесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез - келеген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефкеалу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері : нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма. Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалаыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиенушілер арасындағы қарым - қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, демалтын орындарды дайындау, яғни безендіру т. б. ) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.
Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту, немесе жалған сөйлеу т. б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, қайғырады.

Екінші топ . Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру) . Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу пікірталас, лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.
Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында жақсы жазылады. Сондықтан мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз.
Әңгіме - бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез - келген мәселелерде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

Тақырыптың көкейтестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беру тиіс.

Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.

Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.

Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.
Пікір талас - бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрың хабарландырылады.
Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Үшінші топ - мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс - әрекеттінде және мінез - құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау - баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.
Сонымен, Санкт - Петербург педагогикалық институтның ғалымдары жасаған тәбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасуы қажет.
Мектеп өмірінде В. А. Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолдануда.

Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

  • Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.
  • Екінші топ. Қоғамдық мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.
  • Үшінші топ. Іс- әрекетін және мінез - құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.
  • Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін - өзі баға беру әдістер: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша, т. б. ) . қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау. Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде ІІІ, ІV топтар ғана қарастырылады.

Өйткені І, ІІ топтар дағы тәрбие әдістері Санкт - Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі І, ІІ топтарда баяндалады.
Айрықша қолданылатын ІІІ топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластенин, Т. Е. Конникова т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қимылды ойындар
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz