Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары


Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. 1 «Валеолология», «валеологиялық мәдениет» ұғымдарының мәні және мазмұны. 5
1. 2 Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын сақтау әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде 9
1. 3 Бастауыш мектептің білім беру мен тәрбие жүйесінде оқушыларда валеологиялық мәдениетті қалыптастыру салауатты омір салтын негізі . . . 13
1. 4 Бастауыш мектептің білім беру мен тәрбие жүйесінде оқушылардың валеологиялық мәдениетін қалыптастыруда «Денсаулықты нығайту мектептері» мен валеологиялық қызметтің алатын орны . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
ҚОСЫМША . . . 28
КІРІСПЕ
Денсаулық - тіршілік пен бақыттың басты кепілі. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік әлеуетінің мүмкіндіктерін қаншалықты толық жүзеге асыру оның денсаулығына байланысты. Жеке бастың денсаулығы әркімнің жауапкершілігінің, салауаттылығы мен саналығыныц көрсеткіші болса, жалпы халық денсаулығы - әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму сатысы мен жетістіктерінің сипаттамасы.
Сондықтан да "Қазакстан-2030" мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі "Азаматтардың денсаулығын, білімін және әлеуметтік жағдайын жақсарту" деп аталып. онда салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық мен есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселелерін қолға алуды тапсырады.
ҚР Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекітілген "Салауатты өмір салтыныц комплексті бағдарламасың жұмыстарды төмендегі бағыттарды жүргізуді қарастырады:
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саланың рөлін күшейту;
Білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарыиа валеология пәнін ендіру; Темекі, есірткі заттардан сақтандыруға арналған коп сатылы білім беру бағдарламасын епдіру;
Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы жұқтырушы қорғаныш тапшылыгы белгісі (ВИЧ/СПИД) індетінің алдын алу шаралары бағдарламасын ендіру[1 ] .
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығының күрт нашарлау тенденциясы, әсіресе йод жетіспеушілік, темір жетіспеушілік және жыныстық жолмен таралатын аурулар байқалуда.
Қазіргі кезде балалар денсаулығының жағдайына жасалған талдаулар, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының арасында дені сауларының үлесі елеулі түрде азайып отырғандығын көрсетеді.
Бірінші сыныптағы балалардың 20-25 % ғана денсаулықтары жақсы деп санауға болады. Әрбір бесінші оқушының созылмалы сырқаты бар, мектеп оқушыларының тең жартысында функционалдық ауытқушылық байқалады, бірінші орында асқазан - ішек аурулары тұрса, екінші орындарда - тыныс органдары, үшінші орында - жүйке және жүрек қантамырлар аурулары, одан әрі қарай балалардың без аурулары, аллергиялық және т. б. патологиялық аурулардың 15% дан астамында салмақ тапшылығы бар, әрбір 20-шы баланың бой есуі төмендегі дәрежеде, ал олардың 35 %-нің салмағы артық, 30 - дан астам баланың тісі шіріген, әрбір 1000 баланың 30-дан 70 % га дейінгісінің көзі нашар көреді.
Осыған байланысты жүргізілгсн валеологиялық зерттеулер оқушылар денсаулығының нашарлауының екі негізгі себебін анықтады. Оның бірі оқушының қызығушылығының ескерілмей құрылған оқу процесі. Бұл қайшылық салдарынан оқушыларда психологиялык шаршап-шалдығу пайда болады, ол соматикалық ауруларды тудырады. Оқушының сабакка деген қызығушылығы төмендеп, белсенділігі жойылады, дамуы баяулап, жағымсыз әдеттер пайда бола бастайды[3] . Екінші себеп мектептегі білім жүйесінің кемшілігі ретінде оқушылар денсаулығын күтуді білмейді. Бүгінгі күні мектеп валеологиялық білім беру мен оқушыларда салауатгы өмір салтын қалыптастыру міндеттерін толык деңгейде жүзеге асыра алмай отыр.
Сондықтан да қазіргі мектеп еркін тұлғаны қалыптастыру технологияларын, оқуға қызығушылығын арттыру методологиясын кажет етеді. Білім берудің маңызды міндеттерін жүзеге асыруда оқушы қызығушылығы мен сұранысы ескерілуі. Оқушының психологиялық дамуын ескере отырып, білім берудің мазмұны мен құрылымы қайта қаралуы қажет. Оқушының іс-әрекеті оның санасына, қоршаған ортамен қатынасына, оның ішкі және сыртқы өміріне, оның жалпы дамуым аныктайды. Осы айтылган теориялық негіздерге сүйене отырып, өзін-өзі үнемі дамытып отыратын тұлғаны калыптастыратын білім беру мекемесінің моделін құруға мүмкіндік бар деп қорытынды жасауға негіз болды.
Жас үрпақтың денсаулығын сақтау мәселесі қай заманда болмасын ойшылардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі. Классикалық педагогтардың өкілдері Я. А. Коменский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі дені сау азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т. б. өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың салауаттылығы туралы пікірлер айтып, ғылыми құпдылығы жоғары мұралар қалдырган[4] .
Бүгінгі таңда Қазақстанда оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салтын негіздерін калыптастыру мәселелері А. В. Ахаев, Б. А. Тойлыбаев, А. Қаплиева, Ж. Ембергенова, Д. Ақбердиева [6-8] және т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі.
Дегенмен, жоғарыда айтылған еңбектерді теориялык тұрғыдан талдау зерттеліп отырған проблеманың ғылыми-әдіснамалық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді.
1. 1 «Валеология», «валеологиялық мәдениет» ұғымдарының мәні және мазмұны
Егеменді еліміздің жарқын балашағы дені сау ұрпақ. Ұлт денсаулығы - ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі екені баршамызға аян. Ұлт денсаулығын нығайту үшін жоғары және жергілікті деңгейде арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Олар бойынша тиімді жұмыстар нәтижелі іске асып жатыр деуге болады. Десек те, ол ұрпақ салауаттылығын қалыптастыруда жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі -орта экологияның бұзылуы бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мем денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады.
Көпшілік жағдайда адамның осындай әсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс ұстай алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығына, орта және өсіп келе жатқан бүлдіршін денсаулығына қолайсыз жағдайлар туындайды. Атап айтсак: ішімдіктерді, есірткілік және токсикалық заттарды пайдалану, темекі шегу, насыбай ату т. б. Сондай-ақ баланың күнделікті күн тәртібін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауа дем алмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзасын дұрыс дем алдырмау, уақытында тамақтанбау, психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмау т. б. барлығы кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының алдында шектен тыс көп отыру - жасөспірімнің тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзан қолды магнитофон ызыңы - кұлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия - жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау - ас қорыту жүйесінің түрлі ауруларына әкеліп соғып жатыр.
Бүгінгі қоғамдағы экологиялық апаттардың көбейіп, адамзат болмысына зиянды әсерінің елеулі көрініс беріп отырған таңында денсаулықты сақтау мен қалпына келтірудің және алдын алудың ең тиімді жолы мектеп қабырғасында салауатты өмір салтын қалыптастырумен байластырылмақ[2] .
Соңғы жылдары республикамыздың мектептерінде балалардың денсаулығының төмендеу тенденңиясы байқалуда. 2005-2006 жылғы зерттеулердің қорытындылары оқушылардың денсаулық индексінің төмендегенін көрсетеді: еліміздің оқушыларының 44, 3 пайызында түрлі патологиялар байқалады, кейбір аймақтарда оқушылардың тең жарымында созылмалы аурулар тіркелген. Ресми статистикалық мәліметтер соңғы бес жылда оқушылардың аурушаңдығы 22 пайызға артып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде анемия 2, 5 есе, тыныс жолдарының аурулары 1. 5 есе жүйке жүйесінің аурулары 1, 5 есе, жарақат алу, улану, т. б. оқиғалар саны 1, 2 есе артып отыр [9] .
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және мінез-құлықтық ауытқушылары өсіп келеді. Әрбір сегізінші баланың психикасы мен жүйке жүйесінде патологиялар байқалады. Ал психоактивті заттар, оның ішінде алкоголь мен есірткі заттарын қолданудан туындайтын баланың мінез-құлықтық ауытқушыларының керсеткіштері одан да жылдам екпінмен көбейіп келеді.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісіңде қайта кұрылуы - білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыруды мен оқушы деңсаулығын сақтау мен нығайту көкейкесті мәселе болып табылады. Елбасымыз алдыға міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры бастауыш мектебінен басталады. Оның алды шарты оқушы бойында өмірлік бейімдіктерді қалыптастыру мен денсаулығын сақтаумен орындалады дейді.
Бірақ өкінішке орай қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қалпына келетін іс-әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт.
Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және қолөнер сырларын бойына мұқият сіңірген қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Бұл жерде балаларға валеологиялық тәлім-тәрбие беру ерекше орында. Сондықтан валеологиялық білім беру барысында балалармен жасөспірімдердің бойына салауатты өмір салты аспектілеріне мен факторларына айрықша мән беру керек[ 6] .
Валеология - екі шет елдің тілінен алынған. Латын сөзі "Vale" ("Сау болу", "аман болу") қазақша деніңіз сау болсын деген мағынаны білдіреді. А. С. Пушкин өзінің достарына жазган хатының соңына әрқашан " Vale " деген сөзді қосып отырған. "Деніңіз сау болсын" деген сөз. Грекше "logos" - "ілім", "ғылым" деген мағынаны білдіреді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.
Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы - медицина ғылымдарының докторы профессор-фармакогносист И. И. Брехман ғылымға енгізген болатын.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірген. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.
Баршаға белгілі - адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ, медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да, аурулардың пайда болуымеп айналыспайды.
Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді. Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның) негізгі принципі - "денсаулық" деп аталатын сырткы және ішкі біркелік (тұрақтылық) қалыптың айкын анықтамасы жок . . . " Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. XX ғасырда әр түрлі себептер әсерінен медицина емдік, госпитальдық. емханалык, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.
Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.
Валеология - интегралды ғылым. Валеология - медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И. И. Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек".
Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педагогикамен және т. б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялык ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырады.
Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:
- адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
- актуальдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
- денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.
Осы және басқадай мәселелерді пісіру үшін өмір сүрудің сапасы мен салауаттық өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зерттеп, шешуге болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялык қажеттілігін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағындай шешуге болады.
Валеология - биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықты сақталуының негізі неге байланысты екені әлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның апықтау ғылыми зерттеулер жүргізілуі қажет.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Ғылымның байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді. Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайды. Ал, физиология - ағзада өтетіп физиологиялық үрдістерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаға этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Дәрігерлер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме болып саналады. Жас жеткіншектерді аурудан сақтандыру тек дәрігерлердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтар да қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуыта өз үлесін қосады. Валеологияның басты міндеті денсаулықты дамыту жолын қарастыру, себебі ол үшін өмірдің дені сау жағын нығайту қажет, әрине, бұл өте күрделі, жан-жақпен байланысты жұмыс. Бұл пәнаралас ғылым, педагогика және психологияның, физиология және дене шыныктыру пәнін жетістіктеріне сүйенеді. Сол себептен оны оз бетінше "педагогикалық валеология " немесе "денсаулык педагогикасы", деп бөлек ғылым саласына бөледі [19] .
Педагогикалык валеология - жас өспірімдерге тәрбие мен білім берудегі жаңа бағыт,
оның басты мақсаты жүйелі-пәнаралас интегративтік білім арқасында оқушылардың
денсаулығын сақтау және өз бетінше валеологиялық білімін, құзыретті нығайтуға жол
ашу, бағыт көрсету. Валеологиялық білім дегеніміз - әр адамның жеке басындағы интеллектуалдық, энергетикалық, ұстанымдық қасиеттері өз денсаулығына пайдалана білу және денсаулықты жоғалтпай білім алу жолдары. валеологиялық тәрбие процесіі саналы, жүйелілік, динамикалық процесс болып саналады, оқушының жалпы мәдениетінің дамуына жол беретін, мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесіндегі маңызды бөлігі, сол мектептің мәдениет өлкесі, білім, тәрбие, даму қызметтерінің орындалуы.Сонымен, дені сау адамның денсаулығы жөніндегі ілім - валеологияны екі үлкен салаға бөлуге болады. Оларды медициналық және педагогикалық валеология деп атау қажет. Жоғарыда келтірілген ескертпелерді ескере отырып, валеологияның осы екі саласына ортақ және айрықша сипаттарды ажыратып алған абзал. Өйткені, алғақықысы емдеумен, сырқаттардың алдын алумен көбірек шұғылданса, соңғысы әлеуметтік-педагогикалық проблемалармен, атап айтқанда білім-тәлім ңегіздерінде түзілген салауатты өмір салттары негізінде дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жолында қызмет етеді (кесте 1) .
Кесте 1- Педагогикалық жәие медициналық валеологияның айырмашылықтары
Ғылымның анықтауыштық белгілері
Валеология
Педагогикалық
Медициналық
Бастапкы, негізіне алғанда арнайы сақтандыру жолдары
Сыркаттанғанға дейінгі диагностика Скрининг, Емдеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz