Бала қиялын дамытудың маңызы


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Орындаған : Тилеухан Дария Галымжановна
Тобы : 45
Мамандығы : 0101000 - мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
Біліктілігі : 0101013 - мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу
Ғылыми жетекшісі : Мукышева Салима Алпысқызы
Семей, 2020
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
I БӨЛІМ . . . 5
I. 1. Қиял туралы жалпы түсінік . . . 5
I. 2. Нейробиологиялық тұрғыдағы адам қиялы . . . 6
II БӨЛІМ . . . 9
II. 1. Бала қиялын дамытудың маңызы . . . 9
II. 2. Қиялды дамытудың жолдары мен тәсілдері . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12
ҚОСЫМШАЛАР . . . 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 14
КІРІСПЕ
Барлығымыз өміріміздегі мақсаттарға жетуді қалаймыз, иә? Мақсат үлкен не кішігірім болсын, оған жетуге мүмкіндік беретін, адам жанын қанаттандырып, өмір сүруге деген ынтасын арттырып, өмірге мән сыйлайтын ойларды тудыратын процесс - қиялдау. Қиял - шығармашылық пен білімді қамтитын адам санасының ажырамас бөлігі. Қиял - бейне, ой, идеяны жаңаша жасайтын психикалық үдеріс. Жоғары танымдық үдерістер қатарына жататын, адамға ғана тән ерекшелік. Қиял жаңа шешім іздеу қажет болғанда туындайды. Қиял үдерісінің мәнін түсініктерді өзгерту, ойда бар бейнелер негізінде жаңа бейнелер құру барысы құрайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Гаджеттер мен мультхикаялардан көз алмайтын балалардың қиялы мәселе тудыруда. Балаларда қарапайым әрекеттерге қызығушылықтарды тәрбиеші қалай тудыра алады? Қиял мен ойлау және сөйлеу процесстері тығыз байланысты болғандықтан, әр үрдістің тепе-тең дамуына қолданылатын тәсілдер қандай?
Зерттеу жұмысының болжамы : Қиял үдерісін толықтай зерттеу, қыр-сырын танып, білу. Бала қиялын дамыту бойынша қарастырылған тәсілдерді сұрыптау.
Зерттеудің мақсаты: Қиял үдерісін зерттей отырып, теорияны жинақтау. Ізденіс нәтижесінде табылған материалды практикада қолдану арқылы, үздік тәсілдерді анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қиял процесін терең зерттеу.
2. Қиял туралы ақпаратты жинау.
3. Шетелдік тәсілдерді зерделеу.
4. Тиімді тәсілдерді анықтау.
5. Практикада қолдану.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі бала.
Зерттеу пәні : Мектеп жасына дейінгі баланың қиялы мен ойлау процестері.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Қ. Б. Жарықбаевтың қиял туралы берген түсініктері, Г. Роршахтың психодиагностикасы, Л. С. Выготскийдің «Мышление и речь» еңбегі.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Бақылау, жобалар әдісі, рейтинг әдісі, эксперимент.
Зерттеу жұмысының базасы: ШҚО, Семей қаласының «№7 ЖББОМ».
Курстық жұмыстың құрылымы: титулдық бет, кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, қосымшалар, әдебиеттер тізімі.
I. 1. ҚИЯЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қиял - адамның сезімдік, интеллектуалдық және практикалық тәжірибені қайта өңдеу жолымен жаңа, біртұтас бейнелер құру қабілеттілігі . Қиял - шығармашылық негізі. Себебі, басқа психикалық үдерістермен салыстырғанда, қиял репродуктивті емес, продуктивті , яғни, шындықты елестетіп қана қоймай, жаңа элементтер енгізіп, жаңалық ашуға қабілетті .
Қиял үдерісінде екінші сигналдық жүйе мен сөйлеу аса маңызды. «Екінші сигналдық жүйе біздің артықшылығымыз, әлеуметтілігіміз және адамшылығымыз, адамның жоғарғы ойлау қабілетінің көрінісі . . . » деп И. П. Павлов өз зерттеулерінде сипаттама бергендей, қиял үдерісінде екі сигналдық жүйенің бірлескен жұмысы көрінеді. Қиял үнемі ес, ойлау үдерістерімен тығыз байланыста.
Адамда қиял бейнелері ақиқат дүниедегі бейнелердің жекеленген жақтарын қайта өңдеу жолымен ғана жасалады. Көп жағдайда қиял іс-әрекеті біздің ешқашан қабылдамаған объект пен құбылыстардың бейнелерін қалыптастыруда көрінгенмен де, оның қайнар бұлағы - ақиқат дүние. [3]
Қиял түрлері: (1-қосымша)
Ерікті қиял саналы және рефлексияланған ізденуші доминанттың басым болуы кезінде ғылыми, техникалық, көркемдік проблемаларды мақсатты шешу барысында көрінеді.
Еріксіз қиял түс көруде, сананың өзгерген күйінде, мақсат қоюсыз байқалады.
Қайта жасау қиялы адам объект бейнелерін қайта жасау кезінде көрінеді. Адам миында шын бейненің өңделіп, сұрыпталып, жаңа бейне тууы.
Шығармашылық қиял адам өз бетінше жаңа бейнелер немесе идеялар жасағанда көрінеді, оның құндылығы іс-әрекет жемісінің бірегейлігінде. Шығармашылық қиял қайта жасау қиялы тәрізді ес үдерісімен біте қайнасады. Себебі, қиялдың бұл түрінде адам өзінің өткен тәжірибесін қолданады.
Арман арқылы адам санасы қалаған бейнесін жасайды. Болашақ іс-әрекетке бағытталу арманның басты ерекшелігі, арманды аңсаған болашағына бағытталған қиял. Адамдар болашағына жоспар құрып, армандау арқылы оған жету жолдарын анықтайды, сондықтан, армандау - белсенді, ерікті, саналы үдеріс.
Белсенді қиял үнемі шығармашылық және жеке міндеттерді шешуге бағытталады. Белсенді қиялда армандау, фантазиялау аз көрінеді, көбіне сыртқа бағытталады, сыртқы ортамен, қоғаммен, іс-әрекетпен жиі байланыста болады, еріктік бақылауға бағынады. Пассивті қиял барысында қажеттіліктер мен тілектер шындық дүниеге жанаспай қанағаттанады. Армандауды, гипнотикалық күйлерді, түс көрудегі фантазиялар жатады. Қиял үдерісінде жүзеге асатын синтез формалары:
I. 2. НЕЙРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АДАМ ҚИЯЛЫ.
Қиял тек психикалық үдеріс қана емес, қиялдау барысында адам миында физикалық процесстер де жүретінін ескеру қажет. Фантазия үдерісі кезінде адам миында қандай өзгерістер болады? Адам қиялының ұшқыр болуына не себепкер? Осы сұрақтарға нақтырақ тоқталамын.
Бір секундқа француз тілінің мұғалімі ретінде үйректі, немесе, ғарыштағы қара құрдымның жанында пинг-понг ойынын, тіпті, тұмсығында анары бар дельфинді елестетіңіз. Хм, бұларды сіз өміріңізде мүлдем кездестірмеген шығарсыз, бірақ, бірден елестете аласыз. Бұрын соңды мүлдем кездестірмеген бейне мида қалай пайда болады? Сіз үнемі бір нәрсені елестететіндіктен, қиялдау оңай көрінеді. Бірақ, қиялдау - ми жұмысының күрделі координациясын талап ететін шытырман процесс. Жаңа, ерекше, тіпті, қызық бейнелерді тудыру үшін, коллажды бірнеше фотосуреттерден әзірлейтіндей, ми таныс фрагменттер арқылы жаңа комбинацияларды тудырады. Ми мыңдаған электросигналдарды іске қосып, олардың барлығын дәл уақытта, бір жерге жеткізеді. Бір объектке зейін қойғанда, ми қыртысының артқы бөлігінде мыңдаған нейрондар қозады. Бұл нейрондар зейін қойылған объекттің әртүрлі қасиеттерін кодтайды: анар тікенекті, жеміс, қоңыр, жасыл, сары. Синхронды активация арқасында нейрондық бөліктердің байланысы бекиді де, нейрондық ансамбльдер түзіледі. Ал бұл жерде нейрондық ансамбль - анар. Нейробиологияда бұл Хебб принципі деп аталады: бірдей қозған нейрондар бір-бірімен байланысады. Егер анар туралы біраз уақыттан кейін ойласа, бұл заттың бұрын туындаған нейрондық ансамблінің арқасында тұтас бейне мида бірден пайда болады. Ал дельфиндер басқа нейрондық байланыс арқылы кодталады.
Негізінде, зейін қойылған әр зат өзіне тән нейрондық байланыс арқылы кодталады, ал нейрондар бір-бірімен синхронды қозу арқылы байланысқан. Бірақ, бұрын мүлдем көрмеген шексіз бейнелердің мида пайда болу себебін бұл принцип түсіндіре алмайды. Тұмсығында анары бар бейненің нейрондық ансамблі болмайды. Онда біз ол туралы қалай қиялдай аламыз? Ми структурасының синтез теориясы деп аталатын бірінші гипотезаға сүйенсек, қиялдау үшін ең маңыздысы - уақыт. Егер ананас пен дельфиннің нейрондық ансамблі синхронды қозса, біз екі түрлі бейнеден жаңа бейнені қилдау арқылы тудырамыз. Бірақ, нейронның қозуы мида бір нәрсемен басқарылуы керек. Бұл орынға сай кандидат мидағы барлық күрделі когнитивті функцияларды орындайтын ми қыртысының алдыңғы бөлігі. Ми қыртысының алдыңғы бөлігінің нейрондары мидың төбе бөлігімен шыбық тәріздес ұзын жүйке талшықтарымен байланысқан. Қуыршақ театрын жүргізуші қуыршықтардың жіптерін тартатындай, ми қыртысының алдыңғы бөлігінің нейрондары электрикалық сигналдарды жүйке талшықтарымен ми қыртысының төбе бөлігіне жібереді. Осы процесс арқылы нейрондар бірдей қозады. Сіз өзіңіз ойдан шығарған бейнені көрсеңіз, нейрондық ансамбльдер синхронды қосылды деген сөз. Ми қыртысының алдыңғы бөлігінің әртүрлі нейрондық ансамбльдерінің саналы және мақсатты синхронизациясы ми структурасының синтезі деп аталады. Ми структурасының синтезі жұмыс істеуі үшін, сигналдар нейрондық ансамбльдерге бірдей уақытта келуі керек. Бірақ, мәселе мынада: кейбір нейрондар басқа нейрондарға қарағанда ми қыртысының алдыңғы бөлігінен тым алыс орналасқан. Егер сигналдар екі талшықтармен де бірдей жиілікпен өтетін болса, олар ми қыртысына синхронды түспейді. Байланыс жылдамдығын өзгерту мүмкін емес, бірақ сіздің миыңыз, әсіресе, балалық шақтағы даму периодында өз жылдамдығын өзгертуге қабілетті.
Жүйке талшықтары миелин деп аталатын майлы қабықпен қапталған. Олар изоляциялық материал ретінде қызмет атқарады және жүйке талшықтарымен электросигналдардың жүріп өту жылдамдығын көбейтеді. Кейбір жүйке талшықтарында бірнеше қабат ғана миелин болса, кейбіреуінде 100 қабат миелин түзіледі. Миелин қабаты қалың нейрондық талшықтар, сигналарды миелин қабаты жұқа талшықтарға қарағанда, жүз, тіпті мың есе тез өткізе алады. Кейбір ғалымдар миелин қабатының қалыңдығының айырмашылығы сигналдың миға өтуінің бірдей уақытымен және мидың структурасын синтездеу қабілетімен түсіндіріледі дейді. Миелин қабатының түзілуі балалық шақта жүзеге асады, сондықтан, ерте кезден-ақ, біздің ең балғын фантазияларымыз мидың қалыптасу процессімен байланысты. Ал мидың миелин қабатына оралған талшықтары біздің өмірімізде үлкен шығармашылық күштің симфониясын тудыруға қабілетті. [4]
II. 1. БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қиял адамға не үшін керек? Бала қиялын дамыту неліктен маңызды?
Эйнштейн: «Қиял білімнен маңызды. Білім - шектеулі, ал қиял - бүкіл әлемдегі прогрестерді қамтып, эволюцияны тудырады» - деді. Жан‑жағыңызға қараңыз. Барлық ұлы дүние қиялдың арқасында туды. Адам құс болып ұшуды армандағаннан кейін, оны жүзеге асырды. Өнертапқыштар, инженерлер, ғалымдар - олардың бәрі қиялшылдар. Тіпті шай құйып ішу үшін де адам оны қайнатып, құйғанын алдымен елестетеді. Адам қиял мен елестетусіз еш мақсат пен арманға жете алмайды. Сондықтан, армандау мен қиялшылдық ақымақтық немесе аңғалдық емес, XXI ғасыр ұрпағында болуы талап етілетін қасиет. Шектеуге қарамастан, әлемде жоқ және адам миына қонғысыз нәрселерді ойлауға, түсінуге және жүзеге асыруға талпынатын балаларды тәрбиелеу - жаңалыққа құштар, өнертапқыш, эволюционерлерді тәрбиелеу деп түсінемін.
Бала қиялы мен оның жалпы дамуы тығыз байланысты. Егер баланың қиялын дамуына мән берілмесе, болашақта ол басқа да маңызды (сөйлеу, ойлау, қарым-қатынасқа түсу) процесстердің бұзылуына кедергі жасайды.
II. 2. БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Қиял - педагогикалық басқарылатын және бақыланатын феномен. Бала қиялының дамуы балалық шақта тәрбиешінің мақсатты түрдегі ұйымдастырылған жұмысына тәуелді. Қиялдау - адамның тәжірибесінде бар образдардан жаңа бейнелер тудырта алу қабілеті, ал кішкентай баланың көрген-білгені, әрине, мардымдай. Баланың қиялы үлкендердікіне қарағанда ұшқыр болғанмен, шашыраңқы, және қажеттілік туғанда ғана іске қосылады. Тәрбиешінің қиялды дамытудағы сүйенетіні - қиялды іске қосу үшін қажеттілік немесе жағдаят тудыру. [1]
Қиял адамның бастан өткерген тәжірибесінен туатындықтан, балаға кішкентай кезінен түрлі іс-әрекет түрлерінен жасату керек. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді қолдану осы орайда ықпалын тигізеді. Яғни, бала көзбен көріп, қолмен ұстап, жасап көрмеген әрекеттерді ұйымдастыру қажет.
1. «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»[2], - деп педагогика ғылымын зерттеуші Мағжан Жұмабаев тектен тек жазған жоқ. Мысалы, балалармен күнделікті гаджеттерден орманға, табиғат аясына серуен жасау. Ормандағы қарағай ағашының иісін иіскеп, жаңғақты қолға алып, тиынның ұядан шыққанын балалармен тосу: балалардың өмірлік қоржынына +1 тәжірибе және қиялының ұшқыр бола түсуіне септігі тиеді. Бұдан да басқа табиғат аясында көптеген құбылыстар мен көркемдікті бақылап көруге болады, тек тәрбиеші өз қиялына шек қоймай, ұйымдастырса болғаны.
2. «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» демекші, дайын мультхикаялардағы образдарды көрсеткеннен қарағанда, өз қиялына ерік беруге мүмкіндік ететін әдебиетті балаларға оқыған дұрыс. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға эстетикалық ләззат беру, сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Дауыс ырғағын құбылтып, тыныс белгілерін ескеріп, қызықты етіп жеткізілген ертегі - міндетті түрде әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz