Шығыс ғұн ескерткіштері
3. Дәріс тақырыбы: Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Оқу нәтижелері: Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдерін, ғұн жазуы батырлары Аттила туралы поэма ларын, ғұндардың өнерін, ғұндардың аңдық стилін түсініп, меңгереді.
Дәріс жоспары
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені "Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың "Алтын обасынан" (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғанын аңғартады.

Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған "Алтын обадан" табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы "Қызыл алқап" қаласы Ыстықкөл маңында болды.

Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.

Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға "ғұндар" деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.

Сөйтіп, "халықтардың ұлы қоныс аударуы" Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды - феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. "Түрік" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.

"Түрік" этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни "патша" шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.

Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.

Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі - Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).

Батыс түрік қағандығы яки қағанаты - Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы - қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.

Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі - қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет - Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді.Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі - оғыз тайпалары бірлестігі - Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды.Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған оғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті.Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы - Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар - ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы - ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған.Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

Шығыс ғылымы және мәдениеті. Әбу-Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері. Фараби-тану

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан - ұпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұятап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзентерінің бірі Әбу-Насыр Әл-Фараби.

Әбу-Насыр Әл-Фараби - дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша "Муаллими ас-сани") атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиеті, ақын.

Әл-Фараби Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді, Сырдың суын ішті, Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.

Осы еңбегімізде біз сіздерді Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми қызметі, оқыған жазған ғылыми еңбектерімен және орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлерімен таныстырмақшымыз. Енді сөзімізді Әл-Фарабидің өмірбаянынан бастасақ жөн болады.
Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. (Оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған). Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен қыпшақ, қаңылы, қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар - бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы - егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол атау бойынша, ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен.
Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оны әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан, туған жері Фараб (Отырар), осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараб, яғни Фарабтан шыққан Әбу-Насыр атанған. Кейбір көптеген еңбектерде оны "Тархани" деп те атайды. Осы күнге дейін бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол түста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы - қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарды қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдад, Қарасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында, ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Әл-Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайтқан. Ол бұрынырақ өз отаны - Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша екінші тәлім (Ат-тавлім ас-сани) атты еңбек жазған, Екінші ұстаз осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылға желтоқсан айының аяғы немесе 950 жылғы қаңтардың басы). Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халликанның айтуынша Данискінің Биб ас-сағир (Кіші дарбиза) зиратына қойылған көрінеді.
Ғұлама-ғалым ретінде Әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білім, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал Совет ғылымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі ақ Әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.
Әрине Әбу-Насыр әл - Фараби ең алдымен кезінде Шығыстың Аристотелі атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетпен таныстыруда зор роль атқарды.
Фарабидің "Ақылдың мәні туралы тарихтан", "Данышпандықтың інжу маржаны", "Ғылымдардың шығуы", "Философияны оқу үшін алдымен не білу керек", "Аристотель еңбектеріне түсіндірме" ("Поэтика", "Риторика", "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", бірінші және екінші "Аналитика") сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель талаптты да, жан-жақты білім иесі, данышпан адам.
Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары т.б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат деп біледі.
Әл-Фараби өзінің "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы" атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы "қала" деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы менсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моралдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді.
Сонымен Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден - бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Үлкен ғұлама, ойшыл ретінде қайырымды мемлекет барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал, енді Фараби ұлы гуманит феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқын қорғауға әрекет жасады.
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қорынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ғылымының салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оқу және оқыту ретін белгіледі. Әр қайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізілді, математикада үлкен жаңалықтар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәріздес жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады.

Фарабитану. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгінгі мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байланыстары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі - Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу насыр Әл - Фараби (870-950) болды. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келді. Олардың ішінде араб-парсы тілдерінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz