Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ РМҚК
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің принциптері, құрылымы
Орындаған: Иманбекова М.
Тексерген: Педагогика пәні оқытушысы
Курманбекова Б.К
Алматы, 2021ж
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ 3
І ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ. 5
1.1 Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі 5
1.2 Білім беру жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы 12
ІІ ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары 15
2.2 Білім беру саласы және Заң Білім беру жүйесін реформалау 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту -- қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
:: жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
:: азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
:: Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
:: жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
:: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
3. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
4. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.
5. Орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Педагогикалық шеберлік курсы - Педагогика және психология мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызды нормативтік құжаттарды зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
а) Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сипаттама беру және Қазақстан Республикасы білім беру орындарының қызметтерін ашып көрсету.
ә) Білім беру стандарттары мен олардың негізгі қызметтерінің мәнін ашу.
в) Республикадағы орта білім беру жүйесінің маңызды жақтары мен даму барысын көрсету.
Зерттеу нысаны: нормативтік құжаттар, білім беру стандарттары, әр типті мектептер, білім берудегі дағдарыс.
Курстық жұмыстың пәні- педагогика
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылар.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ
0.1. Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру міндеттерінің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің деңгейін және кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі, деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргішкүштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты.Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне әсер етеді,әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады.Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына,мәдениетіне,экономик асына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай,Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн.Олар:
-жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
-азаматтықты,үйелменнің,халықтың,қо ғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды,сондай-ақ Республиканың мәдени,қоғамдық,экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
-Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
-қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшінжағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн.Олардың бірі-қоғамдық өндірістің даму және оның ғылыми техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды,білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай,егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық,арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жоніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Халыққа беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар.Мысалы,мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қоға алып,оларға тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет.Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап,оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан,мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптері басшылыққа алынады:
1.Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.
Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына,ұлтына,жынысына,тіліне,ұс тайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.
2.Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегіне білім беру қызметтірінің теңдігі.
Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойлатын талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды республика үкіметі жасап бекітеді.
3.Меншік түрлері,қызмет ету бағыттары,тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік,жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін).
4.Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қа матамасыз ететін үздіксіздігі.
Бұл барлық білім саласындағы мекемелерде,әсіресе бастаушы,орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын,соған байланысты қисындылық бірізділгі мен жүйелігімен қамтамасыз етеді.
5.Білім берудің ғылыми сипаты,құқылық және экологиялық бағыты.
Ғылымның,техниканың,мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беру ғылыми бағытта үнемі жетілдіру.Білім беру мекемесі заңды ұйым,оның өзіндік мүлік болады,өз атынан мүліктік және мүлікті емес құқыққа ие болды.Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды,оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.
6.Білім берудің озыңқы дамуы.
Халық шаруашылығын барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты.Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса,өндіргіш күштердің,халықтық материалдық жағдайының дамылсыз өсуіне игі әсер етеді.
7.Білім беру жүйесінің басқару демократизмі.
Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен басқару.Демократияландыру - бұл білім беру мекемелерінің ведомстволардан,жергілікті мұқтаждықтардан құтылып,қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы,қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы.Білім беру қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы.Білім беру мекемелері мемлекеттің,қоғамның және жеке адамның білім алу жөніндегі тілектерін орындайды.
8.Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау,табиғат құбылыстарын,қоғамдық өмірді ғылыми-материалистік көзқарас негізінде түсіндіру,халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылдықпен,жоққа нанушылықпен күресу.
9.Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады.Республика Білім министірлігі.оның төменгі атқарушы органдары Қазқастан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Барлық білім беру мекемелері ешқашандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының заңында толық түсініктеме берілген.Біріқ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажетсияқты.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие.Үйелмен жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуына жауапты.Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер,ғылыми-зерттеу институттары,қоғамдық бірлестік,еңбек ұжымдары біріге отырып,оқыту мен тәрбие жұмысын жақсатруда ата-аналарға,оларды алмастыратын адамдарға үйелмен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді,жағдайлар жасайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие.Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиеленуге үкімет көрсетеді.Ол үшін ата-аналарға өтем төлемдері беріледі.
Жалпы орта білім.Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты - әр жақты дамыған,адамгершілігі мол,жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін,халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын,зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігін үш кезеңіне (балалық шақ,жеткіншектік шақ,жас өспірім шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
1 Бірінші саты - бастауыш мектеп (I-IV-сыныптар).
2 Екінші саты - негізгі мектеп (I-IX-сыныптар).
3 Үшнші саты - жалпы білім беретін орта мектеп (I-IX-сыныптар).
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту.Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігі дамыту,қоғамдық белсенділігін арттыру,еңбекке,кәсіби бағдар беруге,ғылым мен техникаға,өнерге,әдебиетке,спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын,бос уақытын,дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады.Мұндай мекемелерге:балалар клубтары мен парктер,балалар кітапханалары,балалар театрлары мен кино,жас техниктер,жас натуралистер станциялары,балалар стадиондары,спорт,музыка мектептері және мектептен тыс басқа да балалар мекемелері жатады.
Балалар мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері мектептерге жан-жақты көмек көрсетеді,мектептермен бірге отырып,оқушыларды әржақты жұмысқа тартады.Мектеп оқушылары ауыл шаруашылық тәжірибелік және табиғатты зерттеу мен қорғау жұмыстарына, әр түрлі байқаулар мен сайыстарға, слеттер мен көркемөнерге қатысады.Мысалы,жас натуралистер станциясы ауыл шаруашылығына және табиғатқа бейімділігін,қызығушылығын көрсете білген оқушылар үшін үйірмелер,жас натуралистер,жас механизаторлар,жасметеорологтар,жас агрохимиктер қоғамдарын ұйымдастырады.
Жас натуралистер қозғалысын оқушылар арасында кеңінен дамыту үшін станция мына мақсаттарды алдына қояды:
а) жергілікті жағдайды есепке алып,ғылыми-зерттеу мекемелерімен,ауыл шаруашылық өндірістерінің мамандарымен бірігіп,тәжрибелік жұмыстың тематикасын,жүргізудің әдістемесін жасау,оларды барлық мектептерге тарату;
ә) оқушылардың теориялық білімдеріне және ғылыми қызметкерлердің көмектеріне сүйене отырып,ауыл шаруашылықдақылдарынан мол өнім алу,өсімдіктердің жаңа сорттарынан зерттеу,мал продукталарының сапасын арттыру;
б)натуралистік жұмыстарды жүргізудің озат тәжірибесін зерттеу,жинақтау және тарату;
в)селолық мектептердің жанындағы оқу-тәжірибе учаскелерінің және оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстарына нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеу.
Жас техниктер станциясында оқушылар әр түрлі үйірмелерге (автоматика,радиоэлектроника,трансп орттық техника,құрылыстық техника,кино және фото-техника,химия т.б.) қатысып,өздерінің техникасын ойлау қабілетін жетілдіреді.
Жас техниктер станциясының негізгі міндеттері:
а)жастарды техника саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке дайындауда жалпы білім беретін мектептерге тұрақты көмек беру;
ә)оқушылардың мектепке математика,физика,география пәндерінен алған теориялық білімдерін өндіріспен тығыз байланыстыруы.
Сонымен, барлық мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелерінің жұмысы өздерінің ережелері мен бағдарламасына,оқушылардың өз іс-әрекеттеріне негізделе жүзеге асырылады.Мектептен тыс мекемелер өздерінің іс-әрекеттерін мектептермен тығыз байланыстыра ұйымдастырады. Тәрбие және білім беру жұмыстарын осындай принциптерді негізге ала отырып жүргізудің нәтижесінде,оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінде қызығушылығы мен бейімділігі байқалады, таным қабілеті дамиды,саналы тәрбие,терең және тианақты білім алу жолындағы күресте белсенділігі артады. Міне, осылардың нәтижесінде олардың өмірге,дүниеге ғылыми көзқарастар кеңиді,қалыптасады.
Мектептен тыс халыққа білім және тәрбие беру жүйесіне саяси мәдени-ағарту мекемелері де кіреді. Оларға кітапханалар, клубтар,әлеуметтік-саяси орталық,кино,театрлар,түрлі көрмелер мен музейлер,спорт мекемелері жатады.Бұл мекемелер халық арасында күнделікті өмір талаптарына жауап беретін саяси және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп,уағыздайды.
Мәдени - ағарту мекемелерінің бастыміндеттері:
а) үкіметтің қаулы-қараларын қалың бұқара арасында түсіндіріп насихаттау;
ә) халыққа эстетикалық және дене тәрбиесін беру жайлы тікелей көмектесу.
Мәдени - ағарту мекемелерінің қызметкерлері осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен,ересек жастардың жалпы және кәсіби сауаттылығын,эстетикалық талғамдары мен сезімдерін,қоғамдық және еңбек белсенділігін арттыруды жан-жақты көмек беріп,игі әсерін тигізеді.
Кәсіптік-техникалық білім.Халық шаруашылығын барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы кадрлары дайындау мәселсі кәсіптік-техникалық училищелерде жүзеге асырылады.Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік-техникалық лицейлер мен техникалық гимназияларда іске асырылады.Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын шеберлікпен меңгере алатын,қазіргі заманғы өндірістің,ғылыми мен техникалық талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
Орта арнаулы білім.Қазақстан Республикасының азаматтары орта арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады.Негізгі сатыны бітірген оқушылар кәсіптік оқу мекемелеріне әр түрлі техникумдар,педагогикалық,медицинал ық,әскери т.б. училищелер жатады.
Жоғарғы білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университтерде,институттарда,академ ияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірінші түрлері бар.Жетім балалар,ата-аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Ақыл ойында кемістігі бар және ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалар үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылды.
Қоғамға жат мінез-құлқымен байқалғаноқушылар үшін ерекше күн ырғағындағы жалпы білім беру мектептері мен кәсіптік техникалық училищелер құрылды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Республика азаматтарға аспирантураларда,докторантураларда оқып ғылымдар кандидаттары мен докторлары дәрежелерін,доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
Жұмысшылар мен мамандардың. Басты қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау арнаулыбілім беру мекемелерінд, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.
Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру- сауықтыру, техникалық, мәдениеттану,тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылды. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару орындары бекітеді.
Сонымен, білім мен тәрбие беру- бұл Республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық процесс.
Үздіксіз білім беру жүйесін жақсартудың басты бағыттары: оны дамыту, нақты білім беру саясаты және халықтың әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктері білім беру ісін жетілдірудің арқауы болып табылады.
1.2 Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі
Дүние жүзілік білім кеңестігіне кіру және халықаралық байланыс елімізді білім жүйесін жасауға мүмкіндік. Осындай мүмкіндіктерді еске ала отырып, Отандық білім жүйесін дүние жүзілік үлгіге салу деңгейіне жеткізу ең басты мәселелердің бірі. Әсіресе ірі мамандары ең жақсы шетел орталықтарында дайындау, оларға қажетті жағдайларды туғызуға көңіл бөлу. Осындай мақсаттарды көздеп, өте тапшы мамандықтарды игеру үшін ҚР 1994 жылы 738 жастар шетелдерге жіберілді. Көптеген қазақ жастары шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында оқиды. Олар әр түрлі ғылым саласында,мысалы, экономика,халықаралық құқық, халықаралық қатынас, шығыстану, биология, физика, шетел тілдері т.б. мамандықтарды игереді.
ҚР білім туралы Заңы бойынша Қазақстан азаматтары шет мемлекеттердің оқу мекемелердің оқу мекемелерінде оқуға қақылы. Жыл сайын орта және жоғары оқу орындарын бітірген және дарында жастарды шет мемлекеттеріндегі жоғарғы оқу орындарына, асперантураға жіберуді әдетке айналдыру қажет.
ҚР тұратын шет мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар республикамыздың азаматтарымен тән дәрежелі білім алуға, қызмет істеулеріне қақылы.
ҚР білім беру мекемелері шетелдік мекемелерден және ұйымдармен тікелей байланысты дамытып жетілдіреді, рухани тілек білдіреді. Олардың өзара қарым- қатынастары және ынтымақтастығы, достық байланыстары дамиды.
Білім министрлігі және Республикадағы жоғары оқу орындары 1 қыркүйек 1995 жылы жарияланған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің білім жайлы тұжырымдамасы басшылыққа алынып, білім жүйесін жаңарту бағытында нақты жұмыстар істелуде.
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). (ҚР "Білім туралы" Заңы, 4 тарау, 13-бап).
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін не істеуіміз керек ?
Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат,Бір мүдде,Бір болашақ Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы білім беру мазмұны - оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде.
Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады.
Мемлекеттік білім беру саясатының бағытында қазіргі таңдағы мектеп баланың әсерлі дамуын жүзеге асыруы мен тұлғаның қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып, оның бірқалыпты қалыптасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керектігі айтылады. Мектептерде білім беруді заман талабына сай ету осыған бағытталған.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Оқыту үдерісін Білім мазмұнының жаңартылған бағыты мұғалімнің бағыттауымен оқушының өздігінен білім алуына ықпалы зор. Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту. Жаңартылған оқу бағдарламаларында пәннің мазмұны және мақсаттары мұғалімдер үшін бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалім үшін тиімділігі оқушыны әділ бағалай алуы, мақсаттың нақтылығы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде. Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.
Ба - ла - лар - ды диалог пен дәй - ек - теу - ге, тал - қы - лау - ға тар - ту бел - сен - ді жүр - гі - зіл - ген жағ - дай - да олар - дың оқуы ти - ім - ді - рек жә - не зияткер - лік же - тіс - тік - те - рі жо - ға - ры бо - ла - ты - нын дә - лел - дей - тін зерт - теу - лер де кө - бейе тү - суде. Осы - лай - ша ба - ла - лар - ды ХХІ ға - сыр - да жә - не кей - ін - гі ға - сыр - лар - да да өмір сүру үшін қа - жет - ті дағ - ды - лар - мен жә - не қа - си - ет - тер - мен қа - ру - лан - ды - ру - мұ - ға - лім - дер үшін ын - талан - ды - ру - шы күш бо - лып та - бы - ла - ды. Ба - ла - лар күн - нен-күн - ге қолже - тім - ді - лік ар - тып ке - ле жат - қан анағұр - лым кең ком - му - ни - ка - ция - лық үде - ріс - тер - ге ти - ім - ді жә - не ой - да - ғы - дай қа - ты - су - ға мүм - кін - дік бе - ре - тін сыни тұр - ғы - дан ой - лау мен зерт - теу дағ - ды - ла - рын да - мы - туы ке - рек (Wolfe and Alexander, 2008).
Сыни тұр - ғы - дан ой - лау ой - лау ту - ра - лы ой - ла - ну деп си - пат - тал - ған. Ол ма - ңыз - ды мә - се - ле - лер - ді тал - қы - лау жә - не тә - жі - ри - бе - ні ой еле - гі - нен өт - кі - зуді қамтиды. Мұ - ға - лім - дер педагогика - лық бі - лі - мі бар жә - не қо - сым - ша оқы - ту мен өз бі - лік - ті - лі - гін арт - ты - ру - шы субъ - ек - ті - лер бол - ған - дық - тан, олар - да бұл дағ - ды - лар да - мыған жә - не іс-тә - жі - ри - бе - де қол - да - ны - ла - ды деп ой - лай - мыз. Сыни тұр - ғы - дан ой - лау - Қа - зақ - стан - да - ғы бі - лім бе - ру - ді да - мы - ту үшін ма - ңыз - ды бо - лып та - бы - ла - тын қа - зір - гі ең бас - ты педагогика - лық тү - сі - нік. Бұл модуль оқу - шы - лар - дың да, мұ - ға - лім - дер - дің де сыни тұр - ғы - дан ой - лау - ды да - мы - ту - ды са - на - лы жә - не ой - мен қа - был - дау - ын көз - дей - ді (МАН, 49 бет)
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz