Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мəжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері əр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нəтижесінде жəне осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді.

Мазмұны
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: КІРІСПЕ
: 4
:
Мазмұны:
:
: 1
Мазмұны: ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
:
: 1. 1
Мазмұны: ҚР Қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен мәні
: 6
: 1. 2
Мазмұны: Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
: 11
:
Мазмұны:
:
: 2
Мазмұны: қылмыстық ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
: 15
: 2. 1
Мазмұны: Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
: 17
: 2. 2
Мазмұны: Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
: 19
: 2. 3
Мазмұны: Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
: 20
: 2. 4
Мазмұны: Жағдайдың өзгеруіне және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
: 22
: 2. 5
Мазмұны: Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
: 26
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: ҚОРЫТЫНДЫ
: 31
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Қолданылатын әдебиеттер тізімі
: 33

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасырдың аяғындағы үлкен саяси оқиға Орта Азия кеңістігіндегі Қазақстан деп аталатын тәуелсіз мемлекеттің өмірге келіп, дүниежүзілік өркениеттегі өз орнына ие болуы десек, оның Конституциясында айқындалғандай демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы үшін атқарылатын міндеттер ұланғайыр. Соның ең бастысы, құқықтық мемлекет құру. Біз сол құқықтық мемлекеттің керегесін құрып, уықтарын шаншуға ниет етіп отырмыз.

Қазіргі кездегі өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын қорғау болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді. Осы сөздер Қазақстанның демократиялық ел екендігін бүкіл әлемге жария етті. [1]

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру бұрынғы социалистік құқықтың, сот және құқық қорғау органдарының мемлекеттендірілген жазалаушы сипатын идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді.

Қылмыстық заңдарда құқыққа қарсы мінез-құлық танытуға сенімді тосқауыл қойып, бастамашылық пен іскерлікті тежейтін тыйым салушылықты алып тастап, адамның шығармашылық әлеуетін негізсіз шектеулерден босату қажет.

Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс. Осыған байланысты қылмыстық заңдарда ауыр қылмыс жасаған, бұрын сотталған, адал өмір сүруге қасақана мойын бұрғысы келмейтін адамдарға қатаң да әділ шара қолдану керек. Сондай-ақ, қауіп-қатері шамалы қылмыс жасағаны үшін кінәлі болған және қоғамнан аулақтамай-ақ түзеле алатын адамдарға жеңіл жаза қолдану шаралары іздестірілуі тиіс. 1994 жылдың наурызында жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында» осындай құнды мәселелер көрсетілген.

Міне, осы айтылғандарды жүзеге асыру бүгіннен, яғни, тәуелсіз құқықтық мемлекетіміздің құқықтанушы, заңгерлерінің ат салысуымен басталуы тиіс.

Құқықтық мемлекетте заң бір әлуметтік емес, көпшіліктің, барлық азаматтардың шынайы еркін білдіреді мұндай мемлекетте заңны әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы жәй азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар қоғамда қалыптасқан қоғамдық тәртіпті орнықтыратын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет. Олай болса, мемлекетімізде қабылданып жатқан заң актілерінің әрбір бабының қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастарды реттеудегі орны мен ролін, қоғамдық тәртіптің сақталуы мен тұрақтылығына тигізіп отырған игілікті ықпалын, азаматтарға өздерінің ресми түрде танылған жеке және заңды, яғни, заңға сүйене отырып әрекет ету құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, ұғындырудың маңызы зор.

Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы - қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әр еңбек - халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.

Алайда, өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделген. [2]

Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.

Жоғарыда баяндалған мәселелер менің, бұл тақырып аясында ғылыми жұмыс жүргізуіме бірден бір себеп бола алады.

Қылмыстық жауаптылық мәселесіне кеңестік және отандық юриспруденцияда аз көңіл бөлінген жоқ. Бұл тақырып аясында докторлық деңгейдегі диссертациялар және басқа да ғылыми құқықтық еңбектер жарық көріп жатты. Себебі, кез келген қылмыстық-құқықтық мәселе тікелей қылмыстық жауаптылық және оның негіздерімен байланысты болып табылады.

Солай бола тұрса да, зерттеу еңбектерінің ешқайсысы қылмыстық жауаптылық ұғымына нені түсіну керек екендігін анықтамағаны және бұл мәселенің шешімін өз алдына мақсат етіп қоймағандығы өкінішті-ақ болып отыр. Сондай-ақ бұл мәселеге арналған зерттеулер өз назарына ие болмай қалмады, себебі, әртүрлі көзқарастар, пікірлер, тұжырымдар, дәлелдеулер қалыптасып жатты.

Дипломдық жұмыстың объектісі - қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздері.

Диипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық-құқықтық заң нормалары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қолданылатын қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерін ұғыну және талқылау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. 1 ҚР Қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтың ұғымы мен мәні

Қылмыстық жауаптылық түсінігін қарастыруға кіріспес бұрын жалпы жауаптылық дегеніміз не және құқықтық жауаптылық пен әлеуметтік жауаптылық арасында неліктен айқын айырмашылық пен қарама-қайшылық туындайды деген сұраққа тоқталып өткен жөн.

Философиялық, құқықтық, әлеуметтік әдебиеттер мен заңнамаларда кеңінен қолданылатын «жауаптылық» термині түсінігіне айқын анализ жасау аталған терминнің кем дегенде төрт әртүрлі мағынада қолданылатынын көрсетеді.

Құқықтық әдебиеттер мен заңнамаларда жауаптылық құқықтық норма санкциясымен бекітілген, мемлекеттік әсер етудің мәжбурлеу шарасына ұшыраудан тұратын, құқықбұзушының міндеттілігінен құралатын құқықбұзушылықтың салдары ретінде түсіндіріледі. Бұл жауаптылықтың негативті аспектісі болып табылады. Жауаптылықты міндеттіліктің бір түрі ретінде түсіну кеңінен қолданылады. Жауаптылық термині кеңестік кезеңдегі заңнамаларда өзінің іс әрекетіне субъектінің жауап беру, яғни, есеп беру міндеттілігі түрінде түсіндірілді.

Ал философиялық сөздік жауаптылықты адамның өз іс-әрекетіне субъекті ретінде қатысудағы мүмкіндігі мен қабілеттілігінен құрылған шаралары деп анықтайды.

Өз іс-әрекетінің субъектісі болу қабілеттілігі осы іс-әрекеттердің нәтижесіне жауаптылықты жүктеудің қажетті алғышарты болып табылады. Және соңғысы, жауаптылықты субъектінің өз міндеттерін орындау немесе орындамауына сәйкес оның жүріс-тұрысына қоғамның тиісінше әсер етуі (байланыстылығы) ретінде сипаттауға болады.

Жауаптылық әр уақытта да екі түрлі сипатта болады: бұл бір жағынан тұлғаның қоғам алдындағы жауаптылығы (мемлекет және басқа субъектілер алдында), екінші жағынан - қоғамның (мемлекет және басқа да тұлғалардың) жеке тұлға алдындағы жауаптылығы. Философиялық әдебиеттерге сүйенсек жауаптылық - бұл «мазмұны объективті қажеттілікпен анықталған өзара талаптарды жүзеге асырудағы жеке тұлға мен қоғам арасындағы қатынас» [3 ; 57 б. ] .

Жауаптылық объективті түрде қоғамдық қатынастардың реттелуінің қажетті көрінісі ретінде орын алады. Адамдардың біріккен түрдегі қызметі - бұл осы аталған қызмет қатысушыларының жауаптылығының қайнар көзі.

Қылмыстық заң және тағы басқа нормативтік актілерден «кінәлі тұлғаға қатысты жасаған қылмысы үшін негативті салдардың туындауы» деп анықталған құқықтық жауаптылықтың жалпы ұғымын ғана кездестіруге болады, яғни қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық түсінігі «жаза» терминіне қарағанда жиі қолданылатынына қарамастан нақты анықталмаған. Қылмыстық жауаптылық мәнін бір және ортақ мағынада түсіну қажеттілігі ерте кезден-ақ туындап отыр. Бұл, қылмыстық жауаптылықтың түсінігі құқықтық және әлеуметтік жауаптылықтармен тығыз байланысты болғандықтан қылмыстық құқық және барлық басқа құқық салалары үшін маңызды болып табылады.

Қылмыстық құқықтағы негізгі категориялы қатарды «қылмыс», «қылмыстық жауаптылық» және «жаза» құрайды деп қарастырған Т. А. Лесниевски-Костареваның көзқарасы оңды айтылған. Қылмыстық жауаптылық бұл бірқатар функционалды категорияларға бастау береді. Олай болса, қылмыстық жауаптылықтың толық және жекелеген түрдегі түсінігі мен мәнін анықтау қажет етіледі. Қылмыстық жауаптылық анықтамасын бір ұғымда қарастыруға алғышарттар жеткілікті болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымы мен заңнамаларда «қылмыстық жауаптылық» терминін ұзақ кезеңдер бойы қолдану нәтижесінде, біз қылмыстық жауаптылық туралы айтқан уақытта, мәселе не туралы болып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретін материалдар жиналған. Осы таңға дейін қылмыстық жауаптылықтың заңнамалық анықтамасы мен оның мәні туралы концепциялардың жоқ болуы, онымен тығыз байланысты болып табылатын басқа аспектілерді тұжырымдауда қиындыққа соқтырады. [4 ; 37 б. ]

Сонымен жоғарыда аталып кеткен көзқарастарға сүйенер болсақ, кейбір авторлар қатары қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет алдында жауап беру міндеттілігі деп анықтайды. Бірақ, бұл көзқарасты дұрыс деп санау қиындыққа әкеп соқтырады. Ал Г. Ф. Поленов, «қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыс жасаған тұлғаның мемлекет алдында жауап беру міндеттілігі ғана емес, сонымен қатар оның қылмыстық құқық шараларын қолданудан туындайтын шектеулер мен басқа да шараларды көтеруі» деп анықтайды, және бұл анықтама өз қолдауын табуда екенін атап өткен жөн [5; 67 б. ] .

Сонымен қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстың жасалу фактісіне қоғам мен мемлекеттің реакциясы. Қылмыстық жауаптылық бұл мемлекеттің қоғамдық қатынастарды, яғни, тұлғаны, қоғам мен мемлекет құндылықтарын қылмысты әрекеттерден қорғау шаралары немесе әдіс-тәсілдері болып табылады. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтың негізгі институты болып табылатындығына қарамастан, қылмыстық жауаптылық ұғымына қатысты қайшылықтар, яғни, жоғарыда қарастырып өткен бірнеше көзқарастар орын алуда:

1. Қылмыстық жауаптылық - бұл қылмыстық - құқықтық қатынас элементі.

2. Қылмыстық жауаптылық - бұл құқықтық қатынастың өзі болып табылады.

3. Қылмыстық жауаптылық - бұл дербес құқықтық категория болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық - бұл жасаған қылмысы үшін жазаны өтеу міндеттілігі болып табылады (бұндай түрде қылмыстық жауаптылық құқықтық қатынас элементі ретінде көрініс табады) .

Қылмыстық жауаптылық қылмысты жасаумен байланысты болып табылатын қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстық - құқықтық мәжбүрлеу түрінде сипатталады. Жауаптылықты жүзеге асыру кезеңіне байланысты қылмыстық жауаптылық қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік және қылмыстық- атқарушылық қатынастардан құралады.

Бірінші кезеңде ол қылмыстық-құқықтық қатынаста жүзеге асырылады. Соңғылары қылмыстық жасалу уақытынан бастап қылмыскер мен мемлекет арасында жүзеге асырылады. Яғни, кінәлі тұлға қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу шараларын көтеруі тиіс, ал мемлекет сот немесе құқық қорғау органдары түрінде кінәліге қатысты осы шараларды қолдануы тиіс. Заңнамада құқықтық жауаптылықтың басталу мерзімі анықталмаған. Заңгер ойшылдар оны қылмыстың жасалу уақытымен, сонымен қатар, тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту және айыптау үкімін шығару кезеңімен байланыстырады. Кейбір заңгерлер жауаптылық туындауының бұдан да ерте кезеңін тұжырымдайды, яғни, тұлғаны қылмыс жасамауға міндеттейтін нормасы бар құқықтық заңнама қабылдау. Жауаптылықтың бұндай түрін негативтімен салыстыра отырып позитивті деп атайды. Немесе оны тек қылмысты жасау кезінде жүзеге асырылатын потенциалды жауаптылық деп атайды.

Құқықтық жауаптылық түсінігі жаза түсінігінен анағұрлым кең көлемді болып келеді себебі, ол өз құрамына соңғы аталғаннан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы шараларды (тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары) кіргізеді. Осыған сәйкес қылмыстық жауаптылық екі түрге бөлінеді: жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын.

Біріншіден, қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған адамның өз істегеніне қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндеттілігі екендігі ретінде қарастырылады.

Екіншіден, қылмыстық жауаптылық деп әлгі көрсетілген міндеттің жүзеге асырылуы, яғни ақыры қылмыстық-құқытық шама санкциясының жүзеге асырылуы танылады.

Үшіншіден, соңғы жылдары қылмыстық жауаптылық оң (позитивтік) тұрғыда ( позитивтік қылмыстық жауаптылық дейтін) қарастырыла бастайды, бұл жауаптылық негізінде жеке тұлғаның құқыққа сәйкес тәртібінде және оның қылмыстық заң тыйым салған қылмысты іс-әрекетті жасамау керектігін түйсінгендігінде жатыр.

Ізінше атап кетейік - қылмыстық жауаптылық ұғымын анықтауда көрсетілген бағыттардың бәрі де өз алдына «өмір сүре алатын, өйткені қылмыстық жауаптылыққа тән оның мазмұнының өздері сәйкес ерекшеліктерін өздерінше айқындайды. Тек мұндай жағдайлардың мақсатты бағыттарын дұрыс белгілеп және олардың іс жүзінде қолданылуын жөн анықтаудың маңызы бар [6; 10 б. ] .

Философиялық әдебиеттерде жауаптылық ұғымы:

  • ретроспективті (өткендегі үшін жауаптылық)
  • белсенділік (болашақ үшін жауаптылық) тұрғысында қарастырылады.

Екінші мағынадағы жауаптылық ұғымы әдетте иман (мораль) мен әдептің (этиканың) еншісіне жатады. Бұл мағынадан алғанда, айталық, әңгіме ата-аналардың балаларының болашағы үшін, оларды тәрбиелеудегі қоғам алдындағы жауаптылығына қарай ойысады. Бұл тұрғыдан алғанда да, жауаптылық адамның борышы, міндетімен сабақтасатын іштей бағыттаушы-реттеушісі іспеттес сипатқа ие болады. Және қылмысты жауаптылықты анықтауға келгенде аталған бағыттардың біріншісі жауаптылықтың әдептілік бағытталуынан туындайды.

Заң жүзіндегі, оның ішіндегі қылмыстық жауаптылықтың өзіндік өзгешелігі құқықыбұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен көбірек байланысты екендігінде жатыр. Және бұл мағынадан алғанда қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған адамға қолданылатын нақ осы қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу шараларынан бой көтереді. Негізінде жеке тұлғаның қылмыстық жауаптылықты оның жасаған қылмысы үшін қылмыстық құқықтық сипатындағы мәжбүрлеу шараларына килігетін міндеті ретінде түсінуі арасында айтарлықтай қарама-қайшылық жоқ. Мәселе, алғашқы көзқарастың да жауаптылықты анықтауды тек міндет ретінде ғана «тіркеуімен» шектелмей, бұл мәселені қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруға, іс жүзіне қарай аударатындығында жатыр. Бұл жүзеге асыруды түсіну қылмыстық жауаптылықты заң тыйым салған қылмысты іс-әрекет жасаған адамға қолданылатын қылмыстық құқықтық сипаттағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары ретінде түсіну үрдісімен астасып кетеді.

Қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының арасында басты орын, әрине, қылмыстық жауаптылықтың негізгі мазмұнын құрайтын жазаның үлесінде. Бірақ, қылмыстық жауаптылық пен жаза бір жерден шығып, сәйкес келмейтін ұғымдар екені жоғарыда аталып кеткен болатын.

Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған адамға қолданылатын қылмыстық-құқықтық тұрғыдан әсер ететін шаралардың баршасын ұғынған жөн деп Наумов А. В. тұжырымдайды. [7; 211 б. ]

Қылмыстық жауаптылық туралы үш аспектіде айтуға болады:

  1. оның заңда бекітілуі;
  2. қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы;
  3. қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы.

Қылмыстық заңмен бекітілген жауаптылық абстрактілі сипатқа ие: ол нақты бір жауаптылық тудыратын заң фактіге не нақты құқықбұзушы мәліметіне ие емес.

Қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысанының келесі түрі болып, жаза тағайындалмай жауапқа тарту табылады.

Сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтан босатылғандарға міндетті түрде тәрбиелік әсер ету немесе арнайы тәрбиелеу немесе емдеу мекемелеріне жатқызу шаралары қолданылуы мүмкін. Тәрбиелік әсер ету шараларын қолдану кезінде қылмыстық жауаптылық оның үш элементінде көрініс табады.

  1. Өз әрекетіне мемлекет алдында есеп беру және жауаптылықпен мәжбүрлеу шараларын тартылу;
  2. айыптау үкімінде мазмұндалатын мінеу, жауапқа тарту;
  3. тәрбиелік әсер ету түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.

Қылмыстық жауаптылықтың ең соңғы элементі, яғни, соттылық - мұнда орын алмайды. Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы ретінде тек жаза орнына қолданған уақытта ғана орын алады. Ал егер қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде құқыққорғау органдарының шешімімен қолданылса, онда, олар қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысаны болып табылмайды.

Қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу ныснына кейбір авторлар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларында жатқызады. Бұл көзқарас өзінің пікірталасты екендігіне қарамастан заңда өз негізіне ие болуда. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаты болып, сотталғанды емдеу ғана емес, сонымен қатар, сотталушымен жаңа қылмыстың жасалуының алдын алып, ескерту табылады. Әрине қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру нысанына есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлғаға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды немесе қылмыстың жасалуынан кейін өз іс-әрекетіне жауап беру немесе оны басқару мүмкіндігінен айырылған адамға қодануды жатқызуға болмайды. Алайда, жазамен бірге тағайындалатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, мысалы, алкоголизммен, наркоманиямен және тағы басқаларымен емдеуді қажет ететін жағдайда ол қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылу нысаны ретінде орын алуы мүмкін.

Қылмыстық жауаптылық анықтамасына берілген тұжырымдамалардың барлығын дұрыс емес деп кесіп алды айта алмаймыз, бірақ олардың ешқайсысы қылмыстық жауаптылықтың толық анықтамасын бермейді. Сондықтан да, соңғы кезде қылмыстық жауаптылыққа бірнеше белгілермен сипатталатын немесе бірнеше компоненттерден құралатын күрделі құрылым ретінде қарау орын алып жүр. Қылмыстық жауаптылыққа нақ осындай қатынаста қарау мүмкін дұрыс та шығар.

Қылмыстық жауаптылық - қылмыс жасаудың күрделі әлеуметтік -құқықтық салдары болып табылады және ол төрт келесідей элементтерден құралады:

  • Біріншіден, қылмыстық заң нормаларына негізделген және қылмыстың жасау фактісінен туындайтын тұлғаның өз іс-әрекетіне мемлекет алдында яғни оның құзіретті органдарының алдында есеп беру міндеттілігі.
  • Екіншіден, орын алған әрекетке сот үкімі арқылы теріс баға беру (жауапқа тарту, қылмыскер деп тану) және бұл әрекетті жасаған тұлғамен мінеу.
  • Үшіншіден, кінәліліге жаза немесе құқықтық сипаттағы басқа шара қолдану.
  • Төртіншіден, тағайындалған жазаны өтеумен бірге жауапқа тартудың арнайы құқықтық салдары болып табылатын сотты атағын беру.

Қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық-құқықтық қатынас шегінде пайда болып, жүзеге асырыла алады. Алайда, қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынас арасындағы байланыс әртүрлі мағынада түсіндіріледі. Бір қатар ойшылдар бұл құбылысты біріктіріп, бір ұғым ретінде қарастырады, екіншілері, қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыстық-құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуын емес, сонымен қатар, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-атқарушылық қатынастардың жүзеге асырылуын білдіреді деп тұжырымдайды, ал, үшіншілері, қылмыстық жауаптылықты қылмыстық-құқықтық қатынас мазмұнының бір бөлігі деп қарастырады.

1. 2 Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы

Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны ретінде табыла отырып, жауаптылықтың барлық басқа түрлерінен ерекшелейтін бірқатар белгілерге ие болады. Бұл белгілерді Б. В. Здравомысловтың тұжырымы бойынша мына түрде жіктеуге немесе саралауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz