Ұжымда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ» РМҚК
« Таңдаған спорт түрін оқыту әдістемесін эксперименттік негіздеу»
тақырыбы бойынша
Курстық жұмыс
Орындаған 3курс студентіӘмірхан Дәулет
Ғылыми жетекшісі ОқытушыӘбдікәрім Болат
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім:
І- тарау. Жаттықтырушының міндеттері 5
- Тақырып бойынша жоспарлау 9
- Жаттықтырушының сабаққа дайындалу жұмыстары- жеке сабақтардың жоспары 11
- Жаттықтыру арқылы балалардың ерік-жігер қасиетін шыңдау14
ІІ- тарау. Еркін күрес жаттықтырушысының педогогикалық-психологиялық дайындығы 17 2. 1. Техникалық-тактикалық дайындықтарын басқару 20 2. 2. Ұжымда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру 22 2. 3. Балуандардың дене шынықтыру дайындықтарын басқару 23 2. 4. Жаттықтырушы спорт қызметінде физиологиялық мүмкіндіктерін көрсету ерекшеліктері27
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Жаттықтырушының қызметі әсіресе бүгінгі таңда қарыштап дамыған заманда оның кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Өйткені ол спортшыны тәрбиелеуде аса маңызды тұлға болып табылады. Жаттықтырушының педагогикалық шеберлігі оның тәжірбиесіне ғана емес, сондай-ақ спортты таңдаған түрінің теориялық жағынан да терең біліміне байланысты екендігі даусыз.
Жаттықтырушы өз қызметінде бүгінгі таңдағы ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді пайдалана отырып жүргізгені абзал. Педагогикалық шеберліктің негізі-жұмысқа шығармашылық ізденістер мен жаңаша бағыт-бағдармен, теориялық білімді іс-жүзіне тиімді қолдана отырып келуімен қаланады. Жаттықтырушы әркез өзінің білімін көтерумен, тек қана білімін емес кәсіби дайындығын шыңдап отырғанда ғана тәрбиеленушісіне терең және пайдалы әсер ете алады. Бүгінгі жаттықтырушы оқушының жұмысына аса қажетті деген қасиеттерді анықтауға болады . Бүгінгі жаттықтырушы-оқытушы рухани жан дүниесі таза, адамгершілігі биік, аңғарымпаз жан болуы керек.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Зерттеу объектісі: еркін күрес жаттықтырушысы
Зерттеу пәні: дене әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Сабақ жоспары, көпжылдық жоспары арқылы болатын оқу-жаттығу барысына педогогтың дайындығын анықтау;
Зерттеудің міндеттері:
1) Дене тәрбиесі мұғалімдерінің, жаттықтырушылардың сабаққа дайындығын анықтау ;
2) Дене тәрбиесінің құралдарының критерийлері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі дене тәрбиесінің құралдарының теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы басшылыққа алынды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: спорт үйірмелері жаттықтырушылары мектепте дене тәрбиесінің мұғалімдері әдістемелері зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттер, талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Жаттықтырушының міндеттері
Жаттықтырушы - спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды.
Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О. о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.
Жаттықтырушының биік мәдениеті оның педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда болашақты болжауға, әрбір тәрбиеленушінің бойындағы ерекше қабілеттерді анықтауға, психология педагогика жағынан белгілі бір жаңаша бағыттарға жол ашуға мүмкіндік жасайды. Ең бастысы жаттықтырушы-оқытушы жастар тәрбиесіне қай қырынан келуді білгені абзал. Тәрбие және оқу үрдісінде әр ұстаз өзінше, өз жолымен түсіндіруге тырысады.
Педагогикалық әсер етудің негізгі түрі ретінде сөз алынады. Әдемі, анық, мәдени, әдеби сөйлеу арқылы жаттықтырушы жастарды өзіне қарата алады. Сонымен қатар жаттықтырушының іс қимылы, кәсіби деңгейі өзін-өзі ұстауы да аса маңызды. Тіпті бірдей деңгейдегі сөйлеу мәнері ұқсас жағдайлардада кейде ол бір балаға жағымды, ал екіншісіне тіпті керсінше ұнамауы мүмкін сәттер болады. Осындайда жаттықтырушы-оқытушы сөз қабылдамаған жасқа ісінен, әрине өзінің шеберлігі арқылы көрсеткені әлдеқайда тиімді. Педагогтің жетістігі де сол, ол қай балаға қандай тіл ұғымды қай тіл жеңіл соны дөп басып тануы шарт .
Спорттық жаттығулардың жүйесі. Бұл сөздің төркінінде қай спорт түрінің болса да спорттық жаттығу жүйесінде, тағыда білім мен біліктілік, сондай-ақ жаттығу процесін басқару мен ұйымдастыру қызметін көреміз. Жаттығу процесін ұйымдастыру дегеніміз жаттығуды жақсы өткізудің кешенді шаралары. Жаттығуды басқару алдын ала жоспарланып, арнайы дайындықты талап етеді.
Жаттығуды ұйымдастыру түрлері . Жаттығуды ұйымдастыру түрлеріне сабақ, өзіндік дәрістер және спорт жарыстары енеді. Олар өз ерекшеліктеріне қарай нақты міндеттерді шешеді.
Спорт жаттығуының принциптері. Спорттық жаттығу педагогикалық процесс болғандықтан оған жалпы білім мен тәрбие міндетті түрде кіреді. Сонымен қатар жаттығуды арнайы атап айтар болсақ, дене әрекетінің қабілетіне қарай және жарыстың түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Спортшы алдына қойған міндеттері мен жаттығудың әдістерін түсінуі керек. Жаттықтырушы-оқытушы өз кезегінде оқушының өздігімен жаттығуына жағдай жасап, оның естігені мен көргенінен қорытынды шығаруына, сөйтіп өз түйсігімен жаттығуға ат салысуына мүмкіндік туғызғаны абзал. Жаттығудың күрделілігіне қарай қимыл-әрекеттерді де дұрыс пайдалана білу керек. Ол уақытымен дұрыс бөлінгені жөн.
Жаттығу принциптерінің негізі тұрақтылық, төзімділік. Аз мөлшерде басталған жаттығу бірте-бірте баяу, жүйелі түрде жоғары деңгейге көтеріледі. Шамам келіп тұр деп, бірден жоғары деңгейдегі жаттығуға бел бууға болмайды. Әрбір жаттықтырушы спорт жаттығуының мазмұнын жақсы білуі шарт. Ол физикалық, яғни дене, техникалық, тактикалық, теориялық, моральді-жігері, осылардың барлығы спортшының дайындығымен тығыз байланысты.
Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек. Жаңа жаттықтырушыға сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.
Сабақты жүргізу. Сабақтың жоспары жақсы құрылған болса да, оны сыныпта өткізген жағдайда, егер де уақыттың тәртібі бұзылатын болса сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін. Сабақты жүргізуге 45 минут беріледі, оған жоғары педагогикалық нәтижесін пайдалану қажет. Сондықтан сабақтың барлық бөліктерін жүйелеу және оны белгілі ырғақпен өткізу керек. Сабақтың басында «ұйымдастыру сәтіне» көп уақыт бөлмеу керек. Мектептерде бірыңғай талап етуіне байланысты балаларды 1 сыныптан бастап сабаққа дайындауға үйретеді.
Сабақты жүргізу кезінде жаңа материалмен танысып, дереу кірісу керек. Ең алдымен тақырыпты қысқа айтып кету керек және мазмұнындағы сұрақтар немесе мәселелерді қою қажет. Көбінесе сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын тексереді, оған сабақтың жартысындай кетеді.
Жаттықтырушы тақтаға шығарылған оқушымен әңгімелеседі, ал сынып оқушылары бұл уақытта бос отырады. Бұл Жаттықтырушының үлкен қатесі. «Жаттықтырушы еш уақытта ұмытпауы қажет, алдында сынып оқушылары бар екенін. Жаттықтырушы әрқашанда, бүкіл сынып оқушыларының жұмыс істеп отырғаның қадағалау керек және бүкіл сыныпты Жаттықтырушы қызықтыру керек, балалар жақсы білім алу үшін» - В. В Половцов айтуы бойынша. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен
Жаттықтырушының сырттай үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды - Жаттықтырушының барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке - өзіндік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Жаттықтырушының оқу кызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.
Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады
I міндеті - мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті - оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау) : негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
Жаттықтырушы осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
Бұл дайындықта мектеп оқулығы Жаттықтырушыге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
Сабақтың сәтті өтуі жаттықтырушының жақсы дайындығына байланысты.
Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.
Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
1. кіріспе
2. тақырыптың мазмұнын ашатын
3. қорытынды сабақтар.
Көлемі шағын тақырыптарда Жаттықтырушы бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.
Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.
Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу - тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т. б. .
Адалдық пен ішкі дүниенің тазалығы-жаттықтырушының басты ұстанатын қазығы десек те болады. Жаттықтырушы қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жастарға тәртіп жайлы әсіресе әр адамның ішкі тәртібі, ортада өздерін қалай ұстау керектігі, спорттық этикалық талаптарын жалпы ұжымға, отанға, қоғамға, ортаға қалай қарым қатынас жасауды үйретулері міндетті.
Жаттықтырушыға қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, сонымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі - оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-катынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей.
Екіншісінің ерекшелігі - оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс карқынын белгілейді.
Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді: оқушыны жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға, таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі; оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға төмендегілер жатады:
- оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді;
- әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топ басымен немесе Жаттықтырушының басқаруымен өтеді;
- топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
- топтың құрамы сабақтың мазмұныңа қарай өзгереді;
- ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
- топтың және құрамның әртүрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты.
Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өзіндік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі. Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.
1. 1 Тақырып бойынша жоспарлау
Жаттықтырушының сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік процесі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет.
Бір сабақты жоспарлау - жаттықтырушының тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары жаттықтырушының жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан әрбір жаттықтырушы үшін қажет.
Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, жаттықтырушының оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сонымен, жаттықтырушының сабаққа дайындығы дегеніміз - тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т. б.
Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін Жаттықтырушы сабақтың жоспарын жасайды.
Сабақтың конспектісі, әсіресе жас жаттықтырушыдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект жаттықтырушыға тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.
Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.
Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы - спортшыларға тәрбие беретін және оларды жарыстарға дайындайтын маман. Спортта оқыту "жаттығулар процесінде" жүргізіледі. Жаттықтырушы жұмысының негізгі мақсаты - ең жоғары рангтегі жарыстарда жеңіске жете алатын жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау. Жаттықтырушы үшін оқушының жеке тұлғасын сақтау немесе тіпті қарқынды жүктемелер кезінде қайта қалыптастыру, спорттық қызметте әркімнің даралығы өз көрінісін тапқанына ықпал ету аса маңыздырақ. Сондықтан жаттықтырушы дәрігерлермен, физиологтармен, психологтармен және басқа да мамандық өкілдерімен үнемі байланыста болады.
Спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушы қамқорындағы балаларға шыдамды және әдепті болуы керек, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, жауапты, күш-қуаты төзімді болуы тиіс. Маңызды қасиеттері - спортқа деген сүйіспеншілік, мақсаттылық, жүйелілік, атаққұмарлық және шыдамдылық, әділеттілік, өз нәтижелері мен оқушыларының жетістіктеріне баға беруде объективтілік, өзін-өзі жетілдіруге даярлық.
1. 2 Жаттықтырушының сабаққа дайындалу жұмыстары- жеке сабақтардың жоспары
Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.
Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне: Оқулықпен жұмыс істеу. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т. б. ) .
Жаттықтырушының тапсырмасы бойынша әр түрлі лаборатория-лық тәжірибелерді орындау. Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т. с. с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді. Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары Жаттықтырушының барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тап-сырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді.
Оқушылардың осындай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz