Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы

Құрылыс процестерін модельдеу пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖОБА

Есеп-түсініктеме

Орындаған: Кәрімтайұлы Н.
Топ: ПГС 19-09
Қабылдаған: : Жунисов Т.О.

Мазмұны
Кірісп
1. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) ҚҰРАМЫ...
2. ЖЕР АЛАБЫНЫҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУ
2.1. Оймалар өндіргенде және үйінділер жасағанда жер жұмыстарының
көлемін есептеу
3. СУ ТӨКПЕ ЖӘНЕ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН ЖАСАНДЫ ТӨМЕНДЕТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ
3.1. Ашық су төкпе
3.2. Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
4. ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫН ӨНДІРУ ТӘСІЛІН ЖӘНЕ КЕШЕНДІ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДА
4.1. Қазаншұңқырлар мен ұзын орларды өңдеу
4.2.Ұзын орлар мен іргетастардың қайта көмген топырақтарын тығыздау
5. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ САНЫН ЕСЕПТЕУ
6. ЖҰМЫС ӨНДІРІСІ ВАРИАНТТАРЫ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛЫСТЫРУЫ...
7. ІРГЕТАСТАРДЫҢ ҚҰРАМА ҚҰРАЛЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМДІ ТАҢДАУ
8. ҚАДАЛАР БАТЫРУ ҮШІН МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАҢДАУ...
9. ТҰТАС ҚҰЙМАЛЫ РОСТВЕРКТЕР МЕН ІРГЕТАСТАР САЛУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ЖАСАУ...
10. ҚЫСҚЫ МЕРЗІМДЕ ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫН ӨНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11. ЕҢБЕК ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ, МАШИНА УАҚЫТЫНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНІҢ МЕРЗІМДІК ЖОСПАРЫН ЖАСАУ
12. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕР ЖАСАУ ЖӘНЕ МАШИНАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ӨНДІРІСІН БАЯНДАУ...
13. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР...
14. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ (ЖҰМЫСТЫ) ДАЙЫНДАУҒА НҰСҚАУЛАР...
Әдебиет...

КІРІСПЕ
Курстық жобаның (жұмыстың) мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін баянды ету және толықтыру, студенттерді бөлек техникалық және теориялық мәселелерді шешуге дербестігін жетілдіру және тағы оны анықтама мен мөлшерлік әдебиеттерді пайдалануға үйрету болады.
Осы әдістемелік нұсқауда студент Құрылыс өндірісінің технологиясы курсының талаптарына сәйкес жұмыстар өндірісі мен ұйымдастыруын жобалау барысында шешетін негізгі мәселелер баяндалған. Тапсырмада біріншіден үймерет не ғимарат іргетастарының астына ойма жасау, екіншіден құрама темірбетон (немесе тұтас құйма) іргетастар орнатуды жүзеге асыру, үшіншіден іргетастардың куыстарын қайта көмуді өндіру ескерілген.
1. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) ҚҰРАМЫ
Курстық жоба (жұмыс) өзіне графикалық үлгілер мен 24 формат парағында орындалган графикалық бөлім кіретін есеп-түсіндірмесінен тұрады:
1. Жер жұмыстарының көлемін есептеу:
a) қазаншұнқыр өндіргенде;
б) іргетастардың қуыстарын қайта көмгенде.
2. Сутөкпе не су төмендету құралдарын іріктеу...
3. Қысқы мерзімде жұмыстарды өндіру бойынша шаралар жасау.
4. Жұмыс өндірісінің әдістерін таңдау және қазаншұңқыр өндіргенде
машиналардың екі жинағын іріктеу
5. Көлік құралдарының санын есептеу.
6. Техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша машиналардың үйлесімді
жинағын таңдау,
7. Іргетастардың құрама құралымдарын құрастыру технологиясын және оны
жүзеге асыратын жүккөтергіш механизмін таңдау.
8. Кадаларды батыруға арналған механизм құралдарын іріктеу.
9. Тұтаскұйма ростверктер не стакан типті іргетастар орнату бойынша шаралар
жасау.
10. Іргетастар куыстарын кайта көму бойынша шаралар жасау,
11. Енбек шығындары мен машина уақытының калькуляциясын жасау.
12. Жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспарын жасау.
13. Қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар жасау,
14. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

2. ЖЕР АЛАБЫНЫҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУ
Жұмыстар көлемдерін есептеуге кірісу алдында тапсырманы зерттеп білу, осы жұмыстардың құрамына кіретін процестерді белгілеу және жұмыстарды өндіру тәсілі туралы шешім қабылдау керек. Шешім алаңшаның гидрогеологиясы, жер ғимаратының түрі және т.б. есепке алынып белгіленеді. Жұмыстар көлемін есептеуге кірісу алдында студент білу керек: топырақты алдын-ала қопсыту қажет пе, топырак суларының денгейін жасанды төмендету керек пе, қандай жабдыкпен бір шөмішті экскаватор жұмыс істейді, әлде мұнда басқа жер қазатын машина бола ма, тасымал машиналары үшін қазаншұңқырға түсуге кұлама жасау керек пе, іргетастардың куыстарын қайта көму үшін кавальерлерді қай жерде орналастыру мүмкін және т.б.
Есте болу керек: жер қазу жұмыстарымен байланысты барлық есептер тығыз денедегі, ягни құрылымы бұзылмаған топырақта орындалады.

2.1. Оймалар өндіргенде және үйінділер жасағанда жер жұмыстарының көлемін есептеу
Жұмыстар көлемін есептегенде топырақтар категориясын, олардың мәліметтері анықтама әдебиеттерінде [2,8] келтірілетін негізгі кұрылыс қасиеттерін анықтау, жерасты суларының деңгейін түсіріп, геологиялық қимасын, планда және қимада жер ғимараттарының нұсқасын сызып көрсету керек.
Оймалар шегінде не оның түбінің жақын жерінде жерсаты сулары болған жағдайда ылғалды деп тек жерасты суларының деңгейінен төмен орналасқан және олардын әсерінде болатын топырақтар ғана емес және де ірі және ұсақ құмдар үшін 0,3 метр, тозан құмдар мен құмдақтар үшін 0,5 метр, сазды топырақтар мен саз балшыктар үшін 1,0 метр шамасында осы деңгейден жоғары орналасқан топырақтар да есептелінді.
Ойма терендігін және топырақ түрін біле отырып, 2.1-кесте бойынша құламалар тіп-тігін, сонан сон үстінің өлшемдерін анықтайды.
Іргетастар астына және басқа да жер ғимараттары үшін бір шәмішті экскаваторлармен өндірілетін казаншұнкыр мен ұзын орларды тастақ емес топырактарда 2.2 - кестеде келтірілген шамалардан аспайтын кем алумен негізде топырактың табиғи кұрылымын бұзбай жасау керек

Цифрдың алдыңғы саны
Топырақ тобы
Тасымалдау
қашықтығы
Шифр соңғы саны
Аяз күндер саны
Үлгі
Іргетас табаны
Жер асты сулары
Өлшемдері
8
IV
3.0
8
1800
2
-2
-1.2
a=6м b=12м

Оймалардың құрамалардың ең үлкен мүмкін тіктілгі
Сазды құм 1:0,5

Жер жұмыстарын скреперлермен орындағанда оймалардың түзетуінің кем
алуы 5 см, ал бульдозерлермен - 10 см аспау керек.
Қағида бойынша топырақты кем алуды өңдеу механикаланған тәсілмен орындау керек. Қазаншұңқырлардың түбін кему алуларын арнайы тазартқыш шөміштері бар бульдозермен немесе басқа да тегістегіш машиналармен тазартқанда қалдық кем алу жобалық белгіге дейін 5-7 см аспау керек, олар іргетастар орнатылған жерлерде қолмен аяқтап бітіріледі. Шамалы көлденең еңісі бар ұзын бойлықты оймалар мен үйінділер үшін көлемді Мурзо формуласы бойынша анықтауға болады (сурет)

V= Fop*L=7,2*4*48=1384 м3
Fop=(5,6+1,62)*2=7,2 м2

мұндағы Fop - ойманың не үйіндінің орташа қимасының ауданы, м2
L - үйіндінің не ойманың ұзындығы, м.

Енді келесі кезекте кері толтыруды есептейміз
Vф=1,32 м3
Vф(барлығы)=1,32*38=51,2 м3
Vкері толтыру= V- Vф(барлығы)=1384 -51,2=1332,8м3

3. СУТӨКПЕ ЖӘНЕ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН
ЖАСАНДЫ ТӨМЕНДЕТУ ҚҰРАЛДАРЫН ІРІКТЕУ
3.1. Ашық су төкпе
Ашық су төкпе зумпфтардан - қазаншұңқыр түбіндегі су жиналатын шұңқырлардан суды тартып шығарудан тұрады.
Курстық жобаның (жұмыстың) тапсырмасында жерасты суларының деңгейі және сыналатын тартумен анықталатын беттің 1 м2 жерасты суының (а ) ағып келуі көрсетілген.
Қазаншұңқырға судың кіруін, м3сағ, мына формула бойынша анықтауға
болады.

Q=(273,6+152)*0,5=212,8м[2]сағ

Fтүб=7,2*38=273,6м[2]
Fқұл=2*22=2м2
Fқұл.ж=4*38=152м2

мұндағы Fтүб -ойма түбінің ауданы, м2;
Fкұл - жерасты суларының деңгейінің белгісінен төмен орналасқан
құламалардың ауданы, м2

Суды тартып ағызуға қажет су сорғыш саны мына формула арқылы
есептелінеді

N=212,8*1,512=27
мұндағы θc-3.1-кесте бойынша қабылданатын сорғыштың сағаттық өнімділігі,м3сағ;
К -сақтық коэффиценті, мол жауын-шашын және сорғышта ақаулық болған жағдайда қолданылады (К=1,5-2,0).
3.1- кесте
Сорғыштардың техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштік аты
Сорғыш маркасы

С-205
Сорғыш өнімділігі, м3сағ
24
2. Сору биіктігі (ең үлкен),м
9

Су төкпе бойынша жұмыстардың еңбексыйымдылығын есертегенде сорғыштардың тәулік бойы жұмыс істеуін ескеру керек. Оларға қызмет жасау үшін механик және зумпфтар мен түп еңісінің күйін бақылағыш жер қазушы бөлінеді.
3.2. Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
Оймаларға судың қарқынды құйылуында ең тиімді су төмендететін инелілі-сүзгіш қондырғылар болады. Су төмендетуді өндіргенде жергілікті топырақ жағдайларының көп әр түрлілігінің әсері және де басқа да факторлардың бірқатары инелі-сүзгіш қондырғыларын есептегенде қиыншылықтар тудырады. Сондықтан оларды көбінесе құрылыс тәжірибесінен алынған практикалық мәліметтер бойынша жобалайды.
Жерасты суларының деңгейін төмендету үшін ұзындық және айналмалы қондырғылар қолданылады. Ұзындығы үлкен ұзындық қондырғылар қағида бойынша ені 2-3 м ұзын орлар өндіргенде қолданылады.
Айналмалы қондырғылар қазаншұңқыр түбінің астындағы жерасты суларын төмендету үшін қолданылады.
Айналмалы қондырғылар. Қазаншұңқырлар үшін тұйық қондырғыларға су құйылуы мына формуламен анықталады
Q=1,5*100*2=300 м3сағ,
мұндағы Q-су ағып келуі, м3сағ.
A - 1-ден 3 шектеріне дейін өзгеретін коэффицент;
k - сүзу коэффиценті, мтәу., мына шектерде қабылданады: саз балшық үшін-0,005; саздаққа-0,005-0,4, құмдаққа-0,2-0,7, ұсақ түйіршікті құмға-1,2, ұсақ құмға-2-10, орташа құмға-25-75, ірі малта-тасты құмға 50-100, құмды малтатасқа-75-150;
S-су деңгейін қажетті төмендету тереңдігі, м;
а коэффиценті инелі-сүзгіштермен қоршалған Ғ-ауданына және су тұтқыш қабаттың сүзу коэффиценті К байланысты 3-1, а -суретінде келтірілген график бойынша анықталады. 1600 м болғанда сүзудің аз коэффиценттерінде келтірілген қисықтарды жуық экстраполяциялау керек, ал сүзу коэффиценті біршама үлкен шамаларда болғанда а мағынасын Ғ=1600 м тең қабылдау керек.
Ұзындық қондырғылар. Ұзындық қондырғыларына судың ағып келуі мына формула бойынша анықталады
Q100=2,3*100*2=460 м3сағ,
мұндағы Q100- ұзын ордың 100 құма м судың ағып келуі (екі жағынан), мсағ;
β- 1-ден 3-ке дейін қабылданатын коэффицент.
β - ең үлкен мағынасы сүзудің ең аз коэффиценттерінде, жұмыстардың өте
қысқа мерзімі және су тұтқыш қабатының үлкен қалыңдығы болғанда қабылданады.
β - ең аз мағынасы К 30 мтәулік болғанда қабылдау керек.
Айналмалы және ұзындық қондырғыларда иелі-сүзгіштердің саны бір иелі-сүзгіштің өткізу қабілетіне сүйене отырып 3.1. б-суреттегі график бойынша мына формула арқылы анықталады.
N=30090=3,3
мұндағы Q -судың ағып келуі, м3сағ.
q - бір инелі-сүзгіштің өткізу қабілеті, 90м3сағ.
Инелі-сүзгіштердің адымы мына формуламен анықталады.
e=843,3 =25,5
мұндағы Р-қазаншұнқырдың периметрі не ұзын ордың ұзындығы, м

Есептердің дұрыстығын тексеру үшін адымның алынған мағынасына 3.2 кестедегі келтірілген практикалық мәліметтерменсалыстыру керек.
3.2 кесте
Инелі сүзгішті қолдануға практикалық мәліметтер
Қажетті төмендету тереңдігі
Адым
3-кем
1,5-3

Жеңіл инелі сүшгіш қондырғылардың (ЛИУ) техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштер аты
ЛИУ 2
Жерасты сулардың деңгейін төмендету тереңдігі,м.
Паспорт өнімділігі,м3сағ
Коллектор үзберелінің саны, дана
Коллектор ұзындығы, м.
Сүзгіштің диаметрі,мм.
Инелі-сүзгіштің саны, дана

5
30
8
20
50
24

4. ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫН ӨНДІРУ ТӘСІЛІН ЖӘНЕ КЕШЕНДІ
МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ
Жер жұмыстарының өндірісі кешенді механикаландырылған болу керек. Сонымен, барлық негізгі және қосалқы процестер негізгі параметрлері бойынша өзара байланысқан және ең жақсы техника-экономикалық көрсеткіштер алуды қамтамасыз ететін ең тиімді машиналар мен механизмдер жинағының көмегімен орындалу керек
Әр жер ғимаратына машиналардың ең ұтымды жинағын таңдау жұмыстың қарқынына байланысты және жұмыстар өндірісінің варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасалады. Жұмыстың бір және сол түрі мен көлемін машиналардың әр түрлі жинақтарымен орындауға болады, сондықтан осы курстық жобада (жұмыста) қазаншұңқыр мен ұзын орды өндіру үшін машиналар жинағының 2-ден кем емес варианттарын таңдап алу керек.
Машиналар жинағын таңдауға келесі себептер әрекет етеді: а) жер ғимаратының габариттері, жұмыстар көлемі және аяқталу мерзімі; б) жер бедері, оймалар мен үйінділердің пландағы орналасуы, жұмыс белгілерінің шамасы; в) топырақтар түрі, жыл мерзімі, жерасты суларының болуы; г) машиналардың қолда бар паркі мен жеке машиналардың кұралымдық ерекшеліктері және құрылыстың басқа да нақты жағдайлары.
Кешенді механикаландырылған тәсілмен жұмыстарды өндіру үшін машиналарды дұрыс жинақтағанда технологиялық процеске қатысатын машиналардың саны ең аз болады. Айта кеткен жөн, сондай-ақ әр жинақтың құрамына негізгі технологиялық процестерді орындау үшін арналған бір не,бірнеше жетекші машиналар (скрепер, бульдозер, экскаватор) кіреді. Жетекші машиналар барлық жинақтың өнімділігін, жұмыстар өндірісінің қарқынын, еңбекті ұйымдастыру үлгісін және жинаққа кіретін машиналардың типін анықтайды.
4.1. Қазаншұңқырлар мен ұзын орларды өңдеу
Айтып ескертекен жөн, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысында қазаншұңқырлардың негізгі көлемдерін өңдеу үшін экскаваторлармен қатар кейбір жағдайларда осы мақсат үшін скреперлер не бульдозерлер қолданған өте ұтымды. Ұзын орлар негізінде бір шөмішті және көп шөмішті экскаваторлармен өңделеді. Экскаваторлардың шөміш сыйымдылығын іріктеуді бір объектіде жұмыстардың келесі көлемдеріне (4.1- кестені қара) сүйене отырып та және топырақты бір қайтара кесіп алғанда шөмішті толтыру жағдайына (4.2 - кестені қара) негіздеп қабылдау ұсынылады
4.1 кесте
Экскаватор шөмішінің көлемін анықтау
Топырақ көлемі,м[3]
Экскаватор шөмішінің көлемі,м3
1384
0,25

4.2 кесте
Тік күректі экскаваторлар үшін қазымның әдеттегі биіктігі, м
Шөміш сыйымдылығы,м3
Топырақ сипаттамасы

IV
0,5
3,5(2,5)

Қазым биіктігі аз болғанда топырақ пен шөмішті толық толтыруға мүмкін болмайды, сондықтан машина жүргізушіге кесіп алуды қайталау қажет, ал бұл экскавациялау циклінің ұзақтылығын өсіруге келтіреді, яғни өнімділігін
төмендетуге.
Экскаваторлардың техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер астындағы су деңгейін жасанды төмендету жұмыстары
Жер жұмыстарының технологиясы және топырақты жасанды тығыздау
Су шаруашылығы
Карық арқылы суғару
Ашық тау өндірімдері
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
Ғимараттар мен құрылыстардың деформациясы
Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру
Тереңдігі 1400м скважинадағы минералданған Апанқақ суының құрамы мен сапасын зерттеу
ҚАЗІРГІ КҮРІШ СУАРУ СУҮНЕМДЕГІШ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер