Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ РМҚК
Жазғы демалыс лагерлерінде бұқаралық дене шынықтыру спорттық іс шараларды ұйымдастыру
тақырыбы бойынша
Курстық жұмыс
Орындаған 3курс студенті___________________________ ___________Амантай Ерсұлтан
Ғылыми жетекшісі Оқытушы____________________________ _______________Тастанов Әділбай
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:
І- тарау. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.1 . Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдаcтыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9
1.3. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІ- тарау. Балалардың шынығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Дене шынықтырудың міндеттері мен дене жаттығулары ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
Тәрбиелік міндеттер - мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.
Зерттеудің проблемасы: Қарастырылып отырған мәселенің көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, мектепке дейінгі мекемелерде спорттық жаттығуларды пайдалану жолдары, мәселелері;
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесіне сипаттама беру, балалардың спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлін айқындау;
Зерттеудің нысаны: Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Зерттеу пәні: дене әдістемесі
Зерттеудің болжамы: егер, Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі әдіснамалық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденіп, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың дені сау және қуаттылыққа қалыптастыруға негіз бола алады.
Зерттеудің әдістері: Жалпы ғылыми әдістер: талдау, жинақтау, педагогикалық бақылау, эксперимент, зерттеу деректерін өңдеу әдістері.
Зерттеудің базасы: 12 жылдық оқытудағы эксперименттік мектептер алаңына енген Орал қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектеп.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 тарау. Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі
бағыттары мен шарттары
1.1. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықты- руға өр түрлі дене төрбиесі амалдары, жаттығулары жөне санитар лық-гигиеналық фактор лар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-өрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіп - тік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы ізденістері мен талпыныс- тарын спорт дайындығы дейміз.
Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына тоқталсақ:
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: балалардың үйлесімді дамуы; дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1. Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, баладарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-өсемдік танымына әсерін тигізеді.
2. Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан- жақты дамытуға арналған жаттығулар дене шынықты үрдісі кезінде балалардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шыныңтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалардың мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене шынықтыру жаттығулары, сабақтары балалардың денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылыңтарын, балалардың жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті еңбек ете алады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті -- өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.
1.2. Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері
Біздің елімізде дене шынықтыру мақсаттары, міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамнық жарасымды да - муы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралды.Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, еқбекке және Отанды қорғауға даярлау болып табылады. Бүл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады. `
Дене шынықтырудың аталған мақсатына сөйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдар - дық үзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалып - тастыру, арнаулы білімді меқгеру, үйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
Тербиелік міндеттері: жан-жақты төрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық жөне еқбек төрбие- сіне ықпал ету.
Бүл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жас- тарға байланысты олардық жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуынық деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгі- лері болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесініқ мақсаттылығы - жан-жақ - ты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене төрбиесі- мен айналысушылардық жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назар- баевтық "Қазақстан - 2030" стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасынық халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Зақда, нақты қаулы- ларда көрініс тапқан.
Дене шынықтыру жүйесініқ халықтығы - онық өмір талабына сөйкестігі. Еліміздіқ түрғындарынық денсаулығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамнық өл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып та - былады.
Халықтық дене шынықтырумен айналысу -- мемлекеттік мақызды іс.
Ғылымилық - дене шынықтыру жүйесініқ сипатты белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу қүралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру қүрал-жабдықтарына қойылатын та- лаптар анықталады, әрбір жас кезеқіне қарай дене дамуы- нық, дене әзірлігініқ өлшем көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жақалықтардық бәрі мемлекеттік мекемелердіқ, қоғамдық орындардық және отбасы төжірибесінде жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру мәселелерін негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге жүмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде мақызды шаралар жүргізіледі.
Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан қүрылған.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жас- қа дейін).
9 жылдық және орта мектепте, арнаулы оқу орын- дарындағы дене шынықтыру. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайындық дене шынықтыру.
Қала, ауыл азаматтарының дене шынықтыруы, өз еркімен ұйымдастырылған спорттық қоғамдар.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі сауықтыру-профилактикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде үйымдастырылады.Дене шынықтырудық негізгі қүралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) жөне еқбектегі гигиеналық жағдай.
Дене жаттығулары. Дене жаттығулары - дене шынық - тырудың негізгі өзіндік қүралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамнық дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мүндай жағдайлар:
жаттығулар түрлерінің ағзаға өр түрлі эсер етуі;
дене жаттығуларын орындау барысындағы өткі - зілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;
жаттығулар өлшемі, үзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деқгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;
сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.
Жасөспірімдер мен балаларды дене төрбиесіне тәрбиелеуде эр түрлі жаттығулар түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін іске асыруда жаттығулар тиімділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жатты - ғуларын іріктеп алуға ғылыми түрғыда қарау мен дене
жаттығуларынық денеге өсерін қадағалау қатақ есеп бе- руд і талап етеді.
Гимнастика - дене шынықтырудық негізгі қүралынық бірі - адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелген дене жаттығуларынық ағзаға өсері, қозғалыс іскерлік дагдыларын дамыту, ерік- жігер қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ дене дамуындағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.
Гимнастика жаттығулардық өр түрлілігі, еқ қарапа- йым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жат- тығулардан, снарядсыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардық ағзаға жан- жақты өсері, сонымен қатар спортшынық денесіне түсетін салмақтық нақты реттелуі арқылы ерекшеленеді.
Гимнастикалық жаттығулар өдемі, көркем, мөнерлі, нақты орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға эсер ететін салмақты реттеудіқ дене қызметімен қатар, емдік маңызы бар.
Әр түрлі жастағы спортшылардық гимнастикалық жаттығуларды кеқ көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дөлелдейді.
Дене шынықтыру жүйесініқ даму кезеқінде гимнас- тиканық міндеттері анықталып жөне олардық түрлері белгіленеді.
а) негізгі гимнастика;
б) гигиеналық гимнастика;
б) спорттық гимнастика;
в) акробатика;
г) көркем гимнастика;
д) қолданбалы гимнастика, онық қүрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік жөне емдік гимнас - тика жатады.
Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканық міндеті - денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру жөне жалпы дене дайындығы, түлғаны дүрыс қалыптастыруға төрбиелеу, ағза жүйелерініқ қызмет дөрежесін арттыру жөне дененіқ шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі гимнастикаға: сапқа түру жөне қайтадан сапқа түру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар жөне қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар жөне бастауыш мектеп жасындағы оқушылардық, орта мектеп, арнаулы оқу орындарынық жөне жоғары оқу орындарынық міндетті оқу бағдарламасында мақызды орын а лады.
Негізгі гимнастика спорттық өр түрімен айналысуға қажетті алғашқы кезеқніқ негізін қалыптастырады.
Гигиеналық гимнастиканьщ міндеті - адам денсаулығын нығайту, денесін қалыптастыру, денесініқ дамуын жөне жүмыс істеу қабілетін жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканьщ негізгі міндеті - жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзанық негізгі жүйелерініқ - тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу, бүлшық ет топтарынық жүмыс істеу қызметін нығайту.
Гигиеналық гимнастиканьщ кеқ көлемде қолданатын түрі ертеқгілік гимнастика болып табылады. Гигиеналық гимнастикамен жеке жөне топ түрінде айналысады. Жеке адам гимнастикамен күнделікті үйқыдан кейін айналы - сады. Осы жағдайда ертеқгілік гимнастиканық қүрылы- сы қарапайым, жалпы дамыту жаттығулар тобынан қүрылады. Бүл жаттығулар тобына кеқ көлемді жүрт- шылық үшін радиохабарлар арқылы берілген жаттығу - лар үлгісі жатады.
Гигиеналық гимнастиканық топтық түрі балалар үйінде, мектеп интернаттарында, жазғы демалыс лагерінде, балалар алақдарында, демалыс ойындарында, сауықты- ру мекемелерінде, өндіріс орындарында өткізіледі.
Жеке жөне топтық сабақтар қысқартылған дене төрбие- сі сабағы болып табылады. Сабақ қүрылысына жатты - ғулар топтары: сапқа түру жөне қайтадан сапқа түру, кедергілерден өту, снарядтарда жаттығулар түрлерін орындау кіреді.
Спорттық гимнастика - дене шынықтыру қүралдары- нық бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененіқ
қалыптасуы мен спорттық шеберліктіқ жоғары дәреже- сіне жетуге бағытталған адамнық икемділігін жетілдіру болып табылады.
Оқу жүмысында спорттық гимнастиканық жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастика- лық жарыстар өткізіледі.
Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға кө- мектеседі, өз денесін ширақ меқгере білуге, үшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққатөрбиелейді. Ак- робатикалық жаттығулар - алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік түру. Акробатикалық жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снарядсыз және сна- рядтарда орындалады.
Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.
Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканық негізгі жаттығулары - қимыл-қозғалыстық жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меқгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттық бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.
Көркем гимнастиканық мазмүнынан арнайы жатты - ғулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-ақ акроба - тикалық жаттығулар орын алады.
Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, эр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір қимыл-қозғалыстар, өр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, қүрсаулар, орамал, жалауша секіртпелер, ленталар кеқ көлемде қолданылады.
1.3. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Біздің елімізде спортты дамытуға зор көңіл бөлінеді. Совет спортшыларының жоғары жетістіктері совет адамдарының дене шынықтыру жаттығуларының әр түрлі салаларына қатысуының бұқаралық сипатының нәтижесі. Ғылыми негізделген методикасы бойынша жүргізілетін мұндай жұмыстар процесінде спорттық нәтижелер ғана өсіп қоймайды, сонымен бірге денсаулық сақтауда, біздің қоғамымыз үшін маңызды адамгершілік қасиеттерін, дене мен ақыл ой қабілеттерін дамытуға жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдық-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді.
Балабақшадағы тәрбие программасында шаңғы, коньки, шана, вилосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу және басқа да спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, нерв системаларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Табиғи жағдайда жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды.
Коллективті түрде айналысу, әсіресе балабақша территориясынан тыс жерде серуендеу саналы тәртіптілікке, жолдастық өзара көмекке және т.б. тәрбиелеуге көмектеседі.
Паркте, орманда, өзенде айналысу табиғат сұлулығын балалардың жақыннан көруіне мүмкіндік жасайды, эстетикалық сезімін оятады.
Дене шынықтыру жабдықтарын күтіп ұстау балаларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді, еңбек сүйгіштікке қалыптастырады.
Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топта және жеке жүргізіледі. Балалар жаттығуларды дұрыс орындау техникасын меңгерген және тәрбиешінің көмегі мен сақтандыруы қажет болмай қалған кезде өз бетінше велосипед, шана, әткеншек және т.б. тебуіне рұқсат етіледі.
ІІ- тарау. Балалардың шынығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
2.1. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің табыстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш жігерін жұмылдыруына байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:
- әр сыныпта жетісіне үш рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
- оқу күні режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, физкультминуттар, дене шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулар);
- ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
- дене шынықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дайындық топтарындағы спорт түрлері бойынша секцияларды, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы демалыс лагерлеріндегі әр түрлі типтегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;
- балалардың жазғы және қысқы лагерлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары;
- спорттық, туристік базаларды мәдени және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері:
- күн режиміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
- спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
- каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спорттық көңіл көтерулер;
- отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті болып екі түрге бөлінеді.
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене шынықтыру сабақтары ғана жатады (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі).
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастыру белгілеріне қарай сабақтық не сабақтық емес болуы мүмкін.
Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардығы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: Мамандандырылған пеогогикалық басшылықтың болуы; сабақтас педогогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың дайындық құрамы. Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Екіншісінде, жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылық пен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар құрамы да тұрақты болмайды. Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде Дене шынықтыру пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тірбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мұғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асыруда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкестендіруіне.
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың өзге түрлері тәрбиеленудің алғы шарттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер:
- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)
- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)
- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)
- Спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:
- Жазғы сауықтыру лагері
- Еңбек сауықтыру лагері
- Стадиондар, су станциялары
- Жас туристер станциялары
- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері
- Мәдени демалыс парктері
- Аула клубтары
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz