Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ

СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ» РМҚК

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Педагогикалық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет»

Орындаған: Өсербай Г.

Тексерген: Педагогика пәні оқытушысы

Курманбекова Б. К

Алматы, 2021ж

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ3

І ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК. 5

1. 1 Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті5

1. 2 Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны 11

ІІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ 15

2. 1 Педагогикалық қарым-қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет 15

2. 2 Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 22

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекетке айналуы, экономика бағытының нарықтық модельде құрылуы, ұлттық білім беру жүйесіне енуі білім берудің жаңашыл бағыты мен сипатының объективтік факторларымен түсіндіріледі. Қоғамымыздың түбегейлі жаңаруы сол жаңаруға сай мамандар потенциалын дайындамайынша мүмкін емес. Мамандармен қамтамасыз етуде жетекші рольді жоғары мектеп атқарады. Жоғары мектеп жағдайындағы жаңа қатынас бұрыннан қалыптасқан оқу процесі түбегейлі жаңарған қоғам талаптарына сәйкес келетін, сауатты, шығармашылықпен ойлана алатын маман қалыптастыруда түбегейлі бетбұрысты білдіреді. Жоғары білім беру жүйесінде негізгі ағым мамандардың дайындық сапасын көтеруге, инновациялық білім беруді дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекетімен кіріктірілуге, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік және экономикалық сала талаптарымен тығыз байланыста болуына, ақпараттық және білім беру технологиясын жетілдіруге саяды. Бұл проблемалар ғылыми негізделген, оқыту процесінің мақсаттылығына, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге, оның ішінде оқу процесіне, оның мақсаты мен мазмұнына, ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына, жоғары мектеп дидактикасының жалпы және оқу процесінің ішінара проблемасына қатысты. Жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа жолын ойластыру қажеттілігі қоғамның дайындалған мамандар сапасына қанағаттанбауынан туындауда, ол бірінші кезекте педагогиканың әлеуметтік сұраныс деген категорияны нақтылау қажеттілігімен түсіндіріледі. Жоғары білім беру дидактикасының кейбір аспектілерін қайта құру қажеттілігі қоғамның дамуының, нарықтық 6 экономикаға өту, құқықтық мемлекет құру сияқты тенденцияларды талдау барысында көрінеді. Болашақ мамандарды өмір әрекетінің жаңа жағдайында жаңаша даярлау талабын туғызады. Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді есепке алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс. Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі - өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.

Курстық жұмыстың өзектілігі.

«Педагогикалық шеберлік» курсы - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты :

Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Студенттер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерін дамуына үлес қосу.

Зерттеу міндеттері:

- педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну; - педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу; - педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін көрсету; - жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.

Зерттеу нысаны : - курстың методологиялық, теориялық, практикалық негізі; - педагогикалық шеберлік элементтері; - оқыту технологиясы; - педагогикалық техника, өзін-өзі басқаруды игеру; - мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлауды меңгересіздер.

Курстық жұмыстың пәні - педагогика

Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылар.

Курстық жұмыстың құрылымы : курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК
  1. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Баланың тұңғыш ұстазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім, білік, дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан- 41 жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады. Екінші сөзбен айтқанда, ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі. Мұғалім - мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге тәрбиелеуде. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айырықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды. Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек: - жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік; - балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы; - шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы; - жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық; - үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы; - психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т. б. Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық 42 үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы. Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек. Мұғалім - қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұңмұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлі орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ, педагогтар мұнда кәсіби қызмет атқарады. Педагогикалық ісәрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырлған білім беру орындарында жүргізіледі. Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет нәтижесі бірлігінен тұрады. Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке ала отырып, оған бір жағынана әлеуметтік және этикалық топтардың 43 қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен қабілеттері жинақталған. Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілердің әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді. Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиеленуші ұжымды тудыру. Тұлғаның даралығын дамыту сияқты міндеттерді шешумен байланысты. Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттерін анықтайтын негізгі функцияналды бірлігі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің танымы. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен танымдық формасында көрінеді. Өзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндеттерді психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып практикалық өзгерістерге айналады. Мұғалімнің іс-әрекеті түрлі деңгейлердегі міндеттерді шешу процесі. Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі олардың шешімін табуда. Педагогикалық қызметтің объектісі - адам. Педагогикалық қызмет бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық интеллектуалды дамуына бағытталады. Педагогикалық қызметтің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу. Сондайақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. Педагогикалық қызметтің мазмұны - оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. Педагогикалық қызметтің құралдары - білім оқулықтарымен, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар. Педагогикалық қызметтің әдістері сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене дамуы және оның қоғамда бағалануы. Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз. Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және 44 кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі. Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды. Педагог педагогикалық процесс субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық байланыс қалыптастыруға бағыттауы керек. Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-әрекетімен ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады. Педагог қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада: гуманистік сипаты; ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т. б. Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек 45 бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т. б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады. Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты- педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емес, сонымен қатар сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан тек оның қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы дұрыс бағалауға болады. Педагог тұлғаның шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибиесі психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік пен дағдылары жаңа формалар мен әдістер кезінде қалыптасады. Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен ғана болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоционалдық, еріктік және мотивациялық қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейімделеді. Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды да қамтиды: тәрбие жұмыстарын және оқыту үрдісін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан, мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік ұстанымы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық әдеп-мәнерін сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т. б) және кәсіптік ұстанымы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарасы, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т. б) айқындалады. Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды ісәрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі суретте педагогикалық іс-әрекеттің бірнеше түрлері көрсетілген. 46 Өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу Ұйымдастырушылық Ғылыми-ізденіс Әдістемелік Қоғамдық Тәрбиелеу Оқыту Педагогикалық іс-әрекет түрлері Дамыту 1-сурет. Педагогикалық іс-әрекет түрлері Ендеше іс-әрекеттің бір-екі түріне ғана тоқтала кетейік: Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі. Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын ісәрекет түрі. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтерін келесі 2-суреттен көруге болады. 2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері 47 Диагностикалық қызмет - бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды. Бағыттаушы-болжаушылық қызмет - мұғалімнің тәрбиелік ісәрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды. Конструктивті-жобалаушылық - педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді. Ұйымдастырушылық - педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады. Ақпараттық-түсіндірмелік - бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет. Коммуникативті-ынталандырушы - бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті. Талдау-бағалау - бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т. б мүмкіндік береді. Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мұғалім тұлғасы - мұғалімнің мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі моральдік қасиетімен адамгершілік нормасының 48 күнделікті оқу-тәрбие процесіндегі жаңа сипатқа ие болуда. Мұның негізі қоғамдағы үздіксіз дамумен ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. А. Байтұрсынұлы «Ең әуелі мектепке керегі-білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім» керек деген болатын. Олай болса, адамның жеке басының қалыптасуы оны әлеуметтендіруде жүзеге асырылады. Күрделі үрдісті жасауда мұғалімге қойылатын талапты бөліп көрсететін болсақ, олар мыналар: 1. Мұғалімнің жеке басының ізгілікті бағыттағы, қоғамдағы борыштылығы мен жауапкершілігін сезінуі; 2. Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны оқыту әдістемесін жасай білуі; сондай-ақ педагогика ғылымына салалас психология, философия (адам өмірінің құндылықтық дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі; 3. Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере отырып оқушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру. 4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру; мұндағы мұғалім шығармашылығын көтеру; кәсіби-біліктілік-кәсіби-шеберліліккәсіби шығармашылық-кәсіби жаңашылдық. Міне, осыларды топтастыра келе жатқан педагог қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерлік қалыптасады: - оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру; - қарым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Педагогикалық біліктілік
Үздіксіз педагогикалық білім беру және кәсіби мұғалімді жетілдіру жолдары
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz